Азот қышқылы. № 13 зертханалық тәжірибе "Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері". Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: НЗМ, Астана қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Уайесов Әлішер Жәнібекұлы

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Азот қышқылы.

№ 13 зертханалық тәжірибе

"Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері"

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.7 азот қышқылының молекулалық, формулаларын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру;

9.2.1.18 азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру;

9.2.1.19 азот қышқылының басқа қышқылдар-мен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу

Бағалау критерийлері

Білім алушы мақсатқа жетеді, егер:

  • азот қышқылы молекуласының құрылысын сипаттайды;
  • азот қышқылын алу реакциясының теңдеуін жазады;
  • өнеркәсіпте және зертханаларда азот қышқылының алыну айырмашылықтарын біледі;
  • қышқылдардың жалпы қасиеттерін сипаттайтын мысалдар келтіреді;
  • тәжірибе жұмыстарын жүргізеді және әр тәжірибенің қорытындыларын тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика қолданады:

Қазақ тілі

Русский язык

English

азот қышқылы

азотная кислота

Nitric acid

азот оксидтері

оксиды азота

Nitrogen oxides

аммиак

аммиак

Ammonia

термиялық ыдырау

термическое разложение

Thermal decomposition

Нитраттар

нитраты

Nitrates

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларда негізгі адами құндылықтар: кез келген жағдайда сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу, әділ болу, шешім қабылдау кезінде бастамашыл болуды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Физика;

Математика;

Биология;

География.

Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Сабақта сәтті, табысты жұмыс тілеу..

Ауызша сауалнама түрінде үй жұмысын қайталау.

Сонымен, бүгінгі сабақта азот қышқылының қасиеттерін зерттейміз!

1. Келесі қосылыстарды атаңыздар:

2. Осы заттардағы азоттың тотығу дәрежесін анықтаңыздар.

3. Азот қышқылында азоттың валенттілігі нешеге тең?

Проблемалық сұрақ:

Неліктен азот қышқылында азоттың тотығу дәрежесі +5, ал валенттілігі IV-ке тең.

Презентация Power point

Сабақтың ортасы

Түсіндіру:

Азот қышқылы – ұшқыш, түссіз сұйықтық, суда шексіз ериді, өткір иісі бар Тбалқу = -41 °C; Тқайн = 82,6 °С, ρ = 1,52 г/см3. Қышқылдану кезінде азот қышқылының ең аз бөлшектерінен тұратын тұман пайда болады.

- Зертханалық алу әдісінің өндірістік әдістен айырмашылығы қандай?

Проблемалық сұрақ: Өнеркәсіпте азот қышқылын қалай алуға болады?

Мұғалім әртүрлі нұсқаларды тыңдайды, содан кейін оның өндірістік әдісі туралы айтады.

Алынуы:

Сұйылтылған азот қышқылын өндіру үдерісі үш кезеңнен тұрады:

1) азот оксидін алу үшін аммиак түрлендіру4NH3 + 5О2 → 4NO + 6Н2О

2) Азот оксидінің азот диоксидіне дейін тотығуы2NO + О2 → 2NO2

3) азот оксидінің сумен абсорбциясы4NO2 + О2 + 2Н2О → 4HNO3

Азот қышқылы түзілуінің жалпы реакциясы

NH3 + 2О2 → HNO3 + Н2О

Азот қышқылының қандай қасиеттері бар?

-қасиеттерін зерттеу үшін тәжірибелік зертхана жүргізейік.

Мұғалім алдын-ала дайындалған әр тәжірибе сипатталған жұмыс парағын оқушыларға таратады.

№13 тәжірибелік зертхана.

Мақсаты: азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттерін зерттеу.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: азот қышқылы ерітіндісі, лакмус, фенолфталеин, калий оксиді ұнтағы, сілті ерітіндісі, сынауықтар, тамшуыр, бор немесе калий карбонаты ерітіндісі, газ құбыры, әк суы, тығын, штатив.

Тәжірибе №1.

1. Қышқыл диссоцациясы: Сынауыққа 3-4 мл азот қышқылы ерітіндісін қосыңыз, содан соң 2 тамшы лакмус ерітіндісін тамызыңыз. Азот қышқылының диссоциация теңдеуін жазыңыз.

______________________________________________________

Қорытынды:

……………………………………………………………….……

(оқушы ұсынуы қажет жауап: индикатор түсінің өзгеруі сутегі катионының болуын дәлелдейді)

Тәжірибе 2.

Негіздік оксидтермен әрекеттесуі:

Сынауыққа 3-4 мл азот қышқылы ерітіндісін қосыңыз, содан соң 2 тамшы лакмус ерітіндісін тамызыңыз. Содан соң түсі өзгергенше калий оксидін қосыңыз.

Ерітіндінің түсі неге өзгерді? Реакция теңдеуін жазыңыз.

______________________________________________________

Қорытынды:

……………………………………………………………….……

(оқушы ұсынуы қажет жауап: азот қышқылы негіздік оксидтермен реакцияға түседі)

Тәжірибе №3.

Сілтімен әрекеттесуі:

Сынауыққа 3-4 мл сілті ерітіндісін қосып, 2 тамшы фенолфталеин тамызыңыз. Содан соң түсі өзгергенше азот қышқылы ерітіндісін құйыңыз.

Ерітіндінің түсі неге өзгерді? Реакция теңдеуін жазыңыз.

______________________________________________________

Қорытынды:

……………………………………………………………….……

(оқушы ұсынуы қажет жауап: азот қышқылы сілтілермен реакцияға түседі)

Тәжірибе 4.

Тұздармен әрекеттесуі, әлсіз қышқылдарды тұздарынан ығыстырады.

Сынауыққа бор салып, оған азот қышқылын қосыңыз. Бөлінген газдың көмірқышқылы екенін қалай дәлелдей аласыз?

Реакция теңдеуін жазыңыз.

______________________________________________________

Қорытынды:

……………………………………………………………….……

(оқушы ұсынуы қажет жауап: азот қышқылы әлсіз қышқыл тұздарымен реакцияға түседі)

Жұмыс бойынша жалпы қорытынды:

……………………………………………………………….……

……………………………………………………………….……

……………………………………………………………….……

Азот қышқылы басқа қышқылдарға тән қасиеттерін көрсетеді.

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Стикердегі сөйлемдерді жалғастырыңыз. 

  • 1. Бүгін сабақта мен білдім(үйрендім).........
  • 2. Көбірек білгім келеді..................

Үй жұмысы:

Карточкадағы жаттығуларды орындаңыздар.

Нұсқа І

1. Қай жүйеде азот тотықтырғыш қасиет көрсетеді?  2. Қандай молекулалық реакция теңдеуі төмендегі иондық теңдеуге сәйкес келеді?

Нұсқа ІІ

1. Қай жүйеде азот тотықтырғыш қасиет көрсетеді? 

 2. . Қандай молекулалық реакция теңдеуі төмендегі иондық теңдеуге сәйкес келеді?

Жауаптар:

Нұсқа І

  • 1. б, г
  • 2. в
  • Нұсқа ІІ
  • 1. а, г

2. б

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалд ымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушылар жұптарда талқылауды ұйымдастырады.

Жұлдызша белгісіндегі дифференциалды тапсырмаларды орындайды *

1. Тақырыптың мәселелерін талқылағанда топтардағы өзіндік бағалау және өзара бағалау.

Партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру