Судың ластану себептері. Судың кермектігі. Лабораториялық тәжірибе: №10 «Судың кермектігін анықтау». Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«СУДЫҢ ЛАСТАНУ СЕБЕПТЕРІМЕН ОНЫ ОНЫ ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІ. КЕРМЕК СУ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып:8, 4 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4С Су

 Алдыңғы сабақта алған білімді қайталай отырып жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында оқушыларға True/False ойыны ойнатылады. Оқушылар табиғаттағы су айналымында кездесетін физикалық үрдістер жайлы айтылған тұжырымдаманың дұрыс немесе бұрыстығын анықтау қажет және сәйкесінше қызыл немесе жасыл түсті карточканы көтереді. Бұл тапсырма оқушылардың жылдам шешім қабылдауына, логикалық ойлау қабілетінің дамуына өз септігін тигізеді.

 Оқушыларға сабақтың тақырыбына қатысты бейнематериал көрсетіледі, бейнематериалға қатысты пікір-талас ұйымдастыралады. Тапсырманың барысында оқушылар судың тіршілік және адам өміріндегі маңызы жайлы нақты ақпараттар, сонымен қатар қазіргі таңдағы жаһандық проблемалар жайлы өз ойларын нақты аргументтер арқылу жеткізе білу қабілеттерін дамыту қажет. Біршама талқылаулардардан кейін сабақтың тақырыбы және мақсаты таныстырылады.

 Оқушыларды топтарға бөліңіз.

 1 топ - Судың ластану көздері және қоршаған ортаға тигізетін салдары

 2-топ - Суды тазарту әдістері және ластануды болдырмау шаралары жайлы ақпаратты ұсынулары қажет. Постер дайындауда оқушыларға шығармашыл болуға мүмкіндік беріңіз. Мұғалім шеберлігіне байланысты әр топқа жеке тапсырма беруге болады (мысалы: 1 топ постер дайындайды; 2топ көрініс көрсетеді, т.б.). Оқушылармен бірлесе отырып бағалау критерийлерін құрастырыңыз, бұл оқушылардың тапсырманы нақты орындауына әкеледі.

Оқушылармен бірлесе отырып топтық жұмысты бағалаудың жетістік критерийлері құрыңыз. Мысалы : жұмысты бағалау критерийлері:

 Тақырып мазмұнының ашылуы

 Жұмыстың креативтілігі

 Ақпараттың шынайылығы

 Тайм-менеджмент

Бұл тапсырма барысында оқушылардың теориялық білімдерімен қатар зерттеушілік және шығармашылық қабілеттері дамиды. Топтық жұмыс барында оқушыларға жекелеген ролдер беру оқушылардың барлығының тапсырманы толыққанды орындауы мүмкіндік береді.

 Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оларға «Шәйнекте неге қақ түзіледі?», «Суда кейде неге сабын көпірмейді?», «Неліктен жер бетінің кейбір бөліктерінде жұмсақ су, ал кей жерлерде кермек су кездеседі?» деген проблемалық сұрақтар қойыңыз. Оқушылар жауаптары тыңдалып болған соң, https://www.twig-bilim.kz/kz/film/hard-and-soft-water бейнематериал көрсетіңіз. Оқушылар жұпта кермек судың анықтамаын айқындап, оны жою әдістерін ұсынады, соынмен қатар судың кермектілігін анықтау үшін нұсқаулыққа сәйкес тәжірибе жасайды. Оқушыларды жұптастыру мұғалім шеберлігіне байланысты (мысалы бұл тапсыраманы орындау үшін А деңгейлі оқушымен С деңгейлі оқушыны жұптастыру тиімді себебі өзара оқыту үрдісі жүзеге асады).

Оқушыларды қызықтыру мақсатында «Белгісіз ерітінді» қызықты тәжірибесін үйымдастырыңыз.Оқушыларға бірнеше түрлі сұйықтықтарды ұсыныңыз. Оқушылар суға сусыз мыс (ІІ) сульфаты көмегімен сапалық талдау жүргізуді ұсыныңыз. Оқушылар сәйкес қорытынды жасаулары қажет.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру