Негіздер. Негіздердің қасиеттері Зертханалық жұмыс №8. Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.
Жұмыс парағы Зертханалық жұмыс № 8. Негіздердің химиялық қасиеттері Оқу мақсаты: : Негіздердің суда еритін және ерімейтін химиялық қасиеттерін зерттеу.
Бағалау критерийлері: : Негіздердің қандай қосылыс екенін,негіздердің жіктелуін және суда еритін, ерімейтін негіздердің химиялық қасиеттерін зерттеп,реакция теңдеулерін жаза алса.
.
Жұмыстың мақсаты: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Болжам:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Құралдар мен реактивтер: сынауықтар, хлорлы сутек қышқылының ерітіндісі HCI, натрий гидроксидінің ерітіндісі NaOH , фарфор табақшасы, мыс сульфаты ерітіндісі CuSO4.
___________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Қауіпсіздік ережелері:
Жұмыс барысы:
- Сынауыққа 1-2 мл натрий гидроксиді ерітіндісін құйып үстіне 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосыңыз. Осы сынауықтағы ерітіндіні араластыра отырып хлорлы сутек ерітіндісін аздап қосыңыз.Ерітінді түссізденгеннен кейін сынауықтың сыртын қолмен байқаңыз.Қандай қорытынды жасайсыз? Нейтралдану реакциясы қандай реакцияға жатады?
Жұмыс барысы | Байқалуы | Реакция теңдеуі | Реакцияның қорытындысы |
- а)Тәжірибе арқылы темір гидроксидін алу,ол үшін сынауыққа 1 мл натрий гидроксиді ерітіндісін алып сонша мөлшерде темір хлориді ерітіндісін қосыңыз. б)Түзілген тұнбаға тұнба ерігенше хлорлы сутек қышқылын қосыңыз
- Тәжірибе арқылы мыс гидроксидін алу,ол үшін сынауыққа 1 мл натрий гидроксиді ерітіндісін алып сонша мөлшерде мыс сульфаты ерітіндісін қосыңыз Суда ерімейтін негіздердің қасиеттері.Түзілген тұнбаны қыздырыңыз.
Істелінген жұмыс | байқауы | Реакция теңдеуі | Реакция бойынша қорытынды |
қорытынды:____________________________________________________________________
1.Мына формулаларды жіктеп,кестенің ішіне жазыңыз NaOH, Fe2(SO4)3, KOH, CuSO4, SO2, HCl, Ba(OH)2, P2O5, Al(OH)3.
Бейметалл оксиді (қышқылдық оксид) | |
Қышқыл | |
Еритін тұз |
2.Жүретін 3 реакция теңдеуін жазыңыз
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Кері байланыс : 1.Тәжірибеденеқиынболды? ____________________________________________________________________________ 2.Нетүсініксізболды? ____________________________________________________________________________ 3.Жаңанебілдіңдер? ____________________________________________________________________________ 4.Келешекте неге көңіл бөлу керек ? |
Қосымша 1
NaOH—натрий гидроксиді, Са(ОН)2—кальций гидроксиді халықаралық номенклатура бойынша гидроксотоптардың сандары аталып айтылады. Аl(ОН)3 —алюминий үшгидроксиді Ғе(ОН)2—темірдің дигидроксиді, Ғе(ОН)3—темірдің үшгидроксиді
Кейбір негіздер үшін бұрыннан пайдаланып келген атаулары да бар, олар ерекше қасиеттеріне, белгілеріне қарай қойылған.
NaOH—күйдіргіш натр; Са(ОН)2—сөндірілген әк.
Физикалық қасиеттері
Негіздердің судағы ерітінділері қолға сабындалып тұрады; матаны, теріні, қағазды күйдіреді, сондықтан күйдіргіш сілтілер (КОН, NaOH) деп аталады. Олармен жұмыс істегенде аса абай болу керек. Негіздерді еріткенде әдетте кәрлен ыдыстар колданылады, онын, себебі шыны ыдыстар сілтілермен әрекеттескенде тез бүлінеді.
Қышқылдар сияқты барлығына ортақ анықтағыштары (индикатор) бар, себебі олардың барлығына ортақ гидроксотоптары бар. Негіздерді анықтауға фенолфталеин деп аталатын анықтауыш қолданылады.
Қосымша 2
Индикаторлар | фенолфталеин | лакмус | метилоранж |
қышқыл | |||
негіз |
Қосымша3 CuO, H2SO4, KOH, H3PO4, Al(OH)3, SO3, H3PO4, Ni(OH)2, NaOH, Pd(OH)2,Си(OH)2,Ba(OH)2, Zn(OH)2,Cr(OH)3, Na2O, HCI, H2SO4, MgO, CO2,Be(OH)2, K2O.
оксидтер | қышқылдар | негіздер |
6 оксидтің формуласы | 5қышқылдың формуласы | қалғаны негіз |
Қосымша 4
KOН, Al(OH)3, Ni(OH)2, NaOH, Pd(OH)2, Си(OH)2, Ba(OH)2, Zn(OH)2, Cr(OH)3,Be(OH)2.
Мына берілген қосылыстарды гидроксил тобының санына байланысты үшке жікте:
бір негізді---------------------------------,екі негізді-----------------------------------------------------,
үш негізді -------------------------------------.
Бекіту тапсырмаларын орындау- жұмыс парағы
- Төменде көрсетілген негіздердің ішінен сілтіні көрсет: Cr(OH)2,Ni(OH)2, NaOH, Pd(OH)2,KOH
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
- Негіздердің химиялық қасиеттерін дәлелдейтін реакцияларды аяқта а). NaOH + … = Na2SO4 + …
в) KOH + SO3 = … + H2O
с). Си(OH)2 + … = СиSO4 + 2NaOH
3.Төменде көрсетілген заттардың қайсысы NaOH-пен реакцияға түседі? Мүмкін болатын 3 реакция теңдеулерін жаз:
CuO, H2SO4, Cu(NO3)2 , KOH, HPO3, FeCl2, PbS, Al(OH)3, Cr(NO3)3
4.Ерімтал тұздың ерітіндісіне натрий гидроксидін қосты. Нәтижесінде көгілдір түсті тұнба пайда болды. Төменде берілген тұздардың ішінен реакцияға түскен тұзды анықта,реакция теңдеуін жаз:
Cu(NO3)2, FeCl3, FeCl2, Mg(NO3)2.
Нәтижесінде көгілдір түсті тұнба пайда болды. Төменде берілген тұздардың ішінен реакцияға түскен тұзды анықта:
Cu(NO3)2, FeCl3, FeCl2, Mg(NO3)2.
Өзіндік тапсырма
4. NaOH, Fe2(SO4)3, KOH, CuSO4, SO2, HCl, Ba(OH)2, P2O5, Al(OH)3.
Мына формулаларды жікте
Бейметалл оксиді (қышқылдық оксид) | |
Қышқыл | |
Еритін тұз |
Жүретін 3 реакция теңдеуін жазыңыз
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру