Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы. Зертханалық тәжірибе № 3 «Металдардың қышқыл ерітінділерімен реакциясы». Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.
1-қосымша
Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі
Керекті құрал-жабдықтар, реактивтер: сынауық, мырыш, темір үгіндісі, мыс, алюминий, сұйытылған тұз қышқылы
Тапсырма: Төрт сынауыққа әртүрлі металл үлгілерін салыңдар. Бірінші-мырыш, екінші-темір үгіндісі, үшіншіге -мыс, төртіншіге- алюминий. Барлық сынауықтарға сұйытылған тұз қышқылынан 1-2 мл құйындар. Не байқадыңдар? Қайсы сынауықта газ бөлінгені байқалды? Қайсы сынауықта өзгеріс болмады?
№ | Не жасадың? | Не байқалды? | Реакция теңдеуі | Қорытынды |
Zn | ||||
Fe | ||||
Cu | ||||
Al |
Металдардың тұздармен әрекеттесуі
Керекті құрал-жабдықтар, реактивтер: сынауық, мырыш, темір шеге, қалайы, мыс сульфаты, темір хлориді, күміс нитраты.
Үш сынауыққа мыс сульфаты ерітіндісін құйып әртүрлі металл үлгілерін салыңдар, бірінші-мырыш, екінші-темір шеге, үшіншіге -қалайы.
Екі сынауыққа темір хлориді ерітіндісін құйып әртүрлі металл үлгілерін салыңдар, бірінші-мырыш, екінші- қалайы ,
Үш сынауыққа күміс нитраты ерітіндісін құйып әртүрлі металл үлгілерін салыңдар, бірінші-мырыш, екінші-темір шеге, үшіншіге -қалайы
Не байқадыңдар? Қайсы сынауықта өзгеріс байқалды? Қайсы сынауықта өзгеріс болмады?
№ | Не жасадың? | Не байқалды? | Реакция теңдеуі | Қорытынды |
Металдардың сумен әрекеттесуі
Керекті құрал-жабдықтар, реактивтер: сынауық, метал натрий, магний, су.
Тапсырма: Екі сынауыққа 2 мл су құйындар, әртүрлі металл үлгілерін салыңдар. Бірінші-натрий, екінші-магний. Не байқадыңдар? Қайсы сынауықта газ бөлінгені байқалды? Реакция жылдамдығына назар аудар.
№ | Не жасадың? | Не байқалды? | Реакция теңдеуі | Қорытынды |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру