Химиялық реакция теңдеулерін құру. Заттар массасының сақталу заңы. Химия, 8 сынып, қосымша материал 1.


ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ ТЕҢДЕУЛЕРІН ҚҰРУ. ЗАТТАР МАССАСЫНЫҢ САҚТАЛУ ЗАҢЫ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 1-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакциялардың теңдеулері

 Бұл сабақтың негізгі мақсаты зат массасының сақталу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеу болып табылады. Сондықтан сабақ барысында мұғалім өзі немесе оқушылар топта әртүрлі эксперимент түрін жасай отырып зат массасының сақталу заңын дәлелдеу керек. Әрине жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік ережелерін өте қатаң сақтау қажет. Сондықтан, оқушылардың жұмыс жасау барысын қатаң қадағалау ұсынылады. Жұмыстың нәтижелері мен қорытындысын рәсімдеуге де көп көңіл аудару керек. Зертханалық жұмыс соңында оқушылар реакция теңдеулерімен бекітеді.

1-тәжірибе

 Бунзен колбасының түбіне фильтр қағазын салып, үстіне 2-3 г калий перманганатының ұнтағын салыңыз. Колбаның аузын бөлгіш воронка орнатылған тығынмен жабыңыз. Бөлгіш воронкаға шамамен 10 мл сусыз глицерин құйыңыз. Колбаның шүмегіне (тубус) герметикалық етіп шарды бекітіңіз.

 Қондырғыны электронды таразыға орналастырыңыз және массасын анықтап алыңыз (сол жақтағы фото). Бөлгіш воронканың шүегін ашып, калий перманганатына түсетіндей етіп 2-3 мл глицеринді ағызыңыз және жылдам шүмекті жабыңыз. Бірнеше уақыттан соң колбада жану реакциясы орын алып газ бөлінеді. Шар үрленеді, бірақ қондырғының массасы өзгеріссіз қалады (оң жақтағы фото).

2-тәжірибе

Аузы жабық колбада балауыз шам жанады. Шамның жануы - бұл химиялық үдеріс. Колбадағы оттек таусылған соң шам сөніп қалады. Алдымен барлығын таразыда өлшеп аламыз. Шамды жағып оны колбаға саламыз да, колбаның аузын тығынмен бекітеміз. Шам сөніп, химиялық реакция аяқталады. Бірақ таразының тепе-теңдігі өзгермейді. Өнімдердің массасы бастапқы заттардың массамен тең болып қалады.

bilimland.kz сайтындағы ресурстарға сілтеме:

Химия→ Жалпы химия →Бастапқы химиялық түсініктержЖаЖ

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/bastapky-himiyalyk-tusinikter/lesson/ehmpirikalyq-zhane-molekulalyq-formulalar

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/bastapky-himiyalyk-tusinikter/lesson/ximiyalyq-tengdeuler

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/bastapky-himiyalyk-tusinikter/lesson/ximiyalyq-reakcziya-tengdeulerin-tengestiru



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру