Энергетикалық деңгейлер. Химия, 8 сынып, қосымша материал


«АТОМДА ЭЛЕКТРОНДАРДЫҢ ТАРАЛУЫ» ТАҚЫРЫБЫНА

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 1-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1A Атомда электрондардың қозғалысы

Оқушылардың сабақты жеткілікті дәрежеде түсінуі үшін келесі ұғымдар мен түсініктерді анық білулері және іс-әрекеттерді жасай алулары қажет.

Электрондардың орналасуы

Электрондар ядродан едәуір алшақ энергетикалық деңгейлер деп аталатын қабаттарда орналасады. Әрбір электрон қабатында максималды электрондар саны орналаса алады. Бірінші қабатта (ядроға ең жақын қабат) 2 электрон бола алады, екінші қабатта 8, ал 3 қабатта 8 электрон орналасады. Негізгі мектепте оқушылар тек осы деңгейде ғана қалады, себебі одан әрі күрделенетіндіктен тақырып әрі қарай жоғарғы сыныпта қарастырылады. Бұл қабаттарды ядродан біртіндеп алыстайтын қабаттар ретінде қарастыруға болады. Әр қабаттағы электрондардың энергиясы әртүрлі болады, олар сол энергиясына сай әртүрлі қабаттарда орналасады.

Электрондардың орналасуын анықтау

Оқушылар химиялық элементтердің периодтық кестесінен атом нөмірін анықтай алулары керек. Яғни ұяшықтағы берілген екі санның мәні кішісін алатынымызды ескерту керек. Бұл сан атомдағы бөлшектердің саны туралы ақпарат беретіндігін қайталау маңызды. Электрондардың энергетикалық деңгейлерде орналасуы ішкі қабаттан басталып сыртқысына көшеді.

Электрондық формула

Алғашқы 20 элемент атомындағы электрондардың электрондық формула мен электрондық-графикалық формулаларын оқушылардың жаза алуы өте маңызды болып табылады. Атомдардағы әрбір электрон электрон энергиясы ең аз бос оритальға орналасатынын, оның аз энергия ұстанымына сай келетінін айтып өту қажет, бірақ d, f орбитальдарына көңіл аударудың қажеттілігі жоқ. Тек қана d орбиталінің электрон сыйымдылығын айтып кетсе жеткілікті.

Графиктік электрондық формулалар

Оқушылар электрон қауызының құрылысын энергетикалық немесе кванттық ұяшықтар көмегімен бейнелеуге болатынын, яғни графиктік электрондық формулаларды жазуды үйренеді. Бірақ оны электондық конфигурацияны толық оқушы орындай алған соң ғана түсіндірген абзал. Бірақ бұл деңгейде «электрон спині» деген ұғымы қарастырылмайды, тек шартты түрде электронның бағыты көрсетіледі.

Электрондық орбитальдар

Бұл деңгейде оқушылар s және р орбитальдарымен ғана таныстырылады. Оқушылар s орбиталінің шар тәрізді, ал р орбиталінің пішіні гантель немесе көлемдік сегіздік тәрізді болатынын білуі керек. Және де р орбиталінің кеңістіктің координаттарының осьтерімен бағытталғандығын біледі.

Қорытынды ретінде алғашқы 20 элементтің атом құрылысын, энергетикалық деңгейлер санын, электрондық конфигурациясын, графиктік электрондық формулаларын және орбитальдардың суретін салу тапсырмасы беріледі. Оқушылар осы жұмысты толық қатесіз орындағанға дейін тапсырмалар беріліп машықтанады. Сыртқы электрон қабатындағы жұптаспаған электрондар санына сай элементтің белсенділігін жобалап анықтай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру