Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Координация және реттелу

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Убишева Т.К.

Күні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтын тақырыбы

Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.7.2 гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

• гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру;

• стероидты және пептиді гормондардың әсер ету механизмдерін салыстыру.

 Бағалау критерийлері

• гормондардың әсер ету механизмін түсіндіреді.

• гормондардың әсер ету механизмдерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Пәндік лексиканы пайдалана отырып, гормондардың әсер ету механизмін топта ауызша, жазбаша түсіндіреді .

Пәндік лексика және терминология

Эндокриндік бездер, гормондық реттелу, гормондар, пептидті гормондар, стероидты гормондар, мембараналық рецепторлар, нысана-жасуша.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Гормондар бөлінеді ...

Гормондық реттелу – бұл …

Гормон нысана мүшелерге әсер етеді ...

 Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс істей алу, өзгелердің пікірін тыңдау, академиялық шындық, тапсырма орындауда жауапкершілік, ынтымақтастық пен шыдамдылық.

 Пәнаралық байланыстар

Химия (гормондардың химиялық құрылымы)

Бастапқы білім

 

Оқушыларда (7-10сыныптар) мүшелер жүйесі, адам ағзасының ішкі ортасының тұрақтылығы, гормондар мен жүйке жүйесінің маңызы туралы алдыңғы білімдері қалыптасқан.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

0-2

2-4

4-6

1. «Шеңбер бойымен» әдісі.

Мұғалім оқушыларға «Гомеостазды сақтауда гормондардың маңызы қандай?» сұрағын ұсынады. Шеңбер құрып отырған топтағы әрбір оқушы жеке жұмыс істейді:

▪ осы сұрақ бойынша өз жауабын үлестірмелі қағазға жазады;

▪ үлестірмелі қағазды сағат тілінде келесі оқушыға береді;

▪ алдына келген үлестірмелі қағаздағы жауаптарды оқып, өз жауабын жазып, шеңбер бойымен қозғалтып отырады;

▪ жауап жазуды бір айналымда тоқтатады;

▪ Бұл әдісте бір жауапты барлық үлестірмелі қағазға жазуға болмайды;

▪ басқа оқушылардың жазған жауабының синонимін жазуға болмайды;

Топтық жұмыс:

▪ әр топтағы оқушылар өз үлестірмелі қағазындағы жауаптарды оқиды. Ұқсас жауаптарды біріктіреді. Дұрыс жауаптарды қорытындылайды. Сыныпта оқушылар топтық тапсырманы қорғайды.

2. Сабақ мақсатын анықтау. Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы мен мақсатын қалыптастыру:

• гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру.

• стероид және пептиді гормондардың әсер ету механизмдерін салыстыру.

Оқу таныстырылымы

слайд 1-3

Сабақтың ортасы

5-10

10-15

15-16

16-20

20-25

25-27

27-37

3. Мұғалім таныстырылымы.

- эндокриндік бездер

- химиялық табиғаты бойынша гормондарды жіктеу

Оқушыларға химиялық құрамы бойынша гормондардың жіктелуі туралы мәтін беріледі.

4. «Кестемен жеке жұмыс».

Оқушылар жартылай толтырылған кестеге қажетті ақпаратты жазу тапсырмасын орындайды.

Бездің атауы

Бөлінетін гормон

Гормонның химиялық табиғаты

Гипофиздің алдыңғы бөлігі

Өсу гормоны

Паратгормон

Пептидтер және нәруыздар

Аталық без бен ұрықжолдас

Стероид

Бүйрекүсті безінің милы қабаты

Адреналин

Кальцитонин

Пептидтер және нәруыздар

Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты

Кортикостероидтер

Қалқанша безі

Аминдер

Эстроген

Прогестерон

Стероид

Ұйқы безі

Инсулин

Глюкагон

4.1 Өзін-өзі бағалау.

Интербелсенді тақтадан көрсетілген немесе қағазға шығарылған жауапты пайдаланып, оқушылар өз жұмыстарын тексереді.

5. Виуальды ақпаратпен танысу.

Оқушылар стериодты гормондардың мембрана арқылы тасымалдануы мен қызметі туралы оқу фильмін көреді.

6.1. Визуальды ақпараттан кейін дайын органайзердің бір бөлігіне стероидты гормонның тасымалдану мен әсер ету механизмінің реттілігін анықтайды:

Стероидты гормон

1

2

3

4

5

6

7

8 мРНҚ

6.2. Оқушылар нәруызды гормондардың мембрана арқылы тасымалдануы мен қызметі туралы оқу фильмді көреді.

6.3. Визуальды ақпараттан кейін дайын органайзерге екінші бөлігіне нәруызды және пептидті гормонның тасымалдану мен әсер ету механизмінің реттілігін анықтайды:

Нәруыздық/пептидтік гормондар

1

2

3

4

5

6

7 Жасушалық жауап

5.4 Өзара бағалау.

Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауапты қолданып, жұптық тапсырамны өзара тексереді.

7. Қорытынды бағалау.

Оқушылар алдыңғы әдістегі жұмыс істеген органайзерді ары қарай қолданады. Олар топта екі түрлі гормонның әсер ету механизмін салыстырады.

Бағалау критерийлер;

  • Стероидты гормондардың әсер ету механизмінің айырмашылығын анықтайды;
  • Пептидті гормондардың әсер ету механизмінің айырмашылығын анықтайды;
  • Гормондардың әсер ету механизмінің ұқсастығын көрсетеді.

Оқу таныстырылымы

слайд 4-5

Қосымша 1

Слайд 6

Слайд 7

«Стероидты гормондардың қызмет ету механизмi»

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/ehndokrindik-zhuje/lesson/gormondar-zhane-onyn-qasietteri

Слайд 8-10

«Нәруызды-пептидті гормондардың қызмет ету механизмі»

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/ehndokrindik-zhuje/lesson/gormondar-zhane-onyn-qasietteri

Қосымша 3

Салайд 11

Слайд 12-13

Сабақтың соңы

37-40

Оқушылар кері байланысы:

Нені білдім ... ?

Қайда қолданамын ... ?

Слайд 14

Қосымша ақпарат

Деңгейлік оқыту – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Білімді өзектеу

кезеңінде алдыңғы білімдерін қолданады, сұраққа жауап беру арқылы жақын арада даму аймағын анықтайды.

Сабақтың мағына тану кезеңі оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшелігін қанағаттандыратын түрлі оқу ақпараттары қолданылады. Аса қабілетті және көмек қажет ететін оқушыларға лайықты тапсырмалар мен нұсқаулықтар ұсынылады.

Ой шақыру кезеңі алдыңғы білімімен байланыстыруға, жаңа деректермен танысуға және өзін-өзі бағалауына мүмкін береді

Мағына тану кезеңінде оқушылардың ойлау мен шешім қабылдау, талдау дағдылары бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

Жұптық жұмыстарды сағат тілінде сыныпта қозғалып өзара бағалау кезінде қауіпсіздік техникасы сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.