Хромосомалар санының ауытқуына байланысты адамның хромосомалық аурулары. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 10.3 В Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Хромосомалар санының ауытқуына байланысты адамның хромосомалық аурулары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

хромосомалар санының ауытқуына байланысты адамның хромосомалық ауруларын сипаттау

 Бағалау критерийлері

  • Адамның кейбір тұқымқуалау ауруларының кариотип көріністерін белгілеу;
  • Адам популяциясында кездесетін хромосомалық ауруларын атау;
  • Гендік, геномдық, хромосомалық мутацияларын ажырату ;
  • Науқастың тұқымқуалайтын ауруларынының фенотиптік ерекшелігін атау;
  • Хромосомдық аурулардың себептерін көрсету.

 Сабақ мақсаттары

хромосомалар санының ауытқуына байланысты адамның хромосомалық ауруларын сипаттау

 Тілдік мақсаттар

 

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Адамның хромосомалық аурулары, Даун синдромы, Клайнфельтер синдромы, Тернера-Шерешевский синдромы , Эдвардс синдромы, Патау синдромы, Мысық айқайы синдром.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

хромосомалық ауруларының пайда болу себептері ...

аурудың симптомдары ....

Құндылықтарды дарыту

Жұптық жұмысты орындауда бір-бірімен ынтымақтастығы арта түседі.Бір-біріне деген қарым-қатынас, сыйластық пайда болады.Бұл коммуникативті дағдыны дамытады.

Пәнаралық байланыс

Молекулалық биология, генетика, цитология, адам генетикасы, медициналық генетикасы.

Бастапқы білім

Тұқымқуалау белгілердің цитологиялық негіздері. Жыныспен тұқымқуалау. Тұқымқуалашылық хромосомалық теориясы.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-17

18-20

1.(W) Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларды бір тексеріп алады.

2.Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа хромосомалық жинағы бар бір парақтан және А3 форматындағы бос парақтан беріледі:

1 топ – сау адамның хромосомасы.

2 топ – сау әйелдің хромосомалары.

3 топ – Даун синдромы бар науқастың хромосомасы.

4 топ – Тернер синдромы бар науқастың хромосомасы.

Әрбір топ кариограмма жасайды, хромосомалардың санын есептейді, хромосомалардың дені сау адамға жататындығы туралы қорытынды жасайды, жыныстық тиістілігін анықтайды, хромосомалардың санындағы аномалияларды анықтайды.

Әрбір топ өз постерін басқа топтарға ұсынады. Топтар бір-бірінің постерлерін бағалайды. Мұғалім 4 кариограмманың 2 – ден дені сау адам – еркек пен әйел, ал 2-ден хромосомасы бар адам екенін хабарлай отырып, жұмыс қорытындысын шығарады.

3. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын құрастырады. Бағалау критерийлері талқыланады

4 адам хромосом бейнеленген және тапсырмасы бар парақтар,

А3 форматындағы парақтар

Сабақтың ортасы

9-15

16-38

1. 1.Мұғалім оқушыларға "хромосомалық аурулар" терминін анықтауды және оны жұпта талқылауды ұсынады. Оқушылар сынып анықтамаларын айтады, содан кейін барлық оқушылар өз анықтамаларын слайдтағы эталонмен салыстырады. Мұғалім хромосомалық аурулардың себебі болуы мүмкін мәселе бойынша пікірталас ұйымдастырады. Оқушылар хромосоманың аномальды мөлшерін алу себептері, хромосоманың аномальды санына ие болу салдары, емдеу мүмкіндіктері туралы болжам жасайды.

2. Оқушылар тағы да топтарға бөлінеді (топтар саны 4-тен 6-ға дейін, сыныптағы оқушылар санына байланысты өзгеруі мүмкін) 3-4 адамнан. Әр топқа мұғалім берген материалдар бойынша адамның хромосомалық ауруларының бірін зерттеу ұсынылады:

* Даун Синдромы

* * Клайнфельтер Синдромы

* Тернер-Шерешевский Синдромы

* Эдвардс Синдромы

* Патау Синдромы

3.(Г) топтағы оқушылар постер дайындайды, оған келесі ақпарат қосылуы тиіс:

Аурудың атауы

Адам популяциясындағы кездесу жиілігі

Кариотип картинасы

Ауру симптомдарын сипаттау 

Сурет, науқастың иллюстрациясы

4.(Г) топтағы оқушылар келесі сабақ үшін постер бойынша қысқа сөз сөйлейді.

5.Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша тексеру жұмыстарын орындайды.

Тапсырмаларды сәтті орындаған оқушылардың жұмысына назар аударыңыз.

Оқушылар өз сәтсіздіктерінің немесе жетістіктерінің себептерін түсіндіреді және оқу міндеттеріне қайтадан жүгінеді.

Тарату материалы-хромосомалық аурулар туралы ақпараттық парақтар

Презентация MS PowerPoint

постерді бағалау түрі

Тапсырмалар

Тексеру жұмысының бланкілері

Сабақтың соңы

39-40

Рефлексия

Түсіндім …

Түсінбедім …

Сұрағым бар …

Қосымша ақпатат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Белгілі бір оқушының күтілетін нәтижесіндегі тапсырмаларды таңдау кезінде дифференциация көрсетілуі мүмкін. Уақытты тиімді пайдалану арқасында дифференциацияны өткізуге болады, яғни сабақтың кез-келген кезеңінде пайдаланады.

Сабақ барысында оқығандарын бағалау үшін қолданылатын әдістерді жазу үшін осы бөлімді пайдаланыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылатын физминуткалар және белсенді оқыту

Осы сабақта қауіпсіздік ережелері қолданылады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.