Кребс циклі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 10.2 В Тыныс алу

Мектеп: Атырау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Сыныбы: 10

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:

Кребс циклі

Оқу мақсаттары:

Кребс циклін сипаттау

Сабақ мақсаттары:

  • Кребс циклін сипаттау;
  • Тыныс алу тізбегі мен тотыға фосфорлану үрдістерін сипаттау;

Оқушы біледі:

  • Аэробты және анаэробты тыныс алу кезінде өндірілген АТФ синтезінің ерекшілігін;
  • Кребс цикліне қатысушы және реакция нәтижесінде шығарылатын өнімдерді;
  • Тыныс алу тізбегі ферменттерінің схемасын;

Оқушы түсінеді:

  • Тынысалу үрдістерінің митохондрия құрылымымен тікелей байланысын;
  • Кребс циклінің маңызын;

Оқушы орындай алады:

  • Кребс циклін сипаттай алады;
  • Тотыға фосфорлану үрдісін түсіндіре алады;

Бағалау критерийі:

  • Кребс цикліне қатысушы заттар мен, реакциядан шығатын соңғы өнімдерді анықтайды
  • Тыныс алу тізбегі мен тотыға фосфорлану үрдістерін сипаттайды

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

ұсынылған тапсырмалар бойынша үшін жұптарда және топтарда Кребс циклы кезінде жүретін үдерістерді, жасушалық тыныс алу кезеңдеріне қажетті терминологияларды пайдалана жұмыс жасау (айтылым және тыңдалым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Гликолиз, электрон-тасымал тізбегі, пируват/ пирожүзім қышқылы, кофермент, ацетил кофермент A, аралық өнімдер, көміртек қосылыстары, тотығу, редукция, декарбоксилдену, АТФ, тотықсызданған никотинамид-аденин-динуклеотид (НАДФ), тотықсызданған флавин-аденин-динуклеотид (ФАДH2), матрикс, митохондрия

Диалог жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы

X Y- ке бөлінеді.

X …. түзілу үшін қолданылады.

X және Y өндіріледі. Х тің Ү ке түрленуі кезінде, Z өндіріледі.

Ү бөлініп шығарылады. Гликолиз жүзеге асады.

Құндылықтарды дамыту:

  • Топтық жұмыс барысында ашықтық, бір-біріне құрмет, ұйымшылдық қасиеттері дамиды.

АКТ қолдану дағдылары

Тапсырмаларды орындау барысында интернеттегі қосымша ақпарат көздерінен алынған ақпараттарды қолдану

Бастапқы білім

Тыныс алуға физикалық жүктемелрдің әсері – 8 сынып; Тыныс алу- тірі организм мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі ретінде – 8 сынып; Анаэробты және аэробты тыныс алу процестері, тыныс алудың сөздік теңдеуі, бұлшықеттердің қажуы мен анаэробты және аэробты тыныс алу арасындағы байланыс – 9 сынып

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған ісәрекеттер

Ресурстар, іс-әрекет түрі

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Миға шабуыл сұрақтары:

  • Неге аэробты организмдер тыныс алу барысында оттегіні тұтынады?
  • Жасушалық тыныс алу барысында оттегі қандай қызмет атқарады?

Оқушыларға көмек ретінде тыныс алудың реакция теңдеуін ұсынуға болады.

  • Жасушалық тыныс алудың кезеңдерін атаңыз және бөлінетін қышқылдың түзілетін кезеңі мен ыдырау өнімдері туралы қысқаша сипаттама.

Оқушылардың берген жауаптары арқылы оқу мақсаты мен бағалау критерийлері айқындалады.

(өзара бағалау)

Ойлану/ Ақпарат

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану: Мұғалімнің аэробты және анаэробты тыныс алудың жазбаша реакциясын түсіндіре отырып салыстырады.

Топтық жұмыс: (минипроект)

І топ: Тірек сызбаны пайдалана отырып, Кребс циклін сипаттау:

  • Құрылымдық сипаттамалар: алғашқы заттар, өтетін орны, АТФ, НАДФ*Н, ФАД*Н2, СО2 мөлшері, соңғы өнімі.

ІІ топ: Ақпаратты пайдалана отырып, тыныс алу тізбегінің схемасын түсіндіру:

  • Құрылымдық сипаттамалар: тотыққан НАД +,

тотықсызданған НАД*Н+Н+, тотыққан ФАД +, тотықсызданған ФАД*Н+Н+ , цитохром, цитохромсидаза

Топтық жұмысқа қойылатын критерийлер:

  • Мақсаты
  • Гипотеза
  • Талқылау үшін ресурстар көзінің көп болуы
  • Зерттеу үшін ұсыныстар
  • Қорытынды

Қосымша материал http://highered.mheducation.com/sites/0072507470/student_view0/chapter25/animation__electron_transport_system_and_atp_synthesis__quiz_1_.html (электрон тасымал тізбегіне арналған анимация)

Топтардың минижобаларын қорғау, талқылау, бағалау

Бекіту: тақырыпты түсінгендерін анықтау үшін тапсырма орындайды. Жауаптар арқылы өзін-өзі бағалау жүзеге асады.

Рефлексия: Табыс баспалдағы

Үйге тапсырма:

Кребс циклі мен электрон тасымал тізбегін сипаттау барысында қолданылған терминдерге түсіндірме сөздік жасау.

(өзара бағалау жүзеге асады)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Жеке және топта жұмыс түрлерін орындайды

Оқушылардың көпшілігі:

Кейбір оқушылар:

Сұрақтарға жауап береді

Шапалақтау

Бағалау парақтары

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.