Энергия алмасу кезеңдері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Энергетикалық алмасу кезеңдері

  Энергентикалық алмасу – органикалық қосылстардың біртіндеп ыдырауының химиялық реакциялардың жиынтығы, энергияның бөлінуімен жүреді, осы түзілген энергияның бір бөлігі АТФ синтезіне жұмсалады. Синтезделген АТФ организмдер тіршілік әрекеті үшін универсальды энергия көзі болып келеді.

 Аэробты организмдерде органикалық қосылыстардың ыдырау үдерісі үш этаптан құралады, әрбіреуі бірнеше ферментативті реакциялармен қосылып жүреді. Ферменттер химиялық реакциялардың активациясының энергиясын төмендетеді, соның арқасында энергия бірден бөлінбейді (жанған сіріңкенің энергиясы), біртіндеп бөлінеді.

Бірінші этап – дайындық. Бұл үдеріс көпжаушалы тірі ағзалардың асқортыу жолында жүреді. Бұл үдеріс асқортыу ферменттерінің көмегімен жүзеге асады. Біржасушалыларда – лизосомалардың ферменттерімен. БІрінші этапта нәруыздар – аминқышқылдарына дейін, майлар – глицерин мен май қышқылдарына, полисахаридтер – моносахаридтерге, нуклеин қышқылдары – нуклеотидтерге дейін ыдырайды. Бұл үдеріс асқорыту деп аталады.

Екінші этап – анаэробты, оттексіз немесе гликолиз деп аталды. Жасушаның цитоплазмасында жүреді. Жасушадағы басты энергия көзі – глюкоза болып келеді. Глюкозаның оттексіз ыдырауын анаэробты гликолиз деп атайды. Бұл этап бір-бірінен кейін бірі жалғасатын реакциялардан құралады, глюкозаны лактатқа айналдыру бойынша (сүт қышқылы). Лактаттың спортсмендердің бұлшық еттерінде болуы, олардың қажуына әкеледі.

Гликолиз нәтижесінде көп энергияның мөлшері түзіледі, бір бөлігі жылу түрінде жоғалады, екінші бөлігі АТФ синтезіне жұмсалады.

Гликолиздің жиынтық тендік реакциясы:

С3Н4О3 молекуласы – пирожүзім қышқылы немесе пируват, спирттік ашу кезінде өсімдік немесе ашытқылардың жасушаларында этил спиртіне дейін қалпына келе алады, кейбір бактериялардың және жануаралардың бұлшық еттерінде лактатқа айналады.

СН3СОСООН + НАДН -> С3Н6O3 + НАД + лактат.

Үшінші этап – оттекті, Кребс циклінен және тотықтырғыш фосфорлану механизмдерінен құралады. Бұл этап атмосферада қажетті деңгейде оттегінің жиналуынан мүмкін болды. Жасушалардың митохондрияларында жүреді.

Этаптар

Дайындық

Гликолиз - ашу

Аэробты – жасушалық тыныс алу

Қандай заттар ыдырайды

Нәруыздар, майлар, көмірсулар.

Жасуша сыртындағы ферментативті үдеріс (асқорыту)

С6Н12О6 – гликолизі. Басқа органикалық қосылыстар глюкоза күйіне айналдырылады.

Пирожүзімқышқылы - С6Н12О6.

Қандай заттар түзіледі

Аминқышқылдары, моносахаридтер, глицерин, май қышқылдары.

Пирожүзім қышқылы, АТФ. АТФ түзілуі аз эффективті.

СО2, АТФ.

Кребс циклі көмірсулардан Н+ атомдарын босатын шығарады.

Энергияның қанша мөлшері шығымдалады

Энергияның аз бөлігі жылу түрінде бөлінеді.

200 кДж

(120 кДж жылу және 80 кДж АТФ)

2600 кДж, олардың ішінен 1520 кДж АТФ, қалғаны жылу түрінде.

Гликолиз:

Аэробты тыныс алу:

Энергетикалық алмасуда жиынтық түзілетін энергия саны: 38АДФ +38Н3Р04 +1520 кДж = 38 АТФ +38Н20



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.