Зертханалық жұмыс. Ақуыздың құрылымына әртүрлі факторлардың (температура, pH) әсері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары: ақуыздың құрылымына әртүрлі факторлардың әсерін зерттеу

Дағдылар: білімін қолдану, анализ, синтез

Бағалау критерийі

Ақуыз құрылымына температураның әсерін зерттеу

Ақуыздың құрылымына рН-тың әсерін зерттеу.

Пәні: биология

Класс: 10________

Оқушының аты-жөні________________

Зертханалық жұмыс

«Ақуыздың құрылымына әртүрлі факторлардың (температура, pH) әсері».

Жұмыстың мақсаты: ақуыздың құрылымына әртүрлі факторлардың (температура, pH) әсерін зерттеу.

Болжам_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қажетті құрал-жабдықтар:

  • жұмыртқа ақуызының судағы ерітіндісі
  • 1%-й сірке қышқылының ерітіндісі
  • 10 %-й сірке қышқылының ерітіндісі
  • 10 %-й натрий гидроксидінің ерітіндісі
  • натрий хлоридінің қаныққан ерітіндісі
  • сынауықтар (пробиркалар)
  • спиртовка және су моншасы

Жұмыс барысы:

1. 7 нөмірленген сынауықтардың әрқайсысына 10 тамшыдан жұмыртқа ақуызын тамызамыз.

2. Жұмыртқа ақуызы салынған 3 сынауықты алып оны 35°С, 60°С, 100° С қыздыру қажет.

3. Нәтижелерді кестеге толтырыңыз.

 Пробирка №

 Температура

Сипаттамасы

 

 

 

4. №4 сынауықтағы ерітіндіге 1 тамшы 1% сірке қышқылының ерітіндісін құйып қайнау температурасына дейін қыздыру керек.

4.  №5 сынауыққа 1-2 тамшы 10%- сірке қышқылының ерітіндісін тамызып қайнау температурасына дейін қыздыру керек.

5.  №6 сынауыққа 1-2 тамшы 10%- натрий гидроксидін тамызып қайнау температурасына дейін қыздыру керек.

6.  №7 сынауыққа 1-2 тамшы натрий хлоридінің қаныққан ерітіндісін тамызып қайнағанға дейін қызыдырыңыз.

7. Өз зерттеулеріңіздің қорытындысын рәсімдеп, бақылағандарыңызды сипаттай отырып, кестені толтырыңыз.

№ пробирка

Қосатын зат

Бақылау

8.Жұмысты қорытындылаңыз

9. 9.1. графикке назар аударыңыз.

9.1 график

а. Графиктен максималды температураны көрсетіңіз.

b. Х әрпімен көрсетілген кезеңде ақуызда қандай өзгеріс болатынын анықтаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.

Бағалау критерийі

Дескриптор

оқушылар

ақуыздың құрылымына температураның әсерін зерттеу

Болжамды жасайды

Зерттеу жүргізеді

Зерттеу жұмысын рәсімдейді

ақуыздың құрылымына рН-тың әсерін зерттеу

Зерттеу жүргізеді

Зерттеу жұмысын рәсімдейді

Ақуыз құрылымына әсер ететін факторлар туралы қорытынды жасайды.

Графиктен максималды температураны көрсетеді

Х әрпімен көрсетілген кезеңде ақуызда қандай өзгеріс болатынын анықтайды.

Екеуден кем емес мысал келтіре алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.