Инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерісітің жалпы сызбасын сипаттау. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақтың тақырыбы

10.4.3.3

инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерісітің жалпы сызбасын сипаттау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерісітің жалпы сызбасын талдау

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасын ауызша немесе жазбаша сипаттай алады

Бағалау критерийлері

- инсулин өндірісінің биотехнологиялық үдерісін сипаттайды;

- ферментердің құрылысын сипаттайды;

- гендік инженериядағы инсулин өндірісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

Ген

Ген

Gene

Генетикалық код

Генетический код

Genetic code

Триплет

Триплет

Triplet

Амин қышқылдары

Аминокислоты

Amino acids

Кодон

Кодон

Codon

Геном

Геном

Genome

Модификацияланған

Модификация

Modification

Рекомбинантты ДНҚ

Рекомбинантная ДНК

Recombinant DNA

Плазмидалар

Плазмиды

Plasmids

Рескриктаза

Рескриктаза

Reskriktaza

Биореактор

Биореактор

Bioreactor

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-1 мин

Сабақты ұйымдастыру

  • Амандасу
  • Сабаққа қатысуларын тексеру

2-4 мин

Ой қозғау

(G) Оқушыларға химерлі ағзалардың суреттерін қарастыруды және олардың пайда болу себептерін талқылауды ұсыныңыз.

ИТ, презентация,

5-мин

(G) Оқушыларға ДНҚ реттілігі ауысқан кезде не болатынын талқылауды ұсыныңыз. Олардан ДНҚ-ның жағымды және жағымсыз өзгерістері туралы ойлануларын сұраңыз (мысалы, түрлендірілген ферменттер қызметтерді бұғаттайтын мутация, өзара біріктірілген екі ақуыз).

9-12 мин

(T) Ферменттер (гидролаза мысалын 10.1C қараңыз) мен лигазаны қолданумен рекомбинантты ДНҚ өндірісін сипаттаңыз. Рекомбинантты ДНҚ микроағзаларда түрлене алады, осылайша, микроағза керек ақуызды бөледі. Ақуыз қолдану алдында одан әрі өңделуі тиіс.

Фермент туралы ағылшын тіліндегі бейне

https://www.youtube.com/watch?v=BWGiE_NZb6Q

13-20 мин

(I) Оқушылар әр түрлі ақпарат көздерін пайдаланып, ферментёрдің суретін салуды және таңбалауды ұсыныңыз.

(I) Лигаза ферментінің бөліктерінің қызметін сипаттаңыз.

(I) Оқушыларға ферментердің құрылымы мен қызметіне арналған сәйкестендіру жаттығуын орындауды ұсыныңыз.

(Т) Оқушыларға шағын топтарда өнім алу, содан кейін өнім жинау үшін ферментёрді қалай реттеу қажеттігін талқылауды ұсыныңыз. Олар байланысқан үдерістердің бірізділігін көрсету үшін тірек сызба құруы тиіс.

(G) Биотехнологиялық үдеріспен байланысты үдерістер реттілігін талқылаңыздар.

(I) Оқушыларға биотехнологиялық үдерістің негізгі элементтерің таратыңыз және олар бұл элементтерді сызбаға дұрыс орналастырулары керек.

(I) Оқушыларға адам инсулині биотехнология әдістерінің көмегімен шығарылатын кезеңдер туралы есеп жазуды ұсыныңыз.

(G, f) Оқушыларға жұптаса отырып, гендік инженериядағы инсулин өндірісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауды сұраңыз (әлеуметтік және этикалық проблемаларды қоса алғанда).

Инсулиннің өндірілуі (ағылшын тілінде):

http://www.madehow.com/Volume-7/Insulin.html

Адам ағзасындағы инсулиннің рөлі туралы бейне:

https://goo.gl/GWvd8T

Рекомбинантты ДНҚ көмегімен инсулин өндіру (ағылшын тілінде):

https://www.nlm.nih.gov/exhibition/fromdnatobeer/exhibition-interactive/recombinant-DNA/recombinant-dna-technology-alternative.html

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Оқу әрекетін ұйымдастыру бойынша: топпен; мазмұны бойынша тапсырмалардың күрделілік деңгейіне қарай саралау; қолдау көрсету тәсілдері бойынша саралау (кілт сөздер, қажетті сөздер, ақпараттық парақша)

Сұрақтарға берген жауаптары формативті бағалауды қамтиды.

Өзара бағалау «Бүтін және жарты алма»

Мұғалімнің бағалауы

ИТ 10 мин артық қолданбау

Биология кабинетінде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы сақталады.

Рефлексия

Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

ОМ барлық оқушылар жетті ме?

Егер жетпесе, онда неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма?

Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлануға қолданыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы маңызды сұрақтарға сол жақ бағаннан жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.