Модельдеу «Жүйке ұлпасын зерттеу». Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тарау: 9.2C Координация және реттеу, биофизика (8 сағат)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 (1 сағат)

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Модельдеу «Жүйке ұлпасын зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.1.7.2 – Жүйке ұлпасының және оның құрылымдық бөліктерінің қызметтерін талдау

 Сабақ мақсаттары

  • Жүйке ұлпасының құрылым бөліктерін сипаттау

/модельдеу/

  • нейрондар және нейроглиалды жасушалардың айырмашылықтарын сипаттау

 Бағалау критерийлері

  • Модельдеу арқылы жүйке ұлпасының құрылымдық компоненттерін атайды
  • Жүйке ұлпасының құрылымдық компоненттері мен қызметі арасындағы байланысты түсіндіреді
  • Жүйке ұлпасының микроскопиялық құрылысын анықтап, жүйке жасушаларын ажыратады

 Тілдік мақсаттар

 

Oқушылар:

Жүйке ұлпасының құрам бөліктерін сипаттау (айтылым мен оқылым,тыңдалымдағдылары)

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жүйке ұлпасы, нейрон, нейроглия, Раньве белдеушесі, Шванн жасушалары, олигодендроциттер, астроциттер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жүйке ұлпасы............................жасушалардан құралады

Нейроглиялардың нейрондардан айырмашылығы...............................

Нейрондар....................................тұрады

Қабықшамен қапталған аксондарды....................................................

 Құндылықтарды дамыту

 

 

Ынтымақтастық орта құру арқылы, оқушылардың бір – бірін құрметтеуге тәрбиелеу. Топтық жұмыс жасау арқылы оқушыларды бірлесіп жұмыс жасауға, адалдыққа, жауапкершілікке, бір – біріне қамқор болуға тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Физика – электрлік процестердің жүйке импульстері арқылы берілуі

 АКТ қолдану дағдылары

ресурстар, интернет желісін қолдану, ақпарат көздері, презентация

Бастапқы білім

Жүйке жүйесінің маңыздылығы

Рефлекторлық доға тұжырымдамасы

Жүйке жүйесінің құрылымы және қызметі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 5 мин

Жүйке жүйесінің мүшелері, қандай ұлпалардан түзіледі?

Оның қызметі қандай?

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен,оқу мақсаты және сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру

Жүйке жасушасының құрылымдық бөліктерін еске түсіру және жұпта талқылауды жүзеге асырыңыз

презентация

06-37 мин

Оқушыларды 2 топқа жіктеңіз. Әрбір топ кезекпен 2 түрлі станцияларды аралайды

  • Аялдама суреттер мен ақпараттар /кітапхана/

Оқушыларға жүйке ұлпасының суретін таратылады топта әр түрлі мәліметтерді қолданып, жүйке ұлпасын құрайтын бөлімдерді зерттейді. Топтағы әрбір оқушы постерлер жасап/ сызба түрінде модельдеу, топтың ішінде өз жұмыстарын қорғайды, оқушылар бірде стикерлермен бір-бірін бағалап, кері байланысын жазып кетеді.

2 Аялдама. Жүйке ұлпасының микроскопиялық құрылысын зерттеу. /зертхана/

Оқушылар бұл аялдамадағы жарық микроскобы мен дайын жүйке жүйесінің микропрепараттарын қолданып, нейроглиалды жасушаларды көріп, суреттерін салады. Жүйке ұлпасының микропрепараттарын микроскоп арқылы қарап, жүйке жасушасының сызбасын салып, құрам бөліктерін талдайды. Аксонның құрылысын, миелинді қабықшаның түзілуін анықтап, түсіндіреді

Топтар ауысады, барлық оқушы бір-бірімен ақпаратпен алмасады, уақыт қалса, кейбірі бұрын жасап қойса олар бір-бірімен жұмыстарын талқылайды

3 Аялдама. Жеке жұмыс

Оқушылар тапсырма орындайды. Тапсырмада бір глиалды

жасуша мен нейронды салыстыру кестесін толтырады.

Барлық аялдамалардағы жұмыстар жұмыс парағында берілген критерийлер бойынша бағаланады. Бағалау жұпта, топта немесе жеке жүргізіледі.

Бұрын тапсырманы орындаған оқушылар жұмыс парағындағы қосымша тапсырманы орындайды.

презентация

https://yandex.kz/video/search?filmId=u7WNXV3vUXI&text=neuroglia bilimland.kztwig-bilim.kz

http://study.com/academy/lesson/nervous-tissue-definition-function-types.html

ноутбуктер, жүйке ұлпасының суреттері

микропрепараттар, микроскоп

37 - 40 мин

Сабақты қорытындылау

Маған ұнаған екі сәт..........

Мен түсінбедім...........

Мені қатты қызықтырды.............

Ұсынысым..........

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар: Жүйке жасушасының құрылысын біледі

Жүйке ұлпасының құрам бөліктерін анықтап, түсіндіре алады

Нейрондар, нейроглиялар арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты көрсетеді

Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау. Топтық жұмысты өзара бағалауы

Жеке жазбаша жұмыстарын бағалау

Микроскоп және микропрепараттармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың оқу мақсаты дұрыс қойылған. сабақта барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.