Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсері. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1F – Заттардың тасымалы | Мектеп: ФМБ НЗМ Астана қаласы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Бейсенбаева А.С. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсері | |||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсерін зерттеу | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар орындай алады:
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: транлокация туралы бейне баяннан негізгі ақпаратты тыңдау және ерекшелеу (тыңдалым және жазылым дағдылары) Пәндік лексика және терминология ксилема, осмос, ксилема, флоэма, транслокация, , тамыр қысымы,жаппай ағым,сақиналау,сахароза; | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дамыту
| Адамгершілік, бір-біріне көмек, сенімділік, әділеттілік,шыншылдыққа тәрбиелеу. білімді өзбетімен алуға ұмтылу; | |||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия сутектік байланыс,изотоп,көмірсулар,физика осмостық қысым, тасымал,энергия; | |||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point Microsoft | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Зат тасымалына қатысатын өсімдік бөліктерін, анықтау (7 –сынып) Ксилема және флоэманың құрылымы (7-сынып) | |||||||||||||||||||||||||||||||
Контекст | Бұл бөлім негізінен 7-сыныпта оқылған «Өсімдіктердің өсімінің реакциясы» және «Өсімдіктердегі зат тасымалы» тақырыптарымен байланысты жаңа материалдардан тұрады. Бұл бөлім химияның(судың химиялық құрылымын білу) және физиканың (осмос және диффузия заңдары) кейбір бөлімдерімен байланысты. Сонымен қатар «Физика» пәнінен жарық табиғатын түсіну пайдалы. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Оқушылар назарын слайдқа аудару. Сахароза -бұл дәмі тәтті қант, бірақ жемістер пісіп-жетілгенше олардың дәмі тәтті болмайдығын түсіндіріңіз. Оқушылармен сұрақты талдау барысында сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады. Сабақтың зерттеу сұрағы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| Зерттеу тақырыбы негізінде оқушылар бағалау критерийлерімен танысады. Оқушыларға Өсімдіктің өткізгіш жүйесінің салыстырмалы сипатын ұсынып,видео көрсетіледі.
видео : https://www.youtube.com/watch?v=9SZoaEmND8U Оқушылар жұпта салыстырмалы кестені толтырады. (кейбір оқушылар қосымша ақпарат көзін қолдана алады Д.Тейлор, Н. Грин, У.Стаут 1и_2 том) (G) Қосымша ақпаратпен жұмыс Түрлі түстер үйлесімі бойынша оқушыларды 3топқа бөлу. Барлық материал топтың түсіне байланысты түрлі-түсті қағаздарда таратылады. Әр топқа сұрақтар берілген нұсқаулық карталар таратылады. Топтар материалды қорғау үшін «Аквариум» әдісін қолданады. Топтарда жұмыс нәтижесін бірін-бірі бағалау арқылы берілген критерийлер бойынша жүргізіледі: 1. Топ барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді. 2. Материал терең және түсінкті. 3. Топ мүшелерінің толық қатысуы 4. Басқа топтарға сұрақ ретінде кері байланыс орнату; 1 топ - «Сүзгілі түтіктердің құрылысы» (сары) 13.8.2 тарау 2 том, 130 бет ) Сұрақтар : 1. Флоэма қандай жасушалардан түзіледі? 2.Даму барысында бұл жасушалар қандай өзгерістерге ұшырайды? 3.Серіктес жасушалардың ролі не? (жауабы 138бет, 13.29 сурет). 4.Флоэма арқылы органикалық заттар тасымалының ксилемамен салыстырғанда қиындығы неде? Қандай кедергілер болады? 2 топ- «Флоэма арқылы заттардың транслокациясының ерекшелігі» (жасыл) ( 129бет.2т 13.8және 13.8.1тараулар) Сұрақтар: 1.Органикалық заттар өсімдіктің қандай мүшелерінде түзіледі? 2.Өсімдіктің қандай мүшелеріне органикалық заттар қажет? 3. Флоэамалық тасымалдың ксилемалық тасымалдан бағыты бойынша айырмашылығы бар ма? 4.Транслокацияның бағыты жыл мезгілі мен тәулікке айланысты қалай өзгереді?
5. Флоэма арқылы қандай зат тасымалданады? 6.Сахарозаның артықшылығы не? Флоэма арқылы сахарозадан басқа тағы да қандай заттар тасымалданады? 7. Флоэма транслокациясының ерекшеліктерін атаңыз. 3топ – «Заттардың флоэма бойы тасымалдануы» (қызыл )( 132бет.2 т 13.8.3 тарау) Сұрақтар: 1. Сақиналау тәжірибесін түсіндіріңіз. 2. Көміртек атомының изотопын таңбалау тәжірибесін түсіндіріңіз. 3. Бітені қолдану арқылы жүргізілген тәжірибені түсіндіріңіз. 4.Барлық тәжірбелерді жалпылай отырып, қорытынды жасаңыз. (F) (I) Материалды бекіту. А- деңгей «Транслокация»ұғымына анықтама беріңіз. Суреттен флоэманың құрылымдық компоненттерін көрсетіңіз. (13.23сурет. 131бет 2 т.) В- деңгей. Сызбаны қоладан отырып,өсімдік бойымен органикалық заттардың қозғалысын түсіндіріңіз: (i) сызбаны сәйкес ақпаратпен толықтырыңыз; (ii) заттар тасымалының бағытын көрсетіңіз; (iii) транслокацияның бағыты жыл мезгілі мен тәулік бойы қалай өзгереді? С- деңгей Суреттерді қолдана отырып (сақиналау және біте) заттардың флоэма бойымен қозғалатыны туралы деректер келтіріңіз (тәжірибені сипаттаңыз және қорытынды жасаңыз)
Бағалау Берілген тапсымалар әр оқушының жаңа материалды күрделену деңгейіне байланысты меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді. Рефлексия Жетістік баспалдағы Үй тапсырмасы |
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | |||||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар сабақтың құрылысын біледі. Көпшілігі ксилема мен флоэманың ерекшеліктерін салыстыра алады; Кейбір оқушылар флоэма арқылы органикалық заттардың тасымалдану үрдісін түсіндіреді; | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||
1 бейнематериалды талдағында жұпта бағалау. 2.қосымша материалмен жұмысты бағалау 3.жазбаша ҚБ | Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.