Ферменттер механизмінің әрекеті. Ферменттердің белсенді орталықтары. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.1E Қоректену

Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Асабаева А.К.

Класс: 9

Оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ферменттер механизмінің әрекеті. Ферменттердің белсенді орталықтары.

Оқыту мақсаттары:

9.4.1.1 ферменттер әрекетінің механизмін зерттеу

 Сабақтың мақсаты

Ферменттер туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында ферменттің субстратпен әрекеттесу механизмін түсіндіру.

 Бағалау критерийлері

- ферменттер әрекетінің механизмін сипаттайды

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар ауызша ферменттің субстратпен әрекеттесу кезеңдерін сипаттайды.

Барлық ферменттер реакцияларды жылдамдатады.

 Құндылықтарды

 дарыту

Сыйластық, үздіксіз оқу, үштілділік , жауапкершілік.

 Пәнаралық байланыстар

Химия – асқорыту процесі

Предварительные знания алдыңғы білімдер

Оқушылар барлық тірі ағзалар үшін қоректену негізгі қасиеттердің бірі табылатынын бұрынғы алған білімдері арқылы біледі (6 класс). Омыртқасыз ағзалардың асқорыту жүйесін , күйіс қайыратын жануарлардың, адамның асқорыту жүйесін біледі. Ферменттердің асқорыту процесіндегі рөлін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Начало урока

5 мин

3 мин

2 мин

Ұйымдастыру (сәлемдесу)

Үй жұмысын тексеру

Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді. Oлар қиындық туғызатын асқорыту жүйесіндегі қандай да бір мүшені таңдайды.

Миға шабуыл: «Ассоциация»

Оқушылар слайдтағы суреттер арасында байланысты анықтау керек.

Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ферменттер механизмінің әрекеті. Ферменттердің белсенді орталықтары.

Сабақтың мақсаты: 9.4.1.1 ферменттер әрекетінің механизмін зерттеу

Слайд 1

Дидактикалық материал

Слайд 2

Слайд 3

Cабақтың ортасы

3+2 мин

5 мин

5 мин

5 мин

5 мин

2 мин

Жаңа материалды игеру

 (Р) оқушылар мылқау карталарды пайдаланып онда сурет атауларын жазады. Өзара бірін-бірі тексеру

(I) оқушылар теориялық материалдарды зерттейді.

https://www.youtube.com/watch?v=CZD5xsOKres және жұптарымен ақпарат алмасады.

(оқушылар оқу материалын игеру барысында теориялық ақпаратты пайдалана алады, аудио-видео материалдарды да қолдануға болады, ол өз қабілетіне байланысты таңдау жасай алады.)

Ақпарат алмасу

Оқушылар теориялық материалды фермент-субстрат арасындағы байланыс туралы талқылайды.

(f) «айналым»

(оқушылар өз ақпараттарымен басқа жұптармен бөліседі). Өзін-өзі бағалау.

Слайд 4

Қосымша 1

Қосымша 1

Слайд 5-8

Слайд 8

Cлайд 9

Сабақтың соңы 3 мин

Рефлексия: 3 факт Не қиын? Не түсініксіз? Менің ұсынысым

Оқушылар «Пирамида» стратегиясы бойынша парақша толтырады.

1.осы тақырып бойынша қойғыңыз келген сұрақтар

2. осы тақырып бойынша есте қалған 2 сөз

3. осы тақырып бойынша маңызды 3 кілт сөз

Үйге тапсырма: кестемен жұмыс

Дифференциация, жеке қолдауды қалай жоспарлап отырсыз. Үлгерімі жоғары оқушыларға қандай қолдау жасайсыз?

Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай анықтайсыз?

Денсаулық сақтау мен техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Дифференциация нәтижеге байланысты: тест сұрақтары.

Дифференциация білімді актуалдандыру кезіндегі диалог бойынша.

Өзін-өзі бағалау –бекіту сұрақтарын берген соң.

Биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

1 қосымша

2 қосымша

Ферменттер құрамында әртүрлі қызмет атқаратын бөліктер бар. Ферменттер (латынша fermentum- ашу немесе enzym, en-ішкі, zyme-ашытқы) тірі ағзада түрлі биохимиялық реакцияларды белсендіруші, биологиялық катализатор.

Ферменттер химиялық табиғаты жағынан ақуыз, протеиндер-ақуыз, ақуызды емес простетикалық топпен байланысқан жоғары молекулалы қосылыс. Алғашқы кристалл фермент уреазаны 1926 ж американдық биохимик Д.Самнер алған.

Фермент молекуласының субстратпен тікелей тиісіп жанасатын бөлігін ферменттің активті орталығы деп аталады;

Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі. Күрделі ферменттерде активті орталыққа металл иондары мен коферменттер де кіреді.

Реакцияласуға қабілетті топтары бар амин қышқылдары:

цистеин,құрамында сульфгидрлік тобы –SH бар;

серин, гидроксильдік -OH тобы бар;

гистидин, имидазол сақинасы бар;

аспарагин мен глутамин қышқылдары құрамында екінші карбоксильдік -COOH топ бар;

триптофан, құрамында индол сақинасы;

гидрофобты амин қышқылдары, олардың құрамында субстраттың полярсыз учаскесіне жақын гидрофобты (полярсыз) бүйір топтар болады.

Активті орталық кеңістік пішінді, ол ферменттің полипептидтік тізбегінде бірінен-бірі қашық орналасқан жеке амин қышқылдарының өзара жақындасуынан пайда болады.

Аллостерлік орталық

“Аллостерия” (грек. Allo - басқа, stereos - орын) деген термин “басқа жермен байланысты” не “басқа орталықпен байланысты” деген мағынаны береді.

Екі немесе одан да көп суббөліктен тұратын ферменттердегі өзінің катализдік орталығынан тыс, молекула бетінде қосымша байланыстырушы бөлігі аллостерлік орталық болады. Мұндай ферменттер аллостерлік ферменттер деп аталады.

Ферменттердің аллостерлік эффекторлары: субстраттар немесе реакция өнімдері, нуклеотидтер (АМФ,АТФ), амин қышқылдары, металл иондары, сутегі иондары.

Ферменттердің ақуыздық қасиеті:

ақуыз тәрізді кристалдануы;

нейтралды тұздардың қанық ерітіндісімен әсер еткенде тұнбаға түсуі;

түрлі факторлармен әсер еткенде денатурациялануы;

диализдену;

ақуыздарға тән сапалық реакциялар (биурет реакциясы) тән.

Ақуыздан ерекшелігі:

биохимиялық реакцияларды жылдамдатуы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу