Құлақтың құрылысы, естудің маңызы. Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • қосымша

Маңызы. Адам есту мүшесі арқылы қоршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.

Құрылысы:есту мүшесі – құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.

1. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ұшы жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді (31-сурет). Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

2. Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы түтік арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда түтіктің өзегі жұтқыншаққа ашылады. Жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бір-бірімен буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан (32-сурет). Үшеуін қосқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты кілегейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ қуысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады). Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ қуысындағы қысым теңестіріледі.

3. Ішкі құлақтағы қуыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы – сүйекті, ал ішкісі – жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар – есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителиймен қапталған жұқа дәнекер тақташадан түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлулы дене – есту мүшесі (33-сурет). Бұл ұлулы дененің қуысы сұйықтыққа толы болады. Ұлулы денедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынын қабылдап, қозуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.

Дыбыс толқынының таралу жолы:

 

Есту мүшесінің гигиенасы. Есту мүшесі дұрыс жұмыс істеу үшін алдымен тазалық сақтау керек. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып тұру керек. Әдетте, құлақтың сыртқы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Дегенмен, құлақта құлық көбейсе, адам естімей керең болып қалуы мүмкін. Сондықтан құлықты ауық-ауық тазалап тұрған жөн. Құлықты тазалағанда қатты, үшкір заттарды пайдалануға болмайды. Дабыл жарғағы зақымдануы мүмкін.

 

2-қосымша

Дыбыс тербелуінің өткізілуі. Дыбыс өткізілуінің екі түрі бар-ауа және дыбыстың сүйек арқылы өткізілуі. Дыбыстың ауа арқылы өткізілуі кезінде дыбыс тербелулері құлақ жарғағымен ұсталып, сыртқы есту жолымен дабыл жарғағына беріледі. Ол жилігі, дыбыс жилігіне сәйкес тербеле бастайды. Дабыл жарғағының тербелуі есту сүйектеріне: балғашыққа, одан төске және үзеңгіге беріледі. Үзеңгімен дыбыс тербелуі кіре беріс тесігіне қосылады да ұлудене сұйықтығының тербелуіне әкеледі. Онымен бірге түкті жасушаларда тербеле бастайды. Үлкен ми қыртысының самай бөлімінің нейрондары қозып, дыбыс сезімі пайда болады.

Дыбыс ауа арқылы өткізілгенде адам дыбысты өте кең диапазонда-1с 16-дан 20000-ға дейінгі тербелуді- қабылдайтын қабілеті бар.

Дыбыстың сүйек арқылы өткізілуі бас сүйегі арқылы іске қосылады. Дыбыс шығарып тұрған камертонның аяқшасын төбеге немесе емізік тәрізді өсіндіге қойсақ, онда адамның құлағы жабық болса да дыбыс естіледі. Бұл бас сүйек сүйектерінің дыбысты жақсы өткізуімен байланысты.

Дыбыстың ауа арқылы өткізілуі сүйек өткізгіштігіне қарағанда жақсырақ айқындалған. Егер дыбыс шығарып тұрған камертонның аяқшасын емізік өсіндісіне қойып, оны дыбыс сезіну аяқталғанша ұстап тұрып, одан кейін осы камертонды ашық есту жолына әкелсек, қайтадан дыбыс естиміз.

3-қосымша

Жұпта құлақтың есту жітілігін анықтау арқылы естудің ерекшеліктерін зерттеңіз.

  • Механикалық сағат алыңыз.
  • Сағаттың үні естілгенше көршіңіздің құлағына жақындатыңыз. 
  • Сағат пен құлақ арасындағы арақашықтықта дыбыстың естілуін кестеге толтырыңыз.
  • Сағатты құлақтан әртүрлі қашықтықта орналастыра отырып, үні естілмей қалғанша алшақтатып естуді тексеріңіз. 
  • Сағат пен құлақ арасындағы арақашықтықта дыбыстың естілуін кестеге толтырыңыз.
  • Екі көрсеткіштің айырмасын анықтау. 

Дыбыстың естілуі

Арақашықтық

… см

Иә «+»

Жоқ «-»

4-қосымша

1-тапсырма. Құлақтың құрылым бөліктерін атап жазыңыз

1.............................................................

2.............................................................

3.............................................................

4.............................................................

5.............................................................

6.............................................................

7.............................................................

8.............................................................

9.............................................................

10.............................................................

11.............................................................

12.....................................................

2-тапсырма.

Жарылыс жұмыстарын жүргізген кезде ауызды ашуға кеңес беріледі, себебі евстахии түтігі арқылы ауа қысымы..............................................................................................

Қосымша

Құлақ бөліктерінің қазақша атауларын жазыңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.