Бұлшық ет. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • қосымша

Бұлшықеттердің қызметі: 1 - бүгіп, жазып, қозғалысқа келтіру; 2 - денені тік ұстап жүруге көмектесу; 3 тыныс алуға қатысу 4 – эмоцияны көрсету; 5 - дауыс шығару 6-ішкі мүшелер жұмыстары 7 – денеге пішін беру 8-қоректену. Бұлшықет ұлпаларының 3 түрі болады: көлденең жолақты, жүрек, бірыңғай салалы.

Бірыңғай салалы бұшық еттер көптеген ішкі мүшелер, мысалы: қарын, ішек, қуық, тамырлар қабырғасын құрайды. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Ядролары жасушаның ортасында орналасады. Олар арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады.

Көлденең жолақты (қаңқа) бұлшық еттер көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Талшықтардың тігінен көлденеңіен жолақтары болады. Олардың жасушасы көп ядролы, ядросы орасында орналасқан. Өте жылдам, әрі адамның еркіне сай жиырылады.

Құрылысы: бұлшық ет ұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан (фасция), қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады. Сүйекке сіңір арқылы бекінеді.

1 - бұлшықет талшығының қабықшасы - фасция; 2 - бұлшықет талшығының шоғыры; 3 - бұлшықеттің талшықтары- миофибрил 4 жиырылғыш элементтер- саркомера 5- нәруыз талшықтары-миозин (жуан, қызғылт), актин (жіңішке, ақшыл) Миофибриллдар(миоциттер) бұлшықеттердің ең кіші құрылымдық және қызметтік бірлігі.

Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын өткізеді.Жасуша ядросы көп, әрі жасуша ортасында орналасқан.Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденеңжолақты болғанымен, жиырылуы адамның еркінен тыс, санаға бағынбайды.

Бұлшық еттің құрамында: Бұлшықет талшықтарының 75% су, 20% нәруыздар. Бұлшық ет талшықтары жасушаларының митохондриясынан энергия алып жиырылады. Егерде энергия жетіспесе етте сүтқышқылы жиналып қалады. Ұзақ дене жаттығуларынан кейін бұлшықеттердің ауыруы осыған байланысты.

  • қосымша

Ақпарт көздерімен таныса отырып, топта Блум түймедағын толтырыңыз.

3-қосымша

1-тапсырма: Диаграммадан бұлшықет ұлпасы түрлерін атап, олардың құрамды бөліктерін атап жазыңыз

а

1.ядроның орналасуы: а)....................................... в) ...............................................с).........................................

2. цитоплазмасының пішіні: а)......................................... в) ................................................с)...................................................

3.денеде орналасуы а).......................................... в) ...........................................с)............................................

2-тапсырма. Бұлшықет ұлпасының қызметтері мен олардың құрылымдық бөліктеріне тән белгілерді сәйкестендіріп орналастырыңыз.

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы

Бірыңғай салалы бұлшықет

Жүрек бұлшықеті

  • Адам еркіне сай жиырылады
  • Адам еркіне тыс жиырылады
  • Көп ядролы
  • Бір ядролы
  • Көлденең жолақтары бар
  • Көлденең жолақтары жоқ
  • Cүйекке бекінеді
  • Жүрек бұлшықетін түзеді
  • Ішкі мүшелерді қаптап жатады
  • Ұзын цилиндр тәрізді, ұштары доғал
  • Ұзын цилиндр тәрізді , әр жерден бірігіп торланып жатады
  • Ұзын ұршықтың сабы пішіндес, екі ұшы жіңішке үшкір, ортаңғы бөлігі жуандау
  • Ядросы ортасында орналасқан
  • Ядросы жасушаның шетінде орналасқан

3-тапсырма. a) Бұлшықеттің құрам бөліктерін жазыңыз.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

  • Бұлшықет ұлпасының түрлерін ажыратады;
  • Бұлшықеттің құрылысын сипаттайды;
  • Бұлшықеттің түрлеріне мысалдар келтіреді.

Жүрек бұлшықетті суретте ажыратады

Бірыңғай салалы бұлшықетті суретте ажыратады

Көлденең жолақты бұлшықетті суретте ажыратады

Жүрек бұлшықетінің қызметі мен құрылымдық бөліктерін сәйкестендіреді

Бірыңғай салалы бұлшықетті қызметі мен құрылымдық бөліктерін сәйкестендіреді

Көлденең жолақты бұлшықетті қызметі мен құрылымдық бөліктерін сәйкестендіреді

Бұлшық еттің құрылым бөліктерін атайды

3-қосымша

Бұлшық ет ұлпасының түрлерін ағылшынша сипаттаңыз.

Skeletal Muscle

-is voluntary.-is attached to bones and responsible for their movement.-consists of long fibers and is striated due to the repeating patterns of the myofilaments of actin and myosin protein.

Smooth Muscle

-Is involuntary.-It founded in organs and enables functions such as digestion and respiration. -Is not striated.-Has less myosin

Cardiac Muscle

- is found in the heart.- is striated like skeletal muscle. –is myogenic (beat even when away from the heart)

-is involuntary



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу