Адам қаңқасының құрылысы. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

  Бассүйек қаңқасы – ми сауыты мен бет бөлімдерінен құралған. Ми сауыты бөлімі бір-бірімен берік (қозғалмай) байланысқан маңдай, төбе (2), самай (2), шүйде және т. б. сүйектерден құралған. Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері – еңбегі (родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар. Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысының әсерінен бүлкілдейді. Ми сауыты бөліміндегі сүйектер бірден қатаймай бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң шеміршекті, ең соңында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты, мұндай жерлер самайдың тұсында да болады. Бала 2 жасқа келгенде сүйектері қатая бастайды. Ми сауытының шүйде сүйегінде жұлын мен миды жалғастырып тұратын үлкен шүйде тесігі болады. Адамның бассүйегінің ми сауыты бөлімі жануарлармен салыстырғанда үлкен. Бет бөліміне – үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері, бет, мұрын, таңдай және т. б. сүйектері жатады. Астыңғы жақ сүйегі самай сүйегімен шықшыт буыны арқылы байланысқан  

 Кейбір бассүйек бөлімдерінде (маңдай, үстіңгі жақ және т. б.) ауа болатын қуыстар бар. Ол сүйектердің жеңіл болуын қамтамасыз етеді.

 Қол қаңқасы – иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуіне екі бұғана мен екі жауырын сүйектері жатады. Жауырынның пішіні үшбұрышты үш қырлы, жұқа әрі жалпақ сүйек. Бұғананың бір шеті төссүйекпен, екінші шеті жауырынмен байланысады. Қол сүйектеріне жататындар: тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ сүйегі (білек), қолбасы сүйектері. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен байланысады. Тоқпан жіліктің ішкі қуысын жілік майы толтырып тұрады.

      Қолбасы сүйектеріне – білезік, алақан, саусақ сүйектері жатады. Білезікте (запястья) 2 қатар орналасқан 8 сүйек, алақанда 5 сүйек, саусақтарда 14 сүйек болады. Саусақ сүйектерінің басбармақтан басқасының әрқайсысында 3 қысқа сүйек (фаланги), ал басбармақта екеу болады

 Аяқ қаңқасына – жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері жатады

 Жамбас пен сегізкөз тұтасып жамбас қуысын құрайды. Жамбастың өзі бір-бірімен тұтасып кеткен 3 сүйектен (мықын, шат, шоңданай) тұрады (43-сурет). 

  

 Аяқ сүйектеріне жататындар: ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан және башпай сүйектері (44-сурет). Асықты жілікпен қатарласа тұратын жіңішке сүйек – шыбық (садақ) сүйек деп аталады. Ортан жіліктің жұмыр ұршық басы жамбас шұңқырына кіріп тұрады. Толарсақта 7 сүйек бар, оның ең ірісі – өкше сүйегі. Табанды қысқа сүйектер құрайды. Қол саусақтары сияқты аяқтың башпайлары да, үлкен башпайдан басқасы 3 қысқа сүйектен құралған. Қол және аяқ сүйектері бір-бірімен қозғалмалы (буын арқылы) байланысқан. Мысалы, шынтақ буыны, тізе буыны және т. б.

 

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Үлгілеу кезінде қайшы желім сияқты құралдармен жұмыс жасауда абай болу ескертіледі.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Адам қаңқасының бөлімдері мен сүйектерін толығымен атап, тірек-қимыл жүйесінің қызметін түсіндіре алу қажет.

Қаңқа үлгісін парақтарға шығарып алдын ала дайындап қою қажет.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылар тірек-қимыл жүйесінің қызметтері мен құрылысын академиялық тілде тиісті терминологияны қолдана отырып сипаттаулары маңызды.

Адам қаңқасының бөлімдеріне жататын сүйектерді атай алуы тиіс.

  • Саралау тапсырмалары
  • 5-қосымшада берілді
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

1-тапсырма.

2-тапсырма. 1-қабырғалардың төс сүйегімен байланысуы, 2- қабырғалар, 3- төс сүйегі, 4- омртқа жотасы

3-тапсырма. 1-жамбас, 2- ортан жілік, 3- асықты жілік, 4- шыбық сүйегі.

5-қосмыша

  • Сүйектің атқаратын қызметін жазыңызыз,неге мүмкіндік береді? (тік ұстауға)
  • Жаңа туған сәбидің сүйектерінің саны қанша? (300-ден астам)
  • Ересек адамда сүйек саны қанша, неге аз түсіндіріңіз? (200 сүйек, қартайған кезде сүйектер өзара тұтасып кетеді және әрі қарай өсуі тоқтайды.)
  • Сүйек тірі дене мүшесі болып санала ма? (иә)
  • Сүйек құрамында қандай элементтер бар? (кальций, фосфор)
  • Омыртқа жотасының қызметін жазыңыз? (бұрылу және бүгілу)
  • Сілтемелер мен ресурстар

Сүйектер: https://twig-bilim.kz/kz/film/bones

Моделдеу үшін қима қағаздар:Printable LIFE SIZE Human Skeleton Model:https://www.teacherspayteachers.com/Product/Printable-LIFE-SIZE-Human-Skeleton-Model-2130368



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.