Буынаяқтылар және хордалылар типтері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1С Тірі ағзалардың көп түрлілігі | Мектеп: | ||||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Буынаяқтылар және хордалылар типтері. (жаңа тақырыпты меңгеру) | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.1.4 Буынаяқты және хордалы жануарлар кластарының ерекше белгілерін сипаттау | ||||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Жануарлар патшалығына тән таксондарды жазып, жіктейді Омыртқалылардың омыртқасыздардан айырмашылықтарын атайды Буынаяқтылар және хордалылар типіне тән ерекшеліктерді ажыратады Негізгі ерекшеліктерді пайдалан отырып, дихотомиялық кілт құрастырады Пәнге қатысты лексика мен терминология: Буынаяқтылар, шаянтәріздестер, өрмекшітәріздестер, бунақденелілер, хитин, хорда, түкті жамылғы, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Буынаяқтылар деп аталу себебі............ Буынаяқтылардың денесін ........ қабықпен қапталған. Хордалыларда ........................ болады. Буынаяқтылардың хордалылардан ерекшелігі, оларда ............ болмайды | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдайды. Мұғалім әркімнің пікірін тыңдап, өз ойын білдіреді. Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту. Өмір бойы оқу: оқушы деңгейіне сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындау үшін тапсырманы орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындаған тапсырмаға өзіндік рефлексия жасайды. Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру. Патриоттық және азаматтық позиция айналадағы жануарлар әлеміне қамқорлық танытуға, қорғауға алынған жануарларды танып білуге тәрбиелеу | ||||||
Пәнаралық байланыс | Тіршілік ету ортасы туралы ақпарат арқылы география пәнімен байланысады. | ||||||
Алдыңғы білім | 7 сынып бағдарламасынан оқушылар жүйелеуге анықтама бере біледі. Оқушылар «тірі ағзалардың көптүрлілігі» тарауынан жергілікті жердің экожүйесін, біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттап және тірі табиғатты бес патшалыққа жіктей алады | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | |||||
Сабақтың басы | |||||||
0-4 мин | Суреттегі ағзаларды не біріктіреді? сұрағы арқылы буынаяқтылар типінің 3 класы өкілдерінің ортақ белгілерін анықтау тапсырмасы ұсынылады. Бұл тапсырма оқушылардың жануарларды ажырата білудің жолдарын қарастыруына ықпал етеді. Буынаяқтылардан басқа қандай типтерді немесе кластарды білесіздер деп сұрай келе желілер типіне тоқталу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатты анықталады. Бағалау критерийлерін талданады. | 1 слайд
| |||||
Сабақтың ортасы | |||||||
4-10 мин | Оқушыларға буынаяқтылар мен хордалы жануарлардың түрлі суреттері бойынша салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау тапсырмасы ұсынылады. Бұл тапсырма ауызша орындалады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар екі типтің клас өкілдерін қандай белгілері бойынша салыстыруға болатынын анықтайды. | 2 - слайд | |||||
11-27мин | Оқушылар жауабы талқыланғаннан кейін тұлып, жәндіктер топтамасы, ылғал препараттар немесе суреттер мен плакаттар, РРТ ұсынылады. Оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережелері таныстырылады. Оқушылар берілген ресурстардың көмегімен буынаяқтылар мен хордалылар типтерінің клас өкілдеріне тән ерекше белгілерін анықтайды. Жұмыс парағындағы сұрақтарға жауап бере отырып зертханалық жұмысты орындайды. | 4-7 слайдтар 2-қосымша тұлып, жәндіктер топтамасы, ылғал препараттар, суреттер, плакаттар | |||||
28-38 мин | Буынаяқтылар мен хордалылар типінің клас өкілдерін атай білу үшін кесте толтыру ұсынылады. | 3-қосымша | |||||
Сабақтың соңы | |||||||
39-40 мин | Кері байланыс Мен үшін қызықты Мен үшін күрделі Мен осы сабақта өзіме …………..қоямын, себебі ……… Кері байланыс тақырып мазмұнына қатысты жүргізіледі. Мысалы, тақырып бойынша жақсы түсінген, қызықты, күрделі материалдарды атайды. Сұрақтар туындаса жауап беріледі. |
9 слайд | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Кейбір алғыр оқушылар жәндіктер немесе омыртқасыздар деп жіктеген тобын тағыда 3 топқа (өрмекшітәрізділер, бунақденелілер, шаянтәрізділер) жіктеу тапсырмасы ұсынылады. Сұрақтарға жауап беру қосымша тапсырмасын орындау ұсынылады Үлгерімі төмен оқушыларға буынақтылардың негізгі сипаттамалары қосымша беріліп, соларға сүйне отырып, тапсырмаларды орындау ұсынылады Кейбір оқушыларға қосымша сұрақтар арқылы кластарды бір-бірімен салыстыру тапсырмасы ұсынылады (3-қосымша) Кейбір оқушыларға жануарлардың ғылыми атауларын тауып жазу тапсырмасы ұсынылады. | ||||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Тақырып бойынша жұпта жұмыс істеуде Кері байланыс – жануарлар түрін анықтау арқылы Жұмыс парағындағы сұрақтарға жауап берулері бойынша Зертханалық жұмысты қорытындылау бойынша | ||||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Ылғал препараттар мен жинақтар, тұлыптармен жұмыс кезінде қауіпсіздікті сақтау ескертіледі. Оқушылар зертханалық жұмыс кезінде белсенді қимылдар жасайды. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру