Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1А-бөлім: Тірі ағзалардың классификациясы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері (жаңа тақырыпты меңгеру)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.1.2 Саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау

 Сабақтың мақсаты

  • Саңырауқұлақтар патшалығын өсімдіктермен, жануар, бактериямен салыстыру;
  • Бір жасушалы және көп жасушалы саңырауқұлақтарды сипаттау;
  • Бір жасушалы және қалпақшалы саңырауқұлақтарды салыстыру;
  • Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтардың маңызын білу.

Бағалау критерийлері

  • Саңырауқұлақтар патшалығын өсімдіктер, жануар, бактериялармен салыстырады.
  • Бір жасушалы және көп жасушалы саңырауқұлақтарды сипаттайды.
  • Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтардың маңызын біледі.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін ажыратып,

ауызша сипаттап түсіндіре алады.

саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін ажырату үшін жазбаша тапсырмалар орындай алады.

Негізгі ерекшеліктерін кестеге жазады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

спора, гиф, мицелий, микориза, микология, жемісті дене, көп жасушалы саңырауқұлақтар, зең саңырауқұлақтары, мукор, пеницилл, біржасушалы саңырауқұлақ , ашытқы, шампиньон, қалпақшалы саңырауқұлақ шыбынжұт /мухомор.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

У .............. патшалықтары бар.

Саңырауқұлақтар .................... ұқсас болып келеді.

Саңырауқұлақтар спора арқылы көбейеді, себебі ..............................

Саңырауқұлақтардың басқа патшалықтардан айырмашылығы ............

Зең саңырауқұлақтарына мукор, пенициллин ........ жатады

Ашытқы саңырауқұлақ арқылы ............, Шампиньон жеуге жарамды қалпақшалы саңырауқұлақ, ал шыбынжұт улы болып келеді.

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдайды.

Мұғалім әркімнің пікірін тыңдап, өз ойын білдіреді.

Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту.

Өмір бойы оқу: оқушы деңгейіне сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындау үшін тапсырманы орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындаған тапсырмаға өзіндік рефлексия жасайды.

Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру.

Патриоттық және азаматтық позиция өз өңірінде таралған ағзалар түрлерін ажыратып, атауларын атай алады.

Пәнаралық байланыс

География пәнімен саңырауқұлақтардың тіршілік ортасы, таралуы, химия пәнімен улы саңырауқұлақтардың құрамын қарастыру,

Қазақ тілі пәнімен академиялық тілді дамыту, тарих пәнімен пенициллин дәрісінің ашылу тарихын арқылы байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 7-сынып бағдарламасынан «жіктеу» ұғымын, тірі ағзалардың бес дүниесін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Ой толғау:

5-ші сынып оқитын қыздар нан пісіріп, әзірледі. Олар ұнға су, тұз қосып қамыр жасады. Нанды әзірлеген кезде, нан қызарып жақсы иіс берді, бірақ ол көтерілмеген болып шықты. Не себепті нан көтерілмеді?

Осы сұрақты талқылау арқылы саңырауқұлақтарға тоқталғанда сабақтың тақырыбы анықталады. Сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтау үшін саңырауқұлақтар туралы нені білу маңызды сұрағын қойып, толықтыру жасалады. Бағалау критерийлері таныстырылады.

1 -3 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-19 мин

Оқушыларға саңырауқұлақтар туралы ақпарат көздері (ақпарат парақшалары, интернеттегі ақпараттар, оқулық) ұсынылады. Олардың көмегімен оқушылар өздігінен зерттеу жүргізіп саңырауқұлақтарға толық сипаттама береді. Оқушылар топтарға бөлініп постер жасайды. Постерде:

Саңырауқұлақтың

Жалпы ерекшеліктері;

құрылысы;

жіктелуі;

маңызы;

улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтар туралы ақпарат болуы тиіс.

3-8 слайд

1- қосымша

20-23мин

Постерлерді ең жақсы шыққан 1 тұсы, жақсартуға арналған 2 ұсыныс жаза отырып оқушылар өзара бағалайды.

Стикерлер

24-26 мин

Ұсыныстар бойынша постерлерді жақсартады.

27-33мин

Әр жұпқа екі сурет беріледі. Бір суретте төменгі сатыдағы саңырауқұлақ (мысалы: зең саңырауқұлағы), екіншісінде – жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың өкілі (мысалы: шыбынжұт) бейнеленген.

Оқушылар саңырауқұлақтардың ерекшеліктері туралы постерлерін негізге ала отырып, суреттегі саңырауқұлақтар туралы бір- біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

9- 14слайд

34 -38мин

Жұмыс парағында көрсетілген тапсырмаларды орындау ұсынылады. Оқушылар дескрипторлардың көмегімен өзіндік бағалау жүргізеді.

2-3 қосымшалар

Сабақтың соңы

39-40 мин

Кері байланыс

  • Бүгін оқыдық...
  • Жақсы іске асты ...

Қиын болды..

Кері байланыс тақырып мазмұнына сай жүргізіледі. Саңырауқұлақтар туралы түсінгендері қорытындыланады.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Топтық жұмыс жасауда қабілеті жоғары оқушыны «идея генераторы» ретінде сыныптастарымен ой бөлісуге шақыру.

Сабақ бойы кіріспе, негізгі, бағыттаушы сұрақтар арқылы

Қабілетті жоғары оқушылар топқа бөлгенде өздерін көшбасшы ретінде топты басқарып, міндеттерге бөледі

Бекіту тапсырмаларын орындау кезінде алғыр оқушыларға және қабілеті төмен оқушыларға арналған әртүрлі тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады

4-қосымшадағы тапсырманы орындатуға болады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың ауызша жауаптары, постер жасау, сұрақтар құрастыру, ауызша жауаптары мен сұрақтар қою арқылы бағаланады. Тапсырманы орындауда бағалау критерийлеріне сәйкес дескрипторлардың көмегімен жүргізіледі

Жұмыс парағындағы тапсырмалар.

4-қосымшадағы тапсырманы орындау арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Бөлме тазалығы және бөлмені желдету.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.