Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерінің қолдану. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ: биология | Мектеп: | ||||||||||
Мерзімі : | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| |||||||||
Тақырып: | Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерінің қолдану | ||||||||||
Сабақтың түрі: | Зертханалық жұмыс | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: |
| ||||||||||
Сабақ мақсаты: | Барлық оқушылар үйренеді: антибиотиктерді, антисептиктерді және залалсыздандыру өнімдерін қолдануын, өндірілуін біледі; Көптеген оқушылар үйренеді: зерттеу жұмысын жүргізе алады; жасалған жұмыс бойынша дұрыс қорытынды шығара алады; заттың сыртындағы таза аймақтың диаметрі бойынша эффективтілігі жоғары болатын затты анықтай алады. Кейбір оқушылар үйренеді: тақырып бойынша қосымша ақпаратты зерттеп, оны талдап, эссе жаза алады. | ||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||
Сабақтың тілдік мақсаттары | Пәндік лексика мен терминология: Бактериялар, ащытқы, саңырауқұлақтар, бактериальды, антисептиктер, антибиотиктер, залалсыздандыру құралдары, тиімді, эффективті, микроағзалар, ингиберлену аймағы, тиімді құрал, агар, болгар таяқшасы, йод, этил спирті, натрий гипохлориді, фурацилин, ампициллин. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Антибиотиктер – бұл ... Антисептипктер – бұл ... Антибиотиктерді ... қолданылады, олардың әсері ... Залалсыздандыру құраладыран келесі заттарды жатқызуға болады ... Антисептиктерді ... қолданылады. Ингиберлену аймағы ..., бұл аймақта бактериялар ... Бұл заттар ... жояды. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру. Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы. | ||||||||||
Интеграция | Химия – залалсыздандыру құралдырында және антисептиктердердің құрамындағы химиялық элементтер; заттардың бетін және жараларды өндеу. | ||||||||||
АҚТ қолдану дағдылары: | Электронды ақпарат көздерін қолдану арқылы оқыту процессін визуализациялау. | ||||||||||
Бастапқы білім | 5-6 курс бағдарламасынан оқушылар белгілі ертінділерді дайындай алады, зерттеуді жүргізу барысында қауіпсіздің ережелерін құрастыра алады; жасушаның негізгі компонентерін анықтай алады, қауіпсіз зерттеуді жүргізе алады. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы | |||||||||||
0-2 мин | Ұйымдастыру кезеңі:
| ||||||||||
Сабақтың ортасы | |||||||||||
3-8 мин 9-11 мин 12-15 мин 16-26 мин 27-35 мин 36-42 | Миға шабуыл:
Бұл сұрақта оқушыларға құрамында антибиотиктері болуы мүмкін тағамдық өнімдердімен параллель жүргізуге болады (сүтқышқыл өнімдері, ет, шырындар және т.б.) (Ж) Оқушыларға ақпаратпен жұмыс жасауды ұсыну. Белгі қойып оқу арқылы ақпаратты оқып шығады. (Т) Оқушылар топтарда жұмыс жасайды, инфекциондық ауруларды атайды және олардың жұғу жолдарын сипаттайды. Бұл жұмыс барысында оқушыларға кестені толтыруды ұсыну. Дескрипторлар:
(Ж) Белгілі ғалым (Дженнер, Флеминг, Сноу немесе Листер) өмірі мен қызметі туралы білу үшін оқушылар жұппен жұмыс жасауын ұсыну. Жұмыстың нәтижесі ретінде оқушылар ментальды картаны құрастырады. (Т) Оқушылар кең таралған инфекцияларды емдеуге арналған өздері жарнамалардан көрген дәрілік заттар тізімін жасайды. Осы және келесі зерттеулер бұдан былайғы антибиотиктер өндіру және қолдану үшін жолбасшы ретінде пайдаланыла алады. (Э/Ж) Оқушылар патогенді микроағзаларды жою үшін натрий гипохлориті ерітіндісі, антисептиктер мен зарарсыздандыру құралдарының тиімділігін Петри шынаяғындағы агар ортадағы бактерияларды пайдаланумен эксперименттер жүргізу жолымен зерттей алады. (Ж) Петри шынаяғы оқушыларға қайтарылғанда, олар оны ашпаулары керек. Сүзгі қағаз айналасына мұқият қараңыз. Желе тәріздес массадағы бактерия өсіп шыққан жерлерде «бұлдыр» облыстар пайда болды. (Ж) Желе тәріздес бет диаграммасын салып, сүзгіш қағаздың әр бөлігін белгілеңіз. Судың әсері болмайды. Қалған ерітінділерді қолдану әр түрлі дәрежеде табысты болады және бактерияны жоятын ерітінді жайылған маңайынан таза аймақ дайындап қою керек. Аймақ неғұрлым айқындалған сайын, бактерияны жоятын ерітінді соғұрлым тиімді болады. (Э/Ж) Оқушылар агар салынған Петри табақшасындағы микроағзаларға ағартқыштың, антисептиктің және дезинфекцияға арналған заттардың әсерін тәжірибе арқылы бақылайды. Жұмысқа мысал: антибиотиктердің микроағзалардың өсуіне әсері. | Презентация Қосымшалар Ақпарттық парақ Әр топ үшін: Агар ортасы бар Петри шынаяғы. Агар ортасы йогуртта сүт қышқылды бактерияларды өсіру үшін қолайлы болуы тиіс. Сәйкесті қоректік заттары бар қолайлы агар таблеткаларын бір биологиялық жеткізушіден бір оқушыға бір шай қасық йогурт мөлшерінде қолайлы контейнерде алуға болады. Таймер немесе сағат 100 мл. дистиллирленген (стерильді) су құйылған 250 мл. стакан мақта тампоны маркер. Нұсқаулар тізімі. Әр топ үшін: Петри шынаяғында өсірілетін бактериялар. Олар экспериментке дейін бірнеше күн бұрын егіліп, дайын болулары керек және оларды бірнеше күн бойы тоңазытқышта сақтауға болады. Патогенді емес бактериялар мен қолайлы агар ортасын кез келген биологиялық ортадан алуға болады. жабысқақ лента үшін қысқаштар шыныда немесе натрий гипохлоритінің ерітіндісі, антисептикалық, зарарсыздандыратын құрал немесе дистиллирленген стерильді су сіңірілген сүзгіш қағаздың пластикалық дискілерінде жазу үшін маркер натрий гипохлоритінің ерітіндісі, антисептикалық, зарарсыздандыратын құрал таза күйінде пайдаланылмайды, өндірушінің нұсқаулығына сәйкес араластырылуы керек. | |||||||||
Сабақтың соңы | |||||||||||
43-45 мин | Сабақтың қорытындысын жасау. Сабақтың рефлексиясы. Үй тапсырмасын беру. | ||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Барлық оқушылар: антибиотиктерді, антисептиктерді және залалсыздандыру өнімдерін қолднуын, өндірілуін біледі; зерттеу жұмысын жүргізе алады; жасалған жұмыс бойынша дұрыс қорытынды шығара алады; заттың сыртындағы таза аймақтың диаметрі бойынша эффективтілігі жоғары болатын затты анықтай алады. Қабілеті жоғары оқушылар: тақырып бойынша қосымша аұпаратты зерттеп, оны талдап, эссе жаза алады. | Қалыптастырушы бағалау сабақ бойы жүргізіледі, оқушылар бір-бірін бағалайды, мұғалім бағалауы. | Сымбатты сақтау ережелері. Зертханалық жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздің ережерелі. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.