Жануарлардағы онтогенез типтері. Биология, 7 сынып, қосымша материал.


 Жануарлардың онтогенез типтері

 

 Ағза туғаннан соң немесе жұмыртқа не ұрық кабығынан босанып шыққаннан кейін постэмбриондық даму кезеңі басталады. Әр түрлі жануарлар түрлерінде постэмбриондык кезең бірнеше күннен ондаған жылдарға дейін созылуы мүмкін.

 Ағзалардың дамуы тура және түрленіп даму жолымен өтеді.

 Тура дамуда жұмыртқа қабығынан босап шыққан немесе жаңадан туылған жас ағза ересек ағзадан ешқандай айырмашылығы болмайды, олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан ғана толысып дамиды. Мұндай даму қанатсыз бунақденелілерге, көптеген жануарларға және адамдарға тән. Тура даму екі сатыдан: жұмыртқа және имагодан тұрады. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады. Имаго(латынша имаго– ересек жәндік)

 Түрленіп даму жұмыртқадан ересек ағзаларға мүлдем ұқсамайтын бір немесе бірнеше сатылардың алмасуы аркылы жүреді. Түрленіп даму шала және толық түрленіп даму болып бөлінеді.

 Шала түрленіп даму деп дамуы 3 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденелілерді айтамыз. Шала түрленіп даму жұмыртқа –дернәсіл–имаго сатыларынан тұрады. Шала түрленіп даму шегірткелер, тарақандар, инеліктер, дәуіттер, ұлулар, паразит жалпақ құрттар, балықтар, қосмекенділерге тән.

 Толық түрленіп даму  деп–дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді айтамыз. Толық түрленіп даму: жұмыртқа–дернәсіл–қуыршақ–   имаго сатыларынан тұрады. Толық түрленіп дамитын ағзаларға қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар, т. б. жатады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.