Вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттау. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.
Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі — жүйе, бөліктерден құралған бүтін; — барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.
Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған.
Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.
Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.