Өсімдіктің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Биология, 7 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Ч. Дарвиннің тәжірибесі

Сабақтың, тамырдың және жапырақтың әр түрлі қозғалысы Чарлз Дарзвинді көп жылдар бойы қызықтырды. Өмірінің соңғы жылдарында көптеген тәжірибелерде оған жиі оның баласы талантты физиолог және әкеісінің қайталанбас көмекшісі Френсис Дарвин көмектескен. Тәжірибе объектісі кішкене өскіндер болды және ол олардың жарықтың бір бағытына байланысты өсімдіктің реакциясын анықтады. Дарвин өсікндерді бірнеше топқа бөлді. Бірінші топ өскіндерінің төбесін қалпақшамен жауып қояды, ал екінші топ өскіндерінің төмегі бөлігіне ылғал топрақ шашып қояды, үшінші топ өскіндеріне бақылау үшін қалпақшасыз қалдырды. Кейін Дарвин өскіндердің барлығын күн бір бағыттан түсу үшін терезе алдына қояды. Келесі күні қалпақшамен жартылай жабылған және мүлдем жабылмаған өскіндердің күнге қарай бір бағытта бүгілгендігін байқайды.Ал қалпақшамен жыбылған өскін тіке өзгеріссіз өсе берді. Сонымен қатар, 3-4 миллиметр өскін ұшын қиып тастаса, өскіндер жарыққа еш әрекет жасамайтындығын байқады.

Ч. Дарвин колеоптил ұшы қабылдаған фототропикалық тітіркенудің организмнің негізгі бөлігіне берілуі белгілі бір материалдық фактор арқылы жүреді деген ұйғарымға келген болатын. Дарвиннің осы қағидасына сүйене отырып, кейбір биологтар өсімдіктегі барлық зат алмасу процесінің өзгеруін осы ауксиндердің қызметіне байланысты, бағынышты, яғни барлық мүше пайда болу процестерін бағыттап отыратын арнаулы өсу заттары бар деген пікірді кең таратты.

Жарықкезеңдік (фотопериодизм). Ағзалардың көпшілігіне жарықтың тәуліктік ырғағы, яғни жарық (күн ұзақтығы ) мен қараңғы (түннің ұзақтығы ) арақатынасындағы тәулік кезеңдері тән қасиет. Өсу және даму үдерістерінен керінетін ағза жауабы жарықкезеңдік (грекше «рһоіоs» - жарық, «регіосіоs» - айналым) деп аталады.

Өсімдіктер жарық ұзақтығының тәуелділігі бойынша ұзақ күндік өсімдік және қысқа күндік өсімдік деп бөлінеді. Ұзақ күндік есімдік тәуліктің жарық кезі 20 және одан ұзақ сағатка жететін үйектік (полярлық) шеңбері ауданында өседі. Мысалы, сары сояу (дурнишник) өсімдігі тәуліктің жарық кезі 21 сағатқа жеткенде ғана гүлдейді. Егер жарык кезінің ұзақтығы 21 сағаттан кем болса, онда бұл өсімдіктің үсікке тап болуы мүмкін. Солтүстік үйек шеңберінен аздап оңтүстікке қарай және оңтүстік үйек шеңберінен аздап солтүстікке қарай өсетін өсімдіктер қысқа күн өсімдіктері (мысалы, соябамбукмақтатарыжүгерітемекі) жатады. Бұл өсімдіктер ұзақ күн жағдайында гүлдей алмайды.

Жарықкезеңдікке тек өсімдіктер ғана емес, жануарлар да жауап береді. Мәселен, құстар мен ірі сүтқоректілерде жарық кезендігі маусымдық жылыстауға, күзгі және көктемгі түлеу, қысқы ұйқыға жатуға және басқаларға байланысты. Жарық кезеңінің реттелуі жануарлардың маусымдық жыныс белсенділігі үшін де едөуір маңызы бар. Жарық кезеңді қөректену қылығына да әсер етеді. Оның әсерінен қоңыржай ендіктің жануарлары калориясы көбірек қорек іздей бастайды. Адамның жарық кезеңдігі маусымдық эмоциялы күйге әсер етеді. Мысалы, эмоциялы белсенділіктің көктемгі үдемелі каркыны баршаға мәлім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу