Бөліп шығарудың маңыздылығы. Бөліп шығару өнімдері. Практикалық жұмыс № 11 "Өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін зерттеу». Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3 А Бөліп шығару

Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалімнің аты жөні: Бекназарова Б.О.

Күні:

Сабақ тақырыбы

Бөліп шығарудың маңыздылығы. Бөліп шығару өнімдері

(M) Практикалық жұмыс № 11 "Өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін салыстыру;
  • ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығын түсіндіру;
  • өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін атау
  • өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

  • ағзалардың тіршілігіндегі бөліп шығарудың маңызын сипаттайды
  • өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін атайды
  • өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін салыстырады
  • өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін зерттейді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

  • ағзаның қалдықтардан қалай арылатынын талқылау қажет (айтылым және тыңдалым дағдылары)
  • сонан соң бөліп шығару анықтамасын жазып, олардың қай жерден шығатыны және қандай мүше өнімдерді ағзадан немесе өсімдік ағзасынан шығаратынын сипаттау арқылы кестеге толтыру (оқылым және жазылым дағыдалары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

бөліп шығару, бөліп шығару өнімдері

• несепнәр, бүйрек, өкпе, көмірқышқыл қос тотығы, тыныс алу

• су

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

  • Бөліп шығару - ...
  • Көмірқышқыл газы ...үрдісінде өндіріледі
  • Су... шығарылады және ...

 Жетістік критерийлері

  • Өсімдіктердің және жануарлардың бөліп шығару мүшелерін біледі. Өсімдіктер мен жануарлардын бөліп шығаратын өнімдерді атайды. Өсімдіктер мен жануарлар бөліп шығаратын өнімдердің кейбіреуін сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық
  • Өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыстар

Заттардың тотығуын оқыту барысында химиямен байланыстыру,газ алмасудағы диффузия процесін физикалық тұрғыдан қарастыру.

АКТ қолдану дағдылары

Оқу үрдісін электрондық ресурстармен визуализациялау

Microsoft PowerPoint

Бастапқы білім

6-сыныптағы «Биология» курсынан оқушылар тірі ағзалардың қасиеттері, фотосинтез үдерісі туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

0-5

  • Ой шақыру.
  • Оқушылар оқу таныстырылымынан жануарлардың бөліп шығару органын, өсімдіктердің бөліп шығару сызбасын көреді және олардан бөлінетін заттарды атайды.
  • Мұғалім оқушылардан суреттер мен терминдердің өзара байланысын табуды сұрайды. Суреттердің және терминдердің көмегімен «Бөліп шығару» тақырыбы бойынша ЖАДА анықтайды.
  • Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Таныстырылым

Мағынаны тану

5-7

7-10

10-15

15-20

20-38

  • Оқушылар өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстырады. Алдыңғы сабақтарда өтілген осмостық реттелу, диффузия, осмос, гомеостаз терминдерін бөліп шығару тақырыбымен байланыстырады.
  • Сызбамен жұмыс. Оқушылар жануарлар мен өсімдіктердің бөліп шығару сызбасын талдайды, бұл екі процесті ауызша салыстырады. Сызбаны дәптерге жазады.
  • Кесте құру. Оқушылар видео көреді және сол бойынша кестені толтырады.

Тірі организм

Бөліп шығару мүшесі

Бөліп шығару өнімдері

Адам

Өсімдік

Нәтижесін өзара тексереді.

  • Ашық сұрақ. Тірі организмде жүретін бөліп шығару процесін түсіндіреді.

Дескрипторлар.

  • Өсімдіктердегі бөліп шығару процесін түсіндіру.
  • Жануарлардағы бөліп шығару процесін түсіндіру.

Ашық сұрақтан бөлек 2 нұсқасы берілген

Өзара тексеру

(M) Практикалық жұмыс № 11 "Өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін зерттеу»

Қосымша №1

Сызба

Қосымша №2 кесте

«бүйрек» видеосы

https://twig-bilim.kz/film/kidneys-5338/

Стимуляция http://www.edumedia-sciences.com/ru/media/327

Қосымша №3

Қайшы, желім, ермексаз, түрлі-түсті қағаз т.б. заттар

нұсқаулық,

Рефлексия

38-40

  • Кері байланыс:

Оқу таныстырылымы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Жануарлар мен өсімдіктердің бөліп шығару мүшелерін айта алады. Өсімдіктер мен жануарлардан бөлінетін заттарды сипаттап салыстыра алады. Бөліп шығарудың тірі организмдегі маңызын түсіндіреді

Оқушылардың көп бөлігі

Жануарлар мен өсімдіктердің бөліп шығару мүшелерін айта алады.

Кейбір оқушылар

Бөліп шығару мүшесінің эволюциясына қоршаған ортаның әсерін бағалай алады.

Сабақтың басында суреттердің және терминдердің көмегімен ЖАДА анықтайды. Сабақтың ортасында кестені толтыру арқылы сабақты сабақты қорытындылайды. Сабақтың соңында қорытынды бағаны өзара сұақтар қою арқылы бағалайды.

Тотығу процесін қарастырғанда, химия мен биология пәнінің байланысы қарастырылады. Жұппен жұмыс олардың жұмысын басқа оқушылармен және мұғаліммен талқылау басқа оқушылардың пікірін сыйлауды, сыныптастарымен және мұғаліммен тиісті қарым-қатынаста болу қабілетін дамытады. Қайшы, желімді пайдаланудағы қауіп-қатер туралы ақпарат денсаулықты қалай сақтау керек екені туралы оқушылардың түсінуін және қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қамқор болуға ықпал етеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу