Экологиялық сукцессия. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1А: Биосфера және экожүйелер

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Экологиялық сукцессия

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • Экологиялық сукцессияны сипаттау

 Сабақ мақсаттары

  • Экологиялық сукцессия терминінің анықтамасын білу;
  • Экологиялық сукцессия ерекшеліктерін түсіну;
  • Экологиялық сукцессияның түрлерін ажырату

 Бағалау критерийлері

Экологиялық сукцессия түрлерін біледі. Олардың ерекшеліктерін анықтайды, салыстырады

 Тілдік мақсаттар

 

Экологиялық факторлардың тірі ағзалардың таралуы мен тіршілік етуіне әсерін сипаттайды, мысал келтіреді, жазбаша тапсырмаларды орындайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

Биотикалық және абиотикалық факторлар, бейімделу, экологиялық сукцессия, бірінші реттік, екінші реттік сукцессия

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Экологиялық факторлар: биотикалық, абиотикалық

Тірі ағзалардың таралуына … әсер етеді

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, академиялық әділдік, ашықтық, өмір бойы оқу, сыйластық

Пәнаралық байланыстар

Қоршаған ортаның бірлестіктері география пәнімен тығыз байланысты

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар ғаламтор желісімен, компьютермен, интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды

Бастапқы білім

Экожүйенің құрамдас бөліктерін біледі. Қоректік тізбек құра алады (7 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0 – 2

3 – 8

«Әр түрлі елдердің амандасуы» сергіту сәті. Оқушылар мұғалімнің нұсқаулығымен келесі іс – әрекеттерді жасайды.

«Қазақстанда қол алысады.

Италияда құшақтасады.

Бразилияда иықтан қағады.

Зимбабта арқаларымен үйкеліседі.

Македонияда шынтақтарымен амандасады.

Никарагуада иықтарымен амандасады.

Австралия оборигендері үш тәсілмен амандасады: алақан соғады, секіреді, жамбаспен түйіседі»

(Ж) Проблемалық сұрақ: Биогеоценоздың тұрақтылығы қоректік тізбектің алуан түрлілігіне байланысты. Егер осы қоректік тізбек бұзылса, басқа жануарларға қалай әсер етеді? Бұл үдеріске мысал келтіріңіз

Жаңа тақырыпқа көшу

Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау. Жетістік критерийлерін ұсыну.

Интербелсенді тақта, презентация

9 – 12

13 – 23

(М) Мағынаны ашу. Мұғалімнің қысқаша таныстырылымы

Экологиялық сукцессия - бір биоценоздың басқа биоценозбен ауысып отыруы. Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңдерден өтеді, солардың барысында биотикалық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады.

 

(Т) Оқушыларды түрлі фигуралар арқылы 2 топқа бөлу.

І топ –бірінші реттік сукцессия;

ІІ топ – екінші реттік сукцессияның ерекшеліктерін анықтауды ұсыну. Жұмыс нәтижесін флипчартқа түсіру

Жұмысты бағалау үшін оқушылармен бірге бағалау критерийлерін қалыптастыру

Интербелсенді тақта, презентация, ақпарат парақшасы, флип-чарт, түрлі түсті қарындаштар

24 – 30

(Т) Жасалған жұмыс нәтижесімен бөлісу.

«Бағдаршам» стратегиясы арқылы өзара баға

Түрлі – түсті жетондар

31 – 36

(Ө) Саралау тапсырмалары. Оқушылардың қабілеттеріне қарай әр оқушыға жеке карточкалар таратып беру.

1. Не себепті арамшөптер жаңа ғана төселген топырақта тез және ең бірінші болып өседі?

2. Не себепті басқа елден әкелінген өсімдіктер жаңа ортаға бейімделу үшін оларды жолжаға, өзен жағасында отырғызады. Ал орман, тоғай мен далада олар бейімделмей тіршілігі жойылады

3. Жартастағы бірлестіктердің өздігінен дамуы өте баяу жүретін үдеріс. Бірнеше ғасырды қажет етеді. Осы үрдісті қалай жеделдетуге болады?

Қосымша, ИТ, презентация

37 – 43

(Қ) Алған білімдерін бекіту. Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау

ҚБ парақшалары

44 – 45

(Ө) Рефлексия: Құтқарма белдемшесі

Құтқарма белдемшесінің суреті бар рефлексияға арналған парақшалар таратылады. Оқушылар бүгінгі сабақтың қай мезеті түсініксіз болғанын жазып, келесі сабақта бұл бойынша толық мәлімет алғысы келетінін жазады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқушылардың топпен, жұппен жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Бір – біріне көмек көрсетуін бақылау. Қабілеті жоғары оқушылар экологиялық факторларды біледі және мысал келтіре алады

  •  Сұрақ – жауап стратегиясы;
  •  Берілген тапсырманы бағалау критерийлері бойынша бағалау;
  •  Қалыптастырушы бағалау жұмысы;
  •  Кері байланыс арқылы
  • Сабақты бастамас бұрын сергіту сәті өткізіледі;

-Партада отыру ережесін естеріңе түсіру;

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.