Функцияның кризистік нүктелері. Функцияның монотондылығы. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Тексерілді: _________ Сқақов Ә.А.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3 В Қисап

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мергенбаева Маржан Қуандыққызы

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Функцияның кризистік нүктелері. Функцияның монотондылығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

10.5.1.31 функцияның кризистік нүктелерінің анықтамасын біледі және оларды табады;

10.5.1.32функцияның өсу (кему) аралықтарын және экстремум нүктелерін табады;

Сабақ мақсаттары:

  • функцияның кризистік нүктелерін таба білу;
  • функцияның өсу/кему аралықтарын туындының көмегімен табу;
  • функцияның максимум/минимум нүктелерін анықтау.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

біледі:

  • кризистік нүктенің анықтамасын;
  • экстремум нүктелерін функцияның графигіне қарап анықтауды.

қолдана алады:

туындыны функцияның функцияның кризистік нүктелерін, өсу/кему аралықтарын табуда қолдану.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат:

Бірінші ретті туынды арқылы функцияны зерттеу бойынша әрекеттер туралы түсініктеме айта алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Туынды - Производная - Derivative

Бұрыштық коэффициент-Угловой коэффициент-Slope

Жанама–Касательная-Tangent

Қисық – Кривая-Curve

Дифференциалдау-Дифференцирование-Differentiation

Кризистік нүкте-Критическая точка-Criticalpoint

Экстремумдар– Экстремумы-Extremums

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Функияның монотондылық аралықтарын табу үшін … қажет

Егер мен функциянының туындысын нөлге теңестірсем... онда

Функцияның экстремум нүктелері дегеніміз...

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу мәдениетін дамыту,  ұйымшылдыққа үйрету, бірін-бірі сыйлау
  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет
  • Оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу

Пәнаралық байланыстар

Қисап – бұл жоғары математика мен физика, машина жасау және экономика сияқты басқа да ғылыми салалардың маңызды құралы. Бүгінгі сабақ информатика және физика пәндерімен байланысты болады.

Акт қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация, графикалық калькулятор.

Бастапқы білім

Туындының анықтамасын, оның геометриялық мағынасын білу. Қарапайым функциялардың туындыларын табу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

3 мин

5 мин

5мин

Ортасы

3 мин

5 мин

15 мин

Соңы

3 мин

1 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және тілдік мақсаттармен таныстыру.

Жаңа тақырыпқа шолу. Мұғалім флипчарттың көмегімен графиктен функцияның кризистік нүктелерін көрсетеді. Туындының геометриялық мағынасын еске түсіре отырып кризистік нүктелердің анықтамасын айтуды оқушылардың өздеріне ұсынады.

  • Функцияның туындысы нөлге тең болатын немесе туындысы болмайтын анықталу облысының ішкі нүктелерін оның кризистік (стационар) нүктелері деп атайды.

Жеке жұмыс.

Мақсаты: кризистік нүктенің анықтамасын қолдана отырып оларды табу.

Сыныппен талқылау (функцияның өсу кему аралықтарын)

Оқушыларға флипчартта салынған графиктің өспелі және кемімелі аралықтарынан нүктелер алып сол нүктелерде жанама жүргізілу ұсынылады. Жанаманың бұрыштық коэффициенті қандай таңбаға ие? Осы нүктелердегі туындылары ше?

Жұппен жұмыс (Clock partner)

Жаңа сабақты пысықтау мақсатында оқушыларға тапсырма беріледі.

Топтық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту.

Оқушыларға топта берілген функцияның эскизін салу тапсырылады. Туындының көмегімен функцияны зерттеп, оның қасиеттерін пайдалану ұсынылады. Салған графиктерін графикалық калькулятордың көмегімен тексеріп көреді. Әрбір топ ортаға шығып постерлерін қорғайды.

Рефлексия.Оқушылар берілген графиктің бойынан кез келген бір нүкте белгілеп өздерінің көңіл күйін бүгінгі сабақпен байланыстырып айтады.

Үй тапсырмасы:

функциясының графигін функцияның кризистік нүктелері мен өсу/кему аралықтарын пайдаланып салып келу.

Слайд 1-3

Флипчарт

Слайд 4

Слайд 5-6

Слайд 7

Слайд 8-9

Слайд 10

Слайд 11

Слайд 12

Қорытындылау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты нығайтуы мүмкін (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін сынып туралы немесе оқушылар туралы не білдім?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта оқушылардың топтарын құрастыру барысында әрдеңгейлі топтар құрылды. Топтағы оқушылар кім қай тапсырманы орындайтындығын өздері шешеді.

Топтық жұмыс барысында оқушылардың формулаларды қаншалықты түсініп, оны есеп шығаруға және практикалық тапсырмаларды орындауда қолдана алу дағдалары бағаланады. Сонымен қатар оқушылардың бірін бірі және өзін өзі бағалау әдістері қолданылады.

Сабақ барысында топтық жұмыстар кезінде оқушылардың қозғалысы, орын ауыстырулары жоспарланған. Бұл физикалық қозғалыс денсаулыққа оң әсер етеді. Сонымен қатар оқушылардың партада омыртқа жоталарын тік ұстап отыруларын қадағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.