Екі айнымалысы бар теңсіздіктер. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2B бөлім: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері

Мектеп: Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Раисова Б.Т.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар теңсіздіктер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.3 екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешеді;

 Сабақ мақсаттары

- екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешуді ұйымдастыру.

 Жетістік критерийлері

Білу және түсіну: функциялардың графиктері арқылы теңсіздікті анықтайды, теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешеді.

Қолдану: деңгейлік есептерді шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты

  • бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын есеп шешуде қолданады;

- теңсіздіктер шешімдерін түсіндіреді

- есепті шешудің жолдарына түсініктеме береді.

Пәндік лексика мен терминология

  • сызықтық/квадраттық/бөлшек теңдеулер;
  • айнымалы/ось(тер)/масштаб/қисық;
  • қиылысу/қиылысу нүктесі;
  • мәндер кестесі/нүктелер жиыны;
  • алмастыру/түрлендіру;
  • түзу/қисық/ график салады;
  • нүктелерді графикте кескіндеу;
  • қисықты салады;
  • шеңбердің теңдеуі;
  • қисықтың теңдеуі;
  • штрихталған аймақ (аудан).

Түзу

Прямая

Line

Кесінді

Отрезок

Segment

Шеңбер

Окружность

Circle

Айнымалы

Переменная

Variable

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Оx және Оy осьтері … болып келеді;
  • Түзудегі / қисықтағы нүктелер…
  • Осылайша түзу … болып келеді;
  • х және у осьтерінің координаталары оң немесе теріс;
  • Координаталар реттелген жұп түрінде … жазылады;

Теңдеудің түбірлері … қиылысу нүктелері болып табылады;

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өмір бойы оқу: тақырып бойынша ақпаратты іріктеу, мысалдар мен түсініктерді сәйкестендіре алу;

Ынтымақтастық: жұппен жұмыс, интерактивті лекция

Ашықтық: мұғалімнің кері байланысымен орындалған жұмыстарды тексеру арқылы жұмыс қорытындысы ашық талқыланады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, орыс тілі, сызу

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация «Екі айнымалысы бар теңсіздіктер»

https://www.kontrolnaya-rabota.ru/s/neravenstva/system/

http://online.anyflip.com/qmwb/xkrz/mobile/index.html#p=34

https://www.ck12.org/algebra/linear-programming/lesson/Linear-Programming-ALG-I/

Бастапқы білім

Теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешудің тәсілдерін біледі; графиктерді салу дағдыларын меңгерген.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі. (Амандасу, сыныпты түгендеу, сынып оқушыларының сабаққа дайындығын тексеру)

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесіп қою.

Сабақтың ортасы

6 минут

5 минут

8 минут

10 минут

7 минут

2. Стартер. Өздік жұмыс. Мақсаты: Бастапқы білімді еске түсіру.

Екі айнымалысы бар теңсіздіктің графигі

Екі айнымалысы бар

теңсіздік

Топта бірін-бірі тексеру.

Оқушылардың жұмысына мұғалімнің кері байланысы.

3. Практикалық тапсырмалар.

«Кім жылдам?» ойыны. Презентациядағы есептерді шығару.

Слайд №2-№6

4. Тақтада комментарий жасап, есептер шығару.

Мақсаты: Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу алгоритмін есеп шығаруда қолдану. Сыни ойлау дағдыларын дамыту: анализ, синтез, бағалау.

  • y ≤ |3x -2|
  • |y| ≥ 3x - 2
  • |y| < 3|x| -2

5. Оқулықпен жұппен жұмыс. Есептер шығару. Тақ нөмерлерін шығару. №103, №105

Оқушылардың есеп шығарғанына мұғалімнің кері байланысы.

6. Өздік жұмыс. 1-2 нұсқа.

1-нұсқа:

1. Центрі (2;0) және радиусы 3-ке тең дөңгелекті екі айнымалысы бар теңсіздік түрінде жазыңыз.

2. Координаталық жазықтықта y=x2-9 параболасының жоғары бөлігіндегі нүктелер жиынын кескіндеп, екі айнымалысы бар теңсіздік түрінде жазыңыз.

3. Координаталық жазықтықта xy≥0 теңсіздігінің шешімдер жиынын көрсетіңіз.

2-нұсқа:

1. Центрі (0;4) және радиусы 2-ге тең дөңгелектің сыртқы бөлгіндегі нүктелер жиынын екі айнымалысы бар теңсіздік түрінде жазыңыз.

2. Координаталық жазықтықта y=(x+2)2 параболасының төменгі бөлгіндегі нүктелер жиынын кескіндеп, екі айнымалысы бар теңсіздік түрінде жазыңыз.

3. Координаталық жазықтықта xy<0 теңсіздігінің шешімдер жиынын көрсетіңіз.

Қосымша 1

Презентация

Презентация

Галицкий .

Әбілқасымова А., Бекбоев И., т.б.

Алгебра 9

Қосымша 2.

Сабақтың соңы

2 минут

Сабаққа қорытынды.

Рефлексия.

Нені есте сақтадың?

Нені өзіңе түйдің?

Не түсініксіз болды?

Үйге тапсырма: №102, №104

Әбілқасымова А., Бекбоев И., т.б.

Алгебра 9

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқу мақсатына сай ҚБ.

  • анықтамаларды түсінгенін бекіту
  • есеп шығарып жаттығу

Іс-әрекеттің ауысуы

Топпен отырғызу.

Қауіпсіздік техникасы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.