Квадрат теңсіздіктер көмегімен қолданбалы есептер шығару. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Математика» ӘБ жетекшісі Дәулетов К. С. ________ |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А бөлім: Квадрат теңсіздіктер | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Квадрат теңсіздіктер көмегімен қолданбалы есептер шығару | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.2.2.8 квадрат теңсіздікті шешеді | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: Қолданбалы есептерге формулаларды пайдаланып квадрат теңсіздік құрып, оны шешеді | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология квадрат теңсіздік; рационал теңсіздік; бөлшек-рационал теңсіздік; теңсіздікті шешу; функцияның нөлдері, таңба тұрақтылық аралықтары; теңсіздіктер шешімдерінің қиылысуы және бірігуі; интервалдар әдісі. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер ... үшін функция мәндері теріс емес; ... үшін функция мәндері оң; теңсіздіктер жүйесінің шешімі ... болады; ... әрбір санды интервалда функцияның таңбасын анықтаймыз; параболаны сұлба түрінде бейнелеп ... аламыз; таңбалардың алмасу қасиетін қолданып ... анықтаймыз. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық жұмыстарда ашық болу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны қолданып, сыныпты квадрат теңсіздіктердің өмірде қолдануымен таныстыру. | |||||||||||
Бастапқы білім | Теңдеулер жүйесі және оның шешімі ұғымын білу; квадрат теңдеулерді шешу, квадраттық функциялардың графигін салу дағдылары, соның ішінде бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдану; есептерді шешу дағдылары. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | ||||||||||
Сабақтың басы 4 мин 6 мин
|
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Квадрат теңсіздікте өмірде қолдану көрсетеледі. Сабақ тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. Соған байланысты сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Саралаудың жеделдету қағидасы арқылы тест жұмысы беріледі. -Тест жұмысын орындаған кезде академиялық шыншылдық қағидаты сақталуы ескеріледі. Тест жауабын бағалау бүгінгі өтетін кіріктірілген пәнмен байланыстырып физика 1 немесе физика 2 немесе физика 3 деген жауаптар алынса дұрыс деп бағаланады, дұрыс жауап болмаса кері байланыс беріледі. Тест жауабына сәйкес оқушылар жауаптарынан бүгінгі сабақтың қай пәнмен біріктірілетіні айтылып үш топқа бөлінеді. | Презентация Слайд Презентация Слайд Презентация Слайд | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 15 мин 2 мин 5 мин | Мұғалім оқылған тақырыптың қолданысын көрсету мақсатында физикамен байланысты есепті оқушыларға теңсіздіктер құру арқылы шығарылатын қолданбалы есепті шығаруды топтарда ұсынады. Топтық жұмыс тапсырмалары тәжірибе арқылы көрсетіледі, қағазға шығарылып беріледі, алдарына тапсырманы бағалау дескрипторы беріледі. 1 топ: Оқушы шелектегі суды вертикаль жазықты бойымен айналдырған мезетте шелектегі су төгілмейді. Себебі шелек түбіне түсірілген судың салмағы траекторияның әр түрлі бөлігене қатысты өзгереді. Салмақ төменгі нүктеде максимал мәнге, ал жоғарғы нүктеде минимал мәнге ие болады(). Шелектің айналу радиусы 40 см. Су төгіліп кетпес үшін қандай минимал жылдамдықпен айналдыру керек? 2 топ: Бастапқы уақыттың моментінде 20 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан автомобиль үдеумен тежеле бастайды. Тежеліп бастағаннан соң t уақытта тоқтайды, сәйкесінше тежелу кезіндегі жолын (м) теңдеуі бойынша өзгереді. Егер тежелу барысында 30 м артық жол жүрсе, қанша уақытта автомобиль тоқтаған? 3 топ: Бастапқы жылдамдығы ұшып шыққан снаряд қанша уақыттан кейін биіктікте болатындығын анықтаңыз? (-қозғалыс теңдеуі; g=9,8 Н/кг) Тапсырманың дескрипторы: Оқушы - Қозғалыс траекториясын сызады; - Берілген формула бойынша теңсіздікті дұрыс құрады; - Квадраттық теңсіздікті дұрыс шешеді; - Есептің мәнмәтінін ескеріп, теңсіздік жауабын дұрыс жазады. Топтық жұмыста бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық жұмыстарда ашық болу қағидаттарының сақталуы ескеріледі. Сергіту сәті: " Ғалымды танимызба" ойыны Бұл ойынның мақсаты математик және физик ғалымына қатысты мағлұмат беріледі сол мағлұматтар арқылы кім туралы айтылғанын анықтайды. Ол ғалымның бүгінгі сабақпен байланысы математикада теңсіздіктерді шешуге үлес қосқан адамдар екені айтылады. 1. 1.Ол ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы, Корольдік қоғамның мүшесі 2.Оның заңды қалай ашқаны туралы бір қызық оқиға бар: бақшада отырған кезінде ол алма ағашынан алмалардың Жерге құлауын бақылай отырып, осы заңды ашқан екен деген болжам бар 3.формуласын ашқан. Сіздер 7 сыныпта өткен қысқаша көбейту формуласы дербес түрі болып табылады Ньютон 1643 жылы 4 каңтарда Англияның Линкольншир графтығындағы Вулсторпта дүниеге келді 1727 ж. наурыздың 31 84 жаста қайтыс болды 2. 1. Ұлы неміс математигі, астрономы және физигі, 2.18 ғасырдың соңында Германиада бір сабақта мұғалім оқушыларына "1 - ден 100 ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табуды" тапсырыпты. Оқушылардың біреуі: ізделген қосынды 5050-ге тең деп жауап беріпті. бұл оқушы кейіннен аты әлемге әйгілі болған математик 3.Аспан денелерінің қозғалыс теориясы" – деген атақты еңбегі бар. Карл Фридрих Гаусс (нем. Johann Carl Friedrich Gauß; 30 сәуір 1777, Брауншвейг — 23 ақпан 1855, Гёттинген) 3.1.Ол Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы математик, физик және астроном 2.-«Маған ұзын тұтқа мен тіреу нүктесін беріңдерші, сонда мен Жерді орнынан жылжытамын»,-деген 3.-пи – шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасын сипаттайтын математикалық тұрақты шаманы есептеп, барлық дөңгелектерге ортақ екенін дәлелдеді Архимед б.з.б. 287- 212 жж жылы грек елінің Сиракуз қаласында дүниеге келіп, өмірінің соңына дейін сол жақта тұрады Оқушыларды ғалымдар туралы қызықты мағлұматтармен таныстырағаннан кейін фотоларын көрсетіп оларға жасырылған деңгейлік тапсырмаларды шешуге келесі бөлімге өтеміз. Жеке жұмыс. Жеке жұмыс тапсырмасында деңгейлік үш тапсырма алынған. Оқушы қай тапсырманы орындаймын десе де өзі біледі, бірақ кез келген екі тапсырманы орындайды. Тапсырмалар бағалау дискрипторы арқылы жеке бағаланады. А деңгей тапсырмасы 1. теңсіздігін шешіп, теңсіздікті қанағаттандыратын ең үлкен бүтін мен ең кіші бүтін сандардың көбейтіндісін анықтаса, Иссак Ньютонның неше жасында қайтқаны туралы мағлұмат біледі. жауабы: (5;15) 6*14=84 В деңгей тапсырмасы 1. Теңсіздіктер жүйесін шешіп, жүйені қанағаттандыратын ең кіші бүтін шешім арқылы Карл Фридрих Гаусстың дүниеге келген айы мен ең үлкен бүтін шешімі арқылы дүниге келген күнін білуге болады С деңгей тапсырмасы 1. функциясының анықталу облысын қанағаттандыратын аралықтың ең үлкен бүтін мәнін тапсаңдар Архимедтің б з д қай жылы дүниеге келгенін біледі. Жеке жұмыс тапсырманы бағалау дескрипторы арқылы бағаланады. | Қосымша 1 Презентация Слайд Қосымша 2 Презентация Слайд | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | 6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады: •Бүгін мен білдім … •Маған қызықты болды … •Маған қиын болды … •Мен ... тапсырмаларын орындадым. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады. Үй тапсырмасы оқулықтан | Презентация | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Саралаудың жеделдету қағидасы арқылы оқушылардың квадрат теңсіздіктерді шешу жолдарын байқадым. Саралаудың тереңдету қағидасы арқылы сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренуін қадағаладым. " Ғалымды танимызба" әдісімен барлық білімалушы-лардың ғалым туралы ерекше, қызықты, маңызды фактілерді түсініп, қатысуын қадағаладым. Жеке жұмыста сыныптағы қабілеті төмен білімалушы Адеңгейдегі тапсырманы, ал қабілеті жоғары оқушының С деңгейдегі тапсырманы орындауын қадағаладым
| Өзара топтық және дескриптор арқылы бірін-бірі, жеке жұмыста өз-өздерің бағалау жүргізілді. Мұғалім сабақта орындалған тапсырмалардың сапасы туралы пікір білдіреді. Кемшіліктерді түзету туралы кеңес береді. Сабақта белсенді жұмыс жасаған оқушылардың еңбектерін атап өтіп, мұғалім өзі үшін А,В,С деңгейдегі білімалушыларды анықтайды. | Сабақ барысы сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлеріне бағытталған. Қауіпсіздік техникасы оқушылардың денсаулығына қауіптілік тудырмайды. Везуал- оқушыларға тақтадан көрінбеген жағдайда арнайы дидактика таратылды топ тапсырмаларын орындауда постерге қажетті ақпаратты енгізді, аудиал-топ тапсырмасын түсіндіруге қатысады, кинестит-басқа топ жұмыстарын тыңдап бағалауда белсенді жұмыс атқарды. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Сабақта тәжірибе арқылы көрсетіп түсіндіру 2:пәнаралық байланыс Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру