Иррационал сандар және нақты сандар. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


 №1 сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі «Нақты сандар»

 «Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімі

 

Сабақтың тақырыбы: Иррационал сандар және нақты сандар

Оқу мақсаты:

8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру.

 Бұл сабақта оқушылар иррационал және нақты сандар ұғымдарымен танысады.

 

 Анықтама

Иррационал сан деп кез келген шексіз периодсыз ондық бөлшекті айтамыз. Иррационал санды қатынасы түрінде және керісінше жаза алмаймыз. түріне келтірілмейтін кез келген сан иррационал сан болады.

 Сабақты ұйымдастыруға арналған нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға арналған нұсқаулық

 

 Сабақтың басында мұғалім диалогтық әдіс арқылы оқушыларға сандар жиынын еске түсіреді.

 Жеке тапсырманы орындау арқылы оқушылар рационал сандармен амалдар орындауды қайталайды, сонымен бірге шыққан санның қай жиынға жататынын саралайды.

 Иррационал сандар ұғымы енгізбес бұрын оларға шексіз периодты және шексіз периодсыз ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде жазу тапсырмасы ұсынылады. Олар 2-мысалды жай бөлшек түрінде жазуға болмайтынын сондықтан ол рационал сан болмайтынын түсінеді.

 Иррационал сандар ұғымымен танысқан соң бейнематериалға шолу жасайды, бұл олардың иррационал сандарды жақсы түсінуіне көмектеседі.

 Алғашқы бекіту тапсырмасы ретінде иррационал және рационал сандарды екі шеңберге бөліп жазу ұсынылады. Оқушылар жауаптарын көршілерімен салыстырып тексере алады.

 Сабақта бағалаудың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау түрлері жүзеге асады. Әрбір тапсырма дескрипторлар арқылы бағаланады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылап, қолдау көрсетеді.

 

 Қосымша тапсырмалар

 

  • х және у айырмасының модулін табыңыз:

а) x=7,(8); y=5,(4)

б) х=1,(38); у=2,(57).

  • Мына сандардың арасында қандай бүтін сандар орналасқан:

а) -3,81... және 2,13...

б) -5,111... және -1,212...

Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі:

  • Ә.Н. Шыныбеков. Алгебра. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық - Алматы: «Атамұра», 2012.
  • Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. Алгебра. 8 класс: учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений— М.: Мнемозина, 2010.
  • https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/8-synyp/irraczional-sandar-naqty-sandar-zhiyny


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу