Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2А: Функция. Функцияның графигі.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Топоркова Л.Н., Аяшева Г.О.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу

Сабақ түрі

Жаңа материалмен тынысу сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.5.2.4 сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларды теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешуді үйрету.

 Бағалау критерийлері

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетті деп есептеледі, егер

Білу мен түсіну

Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешудің алгоритмін білсе.

Білімді қолдану

Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешсе.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Математикалық терминология мен символиканы бөлімнің тапсырмаларын орындаған кезде қолданатын болады.

Бөлім бойынша лексика мен терминология:

  • сызықтық функция;
  • сызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • график бойынша аргументтің (функцияның) сәйкес мәнінде функцияның (аргументтің) мәнін табу;
  • аргументтің (функцияның) сәйкес мәнінде функцияның (аргументтің) мәнін табу
  • график абсциссалар осін ... нүктесінде қияды;

– график ординаталар осін... нүктесінде қияды;

  • егер сызықтық функциялардың бұрыштық коэффициенттері тең болса, онда олардың графиктері ... .

Құндылықтарды дарыту

  • өзін-өзі және басқаларды құрметтеу, әр түрлі көзқарастардың болатындығын мойындау;
  • оқу қабілеті, ақпаратты өздігінен табу, ситуацияға анализ жасау, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру;
  • айналадағы адамдардың қиындықтарын көру және түсіну; айтылған сынды қабылдай білу;

Пәнаралық байланыстар

Аталмыш тақырып физика курсындағы шамалардың арасындағы шынайы тәуелділіктерді модельдеуде, сонымен қатар түрлі теңдеулерді графиктік тәсілмен шешуде қажет.

АКТ қолдану дағдылары

«GeoGebra» бағдарламасында функция графиктерін салу.

Бастапқы білім

Сызықтық функцияның графигін салу білігі. Теңдеулерді шешу және айнымалының белгілі мәнінде өрнектің мәнін есептеу дағдысы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Сабақтың басында мұғалім мен оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі.

Мұғалім оқушылардың назарын шоғырландыру үшін жаттығу орындатады..

Содан кейін мұғалім оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Осылайша оқушылардың арақатынасындағы ашықтық дамиды.

http://expertmemory.ru

Сабақтың ортасы

6 минут

15 минут

2 минут

15 минут

2 минут

1 минут

  • Білімді жаңғырту. Миға шабуыл.

Оқушылар 6 сынып курсынан екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі.

Тапсырманың мақсаты: 6 сынып курсы материалын қайталау. Презентация бойынша ауызша жұмыс. (4-9 слайдтар).

Тапсырманы орындау барысында құрмет көрсету, ынтымақтастық, айналадағы адамдардың қиындықтарын көру және түсіну, айтылған сынды қабылдай білу сияқты құндылықтар дариды.

  • Жұптық жұмыс.

Тапсырманың мақсаты: жаңа материалмен танысу.

Аталмыш жұмыс түрі өмір бойы білім алу, ақпаратты өздігінен табу, ситуацияға анализ жасау, өз жұмысының сапасына жауап беру сияқты құндылықтардың дамуына ықпал етеді.

Әрбір оқушыға координаталық жазықтық салынған мөлдір пленка мен екі айнымалысы бар теңдеу жазылған карточка ұсыныңыз. Пленкада әрбір оқушы өз теңдеуінің графигін бейнелейді. Мұғалімнің айтумыен оқушылар кездейсоқ таңдаған оқушымен жұп құрады да, өз теңдеулерінен жүйе құрастырады. Мөлдір пленканы беттестіріп, құрастырған жүйенің графиктік шешімін табады. Оқушылар өз дәптерлеріне шешімдерін орындайды.

Әрі қарай алынған тәжірибенің негізінде оқушылар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің алгоритмін құрады.

Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешудің алгоритмі

  • Екі теңдеуді де сызықтық функция y = kx + b түріне келтіреміз.
  • Әрбір функция үшін мәндерді есептеу кестесін құрамыз.
  • Функциялардың графиктерін бір координаталық жазықтықта саламыз.
  • Графиктердің қиылысу нүктесінің координаттарын теңдеулер жүйесінің жауабы деп жазамыз.
  • Сергіту сәті.

Қозғалысқа және психологиялық жеңілдеуге арналған шығармашылық сергіту сәттері.

Тік тұрып, бір уақытта оң қолмен сәлем беріп, сол қолмен төмен тартылу керек. Содан кейін сол қолдың бас бармағын көтеріп «Мінекей!» деп айту. Одан кейін шапалақ ұрып, осы әрекетті қолды ауыстырғанан кейін қайталау.

  • Топтық жұмыс. Оқушылар кездейсоқ таңдаумен 4 адамнан құралған топтарға бірігеді.

Тапсырманың мақсаты: өтілген материалды бекіту, теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу дағдысын қалыптастыру.

Аталмыш жұмыс түрі құрмет көрсету, әр түрлі көзқарастардың болатындығын мойындау, топта жұмыс істеу, академиялық адалдық сияқты құндылықтардың дамуына ықпал етеді.

Әрбір топқа жүйелерді графиктік тәсілмен шешуді ұсыныңыз, ал тез тексеру үшін алынған жауаптарды көрші бағандағы сандар жұбымен салыстырыңыз.

Мысалы.

1)

А(1; -2)

2)

В(–3; –1)

3)

С(2; 1)

4)

Е(1; 2)

5)

К(3; -1)

Жауаптары: 1-К, 2-Е, 3-А, 4-С, 5-В.

Уақыт шыққаннан кейін, топтар шеңбер бойымен өз шешімдерімен алмасып, өз жауаптарына сәйкес бірін-бірі бағалауды жүргізеді. Тексеретін топ берілген бір түспен егер шешім дұрыс болса, «+», ал қате болса, «-» қояды. Тексеруді барлық топтар орындағаннан кейін, мұғалім қорытынды жасау үшін дұрыс сәйкестікті береді және кері байланыс жүргізеді.

Бағалау критерийлері:

5 «+» - 100% тамаша жұмыс

4 «+» - 80% жақсы

3 «+»-60%, қателерге назар аудару керек

2 «+» - 40%, әлі жұмыс жасау керек

  • Қорытынды жасау.

Жұмыстың мақсаты: оқушылардың өз жұмыстарын өзін-өзі бағалаулары.

Берілген жұмыс түрі оқушылардың метатаннымдық қабілеттерін дамыту мен академиялық адалдық пен ашықтық сияқты құндылықтардың дамуына ықпал жасайды.

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетті деп есептеледі, егер

Білу мен түсіну

Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешудің алгоритмін білсе.

Білімді қолдану

Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешсе.

Үй тапсырмасын беру.

Карточка. Қосымша №1.

1. Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңіз:

а) б) в)

2. теңдігінен у айнымалысының х – тен тәуелділігін өрнектеңіз және оның графигін салыңыз. нүктесі осы графикке тиісті ме?

Егоркина Н.В. сборник упражнений по математике для 7 класса, обучающихся по ИОП.

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • бүгінгі сабақта не білдім, нені үйрендім?
  • не түсініксіз болып қалды…?

- неге қатысты әлі жұмыс жасау керек?

Мүмкін жерлерде оқушылар өз жұмыстарын және сыныптастарының жұмыстарын белгілі бір критерийлермен бағалай алады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация жұптық және топтық жұмыс орындаған кезде оқу деңгейлері әр түрлі оқушыларға «көпіршелер» құру арқылы білінеді .

Сабақта мұғалімнің бағалауы бақылау және кері байланыс беру арқылы жүргізіледі деп ескерілген. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың бірін-бірі бағалаулары. Сабақтағы өз әрекеттерін бағалаулары.

Назарды шоғырландыру жаттығуы. Сергіту сәті.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу