Қазақстанда ірі тауарлар мен қызмет көрсету бағалары 5 жыл ішінде қалай өзгерді


Қазақстанда ірі тауарлар мен қызмет көрсету бағалары 5 жыл ішінде қалай өзгерді

Инфляция барысында орташа еңбекақы қаншалықты өзгерді, және бұл жағдайда жеке бюджетке ауыртпалық салмай, ірі сатып алулар жасау үшін, қалай ақша жинауға болатынын Freedom Life ӨСК талдаушылары анықтады.

Зерттеу кезінде мамандар, Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде, орташа еңбекақы жылсайын 15%, ал инфляция сол кезең ішінде орташа алғанда, 10% өсетінін анықтады.

ҚР Ұлттық статистика Бюросының мәліметтері бойынша, 2023 жылдың маусым айында азық-түлік тауарларының бағасы 14,6%, ал азық-түлік емес таурларының бағасы-15,8%, ақылы қызмет көрсету бағалары-13,3% өскен. Бұл жағдайда, орташа еңбекақы былтырғымен салыстырғанда, 27% өскен.

5 жыл ішінде, орташа еңбекақының және инфляцияның өзгеруі

Жыл

Орташа еңбекақы, теңге

Қаншалықты ұлғайды, кеміді

Инфляция деңгейі

Маусым, 2019

177 900

+8%

5,4%

Маусым 2020

196 900

+10%

7%

Маусым 2021

242 500

+23%

7,9%

Маусым 2022

285 400

+17%

14,5%

Маусым 2023

340 600

+19%

14,6%

Мәліметтер: ҚР Ұлттық статистика Бюросы

Орындаған: Freedom Life

Ресми көрсеткіштер бойынша, орташа еңбекақының деңгейі инфляциядан тек бірнеше пайыз асуда. Тек 2021 жыл ерекше болған- COVID-19 локдауннан кейін нарықтың қалпына келу кезеңі. Мысалы, 2021 жылы шетелде демалу құны өскен жоқ, 2020 жылмен салыстырғанда, ал колледж және жоғары оқу орнында қашықтықта оқу студенттер үшін арзанға түсті, офлайн режимінде білім алудан төмен бағамен.

Егер, ірі сатып алулар туралы айтатын болсақ, нарықтағы бастапқы тұрғын үйлердің құны 9-16% дейін өсуде, жаңа автомашиналар, орташа алғанда- 11-15%, смартфондар – 12%, шетелде демалу 14%, ал отандық және шетел оқу орындарында білім алу құны-13-18% дейін қымбаттауда.

5 жыл ішінде, ірі тауарлар мен қызмет көрсетудің орташа бағалары қаншалықты өзгерді

Тауар және қызмет көрсету

2019 жылдағы құны, теңге

2023 жылдағы құны, теңге

Бағалар қаншалықты өсті

Жылжымайтын мүлік (жаңа құрылыс)/ш.м.

267 000

486 000

82%

Жаңа автомобиль

8 500 000

13 500 000

59%

Смартфон

112 000

183 000

63%

шетелде демалу, 7 күн бір адам

304 000

420 000

38%

ҚР ЖОО білім алу/1 жыл

396 000

706 000

78%

мәліметтер: ашық ақпарат көздерінен

орындаған: Freedom Life

Еңбекақысы орташа адамдар ірі сатып алу жасау, балаларының оқуына төлеу және шетелде демалу мүмкіншіліктерін пайдалану үшін, бірнеше тиімді қаржы құралдары бар. Ең танымал банктік депозиттері, бағалы қағаздарға қаржыландыру және өмірді жинақтаушы сақтандыру. Аталған құралдардың көмегімен, қорланым жинауға, капиталды құнсызданудан және инфляциядан сақтап қалу мүмкін, және де, қосымша табыс ретінде пайдалануға болады.

Банктік депозиттері – бір айдан 3 жылға дейін, қысқамерзімді салымдар үшін, қолайлы құрал. Резервті капитал ретінде пайдалануға болады, егер, қаражатты пайзын жоғалтпай ағытып алу мүмкіншілігі бар болса. Депозит ережелері көптеген банктерде біркелкі, ал жылдық ставкалары, орташа алғанда, 13% құрайды. 10 миллион теңгеге дейінгі салымдары, жинақталған сыйақысымен Қазақстандық Депозиттер кепілдігі Қорымен қорғалған (КФГД).

Бағалы қағаздар (акциялар және облигациялар) олар да, қазақстандық инвесторларының қызығушылығын туғызады. Ірі әлемдік және отандық акциялары, құны өсуі және дивидендтері арқылы, пайда табуға мүмкіндік береді. Облигациялар нақты табыс түсіреді. Freedom Life талдаушыларының зерттеулеріне сәйкес анықталғаны, қаржыландырумен айналысатын адамдар топтарының жасы 32-45 аралығында.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) сақтандыру мен қаржыландыруды бірмезгілде қамтиды. ӨЖС бағдарламасы бойынша шарт жасасу барысында, Клиент өзінің денсаулығын, өмірін күтпеген жағдаяттардан сақтандыру, сонымен қатар, сыйақысының жылдық ставкасы жоғары ақша жинақтап алу мүмкіншілігі бар. Мысалы, Freedom Capital бағдарламасы бойынша ол доллармен 4% дейін және еврода- 2.2% дейін құрайды.

Ал Freedom University бағдарламасы бойынша, мемлекеттік білім беру жүйесінің (ГОНС) шеңберінде, кепілді үнемді жылдық ставкасы 8% құрайтын, балаңыздың жоғары білім алуына қорланым жинап алу мүмкін. Бұл жағдайда, қорланым сомасы сақтандыру мерзімі ішінде, жылсайын мемлекеттік сыйлықақы сомасына 5% өсіп отырады, оған есептелген сомасынан төленген сыйлықақы және заңнамамен реттелетін қаржыландыру табысы кіреді. Аталған бағдарламаның жағымды жағы, сақтандыру төлемі толық жүзеге асырылады, сақтанушының өмірінің соңына дейін жасауына тәуелсіз, атап айтқанда, бала өзі таңдаған универстеттегі оқуын келеңсіз жағдайларға байланыссыз бітіреді.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы ұзақ мерзімге бағытталған, әдетінде 3-10 жыл аралығында. ӨЖС бағдарламасын жасасу барысында, салықтық жеңілдіктер қолданылады, сондай-ақ, қаржыландыру салымына қол сұғуға тыйым салынған. Комапния клиенттерінің сақтандыру жарналары тәркіленуден және тыйым салудан 100% қорғалған, сонымен қатар, мүліктік даулар кезінде бөлуге жатқызылмайды.

Сақтандыру нарығының белсенді цифрленгенін және ӨЖС бағдарламасын онлайн енгізу жағдайларын ескеру қажет. Бұдан былай, сақтандыру Шартын жасау үшін, Сақтандырушының сайтына кіру жеткілікті, қажетті бағдарламаны таңдау және соған қатысты онлайн шарт жасасу бес минут ішінде ұялы қосымша немесе компьютер арқылы қолжетімді. Бүгінгі күнде, онлайн сақтандыру Полис ресімдеуге арналған тек бірнеше бағдарламаларды қамтымайды. Сонымен қатар, Жеке кабинетте, ӨСК сайтында сақтандыру жағдайы туралы ұйғаруға, тиісті құжаттардың көшірмелерін жолдауға және онлайн төлемін алу мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу