Көркем еңбек 1 сынып


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Көркем еңбек 1-сынып

Құрметті мұғалім!

 Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

 Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

Мазмұны

    • тоқсан

Ортақ тақырып «Өзім туралы»

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну

Оқу мақсаты

1.1.1.1 Қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем, фактура) анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қоршағанортадағытанысбейнелермен пішіндерді ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Суреттерге мұқият қара. Олар неге ұқсайды? Қандай материалдардан жасалған? Қандай түстер қолданылған?

Жұпта талқыла.

  • Әр суретті сипаттап айт.

Дескриптор

Білім алушы

  • суреттегі бейнелерді атайды;
  • қолданылған материалдарды анықтайды;
  • түстерді ажыратады;
  • суреттерді сипаттайды.

2. Суреттердегі бұлттарға мұқият қара. Бұлттардың пішіндері қандай заттарға ұқсайды? Бұлттарды сол заттарға ұқсатып сал және боя.

Дескриптор

Білім алушы

  • суретті толықтырып салады;
  • бейнені пішіні мен түсіне келтіреді.

Бөлім Бөлімше

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту

Оқу мақсаты

1.1.3.1 Шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл- күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдармен көрсету

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өз идеясын нақты материалдар мен техникалар арқылы көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Жұмыстың орындалу техникасына назар аудар.

  • Осы техниканың негізінде өз идеяңды қолданып, саусақтарыңмен кез келген суретті сал.

Ол үшін:

    • Қажетті материалдарды (ақ қағаз, бояу, су құйылған ыдыс және майлық қағаздар) дайындап ал.
    • Салатын суретіңді көз алдыңа елестет.
    • Саусағыңды бояуға батыра отырып, суреттің нобайын сал.
    • Суреттің қажетті бөліктерін сызықтармен толықтыр.

Дескриптор

Білім алушы

  • жұмыстың орындалу техникасын сипаттайды;
  • саусақ арқылы сурет салады.

Бөлім Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары

Оқу мақсаты

1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қарапайым құралдар мен материалдарды қолданып, эксперимент жүргізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Бұл суреттер қандай әдіспен салынған деп ойлайсың?

Жұптық жұмыс. Көпіршікпен сурет салып көр.

Ол үшін:

  • Сұйық сабын мен су араластырылған бірнеше ыдыс дайында.
  • Әр ыдысқа түрлі бояу қосып, араластыр.
  • Әр ыдыстағы суды шырын ішетін түтікпен үрлеп, көпіршіктер жаса.
  • Қағаз бетіне әр түсті көпіршіктерді төк.
  • Көпіршіктерді кептіріп қой.
  • Кепкен көпіршіктердің үстіне қылқаламмен кез келген элементтер сал.
  • Салған суретің туралы басқаларға айтып бер.

ДескрипторБілім алушы

  • жұмыстың кезеңдерін сақтай отырып орындайды;
  • көпіршіктерді элементтермен толықтырып, бейне салады;
  • өз жұмысын өзгелерге айтып, түсіндіреді.

Бөлім

Бөлімше

Презентация, талдау және бағалау

3.3 Шығармашылық жұмысты талқылау және бағалау

Оқу мақсаты

1.3.3.1 Шығармашылық жұмысын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманыңтақырыбынжәнеқолданылған материалдарын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

1. Суреттегі заттар қандай материалдардан және қалай жасалған? Жұпта талқыла. Әр суретке ат қой.

Дескриптор

Білім алушы

  • жұмысты жасауда қолданылған материалдарды анықтайды;
  • әр суретке ат қояды және сипаттайды.

2. Суреттерге мұқият қара. Сұрақтарға жауап бер.

  • Суреттер қалай орындалған?
  • Қандай материалдар қолданылған?
  • Қандай түстер қолданылған? Жұпта талқыла.
  • Берілген жұмыстарды сипаттап айт және ат қой.

Дескриптор

Білім алушы

  • суреттегі бейнелерді атайды;
  • жасалу жолын анықтайды;
  • қолданылған түстерді атайды;
  • жұмыстарды жұпта талқылайды.

Ортақ тақырып «Мен және менің мектебім»

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну

Оқу мақсаты

 1.1.1.1 Қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем, фактура) анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қоршаған ортадағы таныс бейнелер мен пішіндердің фактурасын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Суреттегі заттардың фактурасын сипатта. Қоршаған ортадан фактурасы ұқсас тағы қандай заттарды атауға болады? Мысал келтір.

Дескриптор

Білім алушы

  • суреттердің фактурасын анықтайды және сипаттайды;
  • фактурасы ұқсас заттарға мысал келтіреді.

2. Суреттердің бедерін сипатта. Өзіңе ұнайтын кез келген заттың пішінін, бедері мен фактурасын әртүрлі материалдар мен әдістерді қолдана отырып көрсет.

Дескриптор

Білім алушы

  • суреттегі бедерлерді анықтап,сипаттайды;
  • өзіне ұнайтын бейнені анықтайды;
  • затты бейнелеу үшін әртүрлі материалдар мен әдістерді қолданады.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.1 Қоршаған ортаны бейнелеу

Оқу мақсаты

1.2.1.1Қоршағанортадағыбелгілібірвизуалды элементтерді қарапайым тәсілдермен бейнелеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармашылық идеяларын көрсету үшін қоршаған ортаның элементтерін пайдаланады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Сұрақтарға жауап бер.

  • Суреттерде нелер бейнеленген?
  • Бұл заттарды қайдан көруге болады?
  • Жұмысты орындауда қандай тәсілдер қолданылған? Жұпта талқыла.

Өзің қоршаған ортадан көрген бейнелердің бірін кез келген тәсілмен бейнелеп көрсет. Жұмысыңның орындалу тәсілін сипатта.

ДескрипторБілім алушы

  • суретте бейнеленген заттарды атайды;
  • суреттердің орындалу тәсілін анықтайды;
  • жұмысты қарапайым тәсілдердің бірін қолданып орындайды;
  • өз жұмысын сипаттайды, орындалу тәсілін түсіндіреді.
  • Еркін тақырыпқа сурет сал.

Ол үшін:

    • Акварель бояуына арналған А4 парағына қарындашты ақырын баса отырып, суреттің эскизін сал.
    • Қағаздың бетіне үлкен қылқаламмен таза су жағып шық.
    • Қағаздағы су кеппей тұрғанда акварель бояуымен суретті түсіне қарай бояп, сала баста.
    • Жұмысты кептір.
    • Өз жұмысыңды жұбыңа сипаттап айтып бер.

Дескриптор Білім алушы

  • суреттің эскизін салады;
  • жұмыстың кезеңдерін сақтай отырып орындайды;
  • бейнеленген нысандардың түсін, пішінін дұрыс көрсетеді;
  • өз жұмысын сипаттап айтады.

Бөлім Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары

Оқу мақсаты

1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қарапайым құралдар мен материалдарды қолданып, эксперимент жүргізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • Суреттерге мұқият қара. Суретте нелер бейнеленген? Оң жақтағы төменгі дақтарды неге ұқсатасың? Бұл суреттерді салу үшін қандай материалдар қолданылған деп ойлайсың?

Топтық жұмыс. Бояу дақтарымен сурет салуға бола ма? Эксперимент жасап көр.

Ол үшін:

    • Мұғалімнің көмегімен еденге үлкен қағаз жолақша төсе.
    • Сыныптастарыңмен бірге оның бетіне әр түсті бояу дақтарын түсір.
    • Шырын ішетін түтікпен бояу дақтарын жан-жағынан үрле.
    • Араласып кеткен бояу дақтарының арасынан жеке пішіндерді анықта.
    • Оларды сызықтармен толықтырып, суретке айналдыр.
    • Салған суреттеріңді қабырғаға іліп қойып, пайда болған бейнелерді ата.

ДескрипторБілім алушы

  • суретте бейнеленген пішіндерді сипаттайды;
  • қолданылған материалдарды атайды;
  • жұмыстың кезеңдерін сақтай отырып орындайды;
  • бояу дақтарының арасынан пішіндерді анықтап, толықтырып салады;
  • пайда болған бейнелерді атайды.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

Дайындау технологиялары

Оқу мақсаты

1.2.3.1 Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бұйымды жасауда өлшеудің қарапайым тәсілдерін қолданады және бөліктерін дұрыс біріктіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Қағаздан суреттегі жұлдызқұртты жасап көр.

Ол үшін:

  • Түрлі-түсті қағаз, картон, қайшы, желім, қарындаш дайындап ал.
  • Шаблонның көмегімен қағаздан үлкендеу дөңгелек қиып алып, оған жұлдызқұрттың көзін, аузын, мұртшасын желімдеп, басын жаса.
  • Әр түсті қағаздан 8 орташа және1 кіші дөңгелек қиып ал. Бұлар жұлдызқұрттың денесі болады.
  • Дөңгелектердікартонқағаздыңбетінесуреттегідейетіпбіріктіріп, желімде.
  • Өз жұмысыңды сипатта.

Дескриптор Білім алушы

    • бөліктерді тиісті өлшемдерін сақтай отырып қияды;
    • бөліктерді бейненің формасына келтіріп жинақтайды;
    • өз жұмысын сипаттайды.
    • тоқсан

Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым»

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

1.2 Өнер, мәдениет, дәстүрлерді білу және түсіну

Оқу мақсаты

1.1.2.1 Бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Берілген суреттердің жанрын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

1. Суретте кімдер бейнеленген? Бейнелеу өнерінің бұл жанры қалай аталады?

  • Төменде берілген портреттерді сипатта. Қандай айырмашылық байқадың? Суретші олардың жасын қалай бейнелеген?

ДескрипторБілім алушы

    • суреттердегі бейнелерді атайды;
    • бейнелеу өнерінің жанрын анықтайды;
    • портреттердің айырмашылықтарын сипаттайды.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту

Оқу мақсаты

1.1.3.1 Шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) өнердің визуалды суреттеу құралдарымен көрсету

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өз идеясын нақты материалдар мен техникалар арқылы көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Жұмыстарды қандай материалдардан және қандай техникада орындаған? Жұпта ой бөліс.

  • Өзіңе ұнаған техникамен кез келген жұмысты жаса.
  • Жұмысыңды сипатта.

Дескриптор Білім алушы

    • жұмыстардың орындалу техникасы мен материалдарын айтады;
    • жұпта талқылайды;
    • таңдауы бойынша жұмыс жасайды;
    • жұмысын сипаттайды.

2. Суреттегі балалардың көңіл күйлерін сипатта.

  • Сызбаның кезеңдеріне сүйеніп, досыңның портретін салып көр. Оның көңіл күйін көрсет.

ДескрипторБілім алушы

  • суреттегі балалардың көңіл күйлерін анықтайды;
  • сызбадағы кезеңдер арқылы досының портретін салады;
  • портретте досының көңіл күйін нақты көрсетеді.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.1 Қоршаған ортаны бейнелеу

Оқу мақсаты

1.2.1.1Қоршағанортадағыбелгілібірвизуалды элементтерді қарапайым тәсілдермен бейнелеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармашылықидеяларынкөрсетуүшін қоршаған ортаның элементтерін пайдаланады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • Ненің суретін салуды жақсы көресің? Өзіңе ұнайтын заттың суретін сал және боя. Ол туралы жұбыңа айтып бер.

ДескрипторБілім алушы

    • өзі ұнататын заттың суретін салады;
    • затты түсіне келтіріп бояйды;
    • жұмысы туралы жұбымен бөліседі.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары

Оқу мақсаты

1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қарапайым құралдар мен материалдарды қолданып, эксперимент жүргізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Сұрақтарға жауап бер.

  • Суретші қандай түстерді пайдаланған?
  • Ең күңгірт түстер қайсысы?
  • Ең ашық түстер қайсысы?
  • Түстердің реңктері бір-бірінен қалай ерекшеленеді?
  • Тәжірибе жасап көріңіз.
    • Қағазға үш шеңбер сыз.
    • Әр шеңберді сары түспен боя.
    •  Әр шеңберге әр түрлі мөлшерде (тамшылармен) қызыл түс қосып, араластырып көр.
    • Түстерді салыстыр және сипатта.
    •  Сары және көк түстерді, көк пен қызыл түстерді араластырып байқа. Қандай түстер шықты?

Дескриптор Білім алушы

      • сұрақтарға жауап бере отырып, суреттерді сипаттайды;
      • аталған түстерді араластырып,тәжірибе жасайды және өзгерісін сипаттайды.

Ортақ тақырып «Қоршаған әлем»

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

1.1 Қоршаған ортаны білу және түсіну

Оқу мақсаты

1.1.1.1. Қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем, фактура) анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қоршаған ортадағы таныс бейнелер мен пішіндерді ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

  • Суреттерге мұқият қара. Үлгіге сүйеніп, пейзаждағы алдыңғы және артқы көріністе бейнеленген заттарды ата.

Шығармашылық жұмыс: Алдыңғы және артқы көріністерін ескере отырып, өз ауылыңның немесе қалаңның суретін сал.

Дескриптор Білім алушы

    • алдыңғы және артқы көріністегі заттарды атайды;
    • суреттің алдыңғы және артқы көріністерін дұрыс сақтап салады;
    • өз жұмысында бейнелерді нақты көрсетеді;
    • түстердің үйлесімділігін сақтайды.
  • Суреттегі жануарларды анықта. Біреуін таңдап алып, түсіне келтіріп боя.
  • Жануарларды қандай топтарға бөлуге болады? Олар туралы не білесің? Жұпта әңгімеле.

Дескриптор Білім алушы

    • суреттердің арасынан нақты бейнені анықтайды;
    • суретті түсіне келтіріп бояйды;
    • жұпта айтады.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмсты жасау және дайындау

2.1 Қоршаған ортаны бейнелеу

Оқу мақсаты

1.2.1.1 Қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды элементтерді қарапайым тәсілдермен бейнелеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармашылық идеяларын көрсету үшін қоршаған ортаның элементтерін пайдаланады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Суреттерге мұқият қара. Суреттерде қандай табиғат құбылыстары бейнеленген?

  • Қандай түстер қолданылған?
  • Қандай материалдар пайдаланылған?
  • Қандай техникада орындалған?
  • Ауа райын бейнелейтін шығармашылық жұмыс жаса.

Дескриптор Білім алушы

    • суретте бейнеленген табиғат құбылыстарын (түсін, техникасын, материалдарын) сипаттайды;
    • өз жұмысында бейнелер мен пішіндердің, түстердің үйлесімділігін сақтайды.

2. Суреттегі жұмыстың орындалу кезеңдеріне мұқият қара. Сол бойынша жіппен сурет салып көр.

Ескерту: кез келген түсті пайдалануға болады.

Ол үшін:

    • Жіпті ыдыстағы езілген бояуға салып, боя.
    • Жіпті екіге бүктелген қағаздың бір бөлігіне иректеп орналастыр.
    • Жіптің бір шеті міндетті түрде қағаздың астынан шығып тұруы қажет.
    • Қағаздың екінші бөлігін жауып, үстінен кітаппен бастыр.
    • Бір қолыңмен кітаптың үстінен қаттырақ басып тұрып, жіпті астыңғы жағынан суырып тартып ал.
    • Нәтижесінде қандай сурет шыққанын әңгімеле.

Дескриптор Білім алушы

      • жұмысты кезеңдер бойынша дұрыс орындайды;
      • өз жұмысын сипаттайды.

Бөлім Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары

Оқу мақсаты

1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қарапайым құралдар мен материалдарды қолданып, эксперимент жүргізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • Суреттерге мұқият қара. Бұл жұмыстар қалай жасалған? Қандай материалдар қолданылған? Жұпта талқыла.

Жұптаса отырып табиғи материалдардан ұқсас композиция құрастырып көр.

Ол үшін:

    • Әртүрлі табиғи материалдар дайындап ал.
    • Таңдалған материалдар негізінде болашақ жұмысыңның эскизін сал.
    • Таңдап алған материалыңмен «үлкенінен кішіге» немесе «ұсақтан іріге» тәсілдері арқылы композиция құрастыр.
    • Жұмысыңды сыныптастарыңа таныстыр.

Дескриптор Білім алушы

      • жұмыста қолданылған материалдарды анықтайды;
      • табиғи материалдардан қызықты композиция құрастырады;
      • өз жұмыстарын таныстырады.
  • Суреттерге мұқият қара. Оның жасалу тәсілін сипатта.
    • Ермексаздан өзіңе ұнаған бір немесе кез келген басқа бейне жасап көр.

Ол үшін:

    • Алдымен не жасайтыныңды ойластыр;
    • Қажетті түстегі ермексазды таңдап ал;
    • Жіпке ұқсатып жіңішкелеп шират;
    • Ширатылған ермексазды айналдыра отырып, бейне жаса.

Дескриптор Білім алушы

      • жұмыстың орындалу техникасын сипаттайды;
      • ермексазды дұрыс ширатады;
      • айналдыра орындау тәсілін сақтай отырып, бейне жасайды.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмсты жасау және дайындау

2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқу мақсаты

1.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құралдарды қауіпсіз қолдану ережесін сақтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Қайшыны дұрыс қолдануды бейнелейтін суреттерді белгіле және ережесін түсіндір.

Дескриптор Білім алушы

  • қайшыны дұрыс қолдануға және ұсынуға қатысты суреттерді анықтайды;
  • қайшыны қолдануға қатысты қауіпсіздік ережесін түсіндіреді.

2. Топтық жұмыс. Түрлі құралдармен және материалдармен жұмыс істеу кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесін құрастыр және түсіндір.

Ескерту: Ережені суреттермен бейнелеп көрсетуге де болады.

Дескриптор Білім алушы

  • әртүрлі құралдармен жұмыс істеуге қатысты қауіпсіздік ережесін құрастырады;
  • қауіпсіздік ережесін түсіндіреді.

Бөлім

Бөлімше

Презентация, талдау және бағалау

3.3 Шығармашылық жұмысты талқылау және бағалау

Оқу мақсаты

1.3.3.1 Шығармашылық жұмысын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өз жұмыстарын таныстырады және сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • Өз жұмысыңды төмендегі жоспар бойынша таныстыр.

Жоспар:

    • Жұмысыңды қалай атағаныңды айт.
    • Қандай материалдар қолдандың?
    • Қандай техникада орындадың?
    • Жұмыс барысында қандай қиыншылықтар болды?
    • Не ұнады? Нені жақсарту керек деп ойлайсың?

Дескриптор Білім алушы

      • өз жұмысының атауын таныстырады;
      • қолданылған материалдарды атайды;
      • орындау техникасын түсіндіреді;
      • кездескен қиыншылықтар мен ұнайтын тұстарын айтады;
      • өз жұмысын бағалайды.
  • Өз жұмысыңды таныстыру тәсілін ойлап тап. Оның жоспарын құрастыр. Құрастырған жоспарың бойынша жұмысыңды таныстыр.

Дескриптор Білім алушы

  • жұмысын таныстырудың тәсілін құрастырып, жоспарлайды;
  • құрастырған жоспарымен жұмысын таныстырып, көрсетеді.
    • тоқсан

Ортақ тақырып «Саяхат»

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

1.2 Өнер, мәдениет және дәстүрлерді білу және түсіну

Оқу мақсаты

1.1.2.2 Қазақ халқының қолданбалы өнерінің негізгі элементтерін (ою-өрнектері, түстер, материалдар) анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ою-өрнекті қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Қазақ халқының ұлттық киімдерін ата. Оларға түрлі ою-өрнектер салып, түрлі-түсті қарындаштармен боя.

ДескрипторБілім алушы

        • суреттерді ұлттық ою-өрнектермен толықтырады;
        • ұлттық қиімдерді түсіне үйлестіріп бояйды.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмсты жасау және дайындау

2.2 Материалдар және өнердегі жұмыс техникалары

Оқу мақсаты

1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қарапайым құралдар мен материалдарды қолданып, эксперимент жүргізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Шығармашылық жұмыс. Шашырату әдісі арқылы ғарышты бейнеле.

Ол үшін:

  • Қағазға әртүрлі ғарыштық пішіндерді салып, қиып ал.
  • Қиып алынған пішіндерді қара немесе көк түсті қағаздың бетіне жеке- жеке орналастыр.
  • Қағаздың бетіне тіс тазалайтын ысқышпен әр түсті бояу шашырат.
  • Қағаздың бетіндегі жекелеген бөлшектерді алып тастап, орнындағы суретті бояумен толықтыр.

ДескрипторБілім алушы

    • ғарышқа қатысты пішіндерді салып, ұқыпты қиып алады;
    • тақырыптық композиция құрастырып, бөлшектерді орналастырады;
    • сәйкес түстерді таңдайды;
    • бояуды ұқыпты және біркелкі шашыратады;
    • жұмысты көркем безендіреді.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.3 Дайындау технологиялары

Оқу мақсаты

1.2.3.2. Айқындалған материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) қарапайым көлемді пішіндерді жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Түрлі материалдарды қолданып, пішіндер жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Суреттен не көріп тұрсың? Ол неден және қалай жасалған? Мұндай әдіс қалай аталады?

  • Бүктеу арқылы күшіктің бетпердесін жаса. Жұмысты сызба бойынша орында.

ДескрипторБілім алушы

    • суреттегі бейнелерді атайды;
    • сурет бойынша бүктеу кезеңдерін дұрыс орындайды;
    • бетпердені қосымша элементтермен (күшіктің көзі, тұмсығы) толықтырады.

2. Суреттегі құстарға арналған жемсауыттардың неден және қалай жасалғанына көңіл бөл. Жұпта талқыла.

Қолданыстан шыққан әр түрлі материалдарды ( айран, сүт, шырын, аяқ киімнің қораптары және т.б.) қолданып, құстарға арналған жемсауыт жаса.

Ескерту: Құстарға жем жеуге ыңғайлы болу үшін терезелерін үлкендеу етіп ой. Үшкір, өткір заттармен жұмыс істеу барысында абай бол!

ДескрипторБілім алушы

  • жұмыстың эскизін сызады;
  • жемсауытты талапқа сай (терезелерін кең, іліп қоюға ыңғайлы етіп) жасайды.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.3 Дайындау технологиялары

Оқу мақсаты

1.2.3.3 Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ұлттық элементтерді шығармашылық жұмыстарында қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мұғалім ұсынған қазақ музыкалық құралдарының шаблонын таңда. Оны төменде берілген ою-өрнек шаблондарымен әшекейле.

Жұмыс кезеңі:

Төменде көрсетілген қазақтың ою-өрнегі салынған картон шаблонды таңда;

  • Шаблондағы дайын ою-өрнекті қиып ал.
  • Дайын шаблондағы ою-өрнекпен қай жерді безендіретініңді анықта.
  • Қиып алған ою-өрнегіңді музыкалық аспапқа желімде.

ДескрипторБілім алушы

    • музыкалық аспаптың бір шаблонын таңдайды;
    • берілген қазақтың ою-өрнегі салынған шаблонды таңдайды;
    • дайын ою-өрнекті қиып алады;
    • ою-өрнекпен қай жерді безендіретінін анықтайды;
    • дайын ою-өрнегін музыкалық аспапқа желімдейді.

Ортақ тақырып «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

1.2 Өнер, мәдениет, дәстүрлерді білу және түсіну

Оқу мақсаты

1.1.2.2 Қазақ халқының қолданбалы өнерінің негізгі элементтерін (ою-өрнектері, түстер, материалдар) анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жұмыстарында ою-өрнектерді, түстерді материалдарды пайдаланады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Әр түрлі бояу құралдарын қолданып,киіз үйдің сыртын безендір.

ДескрипторБілім алушы

  • бояу түрлерін қолданады;
  • киіз үйді ою-өрнектермен безендіреді.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.3 Дайындау технологиялары

Оқу мақсаты

1.2.3.1 Қарапайым тәсілдер мен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бұйымды жасауда өлшеудің қарапайымтәсілдерін қолданады және бөліктерін дұрыс біріктіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Суреттегі музыкалық аспаптарды ата. Олар қандай материалдардан жасалған?

Жұптық жұмыс. Қолда бар әртүрлі қарапайым материалдарды қолданып, кез келген музыкалық аспап жаса.

Ол үшін:

  • Жасайтын музыкалық аспапты анықта.
  • Аспаптың эскизін сал.
  • Аспаптың қажетті бөлшектерін дайында.
  • Жеке бөлшектерін біріктір.

Ескерту: Үшкір, өткір заттармен жұмыс істеген кезде абай болыңдар!

ДескрипторБілім алушы

    • музыкалық аспаптардың қандай материалдардан жасалғанын анықтайды;
    • жұбымен ақылдасып, нобай сызады;
    • аспаптың жеке бөліктерін дұрыс өлшейді;
    • жеке бөлшектерін дұрыс жинақтайды.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.3 Дайындау технологиялары

Оқу мақсаты

1.2.3.3 Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармашылық жұмысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін пайдаланады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Суреттегі музыкалық аспаптарды ата. Олардың жетіспейтін бөлшектерін сал және ұлттық ою-өрнектермен безендір.

ДескрипторБілім алушы

  • музыкалық аспаптардың бөлшектерін толықтырып салады;
  • аспапқа лайықты ұлттық өрнектерді қолданады.

Бөлім Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

    • Қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқу мақсаты1.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану

Бағалау критерийіБілім алушы

      • Құралдарды қауіпсіз қолдану ережесін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • Құралдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесі туралы айтылған сөйлемдерді мұқият тыңдаңыз. Олардың дұрыс/бұрыстығын ажыратып, тұсындағы торкөзге «+» немесе «-» белгісін қойыңыз.

1.

Қайшыны теріс жағымен ұсыну керек.

2.

Сыныптағы құралдармен ойнауға болады.

3.

Ермексазды ауызға салып көруге болады.

4.

Инені киімге қадап қоюға болмайды.

5.

Желімді қолмен жағуға болады.

6.

Инемен ойнауға болмайды.

Дескриптор Білім алушы

- сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын анықтайды және белгілейді.

  • Суреттерге мұқият қараңыз. Үшкір заттармен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесі сақталмаған суретті белгілеңіз және түсіндіріңіз.

Дескриптор Білім алушы

    • үшкір заттармен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережесі сақталмаған суретті анықтайды;
    • өз ойын түсіндіреді.

Бөлім

Бөлімше

Презентация, талдау және бағалау

3.1 Презентация

Оқу мақсаты

1.3.3.1 Шығармашылық жұмысын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өз жұмыстарын таныстырады және сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Алдыңғы сабақтарда жұптаса жасаған музыкалық аспапты төмендегі жоспар бойынша таныстыр.

Жоспар:

  • Жұбыңмен қандай аспап жасадың?
  • Қандай материалдарды қолдандың?
  • Бөлшектерді қалай біріктірдің?
  • Сол аспапта ойнап көрсет. Аспаптың шығарған дыбысын сипатта.

ДескрипторБілім алушы

    • жасаған аспабын таныстырады;
    • аспаптан шыққан дыбысты сипаттайды.
    • тоқсан

Ортақ тақырып «Тағам және сусын»

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.1 Қоршаған ортаны бейнелеу

Оқу мақсаты

1.2.1.1Қоршағанортадағыбелгілі бір визуалды элементтерді қарапайым тәсілдермен бейнелеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармашылықидеяларынкөрсетуүшін қоршаған ортаның элементтерін пайдаланады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Шығармашылық жұмыс.

Матаның бетіне жемістер мен көкөністерден баспа бас.

Ол үшін:

  • Баспа басатын мата/қағаз, жеміс немесе көкөністі дайындап ал.
  • Қандай композиция құрастыратыныңды ойластыр.
  • Қажетті жеміс/көкөністі таңдап алып, бояуға батыр.
  • Баспаны басар алдында басқа қағазға бір рет басып ал (бұл бедердің дұрыс басылуына әсер етеді).
  • Осы әдіспен жұмысты жалғастыр.

ДескрипторБілім алушы

    • қызықты композиция ойластырады;
    • жұмысты кезең-кезеңмен ұқыпты орындайды.
  • тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Әр суреттің орындалу тәсілін сипатта. Қандай құралдармен және қалай орындалған?

    • Өзіңе ұнаған тәсілді таңдап алып, жұмыс жаса.
    • Өз жұмысыңды сипатта.

ДескрипторБілім алушы

      • суреттердің орындалу тәсілін анықтайды;
      • таңдаған тәсілде жұмыс жасайды;
      • өз жұмысын түсіндіреді.

Бөлім Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары

Оқу мақсаты

1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қарапайым құралдар мен материалдарды қолданып, эксперимент жүргізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Берілген коллажға мұқият қара. Әр бөліктегі зат пен оның фонының түсіне назар аудар. Не байқадың?

Топтық жұмыс (топта 4 оқушы болуы тиіс):

  • Мұғалім ұсынған жемістер мен көкөністердің үлгісін бір-бірден бөліп алыңдар.
  • Үлгіні заттың түсіне келтіріп боя.
  • Топта талқылай отырып, коллаждың фонының түстерін анықта.
  • Үлгіні тиісті фонға желімде.
  • Барлық жұмыстарды біріктіріп, коллаж құрастыр.

Дескриптор Білім алушы

    • үлгіні түсіне келтіріп бояйды;
    • фонның түсін дұрыс үйлестіреді;
    • жұмыстарын біріктіріп, коллаж жасайды;
    • коллаждың үйлесімділігін сақтайды.

2. Түрлі-түсті қағаздардан көлемді жемістер жасап көр.

Ол үшін:

  • Қағазды ортасынан екіге бүктеп, алманың бір жақ бетін сыз. Қайшымен дәл осындай 6 пішін қиып ал. (1-сурет)
  • Пішіндердің шетін беттестіре отырып, айналдыра желімде. (2-сурет)
  • Алманың өзегін, дәндерін және жапырағын қиып ал және желімде. (3-4 сурет)

ДескрипторБілім алушы

    • жұмыстың бөлшектерін дұрыс дайындайды;
    • түстердің үйлесімділігін сақтайды;
    • пішіндерді дұрыс біріктіреді.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқу мақсаты

1.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құралдарды қауіпсіз қолданудың ережесін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • Қауіпсіздік ережесін толықтырып жаз.

 Бояумен жұмыс:Ермексазбен жұмыс: 1.1.

2.2.

ДескрипторБілім алушы

    • бояумен жұмыс жасауда сақталатын қауіпсіздік ережесін жазады;
    • ермексазбен жұмыс жасауда сақталатын қауіпсіздік ережесін жазады.
  • Ұсақ заттармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін айт.

ДескрипторБілім алушы

    • ұсақ заттармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін айтады.

Бөлім

Бөлімше

Презентация, талдау және бағалау

3.3 Шығармашылық жұмысты талқылау және бағалау

Оқу мақсаты

1.3.3.1 Шығармашылық жұмысын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өз жұмыстарын таныстырады және сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Баспа басу әдісімен жасаған жұмысыңды таныстыр.

  • Баспа басу үшін қандай материалдарды қолдандың?
  • Баспаны қалай жасадың?
  • Қандай түстерді пайдаландың?
  • Бұл техника арқылы тағы қандай заттар жасағың келеді?

Дескриптор Білім алушы

    • қолданған материалдарын атайды;
    • жұмыстың жасалу техникасын түсіндіреді.

2. Жемістер мен көкөністер бөлімінде жасаған жұмысыңның бірін таныстыр.

  • Жұмысыңды қалай атадың?
  • Өз жұмысыңды сипаттап айт.
  • Жұмыс барысында не ұнады?
  • Қандай қиындықтар кездесті?

ДескрипторБілім алушы

    • өз жұмысының мазмұнын сипаттайды.
    • жұмыстың жақсы/осал тұстарын айтады.

Ортақ тақырып «Дені саудың - жаны сау»

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту

1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту

Оқу мақсаты

1.1.3.1 Шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл- күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдармен көрсету

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көркем құралдармен жұмыс істейді
  • Сурет арқылы көңіл-күйін мінезін ашады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • Суреттегі баланың көңіл-күйін сипаттап жаз және суретті боя.

ДескрипторБілім алушы

    • көңіл-күйді сипаттап жазады;
    • көркем сурет құралдарымен жұмыс істейді;
    • суретті ұқыптылықпен бояйды.
  • Берілген суреттерден ұлттық биді бейнелейтін сұлбаны белгілеңіз және сипаттаңыз.

Дескриптор Білім алушы

    • ұлттық нақыштағы сұлбаны анықтайды және сипаттайды.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.3 Дайындау технологиялары

Оқу мақсаты

1.2.3.2 Айқындалған материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары)қарапайым көлемді пішіндерді жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Түрлі материалдарды (ермексаз, қолданыстан шыққан заттар, қағаз материалдары және т.б.) қолданып, көлемді пішіндер жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Ермексаздан ұнататын спорт түрін таңдап алып, оның құралдары мен киімдерін жаса.

Ол үшін:

  • Өзіңе ұнайтын спорт түрін таңдап ал.
  • Ермексаздан құралдары мен киімдерінің пішінін жаса.
  • Қосымша бөлшектерін біріктір.
  • Қатырма қағаздан жолақша қиып ал.
  • Жұмысыңды қатырма қағазға бекіт.

Дескриптор Білім алушы

- нұсқауға сүйеніп, ермексазбен жұмыс жасайды.

Бөлім

Бөлімше

Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау

2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқу мақсаты

1.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құралдарды қауіпсіз қолдану ережесін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Топтық жұмыс. Еңбек сабағына қатысты қауіпсіздік ережесіне арналған плакат жасаңдар.

Ол үшін:

  • Қандай құралдарға қатысты жұмыс жасайтындықтарыңды анықтап, ой бөлісіңдер.
  • Қауіпсіздік ережесін сақтауға қатысты белгілер ойластырып, суретін салыңдар.
  • Жұмысты бірлесіп бояңдар.
  • Өз жұмыстарыңды таныстырыңдар.

ДескрипторБілім алушы

    • техника қауіпсіздігін бейнелейтін суреттер салады;
    • қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді.
  • Құралдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесі туралы айтылған сөйлемдерді мұқият тыңда. Олардың дұрыс/бұрыстығын ажыратып, тұсындағы торкөзге «+» немесе «-» белгісін қой.
    • Құралдардың үшкір жағын өзіңе қаратып ұстауға болмайды.
    • Жұмыс кезінде алаңдап отыру керек.
    • Жұмысты бітірген соң қолды сабындап жуу керек.
    • Ине мен жіпті сыртқы қаптамасымен бірге беру керек.

ДескрипторБілім алушы

-қауіпсіздік ережелерінің дұрыс/бұрыстығын анықтайды және белгілейді.

Бөлім

Бөлімше

Презентация, талдау және бағалау

3.1 Презентация

Оқу мақсаты

1.3.1.1 Өзінің жұмысын (эскиз, бұйым) қарапайым тәсілдермен таныстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Өз жұмыстарын таныстырады және сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • Көрмеге шығарған жұмыстарыңды таныстыр.
    • Көрмеге шығарған жұмысыңды таныстыр.
    • Оны таңдап алған себебің.
    • Қандай материалдар қолданып жасадың.
    • Жұмысты қандай техникада орындадың?

ДескрипторБілім алушы

  • көрмеге шығарған жұмысында қолданылған материалдар мен техниканы сипаттайды;
  • кездескен қиыншылықтары мен жақсы тұстарын атайды.
  • Төмендегі жоспарға сүйеніп, тоқсан көлемінде жасаған жұмыстарыңның біреуін таныстыр.
    • Бұл жұмысты таңдаған себебің.
    • Жұмысың қандай техникада орындалған?
    • Қандай материалдарды қолдандың?

ДескрипторБілім алушы

- таңдаған жұмысын жоспар бойынша таныстырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу