Бәрі жалған - өлең

Бәрі жалғанБақытты болу деген үлкен арман,Бола бермес бақытты барлық адам.Өмірің өз қолыңда білесіңбе?Тағдырдың жазғанымен бәрі болған.Өткен істі қайтару келмес қолдан,Өткен өмір шықпайды қайта алдыңнан.Тағдырдың айтқанымен бәрі болар,Себебеі бұл өмірде бәрі жалған.Білмедім мен дәл осылай б...
Word құжаттары
Толық

Маңғыстауым киелі мекенім...

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады Мен туған өлкем Маңғыстау туралы толғасам алдымен 362 әулие мекендеген киелі аймақ екенін айтамын. Менің Маңғыстауымда Қазақстанның жеті кереметінің бірі - Бекет Ата жерасты мешіті Оғыланды шоқысына қашалған, үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлмесі бар, тарихи-сәулет ескерткіш орналасқан.Бекет ата 1750 жылы туылып , емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар.......
Шығармалар
Толық

Экономика | Экономика және бюджет жоспарлау Маңғыстау облысы

Кіріспе
Экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында елімізде көптеген алғышарттар жасалуда. Президентіміздің осы жылдың 27 ақпанындағы Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, жиырма төртінші бағытындағы Жаңа Кезеңнің дамуына қарай, әкімшілік реформаларды іске асыру және атқарушы билік құрылымдарын ілгерілету бойынша келесідей ұсыныс берілген: әрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспары болуы керек, барлық мемлекеттік органдар қызметінің мақсаты, басымдылықтары айқындалып, нысаналы көрсеткіштері белгіленуге, әр мемлекеттік қызметшінің жұмысы соларға жетуге бағдарлануы шарт. Мұның өзі жоспардың қажеттілігінің айқындығын сипаттайды. Жоспарлау үрдісінің мазмұны халық шаруашылық көрсеткіштерін әзірлеу, негіздеу, орындаудың жағдайын жасау мен оны ұйымдастыру болып табылады. Халық шаруашылығын жоспарлау- іс жүзіндегі көп қырлы қызмет қана емес, сонымен бірге өзінің қажеттілігінен туған кең ауқымды экономикалық ғылымның аясы. Экономикалық ғылымдар жүйесінде халық шаруашылығын жоспарлау саяси экономия мен салалық экономика деген бөліктерден тұрады. Саяси экономия қоғамдық үздіксіз өндірістің дамуының заңдылықтарын қарастырады. Осы заңдылықтарды талдау шаруашылық жоспарлардың мазмұнын анықтайтын, қоғамдық өнімнің үздіксіз өндірісінің заңдылықтарын сипаттайтын жоспарлау ғылымының теориялық базасын қалыптастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ»ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰНАЙДЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ ҚҰБЫР ЖҰЙЕЛЕРІ

КІРІСПЕ
Қазіргі заманда мұнайдың адам өмірінде алатын орны өте зор. Қазіргі таңда мұнай бағасының күрт өсуі, оған дген сұраныстың артуын айқындайды. Маңғыстау мұнай нарығында негізгі компаниялар «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнайгаз». Бірақ соңғы кезде инвестиционды компаниялардың ролі өте жоғары болып келеді. Басты кен орындар Жетібайда, Қаламқаста, Қаражанбаста, Тасболтта, Опорныйда орналасқан. Маңғыстауда мұнайдың ролі оте зор, мұнайшы мамандығыда жоғары бағаланады. Маңғыстау өлкесі Қазақстан Республикасының мұнайлы аймақтарының бірі болып келеді. Мұнайдан басқа Маңғыстауда мал шаруашылығы, атым энергетикасы, уранды өндіру және газ өндіру саласы өте жақсы дамыған.
Зерттеу объектісі: «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік Қоғамы және оның еншілес компаниялары. Өлкеміздегі ең ірі мұнай өндіру компаниясы бұл «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ. Республикамыздың экономикасының өркенеуіне үлкен үлесін қосып келеді. Компанияның екі ірі кен орны, олар Жетібай және Қаламқас. Маңғыстау аймағында көп жылғы іздеу жұмыстарының алғашқы жемісі Жетібай кен орны Оңт. Маңғыстау өңірінде 1961 жылы ашылды. Ал солт.Бозашы өңірінде 1974 жылы Қаламқас кен орны өзінің қоры жөнінен Маңғыстау аймағында екінші орын алады. Компаниямен бірлесіп жұмыс істейтін серіктестіктері, ұғылар қорын пайдаланумен, бұрғылаумен айналысатын “Oil Service Company” компаниясының, автокөлік және арнаулы техникалар кәсіпорындары “Oil Transport Cоrporation”, құрылысшылар мен монтажшылардың “Маңғыстаумұнайжолдары”, “Маңғыстаумұнара” және “Нефтестрой” еншілес серіктестіктері жаңадан құрылған “Oil Constraction Company” кәсіпорнының, тереңдікте пайдаланылатын мұнай сораптарын сынақтан өткізетін және жөндейтін “Techno Trading” кәсіпорнының, шыныпластикалық құбыр заводының, Ақтау қалалық су тұщытатын заводының, ғылыми өндіріс орталығының негізгі іс-әрекеттерін айта кетсек, осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері компания қызметінің бірқалыпты жағдайда болуына елеулі секптігін тигізеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | «МАҢҒЫСТАУГЕОЛОГИЯ» АҚ – НЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

КІРІСПЕ
Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелік күреспен ынталандырылатын шаруашылық ізденіссіз, жаңашылдықсыз жүзеге асыра алмайды. Нарық жағдайында тек қана өз өнімінің жоғары сапсы мен тұрақты жаңаруын қамтамасыз ететін кәсіпорын жеңіске жете алады.
Кәсіпкерлік – осы қызметтің барлық қатысушылары үшін өзара тиімді нәтижелер мен табысқа қол жеткізу мақсатында меншікті қарыз және басқа да қаражаттар есебінен өз тәуекелімен жүзеге асырылатын ынталы шаруашылық қызмет.
Кәсіпкерлік қызметтің басқа коммерциялық емес құрылымдардан ерекшелігі болып табыстар мен шығыстар арасындағы айырбас ретінде пайдаға қол жеткізу болып табылатын, өз иелігіне қарыз меншігін алып кәсіпкер жаңа өнім шығаруды ұйымдастырады, тиімді коммерциялық байланыстарды жүргізеді.Айналымға өзінің капиталын және басқаның капиталын жіберіп, өзіне пайда алады. Сәйкесінше кәсіпкер нарықтық байланыстарды орнататын, өндірісті қалыптастыратын және кеңейтетін нарықта белсенді іс- әрекет етуші болып табылады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономиаклық дамуының жаңа сатысы экономикалық ғылымға көп деген проблемаларды тудыруда. Бәсекеге қабілетті экономиканы құру және «Қазақстан-2030»атты ұзақ мерзімді стратегияны жүзеге асыру шаруашылықтың барлық басқарудың тиімділігін қажет етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына жолдауындағы бірінші приоритетін жүзеге асыруда – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына енуі: «Қазақстан жаңа технологияны ойлап табушы мен дамытушы халықаралық акционерлік компания ретінде қатысады» деп анықталды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Маңғыстаудың ежелгі қалалары

Маңғыстау - республикамыздың даңқын әлемге әйгілеп отырған қазына қоймасы, мұнайдың өлкесі, көл - көсір тарихы мол өлке. Оның дархан өлкесі Австрия, Швейцария, Нидерланды және Люксембург тектес бірнеше мемлекет түгелімен сиып кетер 8 миллион гектар жерді алып жатқан кең аймақ. Қойнауы - кенге, қыры – мыңғырған малға толы, халқымыздың рухани байлығын әйгілейтін архитектуралық тарихи және мәдени, әдеби мұралар мол сабақталған осы аймақ туралы ертелі - кешті көптеген еңбектер жарық көрген.
Маңғыстау – ерте дәуірден тоғыз жолдың торабы. X - XII ғасырларда Еуропаның көптеген сауда порттары мен қалаларын қамтыған Индия – Орта Азия – Еуропа сауда жолының бірі осы түбек арқылы өткен. Бірқатар еңбектерде Маңғыстау – көне кезден Еуропа – Орта Азия, Орта Азия – Кавказ қақпасы көптеген елдерді байланыстырған, осындай маңызды жолдың бойында болуы Маңғыстаудың мәдени экономикалық саяси өміріне елеулі әсер еткен оның дәуіріне сай үлкен цивилизация орталықтарының дәрежесіне жетуіне әкелген. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Маңғыстаудың экологиялық ахуалы қалай


Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне келетін болсақ, облысымызда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, алайда проблемалар да бірінен соң бірі туындап отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Бұл мақалада ең өзекті деген үш проблемаға тоқталғанды жөн санадық.



Өңірдің басты экологиялық проблемасы ретінде «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын айтуға болады. Бір кездері мұнда Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинатының үш зауытынан барлығы 105 млн. тоннадан астам қалдықтары жиналған. Өз кезегінде бұл жиынтық белсендігі 11,2 мың кюри және 51,8 млн. тонна әлсіз радиоактивтік қалдықдың жиналуына әкеп соқты. Ойпаттың оңтүстік бөлігінде арнаулы жоба жасақталмастан 1994 жылға дейін химиялық-гидрометаллургиялық зауыттың қатты радиоактивті қалдықтары көмілген.

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сағынбаевтың айтуынша, күкірт қышқылы зауытының өндірістік қалдықтары «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының оңтүстік - шығыс бөлігінде, оның санитариялық аймағы шекарасынан тыс жерде. Жасыратыны жоқ, дәл қазіргі уақытта қалдық қоймасының және оның айналасындағы экологиялық жағдайы мәз емес. Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданы халқының табиғи ортасы «экологиялық қысымда» тұрғаны ешқандай күмән келтірмейді.

"Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары, қалдық қоймасының жақын жердегі елді мекендердің экожүйесіне әсерін зерттеу мен бақылау жасау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Яғни, бірінші кезекте «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасының жақын аумақтағы экожүйесіне әсері және қалдықтар қоймасының жақын аумақтағы тұрғындардың денсаулығына экологиялы-генетикалық әсерін бағалап көрген. «Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, санитариялық аймақ ішінде өмір сүретін кеміргіштердің дезоксирибонуклеиндік қышқылы мен хромосомдарына теріс әсері анықталған. Сондай-ақ, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне және генетикалық (тұқымдық) ауруларға минорлы генотиптерді тасушылар түсуі мүмкін деген болжам жасалып отыр», - дейді Серік Сағынбаев.

Бұл проблеманы кешенді шешу мақсатында «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына келтірудің техникалық-экономикалық негіздемесі және бірінші кезеңінің жұмыс жобасының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Нәтижесінде, «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтірудің І кезеңінің жұмыс жобасын іске асыру үшін, республикалық бюджеттен төрт күнтізбелік жылға 17 518,159 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 2017 жылдың II жартыжылдығына – 3 738,786 млн. теңге; 2018 жылы – 5 168,147 млн. теңге; 2019 жылы – 5 426,304 млн. теңге; 2020 жылы – 3 184,922 млн. теңге қаржыландыру жөнінде ұсыныс өтінім берілген. Сонымен қатар Мұнайлы аудандық сотының шешіміне сәйкес, «Қошқар-Ата» қалдық қоймасында орналасқан иесіз қауіпті қалдықтар республикалық меншікке берілді. Жасанды көлдің сұйық фазасын тұрақтандыру мақсатында Ақтау қаласындағы кәріздік тазарту имаратынан (КОС-1) жыл сайын тазаланған 8,4 млн. м3 су құйылады. Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылының санитарлық-гигиеналық, экологиялық жағдайын және микроклиматтын тұрақтандыру үшін «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының оңтүстік бөлігінде жалпы аумағы 8,2 га тәжірибелік жасыл қорғаныш аймағы құрылып жатыр. Сондай-ақ, осыған ұқсас ұзындығы 3 км жасыл қорғаныш аймағын құру жоспарлануда.

Шөлейттенуге қарсы атқарылған жұмыстарды да айтып өту қажет. Маңғыстау облысындағы көшпелі құмдармен күрес жұмыстары қалай жүріп жатырғанды, әрбір тұрғынды мазалайтындығы сөзсіз. Айта кету керек, өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өңіріміздің қарқынды игерілуі қоршаған ортаға түсетін антропогендік фактордың салмағын еселей түскендігі белгілі. Биологиялық алуан-түрліліктің кемуі соның бір көрінісі. Облысымыздың ірі құм массивтерінің жер асты су көздерінің игерілуі, құм массивтерінің қысы-жазы жайылым ретінде пайдаланылуы, және де жергілікті тұрғындардың орман ресурстарын отын ретінде пайдалануы құм сілімдерінің көшуіне әкелді. Мұндай жағдай Қарақия ауданындағы «Түйесу», Маңғыстау ауданындағы «Бостанқұм» және «Қызылқұм» құм массивтерінде көрініс алды. Аталған құм массивтерінің іргесінде орналасқан Сенек, Ұштаған, Тұщықұдық және Шебір ауылдарының тұрғындары табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылуының салдарларының куәсі болды.

2004 жылдан бастап Сенек, 2007 жылдан Ұштаған, 2012 жылдан Тұщықұдық және де 2016 жылдан бастап Шебір ауылын көшпелі құмнан қорғау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл уақыт арасында 2910 гектар аумақты алып жатқан территория қоршалып, фитомелиорация-механикалық жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде қоршалған аумақтың өсімдік жамылғысы толықтай қалпына келді деп қорытындылауға болады.

Елді мекендерді көшпелі құмдардан қорғау жұмыстары алдымен «Түйесу» құм массивінде (Сенек ауылы) 2004 жылдары басталды. 2008 жылға дейін жүргізілген жұмыстарды Алматы қаласының география институты атқарды. Аумақтағы 440 гектар жердегі құм қозғалысы тоқтатылды. 2009-2013 жылдары аумақта 300 гектар құм тоқтату іс шараларын іске асырды. «Бостанқұм» құм сілемінде (Ұштаған ауылы) 2007-2010 жылдар аралығында ауқымды құм тоқтату шаралары іске асырылды. Нәтижесінде тұрғылықты жер маңайындағы 530 гектар аумақтық құм массиві тұрақтанды. 2011-2013 жылдар аралығында 300 гектар аумақтың құм тоқтату іс шаралары іске асырылды. 2011 жылдың аяғында Қызылқұмда (Тұщықұдық ауылы) құм тоқтату жобасы басталды. Жоба 640 гектар жер аумағынын қамтиды. 2011-2013 жылдар аралығында 300 гектар аумақта Тұщықұдық елді мекенін көшпелі құмнан қорғау жұмыстарын іске асырды. 2016 жылы құм тоқтату жұмыстары Маңғыстау ауданының Шебір ауылында басталып жалғасын табуда.



Тағы бір өзекті мәселе, Каспий теңізінің экологиясын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар жайы. Теңізде мұнайдың төгiлуінiң алдын алу және оны жою жөнiндегi өңірлік жоспары әзірленіп облыс әкімдігінің 09.08.2016 жылығы № 249 қаулысымен бекітілді. Сонымен қатар, жер үсті өзен сулары облыс бойынша жоқ екені белгілі. Ал облыс аумағы жер асты су ресурстарымен және де Каспий теңізі айдынымен қамтылған.

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат ресурстарды пайдалануды реттеу басқармасы Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігін қорғау аясында біршама жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, 1399,5 қашықтықты құрайтын Түрікменстан шекарысынан Атырау облысының шекарасына дейін су қорғау аймақтары мен белдеулері орналастырылды. Жыл сайын Экологиялық зерттеу зертханасы Маңғыстау облысының теңіз портының және де мұнай кен орындарының Каспий теңізінің жағалауларына техногенді әсерлерін кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Осы жыл аясында Экологиялық зерттеу зертханасы Гидробиология бөлімімен толысып Каспий теңізінің гидрофлора және гидрофауна жағдайын зерттеуге мүмкіндік алды. Зерттеу жұмыстарының қорытынды есебі экология департаменті, геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы және де мамандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына анықталған экологиялық бұзушылықтарды жоюға шара қолдануға жіберіліп отырады.

Жылда халықаралық Каспий күні қарсаңына облыста мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, сонымен қатар Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің өкілдерімен және де халықаралық беделді ұйымдармен Каспий теңізінің биоресурстарын қорғау мәселесінің аясында түрлі шаралар өткізіліп келеді.

Әрине, экологиялық ахуалды жақсартуға құзырлы органдар барын салуда. Десе де, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жергілікті немесе республикалық бюджеттен қыруар қаржыны жұмсау арқылы шешіле бермейтіні айдан анық. Өкініштісі сол, қоршаған ортаны қорғаудың орнына, қазір қорлайтындар көбейген заман болып тұр. Бір ғана Каспий мәселесін айтатын болсақ, теңіз жағалауын ластануына адамдардың өздері жол беріп отыр. Демек, бұл ретте ең алдымен ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Мұны тек еститін құлақ, сезінтін жүрек болса жетіп жатыр.



Дайындаған Нұрбол Оқуов,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.....
Әңгімелер
Толық

Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы саласының болашағы бар ма

Маңғыстау өңірі Қазақстандағы бірден бір жер үсті су көздері жоқ, қатал табиғатымен ерекшеленетін, экономиканың дамуының негізгі салалары мұнай мен газ өндіру болып табылатын, шөл және шөлейт аймақ. Сол себепті Маңғыстау облысын аграрлық өңірге жатқызу мүмкіндігі шектеулі. Дейтұрғанмен, аграрлық секторды облыс экономикасының дамуының драйверіне айналдыру мақсатында ата кәсіп - мал шаруашылығын қарқынды дамытумен қатар, егін шаруашылығын дамыту іске асырылып келеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Берішбаев мәлімдеді.

Айта кету керек, бірінші жарты жылдықта 2658,5 тонна ет, 3000 тонна сүт, 808,6 мың дана жұмыртқа, 4708,6 тонна ұн, оның ішінде 4513,3 тонна бірінші сұрыпты ұн өндірілген. Жалпы мал шаруашылығы саласында ілгерілеу жоқ емес. Ароөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында, мал шаруашылығында тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру негізгі екі бағыт бойынша айқындалған. .....
Әңгімелер
Толық

Зейнеп Таңжарқызы | Маңғыстау киелі түбек

Маңғыстау- киелі түбек, тұнып тұрған тарих .Киелі түбектің киесі неде, алыстан ем іздеп келушілер әулие Бекеті пір тұтады, ол қайдан келген қасиет, төңірегі тола жазу даланың қандай адуынды дастан жырлары бар, құндылығы рухани жаңғыртылып жүрме? Бұл сансыз сауалдардың жауабын жіпке тізгендей жеткізейін мен.

Өлкеміздің ғұлама жазушысы Әбіш Кекілбаев айтқандай, Маңғыстау - ашық аспан астындағы ашық мұражай сандығы.Өйткені, өлкеге табан тіреген әрбір жолаушының жолдасы әуелі Алла кейін, Пір Бекет рухы әулиелер қолдаған қасиетті мекен.Әйтсе де, қадір-қасиетін ешкім дөп басып айта алмайды.Анығы Бекет атаның ислам дінін тарату мақсатында Мекке-Мединеден шығып, Маңғыстау жерінде мәңгілік қалып қойған деген аңыз бар.360 әулиенің қандай керемет жасағаны жөнінде де нақты дерек жоқ.Әйтеуір,аңызақ желі шипасын беріп, қапырық даласы дертіне дауа болған. Сол арқылы кісілер рухани дүниесіне азық алады,құлағының құрышы жыраулар үнімен көмкеріледі.Көзін көргендер кіші жүз руы Адайдың ұраны да Бекет деседі. Адай десе көпшілігі үрке қарайтын халық,әлі күнге дейін, Маңғыстауды қаһарлы мінезімен қабылдайды.Міне, біздегі мінездік қасиет қайсарлығымен мықты.Нәтижесінде, елмен елді татулыққа біріктіріп,экономика бастауы болған Ұлы жібек жолы да осында жатыр.Діни, ғимараттар мен қырдағы Пір Бекет, ойдағы Саназар бастаған 360 әулиенің қасиеті де елге аян.Оларға өзге өңірлерден келіп табынушылар көп.Маңғазды елдің қасиеті де осында.Сонысымен құнды да құтты мекен!

.....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Маңғыстау майданы

БІРІНШІ БӨЛІМ

І

Әр соғыс майданындай, Маңғыстау мұнай майданының да өзінің маршал, генералдары, полковник, лейтенанттары, солдаттары болды. Ал біздің сөз еткелі тұрған кейіпкерлеріміз — оның маршал, генералдары, полковниктері де емес, қатардағы солдаттары мен ортан қолдай өндіріс командирлері. Әскери тілмен айтсақ, тікелей ұрыс тағдырын шешетін алдыңғы шептің адамдары, өндіріс тетіктері қолдарындағы жұмысшы мамандары.

Қысқасы, бұлар мұнай майданының алдыңғы қатары — жаны, жүрегі.

Әрине, Маңғыстауда ешкім қан төгіп, жау қолынан шаршы метр жер аламын деп жанталасқан емес. Бірақ Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аймағын алып жатқан, солтүстік - шығысында Үстіртке жеткен, ал оңтүстігінде Қарабұғазбен шектескен, мол сулы бір өзені жоқ тек жусан, ақселеу, бұйырғын, ебелек өскен сонау шөлейт, құмайтты, сортаң жапан даланы игеру совет адамына ешбір соғыс майданынан кем тимеген. Ұлы дала өзінің ен байлығын, әрбір шаршы метр жерін орасан қиындықпен берген. Сондықтан да бұл арада бір кезде басталған мұнай тартысын Маңғыстау майданы деп атадық.

Иә, біздің бас кейіпкерлеріміздің көбі осы Маңғыстауда туып-өскен. Ата-бабалары да осы араны көптен бері мекендеп келген. Бұған қандай дәлеліміз бар? Ғалымдар бұл өлкеде түйе бұдан мың жыл бұрын сақ - сармат заманы тұсында да болған дейді. Тіпті біздің дәуірімізден бес ғасыр бұрын, осы арадан көшпенділер бұл қос өркеш жануарды Үндіге де апарған деп жазады. .....
Әңгімелер
Толық