Бәрі жалғанБақытты болу деген үлкен арман,Бола бермес бақытты барлық адам.Өмірің өз қолыңда білесіңбе?Тағдырдың жазғанымен бәрі болған.Өткен істі қайтару келмес қолдан,Өткен өмір шықпайды қайта алдыңнан.Тағдырдың айтқанымен бәрі болар,Себебеі бұл өмірде бәрі жалған.Білмедім мен дәл осылай б...
Бұл нәрсені айтпас бұрын ең алдымен мынаны ескерткіміз келеді. Егер сіздің күйеуіңіз не әкеңіз немесе сол секілді жақыныңыз ащы суға әуес болса, онда мынаны біліңіз: ол кісі қанша алқаш, есі жоқ маскүнем болса да, «оны бітті, бұл енді осымен кетті» деп тастап қоюға болмайды Оған дұға арқылы, іс-әрекет арқылы көмектесуіңіз керек
Сонымен, жақынын арақтан құтқарғысы келген адамға ішімдікті тастаудың мынадай жолдарын ұсынамыз:....
Құрметті сайт оқырмандары! Бүгінгі мақалада сіздерге арнап қазақ қыздарының суреттерін жинақтап жариялап отырмыз. Ішінде қазақ қыздары ұлттық киімде, жылқымен, домбырамен, гүлдер арасында түскен суреттер жарияланды. Осы керемет суреттерді тамашалауды ұсынамыз! Астына ой пікірлеріңізді жазуды ұмытпаңыз!
Жұмбақ шешу – бір сәтке болсын күнделікті қарабайыр тіршіліктен алыстатып, зейініңізді, есте сақтау қабілетіңізді арттырады. Ұсынылып отырған қызықты жұмбақтар топтамасы арқылы миыңызды шынықтырып, ой-өрісіңізді тереңдете түсіңіз.
Өткен алып қашты, жұлып кетті заманда екі қарақшы болыпты. Бұл екеуінің істейтін «кәсібі» момын шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай болса, бұларға өздерінше жазаның ауырын беріп, тырнақтап жинағанды етектеп төгетін болды. Дереу сезсе болғаны, қырдағы малын талап алады, қойшы, алғанда атап-атап алатын болды. «Айып» дейді, «шығуым» дейді, «сойысымызға» дейді, осы сияқты етіп, барлық мал да жүдә болды. Бір күні бұл екеуі кеңесіп: – Бұдан бұлай мұндай ауыл арасын ұрламайық. Қууды көбейтпейік, кесіп алып қалған соң қосу да қиын ғой. Мұның орнына алыстан ұрлайық. Көз көрмес, құлақ естімес жерден, – деді екі қарақшы. – Оған ағайындар да қарсы болмас, өздері аман болған соң олар басқаны ұрлап жатса да, үндемейді, – деп, осы ақылды қорытып, қолдағы бар қалған бір-екі қараны оншақты ешкіге сатты. Ұзақ сапарға шықты. Ауыл бұл екеуінен құтылдық деп, қуанысып, олар қалыпты. Оншақты ешкі бұл екеуінің жол азығы еді, ауылдан бір күндік жерге шыққан соң бір ешкі сойды, біразын жеп, қалған ешкілердің үстіне таңып қояды, өздері бес ешкінің маңымен жүріп отырады. Өздері елсізбен жүріп отырып, бір жарым ай жол жүреді. Ешкі де таусылды. Әйтеуір, ел шетіне келіп қалды. Жапан далада қалмай, осы елді көргеніне өздері де қуанысты. Бұл екеуі аздап кеңеседі, осы елден түсіп, мал-дүние алып қайталық, солай болған соң бірімізге біріміз дыбыстау үшін бұрынғы атымызды атамайық, жаңадан ат қойып алайық, – дейді.......
Ертеде бір Момынбай деген кісі бар екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қаріп-қасыр, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол себепті Құдай тағала бұл Момынбайға аямай үлкен дәулет беріп, мұның төрт түлік малының, алтын-күміс қазынасының қисабы жоқ үлкен бай екен. Ол заманда бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алып, дүнияны құртқан һәм ұрлық-қарлық, залымдықпенен жеті қарақшы атанған бір жеті қу бар екен. Күндерде бір күн бұ қарақшылар өзді-өзі сөйлеседі. Момынбай һешбір кәсіп қылмайды, құр малын баққаннан басқа. Сөйтсе де, оның дәулеті күннен күнге арта береді. Біз қанша азаптанып, тырыссақ та, Құдайым біздің дәулетімізді арттырмайды. – Қой, не қылсақ та, амалдап, осы Момынбайды құртып, дәулетін олжа қылайық, – деседі. Осылайша уағда қылысып, жөні келсе, алдап, жөні келмесе, ұрлап, екі-үш жылдың ішінде-ақ қарақшылар Момынбайдың қисапсыз дәулетін қор қып, тәмам қылады. Момынбай дәулеттен айрылған соң бұрынғы дос-жарлары, ағайындары һәм мұның малын бағып, қызметін қылып, күнін көріп отырған көршілері мұның қылған жақсылығын ұмытып, алды-алдына бытырап кетеді. Сөйтіп, Момынбай мырза деп дүнияға даңқы шыққан, дүнияға малы сыймаған бай жеті қарақшының арқасында қисапсыз дәулеттен айрылып, ағайын-туғаннан, дос-жардан айрылып, қара лашық тігіп, жалғыз үй қалады. Лашықтың іші толған жас бала, кемпірі болса, ауру, төрт түлік малдан қалған жалғыз-ақ – көк есек. Күндерде бір күн Момынбай бұрынғы дәулетін ойлап, жұрттың қылған қошеметін ойлап, һәм өзінің бұ күндегі халін ойлап:......
Пән: Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі Сабақ тақырыбы: Координаталармен берілген екі нүктенің арақашықтығы Осы сабақта қолжеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді; Сабақ мақсаттары: Оқушылар: - екі нүктенің арақашықтығын фомуланы қорытып шығара алады; - екі нүкте арақашықтығын табатын формуланы қолдана алады;......
Кластастар басқосуы деп әлдекім телефон шалып шақыра қалды. Оларды көрмегелі де оншақты жыл өтіпті-ау. Оқу бітірген соң көп санды кластастарымның тасы өрге домалай бастады. Ешбір таныс-тамырым болмағасын мен бір зауытта жұмыс жасап жүрдім. Әйелім мектепте мардымсыз жалақымен сабақ береді. Екеуміз әр айда тапқан аз ғана ақшамен отбасымызды асырап келеміз. Бас қосуға бару ойымда жоқ еді. Бірақ, бала күнгі достардың көңілін қимадым.
Әйелім ұлымның сабақтарына қолғабыс етіп жүр. Бұл қаладағы деңгейі жоғары орта мектепте ақша төлеп оқытуға жағдаймыз белгілі. Алайда бастауышты жақсы нәтижемен аяқтаса, үкімет қаржысымен жақсы мектепте оқуға орай бар еді.
Бас алмай сабақ қарап отырған балама мейірлене қарап қойып, үйден шықтым. Бас қосу осындағы ең ірі «Салтанат» қонақсарайының оңаша бөлмесінде өтеді екен. Мен кірген кезде кластастарым жиналып қалыпты. Дастарқан қыза бастады. Көбі бастық болып алған. Тіпті класта ең нашар оқитын Балтабек те білдей бір соттың бастығы. Бір-бірінің мақтауын асырып, шалқып отырды. Үстелдегі тағамдарға қарап, өз тұрмысымды ойладым. Мына аста-төк дастарқан әйелім екеуміздің үш айлық еңбекақымызбен бірдей. Балтабек мына дастарқанды өзі жайып отырғандай жік-жапар болып, қонақтарға шарап құйып жүр. «Дастарқанды өзім жайып отырмын. Бүгін мен қонақ етейін. Ақшасын өзім төлеймін» дейді кеудесін қағып. Бастық болған қандай жақсы. Қыран-топан дарақы күлкі, сыңғырлап, босап жатқан қымбат бағалы арақ бөтелкелері........
Махаббаттың тұзағына іліну өте қиын екен.Бір ілінсең, шығуың ауыр, әрі соншалықты ұзақ болары анық.Сезім...бір тылсым күш барлық денеңді жаулап алғандай болады.Жүрегіңнің соғысы жиілеп, тек бір пенде үшін соғылып тұрғанын байқайсың.Бұл тылсым күштің астарында қаншама жайттарды басыңнан кешіресің.Сол үшін де сен бақыттысың!!! Осындай сезімді мен де бастан кешіремін деп ойламағанмын да...Мен осыдан 2 жыл бұрын ғана өзге жан етінмін..қазіргі қалпыммен салыстыру өте қиын...мен бүгін өзге жанға айналғандаймын...мені әлде, махаббаттың тылсым күші өзгертіп жіберді ме екен?! кім білсін?! мүмкін солай да шығар... Мен де бүгін өздерің тәрізді, өзімнің тұла бойымдағы сезімімен бөліскім келіп отыр... - Сол бір кез әлі есімде...жаз айы болатын.Жазғытұрымның кешқұрым шағы...ол кезде мен 9-сынып оқушысымын.(Жаз айларында ауылда болғаның қандай керемет десеңші?! Қаладағы бір тұрақсыздықтан, у-шудан арыласың!) Кешке, сол ауылдың жастарымен бірге түнделетіп отыру,әңгіме шерту, солармен бірге жүру мен үшін өте қызық болатын! 2010-шы жылдың тамыз айы...21 ші жұлдызы.(Мен сол сәтте ештене байқамаппын да!) Біздің танысуымыз дәл осы күні болып еді.Онымен тағдырымның дәл осы күні тоғысқаны есімнен кетер емес.Уақыт өте келе, біз онымен араласып кеттік.Ол шақтары мен қалада болатынмын, оқу жылы да басталып кеткен.Біз телефон арқылы сойлесіп, бірімізді-біріміз жақын тани бастадық.Қоңыраулар шалысы жиелей берді, жиелей берді.Бір күні, ол маған қоңырау арқылы сезімін білдіріп,сөз салған еді.Мен оны танып, білгеннен бе, білмедім, әлде жай ойын ретінде ғана көргенім бе,білмеймін, онымен бірге болуға жауабымды жай бере салған болатынмын.Уақыт өте берді. Менің қысқы демалыстарым да келіп жеткен еді......