Оқушылардың қабілеттілігіне байланысты іріктеп алған жөн. Спорттағы іріктеу және екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу - келешек спортшымен танысу, оны жан -жақты зертеу. Ол мынадай іріктеуден тұрады: 1) Қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынақтар арқылы бағалау. 2) Дене құрлысы ерекшеліктерін көру, бағалау. 3) Психо- физиологиялық тексерулер (сұрақ қою әдісі). 4) Ата-аналарымен танысу. Екінші іріктеу кезеңінде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударган жөн (организмнің ңұрлысы және дене мүшелері). Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр салмақты болуымен бірге, айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардың аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с. Физиологиялық ерекшеліктер.....
Қай ұлттың тағамдарын алсақ та, майсыз жасалмайды. Себебі май барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Майлар жоғары калориялы тамақ өнімдері болып табылады. Организмде 1 г май тотыққанда 37,7 кДж немесе 9,3 ккал энергия бөлінеді. Майлар жылу бөлумен қатар маңызды физиологиялық мәнге ие. Майлардан адам организмі қажетті май қышқылдарын, витаминдер, фосфатидтер және басқа заттар алады. Биологиялық жағынан өсімдік майлар құнды болып саналады, олардың құрамында қанықпаған май қышқылдары – линол және арахидон болады. Бұл май қышқылдары атеросклероз ауруын тудыратын заттардың түзілуін тежейді. Майлар жеткіліксіз мөлшерде кабылданса, организмнің суық пен инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді [1]. Майлар тамақ өнімдерін аспаздық өңдеуде маңызды орын алады. Көптеген майлар ыдырамый, жанып кетпей, қыздырудың өте жоғары температурасын (200-300 °С) ұстап тұрады, ароматты және бояғыш заттарды жақсы ерітеді. Осыған байланысты дәмді, хош иісті және сыртқы түрі әдемі тағамдар алуға болады. ....
КІРІСПЕ Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл құрамында динамикалық дамудың нәтижесінде қалыптасқан элементтермен қатар, көне дәуірдің куәсы боларлықтай фактілер де кездеседі. Сондықтан тілдің морфологиялық құрылымының тарихи дамуы оны туыс тілдер материалдарымен, тілдік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып Диплом арқылы ғана емес, сол тілдің өз құрамында қалыптасқан тілдік элементтерді Диплом арқылы да ашылады. Қазіргі казақ тілінің осы күнгі морфологиялық кұрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған әдістерді қатар колдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады. Тіліміздегі «есімдер» деп аталатын топқа жататын сөздердің грамматикалық топтары тарихи даму тұрғысынан бір-бірімен ұштасып, байланысып жатады. Мысалы, зат есімнің жеке семантикалық топтарының қалыптасуы жайлы айтқанда дәл сондай тұлғалы сын есімдер тобының қалыптасуын назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондай-ақ, зат есімдер мен сын есімдер жайында әңгімелегенде солармен орайлас қолданылатын сан есімдер мен есімдіктерге де соқпай кетуге болмайды. Бұлардың қазіргі тіліміздегі қызметі мен қолданыс жағынан ыңғайластығы олардың тарихи қалыптасу ерекшеліктерімен ұштасып жатады. Сөздердің грамматикалық топтарға жіктелуі сөйлем ішіндегі мәні мен қызметіне байланысты болған құбылыс. Айталық, сөйлем құрамында үнемі бастауыш қызметінде жұмсалу, яғни, айтылатын ойдың иесін білдіріп, басқа сөздерге тәуелсіз қолданылу зат есімдердің дербес, тәуелсіз қолданылатын сөз ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады. Акад. И.И. Мешанинов бұл туралы: «Зат есім өзінің сөйлемде заттык мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен жіктеліп шықты» – дейді 1, 134 б.. Ал сол зат есімдермен іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз табы ретінде қалыптасуы туралы үндіеуропа тілдерінің материалдары негізінде акад. В.М. Жирмунский: «Грамматикалық жағынан тұлғаланған сын есімдер категориясының қалыптасуы, яғни, есімдердің зат есімдер мен сын есімдерге жіктелуі, үндіеуропа тілдерінде салыстырмалы грамматика әдістері арқылы көрінеді», – дейді 2, 134 б.. Нақ осы тұжырымды түркі тілдеріндегі, солардың бірі – қазақ тіліндегі зат есімдер мен сын есімдерге де қолдануға болады. Алтай тілдері тарихын Дипломшілер де сөз таптарының қалыптасуы туралы осыған ұқсас пікір айтады. Сонымен, есім сөз таптарының грамматикалық топ ретінде қалыптасуы тек зат есімдер мен сын есімдер арасындағы байланыстан ғана көрінбейді, олардың басқа топтарының да алдыңғы екі топқа қатысынан байқалады. Бұл айтылғандарға қоса акад. И.И. Мешаниновтың сөздердің атрибут (анықтауыш) мүше болып жүмсалуынан сын есімдер, пысықтауыш мүше ретінде жұмсалуынан – үстеу қалыптасты дейтін ескертпесін еске алу керек. Егер осы айтылғандардың бәрін қорытындылай келсек, есімдердің әрі грамматикалық топ болуымен бірге, лексикалық та топ екендігін, осы ерекшеліктердің өзі, айналып келгенде, олардың тарихи қалыптасуынан туғандығын көреміз. Көрнекті ғалым М. Томанов «Есім сөз таптарының ішінде оқшау тұратыны – үстеулер. Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілі жағынан да әр қилы. Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болса, бірде етістік негізді болып отырады. Осындай әр тұлғалылық оларды біршама кеш қалыптасқан грамматикалық топ деп қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілдегі көпшілік үстеу сөздердің құрама бөлшектерге оңай ажырауы да соған дәлел» деген өзінің тұжырымын айтады 3, 135 б.. Есімдердің бір тобы – сан есімдер түп негізі жағынан басқа сөз таптарымен ұштасып жататыны тіл білімінде әр кез айтылып келеді. Егер сандық үғымды білдіретін сөздердің қалыптасуы аналитикалық ойдың синтездеу дәрежесіне көтерілуінің нәтижесі екенін еске алсақ, мұндай пікірдің дұрыстығы әсте талас туғызбайды. Сонымен, есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі олардың бірыңғай қалыптасуына алып келді. Есім сөз таптарын, оларға тән категориялар мен тәсілдерді тарихи түрғыдан қарастырғанда да осы ерекшелік ескерілуге тиіс болады. Диплом нысаны: Көне түркі тілінің морфологиялық жүйесін анықтау арқылы қазіргі түркі тілдеріндегі есім сөздердің негізгі заңдылықтарын ашу. Диплом жұмысының мақсаты: Туыстас тілдердің морфологиялық жүйесін Дипломге негіз болатын, түркі тілдеріне байланысты жарық көрген ғылыми еңбектерге сүйене отырып, түркі тілдеріндегі материалдар негізінде есім сөздерді анықтау. Диплом жұмысының міндеттері: ● көне түркі тіліндегі зат есімдерге сипаттама беру; ● көне түркі тіліндегі сын есімдерге сипаттама беру; ● көне түркі тіліндегі сан есімдерге сипаттама беру; ● көне түркі тіліндегі есімдіктерге сипаттама беру;....
Қазақстан Республикасы – егеменді, демократиялық және біртұтас мемлекет. Оның экономикасының жетекші салалары болып табылатын түсті және қара металлургияның мемлекетаралық зор маңызы бар. Берілген "Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)" атты жұмыс еліміздің экономикасына зор үлесін қосады. Қазақстанда бұл саланың айтарлықтай орны ерекше. Жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасының металлургиясын жаңа ГАЖ-функцияларды, картографиялық бегілерді пайдаланып картографиялау. Зерттеліп отырған аймақтың физикалық-географиялық орны айтарлықтай республика өнеркәсібінің дамуына әсер етеді. Алғашқы тарауда жалпы металлургияға, Қазақстанда дамыған кен орындарына басты назар аударылады. Қазақстанның түсті металлургиясының әр саласына жеке тоқталып, орналасу ерекшеліктеріне, түсті металдардың түпкілікті қай жерден табылғандығы, олардың құрамы және қазіргі таңда дамып келе жатқан, сонымен қатар шет ел компанияларымен бірігіп жұмыс істеп жатқан кен орындары туралы сөз етіледі.....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Әдебиеттіміздің тарихындағы әр ғасыр, әр белес өзінің үдемелі өрбуімен көзге түседі. Соның үшін өткен ғасырдың екінші жартысынан ерекше көзге түскен әдеби құбылыстың бір ақынын ғана сөз етудің өзі үлкен мәселе. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарынан поэзиямыздағы қызуы күшті жалын болып келген ақынымыз Мұхтар Шаханов екендігінде дау жоқ. Өзінің бойындағы талантымен, айбынды поэзия үнімен қазақ өлеңіне тың жаңалықтар ақын есімімен байланысты келді. ХХ ғасырдың соңының өзі саналуан оқиғаларға толы болды. Тәуелсіздік үшін күрестің күшейе түсуі, экологиялық апат зардаптарының алабұртуы халық өмірінде ерен із қалдырған жәйттер еді. Ақын М.Шаханов өзі көріп куәсі болған халқымыздың өміріндегі оқиғалардың бәрінің қасында, басында болғысы келген жаратылыс бітімі өзгеше азамат. Оның өлеңдері желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын айқындап берген жалынды поэзия болды. Ұлт рухын төмендетпей, жоғары көтеруді аңсады. Ол – адам рухына қатысты сөз айтушы жағы Қазақ тілі - ұлт тілі туралы бірде шырқырай түсіп, бірде лапылдап жанып тіл мәртебесін көздеп жүрген азамат та, ақын да – М.Шаханов. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз», - [1] деп аршындап дамып келе жатқан мемлекетіміздің рухани құндылықтарына ерекше көңіл аударды. Ақын қай мәселені сөз етсе де әріден бастап, халық өмірінің бүгініне шебер ұштасады. Оның өлеңдеріндегі бастау алар қайнары саналатын достық пен махаббат мәселелері де шынайылық танытады. Ақын қоғам қайраткері М.Шаханов поэзиясының қайнар көздерін саралай түсу жұмыстың өзектілігі болып табылады. Зерттелу деңгейі. Қазақ топырағында туған әдебиет бүгінде өсу, өркендеу үстінде. Оның поэзиясына салмақты үлес қосып келе жатқандардың бірі - ақын М.Шаханов. ол әрі мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері. Ақын өлеңдерін сараптау, сұрыптау және монографиялық тұрғыда зерттелмесе де, баспасөзде соңғы жылдары әсіресе, қаламгердің 60 жылдық мерей-тойынан бері үздіксіз сөз болып келеді. Көптеген әдебиетші ғалымдар М.Шаханов шығармашылығының ауқымды тақырыптары мен өзгеге ұқсамайтын ақындық арыны туралы үзік сырларды айтып та, жазып та жүр. Ғарифолла Есім, Тұманбай Молдағалиев, Жүрсін Ермандардың ақын шығармашылығына арналған мақалаларында Мұхтардың қазіргі күнгі әдебиетіміздегі алатын орны, шығармаларындағы көтерген мәселелерінің көркемдік көкжиектеріне оңды баға берілді. Сондай-ақ Шаханов шығармашылығы шетелдің әдебиет сүйер қауымының да көңілін өзіне аударды. Біз жұмысымызда, баспасөзде жарияланған материалдарға назар тастай алатын ақынның «Ғасырларды безбендеу», «Жаңа қазақтар», «Эверестке шығу», «Компьютербасты жарты адамдар», «Бөдене таланттар мен Қажымұқандар» жинақтары және жеке жарияланған өлңдерін пайдаланып, тақырып аясында өз пікірімізді баяндап, тұжырым жасауға әрекет еттік. Мақсаты мен міндеттері. М.Шаханов поэзиясы көп салалы саналуан тақырыпты қамтиды. Әрбір тақырыпты жырлауға оның түп-төркініне үңіліп, содан бастау алып, бүгінгі күннің тіршілігін терең танымдық тыныспен сипаттайды. Солардың қатарынан бөле жарып өзімізге мыналай мақсат қойдық: - ақынның әдеби ортаға ену кезеңін белгілеу; - ұлттық рухты биіктете түскен шығармаларын талдау; - туған тілімізді қызғаштай қорыған өлеңдерінің идеялық мәнін ашу; - шынайы достықты жырлаған шығармаларының жалпы адамзаттық маңызын танытуы; - махаббат жырларының оттылығы мен ойлылығын көрсету; - ақынның көркемдік әлеміндегі ізденістерінің беттерін ашу. Таңдап алынған ақынның өлең, поэмаларын көз алдымыздан өткізіп, ойымызды топшылап, алға қойған мақсаттарымызды орындауға міндеттендік. Ғылыми жаңалығы. Жоғарыда келтергеніміздей, ақын М.Шаханов шығармашылығын зерттеу жұмыстары қазіргі күнде қолға алына бастады. Ақын шығармашылығының негіздеріндегі ұлттық рух мәселесін, ана тіліміздің бірегей жанашыр ақыны екендігін, поэзияда достық пен махаббатты өлеңдеріне өзек етіп алғандығын жан-жақты қарастыру Мұхтар Шаханов шығармашылығын зерттеуге қосылатын ғылыми жаңалық саналады. Методологиялық негізі. Диплом жұмысында С.Қирабаев , З.Қабдолов, М. Базарбаев, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, Р.Нұрғалиев, Т. Рахымжановтардың еңбектеріндегі әдебиеттану ғылымы жөніндегі тұжырымдар басшылыққа алынды. М.Шахановтың жинақтарымен қатар М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, Қ.Мырзалиевтердің өлеңдер жинағы да дерек көздері ретінде қарастырылды. Жалпы қазіргі күнгі әдебиеттану ғылымынң кейбір жетістіктеріне сүйендік. Жұмыстың кәдеге жарай мүмкіндігі. Жұмыс тікелей ақын шығармаларын сұрыптау, сараптауға арналғандықтан жасалынған тұжырымдар әдебиеттен арнаулы курс ретінде оқуға жарайды. Қазіргі дәуір әдебиетінен лекция оқығанда толық пайдалануға болады. Әдебиеттану саласына арналған конференцияларда баяндама жасауға әбден лайық. Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау (ішкі екі бөлемдерден), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І тарау. Ұлттық рухтың жаңа биігі. 1.2 М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын Адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Төреқұлұлы: «Поэзия – рух пен сұлулық перзенті» - дейді. Үздіксіз ағатын өзен сияқты ұрпақтан-ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұласатын поэзия да мәңгілік. Өзгесін айтпағанда «Тарлан» сыйлығынан тартып, «Нобель» атындағы алтын медальге дейінгі иеленген қайраткер, қаламгер Мұхтар Шаханов мәңгілік поэзияның ірі өкілі. Оның шығармашылығы халқының, ұлтының рухани кәусар бұлағының сусынымен қанығып, қазіргі күнде әлем мойындап отырған терең сезімді, философиялық жағымды шығармаларға толы ақынның бар шығармасына ортақ алтын өзек ─ отанын сүю, адалдық, ізгілік екендігін танып отырмыз. Бүгінгі күні аңсап отырған, сусап отырған ұлттық идеология қалыптастыруда осындай дәуір дауылпазы дерлік, ақын жырларының ролі ерекше. Біз әдебиетшілер ұлы орыс ақыны Некрасовтың «Ақын болу-өз еркің, азамат болу –міндетің» деген қанатты сөзге айналған екі жол өлеңін жақсы білеміз және осы жыр жолдарының кімдерге айна қатесіз тиісті екенін іздейміз де олардың бірі емес, бірегейі біздің жерлесіміз Отырарда туып, Төлебиде өскен М.Шаханов. Бірінің тарихы, бірінің табиғаты таң қалдырған өлкенің екеуіненде ақын М.Шаханов рухани азық ала білген. М.Шахановтың ақындығын азаматтығынан бөліп қарауға болмайды.....
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі ХХІ ғасырдағы адамзаттың шаруашылықтық іс - әрекетінің және қоғамның қарқынды даму барысында көптеген айтарлықтай су жануарларының, соның ішінде балықтар түрлерінің тірішілік ету жағдайының өзгеру көбеюі экологиясы мен кейбір балық түрлерінің дамуының өзгерісіне әкелді. Еліміздің халқын белогы мол тағамдармен қамтамасыз етуде балық шаруашылығының, оның ішінде тоған балық өсіру саласының маңызы өте зор.Осыған байланысты елімізде тоған шаруашылығын өркендетуге зор көңіл бөлініп келеді. Қазіргі тоған балық шаруашылықтарының қажетті материалдық-техникалық базасы, балық өсіруге сәйкесінше әр турлі тоғандар, жем сақтайтын қоймала, инкубациялық аппараттармен және өндіріске керекті заттармен жабдықталған. Қазақстанда тоған балық шаруашылығы соңғы жылдар ішінде құрамын кең жая бастады. Қәзіргі кезде су қоймасының көлемі 6000 га, оларда негізінен тұқы тұқымдас балықтар өсіріледі. Ішкі су көздерінен ауланатын балықтар жоғарғы сапалылығынан құнды. Оларда адам ағзасына аса пайдалы ақуызды заттар көп болды. Қортпа, бекіре, көксерке, сазан сияқты сапасы жоғары балықтар тек қана ішкі су көздерінен – тоған, су қоймалар, өзен-көл сияқты сулардан ауланады. Сондай-ақ бағалы қара уылдырықта ішкі су көздерінің айлығы. ....
Кіріспе Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады. Еліміздің мектептерінде информатика пәні енгізілгеніне 20 жылдан асты. Осы мерзім ішінде есептеуіш техника қарыштап дамып, пән талабы заман талабына сай жетілдірілді. Білім беруді ақпараттандырудың негізі информатиканы үздіксіз оқыту жүйесі болып табылады. Бұдан информатикадан жаңа сапалы білім беру жетістігіне жету құрылып енгізілетін ақпараттық технологиялар дәстүрлі оқыту технологиясымен үндестік таба отырып, дәстүрлі білім беру жүйесімен табиғи түрде интеграцияланған жағдайда ғана жүзеге асады. Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі информатиканы оқу пәні ретінде қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Сондықтан оның компоненттерін талдау мәселелерін ашу өзекті мәселе болып есептеледі, өйткені оларды құрастырмайынша оның әрі қарай дамуы мүмкін емес. Түлектік жұмыстың өзектілігі –информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық әдістемелік негіздерін қолданып, информатиканы орта мектепте оқытудың қазіргі жағдайын, оқыту әдістемесінің жалпы мақсаттары мен мазмұнын және есептер шығару арқылы информатиканы оқытудың әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.....
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІкоммерциялық емес акционерлік қоғам Дүйсен Ислам Сағатұлы Тақырыбы: «Алматы облысы Кербұлақ ауданы жағдайында себу мерзімінің сүрлемдік жүгерінің сапасы мен өніміне әсері&raqu...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫМИНИСТРЛІГІҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІАзам Гүлсая«Қызылорда облысы «Қарауылтөбе» ЖШС жағдайында күрішті себу әдістерінің оның өнімділігіне әсері»ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСМамандығы 5В080100-АгрономияАлматы, 2018 жылМазмұны Кірісп...
КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе қоғамдағы оқу-ағарту, білім беру салаларындағы гуманитарландыру мен демократияландыру процестері, ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуды қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр. “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу обьектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субьектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субьект ретінде көрінуімен бедерленеді”- делінген Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында. Міне, мынадай мақсатқа жету - білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс- тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді. Ұлы ғалым-педагогтар (Әл-Фараби, Я.А.Коменский, И.Г. Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, И.Герберт, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин т.б) оқыту әдістері арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттері мен дербестігін дамытуға баса назар аударғаны тегін емес. Жалпы оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар, оған үлес қосқандар да баршылық. 20-жылдары Ресейлік Б.Е.Райков, К.И.Ягодовский, М.М.Пистрак оқытудың түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін ұсынды. 30-жылдары Ресейлік М.М.Пистрак, П.Н.Щимбириев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа әдістерін: әңгіме, әңгімелесу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмысты ұсынды. 50-жылдары Д.О.Лордкипанидзе әдістерді топтастырып үш түрін берді: сөздік, кітаппен жұмыс, оқыту-практикалық. 60-жылдары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін енгізді: сөздік, көрнекілік, практикалық. И.А.Данилов пен Б.П.Есипов әдістер классификациясын (жіктеп-топтау) жасағанда оқыту процесінде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз етіп алды: жаңа білімді меңгеру, білікті, дағдыны қалыптастыру, білімді қолдану, бекіту, шығармашылық іс-әрекетін дамыту. Дидактикаға оның ішінде оқыту әдістеріне үлес қосқандар: С.Т.Шацкий, Н.А.Менчинская, В.В.Краевский, М.И.Паламарчук, С.Г.Шаповаленко, А.Н.Леонтьев, Г.И.Щукина, И.Д.Зверев, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, И.Ф.Харламов, Р.Г.Лемберг, Н.А.Сорокин т.б. Ал Қазақстанда оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты Р.Г.Лемберг, Т.С.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев және тағы басқалардың еңбектерін атауға болады. Дидактикалық түрде негізделген оқыту әдістері танымдық қатынастың жолдары арқылы күнделікті танымдық әдістер мен ғылыми танымдық әдістерді байланыстыру арқылы іске асады. 1997-98 оқу жылынан бастап мектептер оқытудың жаңа мазмұнына көше бастады. Осыған орай жалпы мекткпте берілетін білімнің тұжырымдамасы, мемлекеттік стандарты, жаңа типтік оқу жоспары мен бағдарламалары жасалды. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру стандартында көрсетілгендей білімнің мазмұны өзгерумен бірге әр пән бойынша білім мазмұнын оқытудың әдістемесі де түбегейлі өзгеріп отыр. Мектеп тәжірибесінен енгізіліп отырған төл оқулықтардың жаңа толқынында дамыта оқыту технологиясының мүмкін бір нұсқасы берілген. Сол себептен жаңа материалды түсіндіру кезеңдерінде қолданылатын әр алуан әдістерді де жетілдіру қажеттігі байқалады.....