Бөлім: Мәдени мұра Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Сыбызғы сыры» ертегісі Оқу мақсаттары: 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру 4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың компо...
Қосымша №1«Әуенді тап» Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Сыбызғы - Үрмелі аспап. Халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертп...
Бөлім: Мәдени мұра1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау«Сыбызғы сыры» ертегісіОқу мақсаттары4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, д...
Қысқа мерзімді жоспарПән: әдебиеттік оқуҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра Күні:Сынып: 4Мектеп: Қарағанды қаласыМұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау«Сыбызғы сыры» ертегісі Оқу мақсаттары4.1.3.1 шығар...
Финляндияда, жалпы орта білім төмендегідей:— Төменгі (alakoulu), 1 - 6 сынып — Жоғарғы (yläkoulu), 7 - 9 (егер үлкен өмірге дайын болмасаң, 10 сынып оқуға болады, бірақ міндетті емес)
Ертеде бір Момынбай деген кісі бар екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қаріп-қасыр, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол себепті Құдай тағала бұл Момынбайға аямай үлкен дәулет беріп, мұның төрт түлік малының, алтын-күміс қазынасының қисабы жоқ үлкен бай екен. Ол заманда бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алып, дүнияны құртқан һәм ұрлық-қарлық, залымдықпенен жеті қарақшы атанған бір жеті қу бар екен. Күндерде бір күн бұ қарақшылар өзді-өзі сөйлеседі. Момынбай һешбір кәсіп қылмайды, құр малын баққаннан басқа. Сөйтсе де, оның дәулеті күннен күнге арта береді. Біз қанша азаптанып, тырыссақ та, Құдайым біздің дәулетімізді арттырмайды. – Қой, не қылсақ та, амалдап, осы Момынбайды құртып, дәулетін олжа қылайық, – деседі. Осылайша уағда қылысып, жөні келсе, алдап, жөні келмесе, ұрлап, екі-үш жылдың ішінде-ақ қарақшылар Момынбайдың қисапсыз дәулетін қор қып, тәмам қылады. Момынбай дәулеттен айрылған соң бұрынғы дос-жарлары, ағайындары һәм мұның малын бағып, қызметін қылып, күнін көріп отырған көршілері мұның қылған жақсылығын ұмытып, алды-алдына бытырап кетеді. Сөйтіп, Момынбай мырза деп дүнияға даңқы шыққан, дүнияға малы сыймаған бай жеті қарақшының арқасында қисапсыз дәулеттен айрылып, ағайын-туғаннан, дос-жардан айрылып, қара лашық тігіп, жалғыз үй қалады. Лашықтың іші толған жас бала, кемпірі болса, ауру, төрт түлік малдан қалған жалғыз-ақ – көк есек. Күндерде бір күн Момынбай бұрынғы дәулетін ойлап, жұрттың қылған қошеметін ойлап, һәм өзінің бұ күндегі халін ойлап:......
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсат: қазақтың ұлттық аспаптары жайында әңгімелеу, солардың ішінде қобыз тарихына тоқталу. Белгілі сазгер Қорқыт жайында мағлұмат беру. Жаңа ән үйрену.
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар қалай пайда болады ? Оқу мақсаты: 3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу Сабақтың мақсаты: Оқушылар: дыбыс және дыбыстардың таралуы жайлы қарапайым түсінік алады; дыбыс биіктігі мен зат мөлшерінің байланысын түсінеді.......
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дыбыс Сабақ тақырыбы:Қатты және бәсең дыбыстар Оқу мақсаттары: 1.8.2.3 Әр түрлі дыбыс көздері түрлі қуаттағы дыбыстарды шығаратынын зерттеу 1.1.2.1. Ғылыми сұрақтарға жауаптарды дайындау жолдарын жоспарлау (топ болып) Нәтижелерді түсіндіру 1.1.4.1.Бақылауларды сипаттау мен түсіндіру үшін өте қарапайым ғылыми сөз қорын қолдану Сабақ мақсаттары: Оқушылар қатты және бәсең дыбыстарды ажыратады. Дыбыстардың қуатын зерттейді.Олардың байланысын біледі.......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 4-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау Сабақтың мақсаты: XIX ғ. өнер туындыларының қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайды танып білудегі орнын анықтау...
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Сыбызғы сыры» ертегісі Оқу мақсаттары: 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру 4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы тақырыбына сүйеніп мұғалім көмегімен сюжеттің дамуын болжайды, шығарманың композициялық құрылымын атай алады. Көптеген оқушылар: шығармаданың қорытынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, себептерін мәтіннен келтіре алады, мұғалім көмегімен шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады; Кейбір оқушылар: шығармадағы шығарманың тақырыбына сүйене отырып сюжеттің дамуын болжай алады, себептерін бағалай отырып түсіндіре алады, шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады......
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер. Сабақ тақырыбы: «Наурыз келді!» Темірхан Медетбек Оқу мақсаты: 3.1.5.1. өз ойы мен сезімін көркем- бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру 3.1.4.2. сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқиды, өлең мазмұнына сәйкес сурет бойынша әңгіме құрап айтады, мультфильмнен нақты ақпаратты тауып, кестеге түсіреді. Көптеген оқушылар: өлең мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап беруде көркем- бейнелі сөздерді орынды қолданады, мультфильмнен нақты ақпаратты тауып, кестеге түсіреді. Кейбір оқушылар: өз ойын білдіруде, сурет бойынша әңгіме құрауда, ақпаратты анықтап, кесте толтыруда көркем- бейнелі сөздерді орынды қолданады. ......
Кавказдың таулары, Өзені, көлдері. Көк орай шыршамен өрілген таулары, Нәр алған сияқты ғажайып көркіңнен. Шыңына шықтым да, Эльбурс тауының, Үн қаттым өзіңе, Аппақ қар....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Жасөспірім және заң Сабақтың тақырыбы: Қыздың сұлулығы неде? Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.6.1 коммуникатив тік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу 8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып тезис құрастырып жазу Сабақтың мақсаттары: Мәтінге өзгеріс енгізу арқылы жеке көзқарасын білдіру. Символ мен кейіптеу түрлерін орынды қолдану......
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Ғылыми фантастика Сабақтың тақырыбы: Қиялдың бір бөлшегі – қазақ ертегілері Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/А2 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау Оқу мақсаты: Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау. Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды мәтіннің жалғасын болжату арқылы өз ойларын әсерлі, көркем жеткізуге дағдыландыру.....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Сабақ тақырыбы: Аспаптар үні №3 сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну 3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру Сабақ мақсаттары: • Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну және негізгі ойды анықтау • Тірек сөздер мен суреттер қолданып, мәтін құру Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша сөздерді мәтінде қолданады. Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздерді орынды қолданып, мәтін құрастырады. Оқушылардың кейбірі: аспаптардың ерекшелігін ажыратып, басқа халықтардың аспаптарға ұқсастығын анықтайды......
— Мынау қыз, елден ерек, келді қайдан? Біле алмай кім екенін, болдым хайран. Құпия осы қызда бір сыр бар-ау? Орнаған жүрегіне кішкентайдан. Кейпінде кейістіктің көлеңкесі, Сықылды өмірінде көп мұңайған.......
Бір күні бұлбұл құсты есек көрді, Қасына сөз айтпаққа жақын келді: «Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды, Тыңдайын, достым, біраз сайра, - деді. - .....
Сен де кеттің, Мен де кеттім, Ол да кетті ауылдан. Осынымыз ұят болды-ау, ұят болды-ау,қауымнан! Ұят болды-ау, Ұят болды-ау, Ұят болды-ау, бауырлар! Момын жұрттың, арқа сүйер, Азаматы біз едік. .....
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.....
Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды-ақын аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде, ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18-қаңтарда дүниеге келген.Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық зорлыққа шыдамай,1885 жылы 12-қазанда ояз начальнигі полковник Яковлевтің басын жарады. Мұның арты дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге он бес жылға жер аударылумен тынады. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзі қарақты адамдардан өз үиінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 Торғай қаласындағы екі класты орысша қазақша училищеде,1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып білім алады.1895 жылдың 1- маусымынан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы, атырабында бала оқытады, өмір, тіршіліг күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. Ауылдық, болыстық, кейін екі класты мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жазады, аударма жасап, өлең - жыр шығарады, ауыз әдебиеті (фольклор) нұсқаларын жинайды.Оқыған, еркін мінезділігімен, батыл да ойшылдығымен ел ішінде бедел атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкийдің жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы шілденің 1- і күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан-нақақ 8 ай бойы азап- қорлық көріп торығады, қинала жүріп ширайды, ақары күреске белді бекем буады. Бостандықты аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры, Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21- ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді.....
Қадірлі ағайындар! Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда аяулы құрбымыз, қадірменді замандасымыз ойға түседі. Ол қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты. Оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алар еді. Және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі.
Ғылыми жобаның мазмұны КІРІСПЕ................................................................................................3 І ТАРАУ. Қазақ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.........5 1.1. Қазақ тілінің тарихи даму жолы 1.2. Қазіргі Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі..................................7 ІІ ТАРАУ. «Ң»ДЫБЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ........................................9 ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................12 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................13
Жер таппан жерде жете Жетісуым Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым, Асқардың аспан сүйген сілекейін, Жан бар ма татпайтұғын, айтпайтұғын. Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз, Ну тоғай, қоғалы көл.....
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.
Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар....
"Сүйер ұлың болса, Сен де сүй. Сүйінерге жарар ол" (Абай)
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған.
"Сүйер ұлың болса, Сен де сүй. Сүйінерге жарар ол" (Абай)
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы....
Халықтың музыкалық творчествосы. Қазақ халқының тұрмысы мен қоғамдық өмірі және еңбек әрекетімен біте қайнасқан рухани мәдениетінің етене саласы музыка болды. Дәстүрлі орындаушылық — жеке ән салу мен аспапты жеке тарту — кең тараған, әнді қосылып айту сирегірек; шығармалардың негізгі түрлері ән мен күй болған. 20-дан аса әр түрлі музыкалық аспаптар болған, олардың бір сарынды ғана дыбыс шығаратын кейбіреулері — шертер, жетіген, саз сырнай, кепшік, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ және басқалары — профессионалдық талаптарға сай келмей, біртіндеп құри берген. ....
Тілендіұлы Нұрғиса (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам муызкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т.б. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасын айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. ....
Уәлиханов Шоқан (шын аты-Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы (ноябр., 1835-апрель, 1865)- қазақ ғылыми, ориенталист, тарихшы, этногроф, географ, фольклорист, ағартушы-демократ.Ол Құсмұрын бекінісінде (қазіргі Қостанай обл.) туды.Шоқан 12 жасына дейін жеке меншік мектепте оқып, мұсылманша хат таныды. Ол осында жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуды, түсінуді үйренді.Құсмұрындағы шағының өзінде «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жырын жазып алған. Шығыс тілдерінен араб, парсы тілін, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерді. 1847 жылдың күзінде Шоқанды әкесі Омбыдағы кадет корпусына оқуға берді.Бұл Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып саналатын.Кадет корпусының оқушылары әскери пәннен басқа географиядан,тарихтан( Россия тарихы мен жалпы тарих), орыс және бат. әдебиетінен , философия енгізінен, зоология және ботаникадан, физикадан, құрылыс пен архитектура негізінен білім алды. Оқу мерзімі 8 жыл болатын. Мұндағы тәрбиелеушілер рота және эскадронға бөлінді.Ротаға ірі чиновниктер мен жоғары шенді офицерлердің, ал эскадрондарға қазақ балалары алды. Осында Шоқан Оңт. Сібір, Байкал, Алтайды, Орал,, Еділ, Каспий, алабын зерттенген П.С.Палластың «Саяхаты», Орал, Еділ, Каспий халықтарының тарихы мен ътногр. Жазған П.И.Рычковтың күнделігі сияқты сирек кездесетін көне қолжазбалармен танысып, оларды қызыға оқыды. Сол кездегі озық ойлы, алдыңғы қатарлы адамдармен қарым-қатынас жасады.Эскандрондағы оқу барысында кейіннен Азияны зерттеуші, белгілі географ ғалым болған Г.Н.Потанинмен достасты. Шығысты зерттеуші С.Сотниковпен, сурет мұғалімі А.Померанцевпен, білімді офицер К.К.Гутковскиймен,орыс әдебиетінің оқытушысы, ориенталист Н.Ф.Костылецкиймен, мәдениет таихынан сабақ берген айдаудағы ғалым Гонсевскиймен, әдебиетші В.П.Лободосвскиймен (Н.Г.Чернышевскийдің досы, идеялас әріптесі) ғалым И.Н.Березинмен араласып тұрды. Березиннің (Қадырғали Қосынұлы Жалаиридің шығармасы «Жами ат-тауарих») аудармасына талдау жасады. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы болды. Полицияның қатаң бақылауында болған атақты жазушы Ф.М.Достоевскиймен, оның досы, патша өкіметіне қарсы күресуші С.Ф.Дуровпен танысты. 1853 ж.кадет корпусын бітірген Шоқан Сібір қазақ-орыс әскерлеріне қызметке жіберіледі. ....
Сопылық (арабша суф - жүн, ірі қылшықты жүннен жасалған киім.) - исламдағы мистикалық - аскеттік бағыт. Алғашқы сопылық қауымдар сегіз жүз жылдың шамасында пайда болып, өмір сүріп отырған әлеуметтік теңсіздікке феодалдық ақсүйектермен ауыз біріктірген жоғары дін басыларының дүние қоңыздығына наразы төменгі топтағы мұсылман дінбасыларын біріктірді. Тақуалық өмірді аскетизімді уағыздау үстем таптардың өмір салтын сынап, халықтың ең кедей топтарын марапаттап көтермеледі. Алайда сопылық қанаушы қоғамға белсенді түрде қарсы шықпауға бітімге келуге құдайдан қорқуға дүниеден бас кешуге шақырды, шектелді. Кедейлік жанды құтқарудың басты ең таңдаулы құралы ретінде дәріптелді, діни сенім дәрежесіне жетті. Сопылық халық бұқарасының ерік жігерін тұншықтырды. Оларды таптық күрестен бұрып әкетті. Жалпы алғанда сопылыққа дұшпандық көз қарастағы ортодок салды. Дін басылары оның ілімінің мұсылман дінін нығайтатын жақтарын қалт жібермей пайдаланып отырды. Алғашқы кезде сопылардың жүйелі жасалған көзқарастары болмағандықтан олар да аскетизімді өмірдегі бар қызықтан безіп о дүниедегі жұмақты уағыздады, олар сан рет қайталап дұға оқу, зікір салу арқылы жаратушыға табыну адамның алдына қойған ең жоғарғы білімге құдайды тануына жеткізеді деп сендірді. Сопылардың алғашқы ұстаздары ретінде дәріптелген мистиктер өздерінің құдайшылдығымен діни тәртіпті бұлжытпай орындауларымен белгілі еді. Олардың арасында Аль Хасан және басқалар бар. Сопылық ілімі VIII - IX ғасырларда қазіргі Ирак пен Сирия аумағында пайда болды. Мезопатамия хорасан Мағрипте таралды Мұхаммед пайғамбардың ілімі тәрізді сопылық ілімі де мұсылман қоғамының сан алуан жіктері өкілдерінің жүректерін жаулап алды.....
Халық композиторларының бізге жеткен күйлері арқылы екі ішекті домбыра кеңінен таралып, кеңінен зерттелсе, халкымыздың музыкалық мұрасына үлес болып табылатын үш ішекті домбырада және шертерде ойналатын күйлерді зерттеу, үйрену енді қолға алына бастады. Соның бізге жеткен бір куәсі, Республикалық Музыка Аспаптар Музейінде үш шекті домбыралардың және шертердің бірнеше үлгілері сақталған. Шертер аспабының көне түрлері Қазақстанның шығыс өңірінде, оңтүстікте (археологиялық қазба жүмыстарының нэтижесінен), Маңғыстауда (Б.Залесскийдің суретінен) болғанын білеміз. Үш ішекті домбыра Қазақстанның шығыс өңірінде кеңінен тараған. XIX ғасырда А.Алекторов, Исаев, Юдин тэрізді этнографтар үш ішекті домбыра жөнінде деректер жазып келтірген. Әсіресе 1891 жылы жарык көрген «Оренбургские ведомостиіндегі» Юдиннің, Готовицкийдің мақаласы өте қызықты. XIX ғасырда өмір сүрген халық композиторы Қүлыншақтың үш ішекті домбырасы Ықылас атындағы музейде сақтаулы. Құлыншақтың домбырасы бір тұтас ағаштан ойып жасалынған, беткі кақпағы ағаш шегемен бекітілген. Бүл домбырада ол табиғатты, түрмысты, махабатты, азаттықты паш етіп шығармаларымен елге танылды. Қазақтың Үлы ақыны Қүнанбайүлы Абай үш ішекті домбырасын 1885 жылы Семей қаласының өлкетану музейіне тапсырған. Бәлкім дәл осы домбырада ол өз музыкаларын, эндері мен күйлерін шығарған болар. ^ Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында Жидебай жерінде Ибраьимнің (Абайдың) өзі тұрған үйінде, қазір музей, үш ішекті екі домбыра бар. ....
Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі «дөпбұра», «дәлбұра», «дембұра» деген сөздердің тізбегі арқалы жасалған. Бұл белгілі бір логикаға бағындырылған қызғылықты жорамал. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның пікірінше «том» деп түюлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылады. Кейіннен бұл түбір ұяңданып « домға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген мағына береді-мыс. Яғни домбыра сөзі «қолдың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту» деген мағына береді. Кейбір деректерде «домбыра» сөзі арабтың « дунбаһи бурра» тіркесінен, яғни «қозы құйрық» деген сөзінен қалыптасқан деген долбар әңгіме бар. Бұлай дегенде шамасы домбыраның шанағының сүйірленіп барып, қозы құйыршықтанып бітетіндігін негізге алған болуы керек. Құдайберген Жұбановтың еңбегінде «күй» сөзіне мынадай пікірін білдіреді: « Қазақта «күй» түрінде айтылатын шағатай, ұйғыр тілдерінде, анатоль түрік тілінде «көк» болып айтылуы тиіс. Қазақтың «и» дыбысының бір қатары шағатай тілінде, ескі ұйғыр тілінде, түркімен, әзірбайжан, анатоль түріктерінің тілінде к, г-ге айналады. Қазақша «байламақ» деген сөз оларша «бағламақ» болады; қазақша «тимек» деген сөз оларша «текмек» болады ... сондықтан «күй» деген сөз оларда «көк» болуы табиғи нәрсе», - дейді. Сондай-ақ Ақселеу Сейдімбек те осы пікір жайлы « Күй деп басталатын қай сөздің де сезіммен астасып жатыр. Сол сөз көшпенділердің ең киелі сезімі – тәңірлік наным сеніммен ұштасып жатады. Демек, «күй» деген сөз әу баста Тәңірлік құбылысты білдірген. Тәңірдің дыбысы деген сенімдегі мағынамен шендес болғаны аңғарылады», - деп Құдайберген Жұбановтың пікіріне қосылған. «Күй» сөзі түрік тілдерінің деректерінде XI ғасырдан бері белгілі.Махмұд Қашқаридің әйгілі еңбегі «Дивани лұғат ит түрік» атты сөздігіндегі «көк» (қазақта күй болып айтылады) деген атау аспапты музыканы да , әнді де білдіреді. Осы күнгі татар тілінде де «күй» сөзі аспапты музыка мен вокалдық музыкаға ортақ қолданылады. . ....
Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының VIII—IX ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел бақсысы. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қамы (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана жағынан қалың қыпшак нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қарақожа деген кісі болса керек. «Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды»,— дейді В. В. Бартольд. Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы, Қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Оның күйлерінде айқын байқалатын стилдік тұтастық, өмірді бейнелеу тәсілінің тұрақтылығы, әуен-сазындағы бақсы сарындарымен үндес қарапайым көнелік, сөз жоқ, дара тұлғаның қолтаңбасын айқын аңғартады. Бұл орайда, Қорқыт туралы аңыз-әңгімеден де бұрын, Қорқыттың бейітінен де бұрын, тіптен, «Қорқыт ата кітабынан» да бұрын, оның тарихта болған нақтылы тұлға екеніне музыкалық мұралары дәлел. Қорқыт күйлері: «Қорқыт» (үш нұсқасы бар), «Аққу», «Әупбай», «Башпай», «Желмая», «Елім-ай, халқым-ай», «Сарын» (екі нүскасы бар) «Тарғыл тана». ....
Ұсынылмақ кітапты жазуды қолға алғандағы мақсатым – қазақтың шертпе күй өнерінің мектептері туралы А.Жұбанов, Уәли Бекенов, Ақселеу Сейдімбек сияқты ғалымдар айқындап кеткен зерттеулерді қазіргі күйшілікті кәсіби оқыту бағдарламасына мүмкіндігінше қоғамдап енгізу екенін ашық айту. Себебі, аталған ғалымдардың күйшілік үрдісті жаңа заманда жаңғырту жайлы жазған еңбектері қашанда маңызды, арнайы білім ошақтарындағы оқыту ісі мен дәстүрдің арасындағы алшақтықтың бар екенін қадап айтқан Ақселеу ағамыз домбыра методологиясына этнопедагогикалық салт қағидаларын төтенше енгізуді ұсынған болатын, зерттеушінің ойынша байырғы домбырашылықты қайта тірілтудің жолы түпнұсқалық күй мақамы мен оның жазбасын қолға алудан басталмақ. Бұл мәселенің оқу орындарына қозғау салғанын әрі нәтижелі ғылыми тұжырым болғанын уақыт көрсетіп отыр. Шертпе өнерінің ежелгі сарыны ұлтымыздың санасынан өшпеу үшін тер төгіп, арда күйдің мың толғауын біздің қолымызға аманаттаған - Әбікен, Сүгір, Аққыз, Мағауия, Төлеген, Генерал, Боранқұл, Тайыр, Бағаналы сияқты саңлақтардың аты алашпен бірге мәңгі жасамақ. Шертпе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді, алдыңғы буын ағалардың ізін Мұхамеджан, Дәулетбек, Таласбек, Білал, Секен, Рымхан, Мұқаштар жалғастырды, олардың артынан Базаралы, Саян, Сәрсенғали, Қайраттар келеді, әр қайсысы да шертпе күйдің дамуына хал-қадарынша еңбек етіп жүр. Қазақ елінің шығысында салтанат құрған қоңыр күйдің болашағына кезінде алаңдаушылық болғаны рас, қазір сол кезеңдердегідей көңілдің күптілігі мүлде жоқ екенін айту парыз, себебі күйдің насихаты жақсы жолға қойылған, конкурстар мен концерттерде мектеби шектеулік жоқ, домбыра мамандығы бойынша оқу бағдарламаларында міндетті репертуар ретінде кіріктірілген. Алайда, күйдің түпнұсқалық орындаушылығы мен оның нотаға түсірілуі әлі де көп жұмыстар атқаруды керек етеді. Күйдегі ноталық жазбаның қазақы сөздегі тоникалық һәм силлабикалық буындарға сәйкес болуы жөнінде қазақ ғалымдары тарапынан жүйелі сөздер айтылып келеді, сол талаптарға сай осы жинақтағы күйлерді жазу барысында саздың ішіндегі сөзге тәуелді буындарды такт арқылы бөлуді басты бағыт етіп алуға тырыстым. Біршама күйлер алғаш жарияланып отыр, қырғыз қомузының күйлерін домбыраға қотару ісі де кейінгі кезде айтылып жүрген түркілік мәдени тұтастық түбірінен туындады, болашақта қырғыз, өзбек, татар, әзірбайжан саздары қазаққа ортақ мүлік болары даусыз, әзірге жақын туысымыз қырғыздың шертпесі соның бастамасы болсын. Күй ноталары оқыту тәжірибесінен өткен, емтихандар мен конкурстарда орындалған, әуенін жазбамен салыстыру үшін дыбыстық таспалар мен күйтабақтар тізімі кітаптың соңында келтірілген. Оқырманға тағзым. ....
Aлпысыншы жылдарғы Алматы. Жасыл мәуеге малынған маужыр қала. Соғыс кезінде азды кем тұрып, дәмін татып, көзі жұмылғанша тамсана мадақтап өткен ақын Владимир Луговской тауып айтқандай – “Город вещих снов”. Жайраңдаған жайдарман ортадағы жадыра думаннан соң жайлы төсекте жатып, таң алдында тамсана көрген тамаша түстей жайсаң шаһар. Күн сайын түс ауа ағыл-тегіл құйып өтетін ақ нөсерден кейін күміс бауыр жапырақтарын жарқ-жұрқ жалтылдатып, жамыраса сыбдырласқан ақ балтыр қайыңдар арасында мың сан періште бір-бірімен үздіге сыбырласып тұрғандай. Мұзарт құздардан мөлтеңдей құлап, көше сайын мөлдірей шапқыласқан меруерт моншақ тау суын жағалап, қырық сан қызыр серуендеп жүргендей. Аттаған сайын амалсыз кідіріп, бас киіміңді қалай жұлып алғаныңды білмейсің. Өйткені, қарсы алдыңнан ол кездегі исі қазақтың бәрі де: “Шіркін-ай, бір көрсем-ау?” – деп жүретін аты әйгілілердің біреуімен қалай да ұшырасып қаласың.
Ол кездегі сондай жаппай аңсарымызды аударатын жайсаңдарымыздың бірі Ахмет Қуанұлы Жұбанов еді. Көзқарақты қазақтың қай-қайсысы да ғылым десе – Қаныш Сәтбаевты, әдебиет десе – Мұхтар Әуезовті, батырлық десе — Бауыржан Момышұлын еске алатын. Ал саз өнері дегенде көз алдына төбесіндегі туырылып тұрған тұнық ауада әуелей самғап жүрген әдемі әуенді қармап алғысы келгендей, салалы саусақтарының арасындағы ақ сүйір сиқыр таяқшасын ойнақшыта сермелеп, көк бурыл бұйра шашы желді күнгі толқындай дудырап Ахаң, Ахмет Жұбанов, тұра қалатын. Ол лекция оқиды, дирижерлік етеді дейтін жерге тайлы-таяғымыз қалмай тегіс ағылатынбыз. Қырау көмген қылаң шашына лайық киім киісі, тіп-тік еңсесі мен шалқақ басына лайық жүріс-тұрысы, кеңірдегіне күш салмай, естір құлаққа ғана еншілеп, ерінінің ұшымен емескілеу тіл қататын биязы дауысы – бәрі-бәрі терең парасат пен биік талғамнан тағылым танытқандай. Қол созым жерде тұрып, ұшар шыңның басынан тіл қатқандай. Көз жетпестей алыс, қол жетпестей биік көрінетін. Сондай қиялыңмен ғана аймалай алатындай арман тұлғамен көзі мен көзің, сөзі мен сөзің тоғысатындай жерден бетпе-бет жүздесіп, емен-жарқын тілдесе қоямын деп кім ойлаған?!.
Қайран жастық албырттық-ай! Өз жүрегің өз кеудеңе симай, өрекписің де жүресің. Қараптан қарап тілің қышиды. Дүниенің барлық кетік-кемшіні баяғыдан бері сені күтіп жатқандай. Сен айтсаң, бәрі де өзгеріліп, жөнге басып кете қоятындай. Университет бітірмей жатып, “Қазақ әдебиетінде” қазақ фильмдерін сынап “Ниет пен нәтиже” дейтін мақала жазып киногерлерді, “Лениншіл жаста” Алматы архитектурасын сынап “Телмірген терезелер, қағанақ қабырғалар” деген мақала жариялатып, сәулетшілерді бөрі тигендей бөрліктіріп дәндеп алған басым “Күйдің де күйін ойлайық!” деп дабыл қағайын. Редакция телефондары тағы да безгек тигендей безілдей жөнелсін... Біреуін көтеріп қалып ем, көзім атыздай болды: “Бұл — “Лениншіл жас па? “Иә”. “Әбіш бар ма екен?” “Тыңдап тұр”. “Бұл — Ахмет Жұбанов қой”. “Саламатсыз ба, Ахмет Қуанұлы?!” “Қалқам, мақалаңды оқып жатырмыз. Кафедра отырысында талқыламақпыз. Ертең сағат он бірде, консерваторияда. Қолыңыз тисе, қатысқаныңызды қалаймыз”. Мә, саған безгелдек! Қуанғанымды да, қобалжығанымды да білмеймін.....