Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 437 ответов (Результаты запроса 1 - 50) :

Табиғаттың таңғажайып құбылыстары. Маңғыстау. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ

Жарқылдан соң жаңағы, суға бөкті бар алап. Көкте түрлі жолақты, өрнек тұрды ғаламат!КемпірқосақАспанды от қамшы осады, ащы үнін ышқынып қосады.НайзағайАспан түйді қабағын, сұр пердесін керді де,жапты жердің танабынТұманКөкте туып, жерде өледіЖаңбырМонолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйле...
Қазақ тілі
Толық

Табиғаттың таңғажайып құбылыстары. Маңғыстау. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал.

Әнші құм Оқжетпес ЖұмбақтасМаңғыстауМаңғыстауМаңғыстау- Алтайдан Атырауға дейін көсіліп жатқан «Байлық тұңған түбек».Ол «мың қыстау» сөзінен шыққан.Маңғыстауды картадан қарағанда әйел адамның сұлбасы көз алдыңа елестейді. Академик Қаныш Сәтбаевтың бұл өңірді «ұйқыдағы а...
Қазақ тілі
Толық

Табиғаттың таңғажайып құбылыстары. Маңғыстау. Қазақ тілі, 4 сынып, презентация.

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттың таңғажайып құбылыстары. Маңғыстау.Сабақтың мақсаты:зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу Әнші құм, Оқжетпес, Жұмбақтас, Маңғыстау1-топтың тапсырмасы:Кімнің? Ненің? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, жалғауын анықтаңдар.Біз табиғаттың құбылыстарын б...
Қазақ тілі
Толық

Табиғаттың таңғажайып құбылыстары. Маңғыстау. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.

Қысқа мерзімді жоспарҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Табиғат құбылыстары Күні:Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіМұғалімнің аты-жөні: Сынып: 4Қатысқандар:Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбыТабиғаттың таңғажайып құбылыстары. Маңғыстау.Осы сабақта қол ж...
Қазақ тілі
Толық

Баланы балабақшаға беру үшін қандай құжаттар қажет

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту мақсатында жыл соңына дейін республика бойынша 81 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр. Елімізде 11 317 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, балаларды қамту деңгейі - 89,1%.

Кеңестер
Толық

Алғыс айту - парызым

Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақ жоспары
Толық

Жайдарлы жаз (музыкалық ойын - сауық кеш)

Табиғатты неліктен анамызға теңейміз, өйткені анамыз бізге ақ сүтін беріп өсіреді, ал табиғат - біздің қамқоршымыз, асыраушымыз десек қателеспеген болар едік. Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта. Ол мезгілге байланысты өзгеріп тұрады. Қазір жылдың қай мезгілі?
Сабақ жоспары
Толық

Қасиетті ата мекенім

Арманым менің ұласып бүгін көктемге,
Зеңбірек атып, сіркіреп жаңбыр өткенде.
Қақаған қыста қалайша келді жыр көктем,
Ғашық боп қалсам адамдар мені сөкпеңдер.

Сөкпеңдер мені ғашық боп қалсам жер көкке,
Ғашық боп қалсам далама мынау көсілген.
Төңкеріп тастап кетердей сонау төбені,
Тентек жел мені бетімнен өбіп өсірген.

Қиялым көкке самғаса сенен нәр алғам,
Сезімім менің сол тентек желден жаралған.
Туған жердің әр бір тасы қымбат ғой,
Арқаңда сенің мақсатыма тіке бара алғам.

Өзіңде өстім өзіңді мақтан етемін,
Өзіңмен ғана мақсатыма мен жетемін.
Бабаларымның кіндік қаны тамған жер,
Маңғыстауым қасиетті ата мекенім.




Өлеңдер
Толық

Сейсем ата

Айтамын далам сырын ақтарылған,
Қырынан жота-жота шатқалынан.
Сейсем ата қорымы сыр шертеді,
Тылсым терең тарихтың қатпарынан.

Сан ғасыр ішін тартып жатқан қорым,
Сан ғасыр Ел қасыретін тартқан қорым.
Ұрпақтан ұрпақтарға жалғастырып,
Заманның тылсым сырын артқан қорым.

Көсілген дархан далам төсінде өскен,
Талайдың туған жері кіндік кескен.
Қыйсайған құлпы тастан күреңіткен,
Тарих ізін көремін көкей тескен.

Құлпытаста жазулар сырын ашқан,
Ата-баба аруағы нұрын шашқан.
Желеп жебеп жататын әрдайымды,
Ұрпақтарын бұл күнде ізін басқан.

Бұл жерден батырда өткен, ақында өткен,
Заман жүгін көтерген Ерлерде өткен.
Жерімді жауға тастап кетпеймін деп,
Киелі кең даламда қанын төккен.

Ер Төлеп, Шотан батыр, Сүйін қара,
Ер Қонай, Есен Сейіт, Есекмерген,
Соғыста ерлігімен шыққан дара.
Жан алып, жан беріскен сан ғасырлар,
Кетерме Ел есінен түскен жара.

Сейсем ата ескінің жәдігері,
Сейсемге жерленіпті Ердің Ері.
Сан ғасыр өтсе дағы ескірмейтін,
Тарихтың бір парағы содан бері.

Маңғазым Маңғыстауым киелі Елім,
Сейсем ата жатқан жер - туған жерім.
Ұрпағың басыңа кеп тәу етеді,
Ақтайтын Бабалардың маңдай терін.








Өлеңдер
Толық

Еркек тоқты құрбандық

ЕРКЕК ТОҚТЫ ҚҰРБАНДЫҚ

(Тарихи әңгіме, болған оқиғаның ізімен)

Желтауда мешіт ұстап бала оқытып жүрген Бекжан сопының Шопан ата басында шырақшы болғанына да бір жылға жуық уақыт өтіпті. Тобыштардың қойымшылығы Шопан ата басындағы шырақшы кетіп ағайындары сұрағасын келген жайы бар. Бабықтың Әжібайынан тарайтын Мыңбай, Селбай ағайындары құсап бай болмаса да, Бекжан ескіше хат танитын, ерекше сауатты болатын. Сонысын қарап болса керек халық арасында Бекжан сұпы деген атпен танымал болатын. Атаның басына зиярат етуге келгендерге Шопан ата жайлы білгендерін, ескінің көзі халық жадында қалған уағыз әңгімелерді көп айтатын еді. Бәсеңдеу қоңыржай даусымен тыңдаушысын әп сәтте баурап алатын. Ресейде кеңес өкіметі орнап күшіне міне бастаған кез, Маңғыстауға әлі жете қоймады десе де болғандай. Бәлкім ен даладағы азғана ауылға әсерін әлі тигізе алмай жатырма, әзірше тыныш, бірқалыпты өмір өтіп жатыр. Жұбайы Сәрсенбибі Әбубәкір кердерінің жақын қарындасы болып келетін, Әбубәкірдің әкесі марқұм Боранқұлмен мұның әкелері үзеңгілес, әрі тумалас болатын. Кішкентайынан сол Әбубәкірдің жырларын жаттап өскен Сәрсенбибі бәйбіше бар білгенін қыздарына үйретіп әлек.
1920 жылдың көктемінде дүниеге келген қызы Оралжан да биылдары әкесінен дәріс алуға жарап қапты. Үлкен қызы Бақытта биыл онға толып отыр. Қолы бос уақытта көрші ауылдардың балдарын жинап алып арапша, латынша оқытады. Өзінің екі қызы да солардың ішінде. Латын әрпінің бір жақсысы өз ана тіліңде жазуға қолайлы болатын және арап әріптеріне қарағанда оңайлау көрінетін.
Биыл қолдан қашап жасаған үңгірді біршама жөндеп, сылап, ішін ақ тасты суға езіп ақтап алған. Іші жазда салқын, қыста жылы ұядай, қарамағындағы оншақты бала ішіне сиып кетеді. Шіркін Қазағымның пейілі кең ғой, қаншама жоқшылық деседе, тілеухана басында адам аяғы үзіліп көрмепті. Барын әкеліп садақаларын беріп жатқаны. Оқып жатқан балалардың да ата аналары келген сайын құр қол келмей, анау-мынауларын беріп кетеді. Биыл алла оңғарса тлеухананы кеңейтпекші, әйтпесе қазіргі жағдайы әйтеуір жоқтан жақсы.
Кеше сонау Кетік жақтан ат арытып Боранбай деген жолаушы келе қалғаны, мақсаты осында бір түнеп, әрмен қарай Бекет атаға зиярат етуге кетпекші.
—Інім алыстан келе қалыпсың, не хабарларың бар, айта отыр ел іші тыныштықпа әйтеуір.
—Біраз өзгеріс бар ғой аға, Кетік басы абыр-сабыр, Майлыбайдың Тәлпеңі ауылнай болғалы басымызға әңгір таяқ ойната бастады. Күнде бірдеме ойлап табады, онсызда әрең күн көріп отырған ауылға қырғыйдай тиуде, біресе ет салығы, біресе тері салығы дейме әйтеуір тыныштық беретін емес.
Қолына ұстап отырған кесесін төңкеріп тастады да жер шұқып отыра кетті. Бірдемені айта алмай кібіртіктеп отырғаны.
-Аға, сол неме өткенде бір сөзінде, Кетіктен атты әскер шығады екен деймеау, Маңғыстауды аралап Кеңес өкіметін орнататын көрінеді деймеау, малдарды жинап алып, қожа молдаларды ұстайды дейме ау, әйтеуір аузыңа қара қан толғырдың әңгімесі жаман екен, сақ болыңыз аға.
Боранбай келіп кеткелі Бекжан сопыдан ұйқы қашты, япырай мына заман не боп барады. Қара басын ойлап отырған жоқ, бес алты ұсақ жандығынан басқа малы жоқ. Елдің жағдайы, Бала шағасының жағдайы, жұбайы Сәрсенбибінің жағдай не болмақ.
Неде болса амал жоқ, көппен көрген ұлы той, жаратқан алла жар бола көр. Киік жортқан қу далаға солар келе қояр дейсіңбе, деп күбірлеп өзін өзі жұбатқан болады. Тек, өкінетіні екі-үш жылдықта рулас жамағайындары Мыңбай, Селбайлар Үстүртке көшкенде бізбен бірге жүр, жалғыз үй отырасыңба, айдалада?, дегенде тыңдай қоймап еді. Оның себебі аталарының өсіп, өнген, жатқан жерін қимағандық еді. Енді өзі олай, бұлай болып кетсе бала-шағасының, жұбайының жағдайы не болмақ?, деген беймәлім сезім ішін жалап бара жатқандай.
Отыз екі тістен шыққан сөз отыз екі елге жайылады демекші, малға санақ жүргізбекші, ишан, молдаларды ұстайды екен, деген әңгіме ел ішінде гу, гу етеді. Осыдан қорыққан ауылдастары балаларын оқытудан үзілді, кесілді бас тартты. Ендігі жерде сауаттары ашылып келе жатқан екі қызын оқытудан басқа ермегі қалмады. Жаратқан иеме не жаздым екен, артымда қалып ең болмаса өнерімді алып қалар бір ұл бермегені, деп іштей налитын, бар білгенін жат жұрттық болса да сол екі қызына үйретіп әлек. Көбінесе көп бүк түсіп, теріс қарап жатып алатынды шығарды, көзі ашық оқығаны көп Бекеңнің ойлағаны Ел тағдыры, замана жүгі болатын. Әскер шығатын болыпты дегелі атаның басына зиярат етушілерде азайған, бірен саран жолшыбай соғушылар болмаса, ел аяғы суыған.
1927 жылдың күзінде бір топ атты әскер Шопан ата басына сау етіп жетіп келді. Жолдан шаршаған, күздің салқын желі тоңдырған, келе сала тілеуханаға кіріп жайғасып алды. Ыссы шай ішіп, қарындарына бірдеңе барғасын кейбіреудері маужырап ұйқыға кетті. Камандері болса керек кекиген ұзын тұра описер ұлты татарма деймін, әй- шәйға қаратпастан Бекжанның қолына кісен салды. Онысы қашып кетер деп сақтанған түрі.
-Сен молдасың ба, шыныңды айт, тағы кімдер бар?, деп қуырып барады, қолында тізім, Әжігереев Бекжан молда, деп оқып қояды.
-Мен молда емеспін ескіше сауатым бар бала оқытамын, одан басқа ештеме білмеймін, деп отырып алды.
Оған көнетін әлгілерме ертесіне таң қылаң бере, бес, алты жандығын алдарына салып, өзін дедектетіп айдай жөнелді. Кіндік кескен туған жер, адал жары, екі шиеттей қыздары, киелі Шопан ата қонысы көзден бұлбұл ұшып қала барды. Бекжан сұпы төртпақ денелі, орта бойлы, қуатты мығым адам болатын, елуді енді ғана еңсерген тұла бойы даналықпен қоса күш қуатқа да толы болатын. Бесеуін, бес ұрып, мылтықтарын тартып алып, аяқ қолдарын байлап қашып кетсемба екен, деген содыр ойда келмеді емес. Бірақ артында қалған үй іші қолын жіпсіз байлады. Үш күн бойы тынбай жүріп отырған олар Кетік шахарына жетті.
Маңдайшасына қызыл жалау ілген барақ үй, іші абыр-сабыр, кілең қызыл жағалы, әскери адамдар, кейбіреулері шүлдірлеп орысша сөйлейді. Бірден дедектетіп тергеушінің алдына әкелді, қасында жалпиып Майлыбайдың Тәлпеңі отыр. Үлкен іс бітіріп жүрген кісімсіп қасындағы шикіл сары орысқа шала орысшасымен бірдеңелерді түсіндіріп әлек. Бекжан өзі жайлы әңгіме кетіп жатырғанын айтпай ақ түсінді.
-Саған молда екенін мойындасын, халықтың басын айналдырып улап жүргенін мойындасын, дейді описер мырза.
-Жоқ мен молда емеспін, халықты улағаным жоқ, қайта оқытып сауаттарын аштым.
-Онда неге сені сұпы дейді, өтірік алдайсың, мойындап қол қой мына қағазға. Жынданып түкірігіне шашалған Тәлпең орыс тергеушіден де асып түсті. Ұрып, соғыпта мойындата алмаған олар шарасыздықтан шаршап, алып кетің! , деп айқайлады. Қастарында тұрған қарауыл болса керек, сүйреп апарын тас түрмеге тоғытты. Есін жиып көзін ашса, қолқаны атарлықтай шуаш иіс, бөлме ішінде өзі сияқты отыз шақты адам. Ішінде өзі танитын Қаржау ишан, Жары молда сияқты біразы бар екен.
—Тізім жасап берген Тәлпең ит көрінеді, көріңде өкіргір түбімізге жететін болды, деп қарғанып отыр біреуі. Ит қорлықта жатқандарына үш төрт ай болды, 1928 жылдың көктемі де туғалы тұр, әйтсе де әлі де күн ызғар, өңменіңнен өтер суық жел. Таңертең ертемен барлығын шығарып портқа айдай жөнелді, ешкім ештеңе айтып жатырған жоқ қайда апартындары белгісіз. Ішіндегі Тәлпеңнің жамағайыны, сұрап қоймағасын, жер аударады сендерді деген күңкілі естілді. Әйтеуір атпайды екен, оған да шүкір, дейді кейбіреулері. Сонымен отызында қуып апарып жағада тұрған бу кемесіне тықты. Қара түтінін будақтатқан кеме батысқа қарай жол тартты. Екі күн, екі түн бойы ауыр кеме теңіз толқынын тілгілеп қозғалып келеді. Соңғы кезде баяулап кідірмелеуі көбейді, басқару каютасынан айғай естіледі. Бу қазаны істен шыққан, оның үстіне қырсыққанда телеграф байланысы да жасамай тұр. Ендігі жерде ғайыптан тайып жолшыбай кеме кездеспесе аман қалулары екі талай. Кеме үстіндегі әскери күзетшілерді, теңізшілерді де үрей басқан, дәрменсіздік жайлаған. Қамаудағыларға күнделікті беретін сұлы көжесі де қысқарған, күніне бірақ рет береді. Арадан бір апта өтті, камераға от жағуды доғарғалы бөлме іші азынап, күркілдеп жөтелушілер көбейді.
—Бұлай отыра берсек аштан өлеміз, бір айла істеу керек, кеме ботсыманы зар илеп отыр. Аяқ астынан қарауыл бастығы орыс описері бір шешімге келді.
—Тез арада тұтқындардан құтылу керек, әйтпесе көп ұзамай өзіміз өлеміз. Танауы желпілдеп, қанішердің көзінен от шашып тұр. Құдды осы шешімге келгеніне өзі дән риза сияқты.
Кеменің қамақ бөлмесінің есігін ашып, палаубаға шығыңдар, тез, деген ботсыманның даусы құлақты жарды. Аштықтан бұратылған тұтқындар еріксіз сүйретіле орындарынан тұрып төбеге шыға бастады. Бұлардың арам ойын бірден түсінген Бекжан қасындағылармен қоштаса бастады. Өзегін өртеген әттегенайлар, тұла бойын жайлаған шарасыздық, кеудесін қысып тұншықтырып барады. Кеңес үкіметімен бірге келген халқының басындағы тажал, сол тажалға қарсы тұрар дәрменсіздік өкініші өне бойын бір сәт шарпып өтті.
Бәрін кеме жағасына тұрғызып қойып, мылтық кезеніп секіріңдер, деп айқайлап тұр жаналғыштар. Амалдары құрыған тұтқындар жапа тармағай суға секіре бастады. Осылайша әп сәтте отыз адам көк теңізге шөміп жоқ болды. Еркек тоқты құрбандық деген осы.
Тұтқындарды тиеп шыққан кеменің келетін уақыты өткелі бірнеше күн болған еді. Баку гарнизонының бастығы алдарынан шығып іздеуге пәрмен берді. Үш күн өткенде барып толқын тербеп тұрған нән бу кемесінің үстінен шықты. Кеме басы тып—тыныш, жым жырт, тіршілік нысаны білінбейді. Іздеушілер камандирі палаубаға көтеріліп үнсіз состиып тұрып қалды. Кеменің тұтқындар қамайтын бөлмесі бос, үңірейіп үрейлі аузы ашық жатыр. Кеме экипажының бөлмесіне кіргенде барып болған жағдайды бірден түсінді. Аштықтан, суықтан қырылған экипаж мүшелері жайрап жатты, кеме капитанының көзі ашық қалыпты, көзі әлде үрейге, әлде өкінішке толы бақырайып қатып қалған.

Бейкүнә отыз адамның қаны жібермепті…

Насыреддин Қожырбайұлы

Әңгімелер
Толық

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)

 Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округінің Қараой деген жерінде жерленген Жарсуат ауылынан 45 шақырым жерде жерленген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де....

Шығармалар
Толық

Бәрі жалған - өлең

Бәрі жалғанБақытты болу деген үлкен арман,Бола бермес бақытты барлық адам.Өмірің өз қолыңда білесіңбе?Тағдырдың жазғанымен бәрі болған.Өткен істі қайтару келмес қолдан,Өткен өмір шықпайды қайта алдыңнан.Тағдырдың айтқанымен бәрі болар,Себебеі бұл өмірде бәрі жалған.Білмедім мен дәл осылай б...
Word құжаттары
Толық

Фариза Оңғарсынова өлеңдер жинағы

фариза оңғарсынова өлеңдері

Тақпақтары Өлеңдері Нақыл сөздері Баталары ӘҢГІМЕЛЕРІ ПОЭМАЛАРЫ

Ақын"Ақынның нәзік жүрегісамалдан тоңар гүл еді.Халқының махаббатыменақсұңқар құстай түледі,ел ғана – тұғыр, тірегі.Әділет үшін жан салып,алдында тұрсын қанша алып –шындыққа жетпей тынбайды,қияметтерге қарсы ағып,баурайды сонда бал шабыт.Сұлулық пенен пәктіктенрақат күткен, бақ күтк...
Word құжаттары
Толық

Елімізде көп балалы аналарға 8 наурызға орай қандай жәрдемақы беріледі?

 ✔️Нұр-Сұлтан қаласы.

Әлеуметтік төлемдер орталығының мәліметінше, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 23 810 көп балалы анаға 2,5 айлық есептік көрсеткіш - 7292 теңге көлемінде  ақшалай төлемдер түріндегі көмек беріледі.

Жаңалықтар
Толық

Бекет атаның түс жоруы

Бекет Атаның әулиелігі қалың елге кеңінен  жайылған кез болса керек. Маңғыстауға аты танылып үлгірген дом- бырашы сері жігіт ел  аралап жүріп, жұмаға қараған күні  түс көреді. Түсінде астындағы аты омақаса құлап мертігіп, домбырасы ортасынан омырылып, өзі белінен шойырылып жүре алмай қалғанын сол...

Түс жору
Толық

Құт мекенім

Әлемнің ұстазы саналатын Аристотельдің айтуынша, адам туған топырағына тартып туады. Рас, қазақтың киелі топырағы от тілді, орақ ауызды ақындарды, би-шешендерді, жаужүрек батырларды дүниеге әкелді. Топырағына тартып тумаса маң-маң дала Маңғыстауда Махамбеттер дүниеге келер ме еді? Ақ түтек бораны буырқанған Жуалы Бауыржандай батырды бізге берер ме еді? Сұлу Көкше Сәкендей асылды жарық дүниеге әкелер ме еді? Ежелден-ақ көзі қарақты, көкірегі ояу ұлыларды тудырған Семей қазаққа Абайдай дананы берді емес пе? Сондықтан да болар, біздің халық даналығында....

Шығармалар
Толық

Жел деген не?

Жел – жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта, жоғары қысымды аумақтан төменгі қысымды аумаққа қозғалысы.Бриз (француз тілінде – жеңіл жел) – теңіз, көл жағалауында соғатын жел. Құрлық пен су үстіндегі ауаның біркелкі жылынбауынан пайда болады. Тәулігіне бағытын екі рет өзгертіп отырады. Күндіз теңізге қарағанда құрлық тез жылынады. Құрлық бетіндегі ауа қызып, ауа қысымы төмендейді. Су бетіндегі ауа салқын, тығыз болады да, ауа қысымы жоғарылайды. Ауа қысымы жоғары аймақтан, төменгі аймаққа қозғалып, жел соғады. Бұл – күндізгі бриз.

Рефераттар
Толық

Шамалар. Көлем

Математика

 2 сынып

2С Бөлім: Шамаларды өлшеу.

62 - сабақ

Тақырыбы: Шамалар. Көлем

Құрастырушы: Тугужева Диляра Анваровна

Презентациялар
Толық

Қызықты статистика

2019 жылы Қазақстанда 1 тұрғынға тәулігіне орташа 79 литр су құбыры суынан жұмсалды, оның ішінде ең көп саны Маңғыстау облысының тұрғынына – 141 литр суды құрайды, ең азы Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындарына орташа есеппен -47 литр жұмсалды ( сумен жабдықтау кәсіпорындарының деректері бойынша).

kz
Толық

Ә.Кекілбаевтің «Құс қанаты» шығармасындағы әйелдер бейнесі

Зерттеудің мақсаты: қазақ әдебиетінің іргелі суреткері, белді өкілдерінің бірі Әбіш Кекілбаевтың шығармаларында әйел образын зерделей түсу, көпшілікке таныстыру.

Міндеттері:
- Ә.Кекілбаевтың еңбектеріне шолу жасау;
- «Құс қанаты» повесіндегі әйел образына үңілу;
- Кейіпкер Айсауленің өмірін зерттеу.

Өзектілігі: Әбіш Кекілбаев «Құс қанаты» ғұмырнамалық повесінде өз анасы Айсәуленің бейнесін сомдайды. Ана махаббаты сезімін ұғындыру, ана мен бала арасындағы байланысты қалыптастыру; өз жақын-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу.

Ғылыми жобалар
Толық

Нағыз қазақ ұлтының мен жердің патриоты – Жұмабек Тәшенов

Жұмабек Тәшенов 1915 жылы Ақмола облысының Аршалы ауданында дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында басшы лауазымдарда болғандықтан, ол өзін іскерлік атқарушы, жоғары дәрежелі мемлекет қайраткері, құзыретті және ақылды басшы ретінде көрсетті.
Сабақ жоспары
Толық

Сәт сапар саған, жас түлек! (25 мамыр - соңғы қоңырау)

Сәт сапар саған, жас түлек! (25 мамыр - соңғы қоңырау)11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
Сабақ жоспары
Толық

Мәтін есептерді шығару 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бүтін көрсеткішті дәреже
Сабақ тақырыбы: Мәтін есептерді шығару 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.5.2.1 Өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есе птер шығару;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығаруды үйрену және дағдылану. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақша спорттық ойындар


Шаңырақ (жарысқа дайындық ойыны 3 минут). Отбасылар сапқа тұрады
1. Шаңырақ дегенде команда дөңгелене шаңырақ сияқты қолдарының ұшын бір - біріне тигізіп тұра қалады.
kz
Толық

Әмин ағаның желаяқтығының сыры


Қай кезде де қазақтың батыр ұлдары қазақтың ұлы халық екенін мойындатып жүрді. 1896 жылы тұңғыш Афиныда өткен олимпиадаға орыс халқы бара алмаған кезде Арменияның Урарту тайпасынан бір топ атлеттер Олимпиадаға барған дейді.
kz
Толық

Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.
Сабақ жоспары
Толық

Құстар – көктем жаршысы

Баланың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу; Айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын молайту, ой - өрісін жетілдіру.
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Жер асты сулары

Сабақтың мақсаты: 1. Жер асты сулары, олар қайдан пайда болатыны жайлы түсінік беру.
Сабақ жоспары
Толық

Қашықтан оқыту мен ақпараттандырудың маңыздылығы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев 11 мамыр күні өткен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінде білім беру ісін барынша оңтайландырып, студенттер мен оқушыларды қашықтан оқытудың жаңа тың әдістемелерін әзірлеудің қажеттілігін айтты.
Жаңалықтар
Толық

Баланың қызығушылықтары мен икемділігі

Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз – адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі.
Жаңалықтар
Толық

Талап жоғары, жауапкершілік күшейді

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру институты қашықтықтан оқытуды ақпараттық - әдістемелік қолдаумен байланысты біраз жұмыстар атқаруда.
Жаңалықтар
Толық

Қашықтан оқыту мен ақпараттандырудың маңыздылығы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев 11 мамыр күні өткен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінде білім беру ісін барынша оңтайландырып, студенттер мен оқушыларды қашықтан оқытудың жаңа тың әдістемелерін әзірлеудің қажеттілігін айтты.
Жаңалықтар
Толық

Баланың қызығушылықтары мен икемділігі

Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз – адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі.
Жаңалықтар
Толық

Талап жоғары, жауапкершілік күшейді

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру институты қашықтықтан оқытуды ақпараттық - әдістемелік қолдаумен байланысты біраз жұмыстар атқаруда.
Жаңалықтар
Толық

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан - жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз – адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі.
Жаңалықтар
Толық