Қазақ мақал-мәтелдері2ҚАЗАҚ МаҚАЛ- МӘТЕЛДЕРІАлматы«БАЛАУСА»баспасы 2013Қазақ мақал-мәтелдеріУДК 821.512.122ББК 84 Қаз-7Қ 17 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару...
Құдайға сиынайын әуелiнде, Аз қисса сөз жазайын қағазында. Қалам алып Құдайға сиынайын, Сөз тапса жазар шағым осы күнде. Қалам алып жазайын қисса сөздi, Жазған жан ғарiптiкпен жаһан кездi. Ойласам ақыл жетпес ой түбiне, Құдайым есен қылсын баршамызды. Бұрынғы әдiл өткен халифалар, Әдiл патша бейiштен орын алар. Жақсы өткен дүниеде, жаман өткен, Жақсының өзi өлсе аты қалар. Ғарiптер қисса оқыса, бiледi хат, Қалам алып жазайын аз қисса хат. Һарон Рашид өтiптi бiр халифа, Құдайым оған берген көп салтанат. Һарон Рашид халифа салтанатты, Бiр уәзiрi бар екен Фазыл атты.....
Арабтың бiр қаласы шаһар Бағдат, Өткенi талай ғасыр, бұл ақиқат. Халқында Нәби Шайбан бiр туысқан, Дос болды ақыреттiк екi адамзат. Бекiлген қияметтiк достық шарты, Бiрi — Қамам, бiрiнiң Қалел аты. Жан қиған екеуiнiң достығына, Таң қалды Нәби Шайбан барлық халқы. Екеуi екi қышлаққа әкiм болған, Жүргiзген әдiлдiкпен үкiм қолдан. Перзентсiз елу жасқа келдi екеуi, Болмады еш перзентi қыз бен ұлдан. Әйелi екеуiнiң жүктi болып, Уақтылы тоғыз ай мен он күн толып, Қамамның әйелiнен ұғыл туды, Қалелдiң әйелiнен бiр қыз туып. Қыздан ұл бұрын туды алты сағат, Дүниеге келiп қалды екi бекзат. Той жасап қыздың атын Күлше қойып, Балаға Орақа* деп қойылды ат. ....
Қолыма қалам алдым хат жазғалы, Бiрталай заман болды халық озғалы. Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз, Дейтұғын жетiм көдек сөз қозғалы. Ертеде бiр шал болған Түркiстанда, Бейшара қасiретпен өткен онда. Екi ұлы қолқабысар жас едi әлi, Күн кешiп жарлылықпен, болған кемда. Жарлы шал жүрушi едi жусан шауып, Байғұстың кемтарлықпен көңлi ауып. Жусанды әдетiнше шауып жүрiп, Ол жерден бiр жұмыртқа алды тауып. Шалда бар адал малдан жалғыз түйе, Оған да жарлылықпен болған ие. Қолымнан бұл шыққанда болмайды деп, Жанындай сақтар едi оны сүйе. Бiр күнi жусан артып базар кеттi, Көрiңiз онда болған ғадалеттi. Алдынан қарсы шығып бiр бай жөйiт оған:....
Қолыма қалам алдым хат жазғалы, Бiрталай заман болды жұрт азғалы. Бүгiн көрген таңда жоқ болып жатыр, Азырақ хикаят қылып сөз қозғалы. Қор болмас күнәһлi iстен пенде қашса, Адамнан ақыл кетер қарны ашса. Ғалам деген падишаның заманында Болыпты дәулетi асқан бiр байбатша. Нәсiпке Құдай берген кiмдер тасқан, Пенде иман сақтаса құп жарасқан. Ғалам деген падишаның заманында Бiр байбатша болыпты дәулетi асқан. Жiгiттiң жиырма бес деген шағы, Сөйлейдi бұлбұл адам тiл мен жағы. Шаһарында оған жетер жан болмады, Тәңiрi о да болса берген бағы. Патшаның әдiл екен жұртқа сөзi, Халқына жағады екен һәр мiнезi.....
Ертегi ертедегi кәрi күйге, Жiбiне сабақталып отыр ине. Бетiңнiң бедерiне жұқпалы екен, Опалап жаға берсең, шiркiн дүние! Ертектiң ертегiсiн құрайын да, Шықпаса елден құрақ сұрайын да. Дастанбай деген кiсi бай боп өткен, Туысы Түркiстанның кiрайында. Дейдi екен қошаметпен әркiм «Дастан», Түркiстан қаласынан байлығы асқан. Қайыры қарындасқа мол кiсi екен, Әркiмге қарайласып қажет ашқан. Байлықпен сегiз күмет үй салдырған, Төбесi көк қаңылтыр, көз талдырған. Алтыннан босағасын әшекейлеп, Iшiне асыл тартып от жандырған.....
Қолыма қалам алдым жұма күнi, Жазып тамам әйладым күн мен түнi. Мұсаның заманында бiр падиша Болыпты, әлеуметтер, тыңла мұны. Өзi патша уа және қазынасы көп, Бұл дүния мақсұтына көңiлi тоқ. Сексенге келген бар-дүр оның жасы, Арманы бiр-ақ оның — перзентi жоқ. Падиша перзент үшiн жедi уайым, Әзелде жазбаған-дүр бiр Құдайым. «Бiр Алла маған перзент берер ме?» — деп, Падиша үмiт етер жыл-жыл сайын. Сексенге келдi патша, әлi үмiтте, Құдайым рахман ерүр һәр үмiтке. Мұсаның бiр күн патша жолын тосты, «Бiр дауа бола ма, — деп, — iшкi дертке». Айтады: — Раббым менi патша қылды, Һәм өзi жарылқағай бiздей құлды. Құданың дәргаһына жеткiз, тақсыр,....
Ұждандыны мақтайды тамам адам, Мейлi ғалым болса да, мейлi надан. Ар, нысаппен iс қылып, азап тартып, Ақ жолында өледi бiрталай жан. Разы қылам дейтұғын құдайы жоқ ....
Жасыңда араластың малтымаға, Қызығып есер елдiң салтына да. Би, болыс, ептi жiгiт атанам деп, Көп түстiң ерегіс пен талқыға да. Кейде елдi партияға көп жиям деп, Әркiмге аласардың жалпия да. ....
– Даңқың қайда төске өрлеген? Екi жүз мың әскерменен Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау, Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау – Ойы – дауыл, сезiмi – аспан, Тек жеңiспен көзiн ашқан Менiң алғыр ұрпағымның сүйегiне зор таңба, Намысыма сызат түстi мына сенiң арқаңда, – Деп Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзiн қадады.....
Замана тұр бөркiн алып ойланып, Сол түнгi ойлар кеттi бiздi қайда алып? ...Сол түнi бiз сенiң туған сiңлiңнiң Он ceгiзгe толған күнiн тойладық. Мен қуана тост көтердiм қызға арнап: - Ал сапарың сәттi болсын, қызғалдақ. Өмip мынау: Қатар тосқан жеңiлi мен ауырын, Қайғысы мен сауығын, Шуағы мен дауылын......
Ғайша жеңгей сүйген жарын аттандырды майданға... Сенген жүрек серттен оңай тайған ба? Соғыс бiттi. Ал күйеуi келмедi. Үш жыл күттi. Бес жыл күттi... Өлдi деген.....
"Элита" терминi фраңцуздың еiiiе деген сөзiнең шыққан, сұрыпталған, тандалған, iрiктелген деген мағынаны бiлдiредi. XVIII ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX г. бастап саясаттану мен әлеуметтануда бiлiмi, байлығы, беделi, билiгi жоғары адамдардың азғантай әлеуметтiк тобын бiлдiредi. Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеушi тандаулыларға және олардың дегенiн iстейтiн бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551— 479) адамдарды асыл азаматтарға (билеушi элитаға) жәнетөменгi (карапайым) адамдарға бөлдi. Платон билеушi-философтарға, әскерлерге, егiншiлер мен кәсiпшiлерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесi ретiнде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, немiс Р. Михельс және т.б. қалыптастырды. Гаэтано Моска (1854-194!) элита теориясын "Саяси ғылым негiздерi" (1896) деген еңбегiнде негiздедi. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлiнедi дедi. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлiктi, байлықты, дiни дәреженi (мәртебенi) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кiруге есiк ашады. ""Элита" терминiн ғылыми айнальшға енгiзген Вальфредо Парето (1848—1923). "Жалпыға бiрдей социология трактатын-да" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясь;н жасады. Ол бо-йынша элита билiк басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуыңың арқасында келедi. Ол идея жұзеге асқанда олардың энергиясы азайып, iзденiсi баяулай бастайды. Одардың орнына жаңа идеяны жаңа элита билiк басына келедi. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейдi олар, бiр элита екiншiнi алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады. Роберт Михельс (1876-1936) "Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдiстерi туралы очерк" (19'1) Дегең еңбегiнде "олигархияның темiрдей заңын" шығарды оның ойынша, бұқара халықтың өзiн-өзi ұйымдастыруға жэне басқаруға қабiлетi жетпейдi. Парламенттiк демократия жайында кейбiреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сейтiп Кәсiби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшiлiктен бiртiндеп алшақтайды, қоғамның қара-пайым мүшелерiне өздерiн қарсы қояды. Соның нәтижесiнде билiктi өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбелiндей байлар саяси және экономикалық билiкке ие бола¬ды. Халықтың егемендiгi, билiгi дегеннiң бәрi бос қщiл- "Олигархияның темiрдей заңы" осы дейдi Р. Михельс. ....
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi ....
Қазақ мемлекеттiгi құрыла бастаған заманда хандар мен сұлтандардың өздерi iрiктеп алған жыраулары - хан мен қараның дәнекершiсi болды. Олар ханның ел басқару жетiстiгiн мадақтап қана қоймай, сондай-ақ қалың жұрттың мұң-мұқтажын және тiлегiн жеткiзетiн өрен ақындар едi. Жыраулардың ақындардан ерекшелiгi сол, олар халық рухына, ел бiрлестiгiне, хандардың билiк өнерiн жетiлдiруге белсене араласатын болды. Солардың бiрi – дала философы атанған Асанқайғы Сәбитұлы (ХIV-ХV) халық есiнде абыз, философ, ақын болып, мәңгi жатталып қалған. Оның бар ғұмыры халықпен бiте қайнасып өткен. Ауызбiрлiгi жетiспеген ортада елiнiң ертеңiн, қамын ойлап, үнемi мұңға батып жүретiндiктен замандастары оны “Асанқайғы” атап кеткен. Аңыз-әңгiмелерде Асанқайғы жүзден асып көп жасаған, үнемi ел кезiп сыншыл көзқарасты қалыптастырған Елдi ауызына қаратқан, көшпендiлердiң мiнез-құлқын жетiк бiлген, дәстүрлерiн құрметтеген ақылды, дана, сәуегей баба атанған. Ол ХV Ғ. Алтын Орда ханының, соның iшiнде ұлы Мұхамедтiң кеңесшiсi болған. Қазан қаласынан Дештi Қыпшақ жерiне қайтып оралған Асанқайғы Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ -хандықтардың өмiрi ұзаққа созылмайтынын болжай бiлген. Асанқайғы, Керей, Жәнiбек сұлтандар бастаған қазақ руларының Әбiлхайыр хандарынан бөлiнуiн жақтайды. Бiрақ сұлтандардың қазақтарды Жайық пен Жем бойына қоныстандырмақ ниеттерiн де құптамайды. Асанқайғы өз халқының “Жерұйығын” Шу, Сарысу бойынан, Ұлытау төңiрегiнен iздеуге тiкелей араласады. Сондағы дiттегенi: ежелгi скиф, қыпшақ даласынан безбеу, ел iргесiнiң берiк, ағайын ұжымының күштi болуы, “Ел бiрлiгiн нығайту, халық ауызбiрлiктi болса, мемлекеттiк билiк те берiк болады, ондай ел ешкiмге есе берiп, жеңiлмейдi” деген тоқтам. Асанқайғы дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын алады. Асанқайғы адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi орны мен деңгейiн дұрыс бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын тұрғысынан саралай алатын қабiлетiн адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оның өмiрге деген парасатты көзқарасы, елiне деген бекем сүйiспеншiлiгi, адамдықты құрметтей бiлген қабiлетi қазақ халқының сана-сезiмiн жаңа сатыға көтеруге зор ықпал еттi. Күнiнде өзiм болдым деп, Кең пейiлге таласпа. Ғылымым жұрттан асты деп Кеңессiз сөз бастама. Жеңемiн деп бiреудi Өтiрiк сөзбен қостама – деп, Асанқайғы азаматтық мiндеттiң жүгiне, күнделiктi нақты түрiне көңiл бөледi. Кiсiлiк қасиеттер - адамгершiлiк пен бiрлiктiң құт-берекесi. Асанқайғының ұғымында, жұртты бай, кедей деп немесе үлкен-кiшi деп жiктеу, бөлу жарамсыз. Ел-жұрт үшiн бәрiнiң де мiнез-құлқының жақсы болуы қажеттi, өзара оңды қарым-қатынас жасауы орынды. Абыздың пайымдағаны: “Таза мiнсiз асыл тас, су түбiнде жатады. Таза мiнсiз асыл сөз, ой түбiнде жатады”. Асанқайғы сөздiң нарқы мен парқын бiлiп, қадiрiн түсiнген шешен. Ол кiмнен болса да қасиеттiң рухын күттi. Өмiр сүрудiң негiзгi мәнi туралы айта келiп, Асанқайғы жақсылардан үлгi алып, жамандардан бойды аулақ салудың қажеттiлiгiн, жас ұрпақтың ата-анасын, үлкендердi сыйлап қастерлеуiн, олардың ақылын тыңдап үнемi басшылыққа алуын, iзгi ниеттi жайсаң жан болып өсу қажеттiгiн еске салады. Осыған орай жыраудың: “Арғымаққа мiндiм деп, артқы топтан адаспа, артық үшiн айтысып, достарыңмен сынаспа” немесе “Қарындасыңды жамандап, өзiңе туған табылмас” деген сөздерiнiң тәлiм-тәрбиелiк мәнi зор. Оның толғауларында адамға деген мейiрiмдiлiк, қайырымдылық, сұйiспеншiлiк қай жағынан болса да, бiрiн-бiрi толықтырып жатады, туған-туыстармен тiл тигiзiп қырқыспайтын, бет жыртысып көңiл қалдырмайтын татулық сезiмi айқын бiлiнедi.....
Уақыт пен кеңiстiк ұғымының ауқымы шексiз. Екеуi Сиам егiзiндей ажырымайтын субстанциялар. Оларды қайсiбiр сәттерде ғана шартты түрде арнайы қарастыруға болады. Алайда тамырлас арналар алшақтап кете алмайды. Көркем әдебиет – уақыт пен кеңiстiктiң шағын моделi. Оны дүниеге әкелу үшiн де мекеншақ (хронотоп) өлшемi керек, оның мазмұндық құрылымы да әр алуан мекеншақ қатынастарына негiзделмек. Шығарманы қабылдау кезеңдерi де мекеншақ ерекшелiктерiмен сабақтас. Тегi, уақыт және кеңiстiктiң перцептуалдық бейнесiн әдебиет мекеншақ тағандарына табан тiреп тұрып сомдайды. Абай философиясының ең басты бағаналы терегi – Уақыт (әрине, кеңiстiк ұғымы өзiнен-өзi сана астарында тұрмақ). Әдепкiде ақын мұндай объективтi табиғи құбылысқа мән бермесе де керек. Уақыт – ананың құрсағында жүрiп, уақыттың түйткiл мәселелерiн шешемiн деп ойлау – өзiңдi айнасыз көрудiң мүмкiн еместiгiндей қиын нәрсе. Әйтсе де, Абай өмiр сүру уақыттың сыңарына айналу екенiн бiледi. Оның туындылары – ой-сана мекеншағының мәтiн арқылы тұрақтылық табуға ұмтылысы. Абайдың “Жасымда ғылым бар деп ескермедiм” өлеңiнде ақын алғаш рет уақытты жанама кейiпкер етiп алады. Мұнда тарихи, әлеуметтiк, даралық уақыт өкiнiш сезiмiне байланысты психологиялық уақыттың түрлi атрибуттары боп көрiнедi, кеңiстiк детальдарын түзедi. Қазақ елiнiң тұрмыс жағдайы мен әлемдiк өркениет арасындағы қайшылық лирикалық кейiпкер дүнетанымындағы қозғалыс заматымен iшкi драматизм тудырады. Ментальдық iлгерiлеудiң жекелiк қасиетi мен ұлттық тұйықтыққа тән жалпылық нышан тағы да қарама-қарсылық күйден айнымауы рефлексологиялық мезет кернеуiн арттырады. Ақын үшiн алдыңғы буынның олқылығын толтыруға тиiс ұрпақ болашағы да қауiпсiз емес. Ол кертартпа орта мен iзгiлiктi мұрат арасындағы кереғарлықты сезiнiп, қам жейдi. Лирикалық қаһарман негiзгi тұтқа идеясын меже қылып ұсынғанмен, өзiнiң жекелiк қасиеттерi, қоғамдық орта мiнезiмен келiспеушiлiк тәрiздi сарындарға көшуiмен тақырып әртараптылығы жағынан бұл жолы да, басқа туындыларында да толғау жанрына хас ерекшелiктi аңғартады. Бұл тәсiл баяндау уақытының еркiндiгiн оятады. Абай дидактикалық үлгiдегi жыраулар поэзиясының мекеншақ жағынан тым тәуелсiз болмысын бойына сiңiре отырып, әлеуметтiк және психологиялық мекеншақ аясында бұрынғы дәрiптеу мен таңырқау әсерiне қатысты қабылдау аясымен тұтастық шегiн бұзады да, осы төңiректегi драматизм, лиризм элементтерiн ұштай түсу арқылы эмоционалдық полифония қалыптастыру нәтижесiнде жаңа поэзия, модернистiк дүниесезiну дәстүрiн дүниеге әкеледi. Оны реалистiк поэзия деу аз. Өйткенi реализмнен жыраулық, ақын, сал, серi поэзиясы да құралақан емес-тiн. Сыншылдық пафос тарихи-әлеуметтiк себептерден гөрi жеке адамның өзiне байланысты әшкерелеу интенциясына құрылуымен де өзгеше. Аса биiк ерлiк, даналық сапалар емес, азаматтық құқық жағынан таршылық жағдайдағы мүлде басқа рухани құндылықтар эмблематикасын алға тартады. Ұлттық идея ежелгiдей майдан даласындағы батырлық пен ел билеушiлерiн мадақтаудан iрге айырып, жатаған қалыптағы, бiрақ орыс мәдениетi түрiнде көрiнiс берген жаһандану үрдiсiн мақұлдау арқылы мазмұндық аясына жаңалық енгiзедi. Абай тарихи-әлеуметтiк мекеншақты психологиялық мекеншақпен тығыз араластыру нәтижесiнде соны сипаттағы iлгерiшiл ұлттық мұрат субстратын назарға ұсынад....
Уақыт пен кеңiстiк ұғымының ауқымы шексiз. Екеуi Сиам егiзiндей ажырымайтын субстанциялар. Оларды қайсiбiр сәттерде ғана шартты түрде арнайы қарастыруға болады. Алайда тамырлас арналар алшақтап кете алмайды. Көркем әдебиет – уақыт пен кеңiстiктiң шағын моделi. Оны дүниеге әкелу үшiн де мекеншақ (хронотоп) өлшемi керек, оның мазмұндық құрылымы да әр алуан мекеншақ қатынастарына негiзделмек. Шығарманы қабылдау кезеңдерi де мекеншақ ерекшелiктерiмен сабақтас. Тегi, уақыт және кеңiстiктiң перцептуалдық бейнесiн әдебиет мекеншақ тағандарына табан тiреп тұрып сомдайды. Абай философиясының ең басты бағаналы терегi – Уақыт (әрине, кеңiстiк ұғымы өзiнен-өзi сана астарында тұрмақ). Әдепкiде ақын мұндай объективтi табиғи құбылысқа мән бермесе де керек. Уақыт – ананың құрсағында жүрiп, уақыттың түйткiл мәселелерiн шешемiн деп ойлау – өзiңдi айнасыз көрудiң мүмкiн еместiгiндей қиын нәрсе. Әйтсе де, Абай өмiр сүру уақыттың сыңарына айналу екенiн бiледi. Оның туындылары – ой-сана мекеншағының мәтiн арқылы тұрақтылық табуға ұмтылысы. Абайдың “Жасымда ғылым бар деп ескермедiм” өлеңiнде ақын алғаш рет уақытты жанама кейiпкер етiп алады. Мұнда тарихи, әлеуметтiк, даралық уақыт өкiнiш сезiмiне байланысты психологиялық уақыттың түрлi атрибуттары боп көрiнедi, кеңiстiк детальдарын түзедi. Қазақ елiнiң тұрмыс жағдайы мен әлемдiк өркениет арасындағы қайшылық лирикалық кейiпкер дүнетанымындағы қозғалыс заматымен iшкi драматизм тудырады. Ментальдық iлгерiлеудiң жекелiк қасиетi мен ұлттық тұйықтыққа тән жалпылық нышан тағы да қарама-қарсылық күйден айнымауы рефлексологиялық мезет кернеуiн арттырады. Ақын үшiн алдыңғы буынның олқылығын толтыруға тиiс ұрпақ болашағы да қауiпсiз емес. Ол кертартпа орта мен iзгiлiктi мұрат арасындағы кереғарлықты сезiнiп, қам жейдi. Лирикалық қаһарман негiзгi тұтқа идеясын меже қылып ұсынғанмен, өзiнiң жекелiк қасиеттерi, қоғамдық орта мiнезiмен келiспеушiлiк тәрiздi сарындарға көшуiмен тақырып әртараптылығы жағынан бұл жолы да, басқа туындыларында да толғау жанрына хас ерекшелiктi аңғартады. Бұл тәсiл баяндау уақытының еркiндiгiн оятады. Абай дидактикалық үлгiдегi жыраулар поэзиясының мекеншақ жағынан тым тәуелсiз болмысын бойына сiңiре отырып, әлеуметтiк және психологиялық мекеншақ аясында бұрынғы дәрiптеу мен таңырқау әсерiне қатысты қабылдау аясымен тұтастық шегiн бұзады да, осы төңiректегi драматизм, лиризм элементтерiн ұштай түсу арқылы эмоционалдық полифония қалыптастыру нәтижесiнде жаңа поэзия, модернистiк дүниесезiну дәстүрiн дүниеге әкеледi. Оны реалистiк поэзия деу аз. Өйткенi реализмнен жыраулық, ақын, сал, серi поэзиясы да құралақан емес-тiн. Сыншылдық пафос тарихи-әлеуметтiк себептерден гөрi жеке адамның өзiне байланысты әшкерелеу интенциясына құрылуымен де өзгеше. Аса биiк ерлiк, даналық сапалар емес, азаматтық құқық жағынан таршылық жағдайдағы мүлде басқа рухани құндылықтар эмблематикасын алға тартады. ....
1. Астана қаласы 2 Біздің Ту 3. Кім тапқыр (сайыс сабақ) 4. Қар қандай болады? 5. Тапқыр достар (сайыс сабақ) 6. Үй жануарлары
Қазақ тілі Сыныбы: мектепалды даярлық Сабақтың тақырыбы: «Біздің ту» Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік - елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. 2. Тәрбиелік - оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. 3. Дамытушылық - оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Сабақтың типі: жаңа білім мен іскерлікті қалыптастыру Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұхбат, топтастыру, баяндау, ой шақыру. Сабақтың көрнекілігі: рәміздерге байланысты түрлі - түсті суреттер, .....
1. Астана қаласы 2 Біздің Ту 3. Кім тапқыр (сайыс сабақ) 4. Қар қандай болады? 5. Тапқыр достар (сайыс сабақ) 6. Үй жануарлары
Қазақ тілі Сыныбы: мектепалды даярлық Сабақтың тақырыбы: «Біздің ту» Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік - елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. 2. Тәрбиелік - оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. .....
М. Шаханов поэзиясының әлемі Қарағайға қарсы бiткен бұтақтай, қазақтың маңдайына бiткен шыншыл да қайсар ұлы М.Шаханов шығармаларының iшiнде ұлт рухына, ел намысына соқпай кететiндерi кем де кем. Өзiнiң жасында жырларымен-ақ ұлт санасын оятып, күңгiрт көңiлге сәуле дарытқан М. Шаханов шығармалары елдiгiмiздiң керегесiн кеңейтiп, ертеңiмiзге жол салатын бiрден-бiр құрал. Ақынды жаңашыл ақын деймiз, қоғамымызда елең алып жатқан өзектi мәселелер мен өмiр толғаныстарына терең берiлiп, шиеленiстердi шешуге белсене бел буған ақынның ар намысы мен солмас рухы оның жалынды жырларында көрiнiс тапқан. “Дұшпан күлдiртiп айтар, дос жылатып айтар” дейдi халық даналығы. Халқының мiнiн бетiне басып, қатаң сынға алу арқылы ақын елiн ойлануға шақырады. Космополит қазақтар өлеңiнде ақын Ғабиден Мұстафиннiң мынадай сөзiн эпилог ретiнде алған “Бiз бұрын ұлтшылдықпен күрескенбiз, ендi ұлтсыздықпен күресер жағдайға жеттiк.” Жалпы кейiнгi кезде жарық көрiп жүрген өлеңдерiнiң бәрiнде ақын космополит қазақтармен, компьютер басты жарты адамдармен, дiнсiз, дiлсiздермен күресiп жүргендей. Ұлт тiлiне терең көңiл бөлiп өзiнiң жалынды да намыс атты шарпыған өлеңдерiнде ақын бүкiл халықты өз тiлiнде сөйлеуге үндейдi.....
М. Шаханов поэзиясының әлемі Қарағайға қарсы бiткен бұтақтай, қазақтың маңдайына бiткен шыншыл да қайсар ұлы М.Шаханов шығармаларының iшiнде ұлт рухына, ел намысына соқпай кететiндерi кем де кем. Өзiнiң жасында жырларымен-ақ ұлт санасын оятып, күңгiрт көңiлге сәуле дарытқан М. Шаханов шығармалары елдiгiмiздiң керегесiн кеңейтiп, ертеңiмiзге жол салатын бiрден-бiр құрал. Ақынды жаңашыл ақын деймiз, қоғамымызда елең алып жатқан өзектi мәселелер мен өмiр толғаныстарына терең берiлiп, шиеленiстердi шешуге белсене бел буған ақынның ар намысы мен солмас рухы оның жалынды жырларында көрiнiс тапқан. “Дұшпан күлдiртiп айтар, дос жылатып айтар” дейдi халық даналығы. Халқының мiнiн бетiне басып, қатаң сынға алу арқылы ақын елiн ойлануға шақырады. Космополит қазақтар өлеңiнде ақын Ғабиден Мұстафиннiң мынадай сөзiн эпилог ретiнде алған “Бiз бұрын ұлтшылдықпен күрескенбiз, ендi ұлтсыздықпен күресер жағдайға жеттiк.” Жалпы кейiнгi кезде жарық көрiп жүрген өлеңдерiнiң бәрiнде ақын космополит қазақтармен, компьютер басты жарты адамдармен, дiнсiз, дiлсiздермен күресiп жүргендей. Ұлт тiлiне терең көңiл бөлiп өзiнiң жалынды да намыс атты шарпыған өлеңдерiнде ақын бүкiл халықты өз тiлiнде сөйлеуге үндейдi. Тiлiмiздi қорғауда iсiмiз бiрiкпей, Санамыз сандалып, күшiмiз кiрiкпей Тоталитарлық жүйеде жүргендей тосылудамыз. Жерiмiздi қорғап жат қолдан,....
Кіріспе Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз. Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк.....
Кіріспе Инвестициялар – мүлiктiк қазыналардың және оларға құқықтардың, сондай-ақ пайда мақсатында инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне салатын интелектуалдық меншiкке құқықтардың барлық тұрлерi. Инвестиция (ағылшынның invistor - салымшы) бұл өндiрiстiк, кәсiпкерлiк және басқа да қызметтерге өнiм өндiрудi, жұмысты және қызметтi Ұйымдастыру және пайданы алу немесе басқа да түпкi нәтижелерге (табиғатты қорғау, тұрмыстық өмiрдiң сапасын арттыруы және таға басқаларға) жету мақсатында ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар. Олар материалдық және интелектуалдық бағалықтар болуы мүмкiн. Сонымен қатар инвестиция өндiрiстi дамытуға немесе өнiдiрiстiк емес сфераға күрделi қаржыны жұмсауды да айтамыз. Елiмiздiң геосаяси жағдайы жерасты қазба байлықтың молдығы шетел кәсiпкерлерiнiң аңсарын аударып отырғанымен инвестициялық салада проблемаларда баршалық. Соның ең бастысы өндiрiс орындарының өнiм өндiру көлемiн мүмкiндiгiнше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едiк. Осының салдарынан кейбiр салаларды инвестиция үшін берген қаржының бiраз бөлiгi сол кәсiпорындардың жалақы мен зейнетақы қарыздарын төлеуге жұмсалды. Мысалы, үстiмiздегi жылы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы мөлшерi 1,2 миллиярд теңге қысқарды. °сiлi, бұл қаржы кәсiпорындарының iшкi құрылымын жетiлдiруге, техникамен жарақтандыруға, тағы басқа мақсаттарға жұмсалуы тиiс болған.....
КIРIСПЕ Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершiлiк иманға және тек өзiне ғана тән ерекшелiктерге толы ұлттық құқықтық мәдениетi бар. Бұл мәдениеттiң бастаулары пәк те мөлдiр, иiрiмi – терең де тұңғиық, түла бойы тұнған дүниетанулық ой-әуенге толы өнеге мен өсиет. Сондықтан осынау бiр “өтпелi кезең” атты бимәлiм өлiара дәуiрде тұрған бүгiнгi ұрпақтың басты мiндетi – елеусiз қалған осы асыл қазынасына көңiл аударып, оны өгейсiтпей бауыр тарту, сөйтiп заман көшiнен жұққан шаң-тозаңнан арылтып, оны өзiнiң бүгiнгi өмiрiнiң айнымас тiректерiнiң бiрiне айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттiк және құқықтық өмiрiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағының қажеттiлiктерiнiң бiрi екендiгiн мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетiн толық игермей, оны өзiмiздiң төл мемлекетiмiз бен құқықтық жүйемiздiң алтын арқауы етпей Республикамызда құқылық мемлекет құрамыз деудiң өзi – “көзжұмбайлыққа” салыну, тарих тағлымына немқұрайлықпен қарау, қазiр жүргiзiлiп және болашақта көзделiп отырған реформаларға пәрмендiлiк пен қуат берер асыл арналарды тануда кешiрiлмес селқостық таныту.....
Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершiлiк иманға және тек өзiне ғана тән ерекшелiктерге толы ұлттық құқықтық мәдениетi бар. Бұл мәдениеттiң бастаулары пәк те мөлдiр, иiрiмi – терең де тұңғиық, түла бойы тұнған дүниетанулық ой-әуенге толы өнеге мен өсиет. Сондықтан осынау бiр “өтпелi кезең” атты бимәлiм өлiара дәуiрде тұрған бүгiнгi ұрпақтың басты мiндетi – елеусiз қалған осы асыл қазынасына көңiл аударып, оны өгейсiтпей бауыр тарту, сөйтiп заман көшiнен жұққан шаң-тозаңнан арылтып, оны өзiнiң бүгiнгi өмiрiнiң айнымас тiректерiнiң бiрiне айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттiк және құқықтық өмiрiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағының қажеттiлiктерiнiң бiрi екендiгiн мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетiн толық игермей, оны өзiмiздiң төл мемлекетiмiз бен құқықтық жүйемiздiң алтын арқауы етпей Республикамызда құқылық мемлекет құрамыз деудiң өзi – “көзжұмбайлыққа” салыну, тарих тағлымына немқұрайлықпен қарау, қазiр жүргiзiлiп және болашақта көзделiп отырған реформаларға пәрмендiлiк пен қуат берер асыл арналарды тануда кешiрiлмес селқостық таныту. Ұлттық құқықтық мәдениетiмiздiң ғылыми түр-тұлғасын сомдап, шынайы табиғатын ашу әлi де болса келешектiң iсi. Бұған дейiн бiз бұл мәселеге тек танымдық қана мәнi бар деген көзқарас төңiрегiнен қарадық, сөйтiп оның тарихи контексiне ден қойдық. Құқықтық мәдениетiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағы туралы сұрақты анық та ашық қоя алмадық. Ал, қазiр жағдай түбегейлi өзгердi. Республикамыз Егемендiк алып, мемлекеттiк тәуелсiздiгiмiз өмiр ақиқатына айнала бастасымен ұлтымыздың құқықтық мәдениетiн танып бiлу және игеру, шамамыз келгенше оны жаңғырту және пайдалану күн тәртiбiне қойылып отыр. Өзiне ғана тән құқықтық сезiмi, құқықтық ұғымы және танымы халқымыздың жадында. Ендi өзiнiң осы бiр ерекшелiгiн – ұлттық құқықтық мәдениетiн – ескерудi және соған назар аударуды талап етуде. Бүгiнгi күн оқиғалары халқымыздың дәстүрлi құқықтық мәдениетiн тек танымдық, тарихи ғана мәнiмен шектеудiң ағаттығын, оның бүгiнгiсiне зер салып, болашағына зор үмiт артудың артық емес екендiгiн ескерткендей. Олай болатын болса бұл саладағы бiздiң ғылыми iзденiстерiмiзге де жаңа серпiн, тың леп беру керек. Әсiресе ұлттық құқықтық мәдениетiмiздiң тарихына арналған ғылыми зерттеулерiмiздi оның бүгiнгi халi мен болашағын анықтап, сараптауға бағышталған iзденiстермен қатар әрi тығыз байланысты өрбiткен абзал. Бiз сонда ғана ұлттық құқықтық мәдениеттегi орнын, жетiстiгiн және ерекшелiгiн анықтаймыз, сөйтiп оның дүниежүзiлiк тарихтағы шынайы әрi обьективтi келбетiн мүсiндеуге жол ашамыз. Көшпелi қазақ қоғамындағы құқықтық өмiрдi арнайы бақылап, оны жүйелi түрде зерттеп-зерделеудiң ұзаққа созылған тарихы бар. Оның бастауы көшпелiлер тарихының ежелгi дәуiрлерiне барып тiреледi. Сол кезден бастап қазақ сахарасындағы әдет заңдары хатқа түсiрiлiп, оларды iздеп, жинау, жариялап-зерттеу iсi бiрте-бiрте жолға қойылды. Дегенмен, қолда бар деректер қазақ әдет-ғұрып құқығының зерттелу барысын Ресейдiң қол астына ену кезеңiнен бастауға ғана мүмкiндiк бередi. ....
Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстанда бахай сенiмi аз зертелген. Бұл тақырыпты Трафимов, Артемьев, Ғ Есiм Соңғы уақыттарда елімізде адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдеп жатқаны байқалуда. Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әртүрлі діни идеялар толтыруға тырысып бағуда. Нәтижесіз де емес. Бұл діни идеялардың Қазақстан халықтарының рухани сезімдерімен үйлесетіндері де, үйлеспейтіндері де бар. Сондықтан да дін дегеннің не екенін танып білу әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік. Жүргізілген зерттеулердің көрсеткіші бойынша бүкіл республика территориясында 46 конфессия мен деноминациядан өкілдік танытатын 2192 діни бірлестік әрекет етеді.Соңғы деректер бұл көрсеткішті 2504 ке жеткізіп отыр /1/. Бұл біздің елімізде діндердің түрінің өте көп екендігін дәлелдейді.Қазақстан секілді жас, әрі халық саны да аз мемлекет үшін бұл көрсеткіш қауіпті сияқты. Сонымен қатар осы саны көп діни ошақтардың сапасы қандай екенін, олар қандай идеяларды насихаттайтынын және олардың идеяларын қабылдаушылар кімдер екені көбінесе назардан тыс қалуда. Радио, теледидар және баспасөз арқылы берілетін хабарлар үстірт, тек таныстырумен шектеледі.Еліміздегі діни ахуалды терең ұғынып, оған жан-жақты баға беру дінтанушы ғаллымдардың негізгі міндеті болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстандағы Бахаи Ұйымы жұртшылықтың назарын өзіне әжептеуір аударуда.Бұл ұйым Қазақстанда заңды түрде тіркеліп, жұмыс жүргізуде. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бахаиліктің Қазақстан жеріне келу тарихы сонау 1938-39 жылдарға тура келеді. Өйткені осы жылдары Орта Азия мен Кавказ аймақтарында тұратын бахаилерді біздің елдің солтүстік жақтарына жер аударады. Бұл діни ағым Қазақстан жерінде соңғы он жылдықта әрекет етіп келе жатқандықтан бұл тақырыпқа арналған арнайы ғылыми еңбек жоқтың қасы. Бахаилік жайлы орыс шығыстанушы ғалымдары өз еңбектерінде орын бергенімен арнайы зерттеу жасалмаған. Орыс ғалымдарынан Бахаулла және оның діни іліміне қатысты арнайы зерттеу жасап , еңбек жазған Базиленко И.В болып табылады. Ғалым «Бахаизм: история вероучения (середина XIX- начало XX в)» атты еңбегінде бахаилікті тарихи тұрғыдан қарастырып, әлемдік діндер қатарына енуге ұмтылып жатқан діни – саяси ілім деп айтады. Ал Қазақстанда Трофимовтiң “Религии в Казахстане”, Артемьв А.И “Религии в Казахстане”, “Религиоведение” Артемьв А.И және Ғ Есiм “Дәнтану негiздерi”.....
I тарау 1.1 Банк қызметiндегi тәуекелдiк. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктiк салада банк әр түрлi операцияларды жүргiзу кезiнде өзiне қабылдайтын тәуекелдiлiк бақылау дұрыстығының маңызы артады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдiлiк түсiнiгi банктер өмiрiне нақты кiруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанксiнiң жоспар – нұсқауы бойынша қызмет еттi, сондықтан банкатер тәжiрбиеде тәуекелдiк деген түсiнiк болған жоқ. Қазiргi кезде банктiк нарық тәуекелсiз мүмкiн емес. Ол кез келген операйияларда болады, тек тәуекелдiк әр түрлi колемде болуы мүмкiн. Сондықтан банктiк қызмет үшiн тәуекелдiлiктi мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгi деңгейге дейiн жеткiзу маңызды болып табылады. Тәуекелдiк дегенiмiз не? Тәуекелдiк негiзiнде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктiң қаржылық операйияларды жүтргiзу кезiнде өз ресуррстариының табысы бiр бөлiгiн жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупiн түсiндiредi. ....
Тақырыптың өзектiлiгi. Бұл жұмыс қазақ елi өз тәуелсiздiгiн алып өркениеттi ел демократиялық құқықтық мемлекет құруға ұмтылып жатқан кезендегi Қазақстан Республикасының “Қазақстан-2030” бағдарламасы бойынша саяси дамуының алғышарттарын зерттеу мәселесiне арналған. Қазақстанның қазiргi саяси өмiрiнде терең әрi тез өзгерiп жатқан қарама-қайшылығы мол, ескi стеротиптерден бас тарту мен жаңа даму түрiн iздеу, саяси-тарихи тәжiрибенi талқылау мен таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасау сияқты маңызды процестер жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасы тәрiздi тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтiп жатқан мемлекетте елдiң саяси дамуының алғышарттарын талқылап, зерттеу мәселесi өте маңызды. Қазақстан қоғамының түбегейлi модернизацияға ұшырауы бұрынғы қалыптасқан саяси жүйенiң, қарым-қатынастар мен саяси дамудың өзгеруiне әсер еттi. Жаңа демократиялық қондырғылар, түсiнiктер, саяси институттар қалыптасты. Қазақстан Республикасындағы жалпы қоғамдық-саяси даму ерекшелiктерi негiзiнде саяси қатынастардың жаңа формалары мен даму үрдiстерiн, әрбiр ұлттың ерекшелiктерiн сақтай отырып, олардың ортақ мүдделерiн қарастыру-қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етер негiзгi мүмкiндiк көздерi. Ал бұл мүмкiндiктерді іске асыруда қоғамдағы саяси және әлеуметтiк институттардың ықпалы мен рөлi айқын сезiлiп отыр. Тақырыптың маңызы Қазақстанның тәуелсiз мемлекеттiлiгiн нығайту кезеңiндегi жаңа мiндеттер мен үлкен өзгерiстер жағдайында арта түсуде. ....
Соғысаралық жылдары халықаралық саяясатта үш негiзгi бағыт болды: бiрiншi социалистiк елдiң капиталистiк елдермен бейбiт қатынаста болуды, халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi қолдау және агрессияныбасуға ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiн құруды қамтамасыз етуге арналған Кеңестiк Одақтың бейбiтсүйгiш бағыты, өздерi үшiн тиiмсiз Версаль-Вашингтон бейбiт реттеуiн қайта қарастыру және әлемдiк үстемдiкке қол жеткiзу мақсатындағы халықаралфқ соғысты дайындау мен өрбiтуге арналған антикоминтерн лактiсiнiң державалары – Германия, Италия және Жапонияның өте агрессивтi бағыты және КСРО-ға әскери шабуыл ұйымдастыру мақсатымен Кеңестiк Одаққа қарсы агрессивтi бвғыттары үшiн агрессорлармен келiсуге арналған батыс державалары – Англия, Франция және АҚШ-ң мюнхен бағыты. Англия және басқа державалар Кеңестiк Одақтың ұжымдық қауiпсiздiгiн құру талпынысын керi итерiп қана қоймай, агрессорлар – Германия, Италия және Жапония iстерiн кейде мақұлдап та отырды. Соғысаралық кезең Англия үшiн өте шиеленiстi және оқиғаға толы болды. Жұмыс өзектілігі және маңыздылығы. Версаль-Вашингтон жүйесi құрылғаннан кейiнгi және Екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталғанғанға дейiнгi кезең адамзат тарихында шын белең алған кезең. Бұл кезең фашистер мен ұлтшылдардың жауыз агрессорлық сипат көрсеткен, ұлы державалардың өз пайдасын көздеуде сатқындық көрсеткен уақыт. Әлемдiк тарихта соғысаралық кезеңнiң жеке бiр орны бар, түрлi оқиғаларға толы кезең. Осындай маңызды да қызықты кезеңде сол кездегi ұлы державалардың бiрi Ұлыбританияның сыртқы саясатын бiлу, негiзгi бағыттарын бiлу тақырыптың өзектiлiгiн және маңыздылығын ашады. Мақсат және міндет.курстық жұмыс жазу барысында мен өз алдыма мынадай мiндеттiлiктер алдым: • соғысаралық кезеңдегi халықаралық жағдайға тоқатылып, жан-жақты зерттеу....
Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып. Мазмұнына көз жүгiртсек, екi бөлiктен тұратынын көремiз. Бiрi – ұлт, екiншiсi – идея мәселесi. Ұлттану қазақ даласына ежелден қоныстанған үрдiс екенi ақиқат. Осыдан үш мың жыл бұрын өмiр сүрген Геродоттан тартып, кешегi Колбинге дейiн әрқилы мақсатқа сай қазақстанға сырттан келгенде ұлттануға ден қойғаны – арғы тегiмiз сақтарды, салт-дәстүрiмiздi, рухани-мәдени ұстанымдарымызды, тарихымызды, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-бiлуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек. .....
Қазақ хандығы тұсында Сырдария өзенінің бойын иелену мақсатындағы соғыстар бір-екі ғасырға созылды. Әсіресе, Бұрандық ханның тұсында дария бойындағы қалалар Шайбанилер хандығымен екі арада кезек-кезек қолдан-қолға өтті. Сондай-ақ XVI ғасырдың екінші жартысында Сыр өңірі қалалары үшін күрес қызды. XVI ғасырдың аяғы мен XVIІ ғасырдың басында қарақалпақтар сыртқы саяси әрекеттерінде белсенділік танытып, Сырдария аймағы мен Ташкентті уақытша басып алды. .....
Ағынтай (туылған жылы белгісіз — 1672)[1] — батыр, Есім мен Жәңгір хандардың сенімді серіктерінің бірі. Ағынтай 1620 жылдан бастап жоңғарлармен болған ірі шайқастардың барлығына қатысқан. Қалмақ батырларымен әлденеше рет жекпе-жекке шығып, үнемі мерейі үстем болып отырған .....
Ағынтай (туылған жылы белгісіз — 1672)[1] — батыр, Есім мен Жәңгір хандардың сенімді серіктерінің бірі. Ағынтай 1620 жылдан бастап жоңғарлармен болған ірі шайқастардың барлығына қатысқан. Қалмақ батырларымен әлденеше рет жекпе-жекке шығып, үнемі мерейі үстем болып отырған. Ағынтай Орбұлақ шайқасында (1643жылы) Батыр қонтайшының 50 мың жауынгеріне төтеп берген Салқам Жәңгірдің 600 сарбазының ішінде болды. Шапырашты Қарасай батыр мен бірге Жәңгірді қалмақ тұтқынынан босатуға қатысқан. Аңыздарда Ағынтай батырдың орасан зор қара күш иесі екендігі .....
Бекболат батыр 1916 жылғы тарихи оқиғаға Оралдағы-10, Сырдариядағы-13, Cемейдегi-17, Ақмоладағы-27, Торғайдағы-60, Жетiсудағы-102 болыстың ер азаматтары қатысты. Жетiсуда тұратын қазақ, қырғыз, дұнғандардың ұлт-азаттық көтерiлiсi қазақ даласындағы қозғалыстың ең көлемi маңызды орталығына айналды. Олардың iрi ошақтары Асылдағы — Қызылбөрiк, Үшқоңырдағы — Жайылмыс, Қастек-Самсыдағы — Ботбай, Тайторы болыстарында болды. Көтерiлiстi қазақ демократиялық интеллигенциясының өкiлi Тоқаш Бокин ұйымдастырды, дайындады. Жер-жердегi топтарды Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Нүке Сатыбеков, Доқожа Қашағанов, Әли Нұрғожаев, Сатай Көбегенов, Жақабай Құдайбергенов, Байхан Қазыбеков, Сатай Қарашаев, Боранбай Жантөлеев, Әлиасқар Сырабаев, Серғазы Күшiков, Сейдахмет Ысқақаов, Иса Сексенбаев сияқты халық ұлдары .....
Баян Есентаеваның ең жақын құрбысы, танымал тележүргізуші Мәдина Балғабаева продюсердің жаңа кітабы туралы өз пікірін білдірді. Ол құрбысының елге таныстырған туындысын оқу өзі үшін өте ауыр болғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен ұстаздардың жалақысын көтеруге үмiттi екендiгiн айтты деп хабарлайды baq.kz.
Бүгiн елордада «Халықтың сүйiктiсi-2016» ұлттық жүлдесiне ие болған азаматтар марапатталды. Биыл алтыншы рет өткiзiлiп отырған салтанатты шарада қазақстандық боксшы Василий Левитке Олимпиада алтын медалiнiң көшiрмесi табысталды, деп хабарлайды baq.kz.
Қай елде, қай халықта да дана тұлғалар, данышпан қайраткерлер тарих ағымының биік жалында, халық тағдырының терең шайқалыс шақтарында дүниеге келетіні белгілі. Қолбасшы батыр, қаһарман ақын Махамбет Өтемісовты тудырған ондай кезеңді шақ – патша отаршылдығы мен хан өкіметінің езгісі мен қысымына қарсы......
Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғап сыздаған балтырымызды тоқтатады. Осы ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!