Шөмішбай Сариев кім? Шөмішбай Сариевтің шығармашылығы мен өмірі
Қызылордалық ақын-Шөмішбай Сариевтің шығармашылығыАннотацияБұл мақала қазақ поэзиясының көрнекті өкілі,сазгер,зерттеуші ғалым Шөмішбай Сариевтің шығармашылығы мен қазақ әдебиетінде алатын орны жайлы зерттеу еңбегі. Мақаланың басым бөлігі ақынның поэзиясы мен сазгерлігіне арналады. Көзі тірісінде жаз...
Қазақстан Республикасы дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитетінің оң қорытындысы 09.11.2017 №14-06-13/4-568 берілген. Дайындаған: Ауданбай Қажы Ахметжанұлы.
Адам баласының анаға деген жүрек сөзін бейнелейтін бір ән жуықта дүниеге келгенін жұрт толық біле бермесе керек.
Ол қуаныш іляс ұлы сөзін, айнұр үрістем қызы әуенін жазған, кәбира үрістем қызы шырқаған «Анаға сағыныш» атты жаңа ән. Я, аяулы ана, ардақты есім, күллі ғалам осы бір ғана сөзге сыйып тұрғандай, бұл ғаламда ананы жырламаған ақын, ана жайында ән шығармаған сазгер жоқ шығар-ау! дүниедегі сағыншытың ең бигі, асқағы анаға сағыныш болар, сол сан мың жүректің сағынышын бір жүрекке сиғызып, жеткізу екінің бірінің қолынан келе бермейтін дарын болса керек. Аңғарлы оймен ән әлеміне көз салсақ, ана жайында шырқалған талай әнге куә екенбіз.
Нұрғиса тіленді мен қадыр мырза-ٴалының «Асыл әже»....
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №3 Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дуржанова Бибисара Қалиасқарқызы
Сабақтың тақырыбы: Наурыз – думан Мақсаты: 1. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. 2. Ауызекі сөйлеу арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейту. 3. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, Наурыз мерекесі туралы қанатты сөздер, ұлттық тағамдардан дастархан әзірленеді. Үнтаспадан күй, халық әуендері беріліп жатады. Мереке ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Наурыз айы болғанда» әнімен басталады.
Құрметті оқырман осы мақалада Қазақстан туралы өлеңдер жинағын авторын жаздық. Тағы да қандай өлеңдер осында болу керек деп санайсыз, онда астында өлеңнің толық нұсқасын авторын атын жазып қалдырыңыз! Қазақстанымыз өркендей берсін, ағайын!
Ойын ұғымына түсініктеме берсем-бұл адамның мінез-құлқы өз басқаруымен анықталған қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған іс-әрекеттің бір түрі болып табылады.Ойын сөзінің мағынасы –қуаныш,әзіл дегенді білдіреді.Өте ертедегі тұжырымда ойын адамдардың бос уақытына байланысты пайда болды деген пікір бар.
Ойын-дегеніміз не?Ойын дегеніміз-халықтың баланы әдептілікке,сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда....
Мақсаты: - Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту; - «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу; - Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау
Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби кеш
Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру. Сыныптан тыс іс – шара көрнекілігі: Абай портреті, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері фотасуреттер, слайдтар. Өткізілген күні: Қатысатын студенттер: 1-2 курс
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеш.
Мақсаты– Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер. 1-жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен....
Өтетін күні: Өтетін орны: колледждің мәдениет залы. Сахнаның безендірілуі: Абайдың портреті, мультимедиалық проектор, көрініс құралдары, шараның эпигрофы:
«Өлді деуге болама айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.» Мәдениет залына дөңгелек үстелдер кіргізіліп, айналасына орындықтар қойылады. (қатысушылар мен көрермендерге арналып)....
Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен....
Жаңа оқу жылы мұғалім қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі болып табылады. Мереке қарсаңында еліміздегі әрбір мектептер мен оқу орындарында іс - шаралар өтіп, шәкірттері ардақты ұстаздарын құттықтап жатады. Біздің сайт ұжымы сіздерге Мұғалімдер күніне арналған мерекелік кеш сценарийін ұсынады. Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар) М — мейірімді Ұ — ұлағатты Ғ — ғазиз А — ақылшы Л — лайықты І — іскер М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге) 1 — оқушы: Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға, Сіздермен тола берсін ортамызда. Бүгінгі ел басқарған....
Келін күйеудің үйіне келгенде, сәлем салып отырады. Күйеудің туғандары, ағайындары бәрі отырады. Онан соң бір кісі ағаштың басына бір асыл бұйым шүберек байлап алып шығып отырып, келіннің басындағы бүркенген желегін көтеріп, бетін ашып, былайша өлең айтады....
Шарықтап құм жосалы жалаң белді, Шаңдатып келе жатыр Аманкелді. Аңқытып ақ тұйғындай астындағы Алды — жел, арты — құйын жарау керді. Артында Аяп бала шаң бүркенген, Келеді көк бестімен қалқып ерден. Шоқытып құм төбеге шықты өзі, Аңшыдай адырдан бір түлкі көрген. Жоқ, аңшы емес қазір жөні бөлек, Жарысып жүрген де жоқ жел жебелеп. Дүз барлап келген де жоқ жауды бағып, Жорыққа шыққан да жоқ елден ерек. Селебе соғар шақта төгіп қаһар, Сұңқар да алдын ала қанат қағар. .....
Ақсақал Жамбыл келед жанаттанып, Қиялы қияға өрлеп қанаттанып, Жазылып бүкіш белі қуаттанып, Туған ел сәулетімен санаттанып! Қолға алып домбырасын жаны жайнап, Сталин дәуірінде талаптанып, Ән шырқап шарықтаған сағатында, Жыр арнап, шың Кавказға қанат қағып, Ардақты ел, ер туғызған алтын бесік.....
Намаз – кәлимадан кейін парыз болған ұлы ғибадат. Сондықтан да, Алласын танып, иман келтірген әрбір пенденің жүрегінде намазға деген құлшыныс бар. Құлшыныспен бірге күдікті ойлар қатар жүреді. Бұл сөзсіз – діннің емес, жынның ісі. Сіздің санаңызды жаулаған көптеген күдіктерді сейілту мақсатында намаз бастауды жеңілдететін аз-кем кеңестерімізді ұсынбақпыз.
1. «Бес намаздың сөздері мен әрекеттерін жаттау қиын»
Көпшілік адам «Бес уақыт намаз әр түрлі оқылады, оны бастау үшін бес уақыт намазды жаттауың керек» деп ойлайды. Бұл ойдың нәтижесінде намаз бастау өте қиын деген тұжырым шыға келеді. Жоқ, тіпті олай емес. Негізі 2 бас яғни 2 ракат намазды оқуды үйренгенің – бес уақыт намазды үйрендім деген сөз. Себебі, бес уақыт намазда да сол 2 ракат үшін.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Алла Тағала Құранда Өз құлдарына: «Біз сендерді аздаған қауіп-қатермен, аштықпен және мал-мүліктеріңнен, (жақын) жандарыңнан, өнімдеріңнен айыру арқылы сынаймыз...» («Бақара» сүресі, 155-аят) деп ескертеді. Алла айтса, қашанда ақиқат! Және мұнда бір жақсылықтың болуы да мүмкін. Алайда, кейде қиыншылықтардың тым көп болуын «жолым жабылып қалдыға» балап, көңілге уайым ұялатқан тығырықтардан шығудың оңай жолын іздеуге.....
Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық баққытқа кенеліп жүре беріңіз!!!
Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан, Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам. Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған, Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық......
Тәрбие сағаттың тақырыбы: Ынтымақ - достық кепілі. Тәрбие сағаттың Мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Тәрбие сағаттың Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер,еліміздің рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.
Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар» «Ынтымақ-достық кепілі» Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре....
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды......
Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын ЖамбылЖабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді. Ұстазы Сүйінбайдан бата алған Жамбыл Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құланаян Құлмамбет, Шашубаймен айтысып, оларды жеңгеннен кейін Жетісудің ерен жүйрік ақыны....
Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық корын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті. Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бөрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сиякты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінеді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ітттінде 35% -ы кесілген екен. Кейін адамзат кауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат корларын есепке альш, оларды тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар кабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды. Табиғат қорғау дегеніміз — тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) жөне өлі (топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б.) табиғатты корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат корғауға ғылыми түрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады. ....
Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедеріде әсер етеді. Ауданның жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орта температурасы – 22 С, - 30С, шілдеде + 25 С, + 35 С. Жылдық жауыннын орта мөлшері 200-300 мм. Жауын шашынның көбі қыста түседі. Оңтүстік Шығыстан Солтүстік батысқа дейінгі орталық бөлігі ашық сарғылтым топырақ қабатымен, тау беткейлері қоңыр топырақты жайылғымен ерекшеленеді. Аудан жерінің көпшілік бөлігі жазық. Зайсан қазан шұңқыры манындағы құмды, құмдақ және қалын, қабатты сұр топырақты жерлерде жусанды – соран өсімдіктер, ал Зайсан көлінің жағасына таяу шалғынды батпақты топырақта тұрақты шалғындар мен жайылымдар бар. Тарбағатай тауының етегінде қиыршық тасты боз қызыл-қоңыр топырақтарда тобылғы аралас әр түрлі шөп өседі. Тарбағатайда бірнеше топырақ пен өсімдіктер белдеулері бар 1400 м биіктікке дейін таулы қызыл-қоңыр, таулы қара топырақтарда бозды бетегелі дала зонасы, одан жоғары /1400-1700 м/ қара топырақ тәрізді шымды-шалғындық топырақтарда суальпілік және альпілік шалғындар өскен таулы зонасы бар. Зайсан қазан шұңқыры – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс. Оңтүстік Алтай, Қалба және Сауыр – Тарбағатай жоталары аралығындағы тектоникалық ойыс. Ұзындығы – 225 км, ені 100 – 125 км. Зайсан қазан шұңқырының үштік дәуіріндегі көл тасқындарының аллювалдық шөгінділерінен түзілген. Қазан шұңқыр таудан ағатын өзендермен, сай – жырлармен тілімделген ойыстан шөл және шөлейт жерлері жайылымға пайдаланады. Ауданда жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, ақ құлақ борсық, қос аяқ, суыр, елік, тиін, қоңыр аю, арқар, сілеусін бар. Ауданның далалы өңірінде елік, дуадақ, тырна, безгелдек, торғай, қараторғай, сарышұнақ, дала тышқаны, қос мекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың төрт түрі – жасыл бақа, тас бақа және дала сұр жыланы, секіргіш кесіртке кездеседі.....
Қазақстанда ысқылы қылқобыз аспаптарда орындау дәстүрі өнері ұлттық бастау алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында аспаптық музыканың даму кезеңі - майталман қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығымен тікелей байланысты. Ықылас жеті атасынан қобызшылар әулиеті атанған Дүкен қобызшының отбасында 1843 жылы дүниеге келді. Оның туып өскен жері казіргі Жаңарқа мен Сарсу ауданына қарасты жерлер. Ықыластың аталары қара қобыздың қасиеті мен сиқырлы – мистикалық үніне қатты сенген. Олар өз ұрпағының аман - саулығын, өсіп - өрбуін сол құдіретті күшпен байланыстырып, жамандық пен зұлымдылық аталудан сақтап қалушы да қара қобыз деп санаған. Ықыластың күйшілік феноменінің өмірге келгенін негізгі шарттарын дәйектегенімізде, оның түрлі бұлақтан нәр алатындығын анықталды. Ықыластың атақты күйші болуына әкесі Дүкен көп ықпал еткен. Оның тартқан қобызының үні баласының құлағына жас кезінен есте қалған. Демек, Ықыластың арғы тегінде күйші - қобызшы, домбырашы, өнерпаздар көп болған. Жезқазған облысының жерінде Қызылтаудың батыс шалғайына Дүкенұлы Ықыластың ата-қонысы орналасқан екен. Осы Қызылтау сілемінен шыққан күйшілер шоғырының ұлттық мәдениетімізге қосқан үлесі айрықша болып табылады. Бұл өңірдің қүйшілік дәстүрі өзінің бастау тегін тым көнеден бастаған. Бұл дәстүрдегі күйлер, тыңдаушыларға ерекше әсер береді. Күйші ретінде ғажайып дәстүрді Ықылас қобыз тілімен өте әсерлі дамытқан. Осы жерде тұлға ретінде ол рухани тарихымыздың төрінен көрінеді. Ықылас екі жасынан - ақ ескі қобыздарды сүйретіп, ойыншық қылып ойнаған екен. Үш-төрт жасында от басында қариялар әңгімесінің үстінде атасы, не әкесі қобыз тартса көн шанаққа кішкене алақанын басып, тың тыңдап, зыңылдап шыққан үнге қап жүрген. Ол ел аузындағы «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян-сұлу», «Қамбар батыр», «Мұңылық - Зарлық» жырларына ұйып өскен деген деректер бар. «Сарысуда ұлан жаз бойы жатып алып жырлайтын жыршы Шөже жиі - жиі келген. Шөженің сай сүйікті сырқыратқан шерлі үніне боздаған қобыз үні қосылғанда, бес - алты жастағы Ықылас оны жылап отырып тыңдаған екен. Кейін есейе келе сол әсердің күші болды ма екен, бір күйін «Қамбар» деп, екінші күйін «Мұңылық - Зарлық» деп тартқан болатын. «Қамбарда» - эпикалық кесек ой бар, «Мұңылық - Зарлық»-тәтті мұңға тұнған лирика» - деп жазады И. Жақанов. ....
Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық корын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті. Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бөрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сиякты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінеді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ітттінде 35% -ы кесілген екен. Кейін адамзат кауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат корларын есепке альш, оларды тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар кабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды. Табиғат қорғау дегеніміз — тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) жөне өлі (топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б.) табиғатты корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат корғауға ғылыми түрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады. Табиғат корғаудағы негізгі мақсат — оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз калпында жеткізу. Ол үшін, біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет. Соңғы жылдары елімізде табиғат корғау мәселесіне үлкен мән берілуде. 1997 жылы 15 шілдеде "Қоршаған ортаны қорғау туралы", ал 1997 жылы 6 тамызда "Ерекше корғалатын табиғи аумақтар туралы" заңдар қабылданып, оларды жүзеге асыру жөнінде игі істер атқарылуда. Еліміздегі ерекше қорғалатын аумақтарға: мемлекеттік қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, республикалык мәні бар табиғат ескерткіштері, табиғи қорықшалар (заказник), халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар, зоологиялық, ботаникалық, дендрологиялық бактар, экологиялық тұрғыдан ғылыми, мәдени жөне тарихи құнды табиғи нысандар жатады. ....
Бұл тарауды жазудағы мақсат функционалды стиль мәтіндерінің интонациялық құрылымын, әр стиль мәтінін түзудегі кідіріс, қарқын, әуен, үдемелілік тәрізді просодикалық тәсілдердің рөлін анықтау болып табылады. Негізгі мәселе төңірегінде сөз қозғамас бұрын мәтін туралы түсінікті айқындап алуды жөн көрдік. «Қазақ тілінің энциклопедиясында» мәтін туралы және мәтін лингвистикасы туралы жазылған негізгі тұжырымдарды келтіре отырып, сонда айтылған басты қағидалар негізінде ой дамытсақ: мәтін (текст) латынша - байланыстыру, бірігу, тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыстылығы негізінде түзілген ізбе-ізділігі. Мәтіннің құрылымы мына талаптарға жауап бергенде ғана жүзеге асады: сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі мазмұнға және дер кезінде қабылдана алу мүмкіншіліктеріне ие болуы, қарым-қатынас жасаудың іске асуы т.б. Мәтін - жазудың шығуымен байланысты қалыптасып жетілген және әрі қарай дамып отыратын тілдік құрылым. Мәтіннің маңызды белгілерінің бірі - оның аяқталғандығы. Мәтіннің негізгі категорияларына хабарлау, қосымша хабар біртұтастығы, уақыт бірлігі, модальдық т.б. жатады ....
Құрылған уақыты - 1976 жылғы тамыз айы. - Қазіргі ауданы: Қорықтың жалпы ауданы 71367 га, оның 26917 га-сын құрғақ жер, ал 44450 га- сын көл алып жатыр. Қорық үш бөлікке бөлінген: 1. оңтүстік- таулы- орманды алқап- 6250 га, ол көлдің оңтүстік жағалауы мен Азу тауының солтүстік беткейін алып жатыр; 2. Көл жағалауы- 609 га, Тополевка мен Жирен Байтал өзенінің сағаларындағы солтүстік жағалаудың азғантай жерін қамтиды; 3. Солтүстік таулы- орманды алқап- 20050 га, Тополевка, Таутекелі, Тихушка, Сорвенок өзендерінің жрғарғы жағында Күршім жотасында орналасқан. Бұдан басқа Урунхайка өзенінің сағасындағы орталық усадьбаның 8 га жерін алып жатыр. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының айналасы ені 2 км болатын үзік сызықты қорғау аумағымен қоршалған. - Әкімшілік орналасуы: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азу тау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі 3304,5 метр (Ақсу- Бас тауы). - Орталық усадьбаның орналасқан жері, мекенжайы, ....
(1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы - Азиянын онт.-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көл. 1,648 млн. км 2. Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқынын үлттық күрамы: парсылар (51%), эзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, турікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы - Тегеран қаласы (айналасын қосканда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мын), Шираз (800 мын) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі - парсы тілі. Мемл. Діні - ислам дінінің шиит тармағы. Иран - діни мемлекет. Елдегі саяси жөне діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің колында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Мин. Кабинетін басқарады. Жоғ. зан шығарушы орган - бір палаталы парламснт - Ислам кеңссі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси жөне діни емес үйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан - Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі - риал. ....
Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты. Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. 20-30 жылдары Қазақстандағы кәсіби бейнелеу өнерінің дамуының негізгі тірегі, республика үшін жаңа Еуропадан келген ақсүйектік станоктық мүсін өнері мен майлы бояумен кенепке сурет салудың техникасы, технологиясы, әдістері болды. Көрекемөнер мектебінің аяқтан тұруының негізгі парадоксы өнердің сырттан келген түрлерінің дербес ұлттық мәдениеттің рухани ұясында біртіндеп қайта оралуы, толығу дәрежесінде 90 жылдары жеткен сана сезімнің ұлттық типіне пара-пара көркемөнер тілін құру болды. 1991 жылдың желтоқсанында он бес одақтас республикадан құрылған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдырады. Мұндай жағдай суретшілерді де таңқалдырды. Суретшілердің көзқарастары өзгерді. Олар жаңа ағымның шегарасынан перформанс, хеппининг, инсталляция, инвайронмент тәрізді «контемпорари артпен» айналысты яғни заман ағымына сай өнерге бет бұрды. Сондай-ақ кейбір суретшілер заманның өзгеріп жатқанына қарамастан, авангардшыларды елемей, өз жолымен бұрынғы қалпында, еш құбылысты өзгертпей, туындыларын бұрынғы қалпында сақтап кете берді. Біздің өнерімізде үлкен шығармашылық жарылыс болды. Тоталитарлық мемлекеттен босатылып, жаңа бір ғажап сезімге ие болған сәттен жаңа идеялар туындады. Көптеген суретшілердің бағыттары өзгерді. Суретшілер достық, авангардтық стильді ұстана отырып топтар құрды, керемет көркемөнердің шығармалары туындады. Суретшілер арасында 1990 жылы Шымкент қаласында топтар құрылды: «Трансавангард. Структурная школа», 1995 жылдан бастап, «Қызыл Трактор» деп аталды. 1993 жылы «Пестрая вода» тобы ашылған болатын. Бұл топтағы суретшілер акварельмен, темперамен жұмыс істеді. ....
Каспий өңірі... Соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын дәуірлетіп-ақ жіберді. Жұртшылық оны өлеңге қосып, еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен,оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес екен, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында “қара маржан” теңізі тұнып жатқаны анықталды. Ол аз десеңіз Каспий қайраңы тұңғиығынан да тура бүгін-ертең мұнай өнімін алу көзделуде. XVIII ғасырдың басындағы орыс карталарында Каспий-Арал арасы “Иесіз маң дала” деп көрсетіліпті. Әрине, бұл білместіктен, зерттелмегендіктен,шынтуайтқа келгенде өгей көзқарастан болғаны анық. Ал қазіргі кезде “болашағы зор аймақты ” бас көзге қарамай құлшына игеру осы Каспий өңірін шынымен де “маң далаға” айналдырып жібере ме деп қауіптенесің. Себебі ондай қиянат білместіктен емес, біле тұра белден басылып, адамзат тарихының ақтаңдағына соқтырмай ма деген ойға еріксіз жетелейді. Каспий қойнауындағы қара алтын басты орынға шығып, теңі келмес флорасы мен фаунасы, экологиялық ахуалы жайлы мәселе көлеңкеде қалып отырғаны жан күйдіреді. Алайда соңғы жылдары аз да болса Каспий өңірінің проблемаларына бет бұрылып, оларды шешудің жолдары қарастырылуда.....
Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Мысалы, еңбек пәніне 51 сағат бөлінсе,оқушылардың жас шамасына қарай қолөнер бөлімін де ұтымды пайдалана білуге болады. Егер кітаби жоспарды құру менің үлесіме тисе, бұл сағаттарды мен мына түрде жүзеге асырар едім, мәселен, 7-сыныптың сабақ жоспарын төмендегідей ұйымдастырған тиімді деген сенімдемін: Сұраныс бар жерде, қолөнердің өріс алып, өркен жаятыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алғалы қолөнер біршама еленіп, өз беделіне ие бола бастады. Қазақ өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, байытушы, жаңғыртушы. Қорыта айтқанда нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның эстетикалық сезімін оятып, ізгілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастырады.....
Әрбір қоғамдық – экономикалық формацияның тарихы тұтастық ретінде берілетін өзіндік мәдениет түрі бар. Қоғамдық – экономикалық формациялардың алмасуына байланысты мәдениет түрі бар. Антикалық өркениеттің адамзат мәдениетіне қосқан елеулі үлесі өте зор. Олар – грек философтары Фалес пен Пифагор, Гераклит пен Демокрит, Сократ. Ежелгі мәдениеттің алғашқы түр-тұрпатының қоғамдық бастауы мен негізі, біртұтас қалпы дербес мемлекет төңірегінде қалыптасқан. Осы тұңғыш формасы грек тілінде – «полис», латынша – «циветас» сөздерімен аталған. Полис – кейбір территорияда салынған үйлері, саны нақтылы тұрғандар, әкімшілік құрылымы мен өндіріс күштері бар қала. Халық бас қосатын алаңы мен базары, ғибадатханалары, қоғамдық мекемелері мен қолөнершілерінің ұстаханалары тынымсыз жұмыс үстіндегі қала – экономикалы, саяси және мәдени орталық болып саналған. Бұл полистің азаматтары, мемлекет – отанды абстрактылы ұғым емес, ал өздерін ақиқат, шынайы теңбіз деп есептеген.....
Кең –байтақ республикамызда қорықтардың аздығы кімді болса да ойландырмай қоймайды.Қазақстанда ұйымдастырылған Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931), Барсакелмес (1939), наурызым (1959), Қорғалжын (1958) және Марқакөл (1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992)., Алакөл (1998), Қаратау (2002) қорықтары табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отыр. Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және оған іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы 1926 жылы 14 маусымда ұйымдастырылған. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тауының өзіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтыларын- табиғат кешендерін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының ауданы-30 мың га шамасында болса, қазір оның алып жатқан жер көлемі-85,4 мың га. Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан обылысының оңтүстік –шығыс бөлігінде, яғни Жамбыл облысымен, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан республикаларының шекараларымен түйісетін жерде орналасқан. Бұл қорықтың негізгі аумағынан басқа, жалғасып жатқан екі филиалы- Әулие сай және Қарабастау палеонтологиялық қорықша- -лары бар. Мұнда осыдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары шоғырланған. Әулие сай Қошқарата өзені аңғарының сол жақ жағалауында орналасқан. Ал 125 га аумақты қамтыған қарабастау бөлігі Қаратаудың Боралдай жотасында орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік аралығын қамтиды. Мұнда табиғат белдеулері биіктік бойынша таралған. Шөлейт дала, ұсақ шоқылы дала, аршалы-шабындықты дала,субальпі мен альпі шалғындығы және мәңгі мұздықты белдемдер кезектесіп, табиғатың түрліше көрінісін береді.Аталған белдемдердің табиғат жағдайларына байланысты ол жерлерге өсетін өсімдіктер әлемі де сан алуан. Мысалы:Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің шамамен 1400 түрі өседі. Соның ішінде сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайық, шетен мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмұрт сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орамнды алқап құрайды. Ал тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің 30 % -ы тиеді. Ормандар арасы мен жазықтарда әсем гүлдер мен көк майса шалғындар жасыл кілем сияқты қалың өскен. Жасыл желекке оранған бұл өлке жануарлар дүниесіне де өте бай. Мұнда құстардың 240, сүтқоректілердің 43, бауырмен жорғалаушылардың 9, қосмекенділер- -дің 2 түрі және балықтың 4 түрі тіршілік етеді. Ал омыртқасыз жануарлар дүниесі өзінің түрі жағынан өте бай. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар – арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезінеді.Жемтігін аңдыған жыртқыштар- барыс, аю, түлкі, борсықтар қорықтан жайлы қоныс тапқан. Әсіресе өте сиреп кеткен бүркіт, жұмақторғай өсіп-өнуі үшінқорық аумағы өте қолайлы.....
Айша Ғарифқызы Ғалымбаева, Қазақстанның халық суретшісі, ҚР Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған. Айша Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы Есік ауылында дүниеге келген. Алматының көркемсурет училищесінде (1943) және Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография иниститутында (1949) оқыған. Айша Ғалымбаева «Махаббат туралы аңыз», «Өжет қыз», Шоқан Уәлиханов жөнінде «Оның заманы әлі алда», «Бұл Шұғылада болған еді» дейтін фильмдердің қоюшы суретшісі. «Қазақтың халық киімдері» (1958) альбомының авторы. Республикалық, Одақтық және Халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан. Оның туындылары Қазақстан, ТМД және әлемнің көптеген елдеріндегі жеке коллекцияларға қойылған. Қазақ өнерінің тарихына Айша Ғалымбаеваның шығармашылық өмірбаяны шын мәнінде алтын әріппен жазылған! Ол тарихтың қай бетін ашсаңыз да, алдыңыздан Айша Ғарифқызы сомдаған тамаша образдар шығады. Айша Ғарифқызы жарық дүниеге келісімен-ақ айы оңынан туған адам. Оның туған ауылы Алатаудың бөктеріндегі табиғаты таңқалардай тамаша жерде. Киіз үйдің ішіндегі алуан түске боялған ою өрнектің, бір-біріне ғажап жарасым тапқан әр бұйым, әр заттың өзі жаныңды жып-жылы нұр шуағымен жылытқан сұлулық әлемінің тұтас бір әлеми кеңістігі тәрізді. Ісмер әже Айшаға жас күнінен өз қолынан келгеннің бәрін үйретті. Тұнып тұрған табиғат тамашасы мен жылы ұяның сұлу ырғақ, әсем бояуы бірте-бірте болашақ суретшінің жан дүниесін мөп-мөлдір, тұтас бір тұнығымен баурап алды. Одан соң бұл ғажайып дүние, сиқырлы сурет оның полотноларында бейнелі көрініс тапты. «Мұраға қалмағанның бәрі қауқарсыз дүниелер» деп Ницше айтқандай, біздің мирас еткендеріміздің бәрі таңдаулы туындылар. Тағдырдың таңдаулы қызына өнердің құдіретін жаратқанның өзі сыйлаған. Онда да тек кенепке жағар көп бояуды ғана емес, күй көкірек тыныстар кең дүние – айналасын да әдемі жаратқан. Өнердің өзі «болмыстың қолдан шекіп соққан қалыбы» дейтініміз де сондықтан. Ал, Айша Ғалымбаева өз әлемінің сол болмысын жүректің жылуымен әлдилеп, шекімей-шертпей аялап, оны күншуақ пен көлеңкенің нұр сәулесі тұнған алуан түстерден дестелейді. Айша Ғалымбаеваның көркем полотноларындағы образдар жүрек жылуын жер бетіндегі барша тіршілікке сыйлап тұрғандай. Ал Айшаның болмыс бітімі, жылы жүзді көзқарас, биязы, жұмсақ үні мен жылы сөзі адамдардың осынау жарық дүниеге деген құштарлығын оятады. Оның бейнелеу өнеріндегі образдарының мейрімі, іңкәрлігі мен ерекше сомдалуы кім де кімнің жан дүниесіне шаттық пен жарасымдылықтың сазды әуенін сыйлайды.....
Диалектикалық материализімнің позициясы бойынша мән — бұл заттың ең басты, ішкі, біршама тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының жиынтығы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан оның барлық басқа жақтары мен белгілері тарайды. Осы анықтамаға сүйене отырып, мысалда көрсетілгендей элементарлық кереге көз арқылы талдау негізінде педагогикалық процестің мәні, екі жақты сипатылынады — ең әуелі, жұмыс істеп тұрған әлеуметтік жүйе ретінде, содан соң өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде. Әлеуметтік жүйенің бір түрі ретіндегі педагогикалық процесте де оларға тән ұқсас белгілері болады: - жүйе жалпы мақсатқа ие болады, оның жұмыс істеуі мақсатқа лайықты жүреді; - өз-ара байланысты элементгерден тұрады (бөліктерден); - жүйені шектеуге әкелетін қоршаған ортада өмір сүреді; - оның жұмысын қамтамасыз ететін белгілі бір қорға ие болады; ішкі құрылым жүйесінің қоршаған орта мен байланыстылығының және деңгейлерінің тәуелділігін көрсетеді; - жүйе өзінің ішкі карама-кайшылықтарына байланысты дамуға қабілетті; - ұйымдастыру орталығы арқылы басқарылады. - Педагогикалық процесс біртұтас объект ретінде оның бөліктеріне емес, тек сол нақтылы объектіге ғана, өзіне тән интегративтік қасиеттерінон туындайтын өзіндік ерекшеліктеріне болады. Әлеуметтік жүйелерде, жүйе құрушы фактор болып мақсат саналады. Педагогикалық процесте мақсат, қоғамның өсіп келе жатқан адамды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға байланысты қоғамның әлеуметтік тапсырысынан туындайды, ал оның нәтижесі мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттеріне байланысты болады.....
Қуаңшылық дәуірден көлдің деңгейі төмендеп отырған. Ежелгі Балқаштың айдыны жекелеген иірімдерге бөлініп кететін және көл шұңқыры тұтастай дерлік құрғап қалуы мүмкін еді. Климаттың қайталай ылғалдануы ежелгі Алатау мен Тарбағатай тауларынан ағып түсетін және көлге жаңа мекендеушілер алып келетін өзен сулары ойыстың суға толыуан алып келетін. Осы себеп көлдің ихтиофаунасының қайталанбауы мер түрлік құрамының кедейлігіне түсінік береді. ХІХ ғасырдың соңында Балқаш пен Алакөлдің көлдерінде балықтың бар жоғы 4 немес 6 түрі (ихтиологтар балықтың қайсысы жеке түр екіендігі жөнінде әзірше бір шешімге келген жоқ) кездесетін. Бәрінен аздау туғызатын айтарлықтай «жас» көлдің «кәрі» мекендеушісі балқаш алабұғасы болатын. Ол кезінде Балқаш алабына тұтас таралған болатын. Алабұғаның пелагиялық (көлдік) нысананың ірі экземплярларының тұрқы (ұз) 50 см-ге және салмағы 1,0-1,5 кг-ға жететін. Алабұғаның (солтүстікке таман таралған тұқымдастардың өкілі) қалай және қашан Балқаш алабына тап болғаны осы күнге шейін белгісіз. Мүмкін, ерте замандарда Ертіс пен Солтүстік Балқаш өңірінен шекаралық өзендері салдарынан біресе осы, біресе өзге алапқа жалғасып бағытын өзгертеуі мүмкін. Балқаш алабұғасының жұмбағы балықтың, Сырдария алабындағы подкаменщик және Байкал непрасының жұмбақтарымен үндес. Балқаштың және оның салаларының «аборигендері» не тұқы тұқымдастарына (шармай, көкбас, көкталма), вьюн (жалаңаштар) тұқымдастарына жатады. Олар таулар арқылы мезгіл-мезгіл бағытын өзгертетін өзендермен жеткен деп есептелінеді. Көлемі аса зор болған ежелгі Балқаштың негізінен балықтардың өзендік түрлерімен толтырылуын осылай түсіндіреді. Және неліктен олар әдетте көлге тән түрлермен балқаш үшін болған ұрыста тез жеңіліске душар болғанын пайымдайды. ....
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. ....
Дүйсенбі «Әлеуметтік орта» 1. Мүсіндеу Ермексаз әлемі 2. Орыс тілі Я – это кто? 3. Дене шынықтыру Спорт залымен, ҰОҚ - дағы қауіпсіздік техникасымен танысу 4. Музыка Менің музыкалық әлемім 5. Өзін - өзі тану «Өзін - өзі тану әлеміне» саяхат
Сейсенбі 05. 09 «Денсаулық» 1. Математика Танысу. Не қайда орналасқан? 2. Дене шынықтыру Денсаулықтың құпиясы 3. Орыс тілі Мой автопортрет 4. Сурет салу Мен сурет саламын! 5. Ойлан, тап! Винни Пух. .....