Қазақстанның Жоғарғы оқу орындары

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 13-і – азаматтық емес, 167-сі – азаматтық оқу орындары. Азаматтық оқу орындарының 55-і – мемлекеттік, 112-сі мемлекеттік емес жоғары оқу орны боп табылады. Қ.И. Сə тбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Қазақстан Республикасындағы құрылуы мен дамуы жағынан ең үлкен тарихы бар. ҚазҰТЗУ еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны болып саналады. Оның құрылуы мен дамуы тарихын бес кезеңге бөліп қарастыруымызға болады: Университет 1934 – 1960-жылдары Тау-кен-металлургия институты болып құрылды. Университет 1960 – 1994-жылдары Қазақ политехникалық институты болып аталды. 41 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университеті атына ие болды. 1999 жылы университетке инженерлік-техникалық мамандарды даярлауда ерекше үлес қосқаны үшін белгілі ғылым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың аты берілді. 2001 жылы 5 шілдеде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен университетке ерекше мәртебе берілді. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті тарихы Қазақстандағы инженерлік білім берудің бастауы ғана емес, мемлекетіміздің мәдени тарихымен астасып жатқандығын көрсетеді. ХХ ғасырдың 30-жылдарында ауыл шаруашылығындағы тұралаған техника мен экономиканы жетілдіру мен көтеру үшін елімізде техникалық жоғары білімді мамандарды даярлау мәселесі қойылды.

Мәтіндер
Толық