Адам, жан, кісі, көп, көпшілік

Адам бір-біріне қонақ.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ас адамның арқауы.

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Егіс пен өсімдіктер өлкесі (1)

Тасты жапқан түк кілем,
Тамыры жоқ, мүк кілең.
Қына

Тасты тесіп, күресіп,
Терең жайып тамырын.
Ақ күлгін шөп тұр өсіп,
Қарсы ап дәйім таң нұрын.
Тау гүлі

Шөлде
Гүлдейді, құлпырады,
Суда
Өмірі қырқылады.
Сексеуіл
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Сәкен Сейфуллин (Туған жерім – өз елім)

Қайғы ойлаттың естен кетпей туған жер,
Қаны қашты, әм сарғайтты ет пен тер.
Сені ойласам ішім күйер қапа боп,
Жүрегімде түйіншіктей қайғы шер.

Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім,
Тең құрбыммен қағысып....
Өлеңдер
Толық

Тіл, ойлау және сөйлеу

Жалпы тілдік қатынасты «ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана....
Рефераттар
Толық

Қарттық, кәрілік

Өмір қартайса да,
Көңіл қартаймайды.

Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай,
Жаман адам қартайса,
Бықсып жанған оттай.

Есік алдында төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.

Асарын асаған,
Жасарын жасаған.

Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.
Мақал-мәтелдер
Толық

1 Наурыз - Алғыс айту күні (Ел ертеңін ойлаған Елбасына мың алғыс!)

Тақырып: Ел ертеңін ойлаған Елбасына мың алғыс
Сыныптан тыс шара
Мақсаты: қазақ халқының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мәлімет беру, елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік.......
Тәрбие сағаттар
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Мен - Тәуелсіз елдің патриотымын!)

Тәуелсіздікті жырлап көңілге тигізуге болады, суретпен бейнелеп таңғалдыруға болады, әңгімелеп елестетуге болады. Бірақ, біз ешқашан майдандағы батырлардың басынан кешкендерін, жырлағандағы ащы сезімдерін, жүректегі жеңіске деген лаулаған ұмтылысты сезе алмаймыз. Оны тек сол майданның қаһармандары ғана біледі. Тәуелсіздік жолындағы күресушілердің мақсаты жақсы дайындық, күш-жігер, соғыста жеңіске жету, тәуелсіз, дербес....
Шығармалар
Толық

Қадырғали Жалайыр (шамамен 1530-1605)

Қадырғали Қосымұлы Жалайыр (1555 жылы шамамен туылған жылы -1607 жылы) — орта ғасырдағы қазақ халқының ғұлама ғалымы, белгілі биі. Жалайыр тайпасынан шыққан. Жалайыр атануы осыдан. Ата-бабалары Қарахан заманынан бері үздіксіз хан нояндары, уәзірлері, батырлары болып, аталық қызметін атқарған. Әкесі Қосым бек, атасы Темшік батыр атанған. Қадырғали Жалайыр хан ордасында.........
Рефераттар
Толық