Қорлық, жәбір, жапа туралы мақал-мәтелдер

Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.

Жатқан жапа көреді,
Жүрген опа көреді.

Әуелі жапа көрмей, опа болмас.

Қызың кер әдеп болса — қорлық,
Балаң бейәдеп болса — қорлық.

Өтпес жарлық — бойға қорлық.

Жабағы тайды қорлама
Жазға шықса, ат болар,
Жас жігітті қорлама
Жұртына ертең бас болар.

Отың жанбаса — қорлық,
Құсың алмаса — қорлық.

Мақал-мәтелдер
Толық

Қазына, дәулет, байлық, молшылық

Дәулетіне қарай сәулеті.

Дәулетті ел — сәулетті.

Орман ел дәулеті, жер сәулеті.

Еңбексіз құраған дәулет,
Емсіз жабықсан дертпен тең.

Жамандықты көп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар,
Жақсылықты көп қусаң,
Бақ-әулетің молығар.

Келген - дәулет, кеткен - бейнет.

Дәулет келерінде тойға келген қыздай,
Кетерінде қолға ұстаған мұздай.

Келген дәулет, кеткен мехнат бәрі бір.

Адыра қалды бақ, дәулет,
Еңбек енді шын дәулет.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ризық, нәсіп, несібе, ырыс, береке

Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.

Кәсіп, кәсіп түбі - нәсіп.

Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.

Қарманған қарап қалмайды.

Қимылдаған қыр асады.

Ерте тұрған өкінбес.

Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.

Түсі келіспей, ісі келіспес.

Қасықтап жинап,
Шөміштеп төкпе.
Мақал-мәтелдер
Толық

Кемеңгер, дана, данышпан, ойшыл

Кемеңгер келістіден шығар,
Қара байыр, желістіден шығар.

Хас кемеңгер қайғырса да, қуанса да, қалт етпес.

Кемеңгердің артынан көп ереді.

Кемеңгер кеңес таппай қоймас.

Ісмердің байлығы қолында,
Кемеңгердің байлығы жолында.

Кемеңгердiң артынан көп ередi.

Дана,
Дананы да туған ана.

Көп ойласаң — дана боласың,
Көп ойнасаң — бала боласың.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жұрт, қауым, халық, әлеумет, жамағат, халайық, ел

Жігіттің жақсылығын
Жұрты білер.

Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.

Көшермен болса жұрт жаман,
Кетермен болса қыз жаман.

Күйінбеген жұрт күйдірген кезінде,
Құтқарады өзгені де, өзін де.

Ауыл болсаң - қауым бол.

Ат алсаң, ауылыңменен ақылдас,
Қатын алсаң, қауымыңменен ақылдас.

Ауыл болсаң, қауым бол,
Көрші болсаң, тату бол.
Мақал-мәтелдер
Толық

Суық, аяз, боран, дауыл туралы

Қар жауды деп қуанба,
Артынан аязы болар.
Қожа келді деп қуанба,
Артынан ниязы болар.

Аяз болады, бұлт болады,
Өткен күндер ұмыт болады.

Қарны ашқанға ас салғызба,
Суыққа тонғанға от жаққызба.

Жылыда жинақталмаған,
Суықта қымтала алмайды.

Құдай суықты сырт киіміне қарай жібереді.

Қар суық па,
Қайғың суық па?
Мақал-мәтелдер
Толық

Тон

Ананың салған жолы бар,
Ананың тіккен тоны бар.

Ескі тонның жылуы жоқ,
Қайтқан күннің қызуы жоқ.

Кеңеспен кескен тон келте болмас.

Орамал тонға жарамаса да,
Жолға жарайды.

Тоны жаманды ит қабар,
Көңілі жаманды құдай табар.

Жаман тонның биті ащы,
Жаман кісінің тілі ащы.

Тойға барсаң тойып бар,
Торқа тоның киіп бар.
Мақал-мәтелдер
Толық