Қожахмет Тышқанбаев (1916, Алматы облысы Панфилов ауданы - 1943) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант. 1942 жылдың қаңтар айынан майданның алдыңғы шебінде болды. 490-танкіге қарсы артиллериялық полктің (Солтүстік Кавказ майданы, 18-армия) зеңбірек нысанашысы сержант Тышқанбаев Керчь түбегінің Ельтиген кенті (қазіргі Керчь қаласы маңындағы Героевское кенті) маңындағы шайқаста .....
Құл Алшын Қартайұлы, Құл батыр (1673-1742) — шектінің алғашқы ұраны, Бақтыбай батырдың ұстазы. 1673 жылы Каспий теңізінің жағалауында дүниеге келген.1742 жылы Арал теңізінің Құланды деген жерінде дүниеден өткен. Шыңғыстың ұрпағы Құлбатыр Шекті елінің әрі көсемі, әрі қол бастайтын батыры болған. Шежіре деректері бойынша Құл батыр Кіші жүз → Әлім → Шекті → Жақайым → Көгіс → Торжымбай → Қартайдан → Құл батыр туады. Қартайды жеңгелері атын атамай, қалжындап .....
Құлшыораз Бигелдіұлы, Құлшыораз батыр, Әлшораз - Тама тайпасының Дәулеткелді руынан, Бағалақ аталығынан шыққан батыр. Барақ Бигелдіұлының ағасы, Абылай заманындағы батырлардың бірі. Інісі Барақ пен әйелінің оңаша отырған .....
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық .....
Қазіргі Павлодар облысында туған. Жас кезінде ескіше хат танып, кейін Павлодарда медреседе оқиды. Өзі мұғалім жалдап, орысша сауатын ашады. Сол кезде А. Құнанбаев пен Ғ. Тоқайдың өлеңдерімен танысады. 1913 жылы тұңғыш өлеңі («Қиялым») «Айқап» журналында басылады. 1915 жылы алғашқы өлеңдер жинағы «Уақ - түйек» деген атпен шығады. 1916 жылы патша жарлығына байланысты империалистік соғыс майданынан қашып, Екібастұз көмір кеніне барады. «Екібастұз» (1916) өлеңінде жұмысшы тұрмысының ауыр азабы суреттеледі.Майданға алынып, Рига маңында қара жұмыс істейді. 1917 жылғы ақпан буржуазиялық революциясынан .....
Балалық шағы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді .....
Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Ақын жазушылар Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.) Менің аңдауымша, бір кезде орыс мәдениетінің өсіп- өркендеуіне Пушкин әсері қандай болса, бүгінгі Орта Азиялық көркем ойдың, іргелес халықтарымыздың күллі рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов әсері де дәл сондай болды. ( Шыңғыс Айтматов) Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың алатын орны ерекше. М.Әуезов - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп .....
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы, ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. 1941-1945 жылдардағы II Дүниежүзілік соғыс ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
1.1 Тегі
1.2 Өмір жолы
2 Марапаттары
3 Шығармашылығы
3.1 Қан мен тер
3.1.1 Экранизация
3.1.2 Ескерткіш
4 Дереккөздер
Өмірбаяны
Тегі
Ата-тегі Арал маңын ежелден қоныс еткен. Жетінші атасы Тайқожа батыр, одан Қалдан, одан Арғынбай би, одан өз заманында асқан байлығымен танылған Сыланбай, одан туған Нұрпейіс болыс болған. Нұрпейістен Кәрім, Нәжім, Қали деген ұлдар туған. Осы үшеуі, Кәрімнен туған Әбдіжәміл төртеуі 1941-45 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бұлардан аман қалғаны .....
Сүйінбай Аронұлы (1815, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы – 1898, сонда) – айтыс ақыны. Өмірбаяны
Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан .....
Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жылы туған, Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды ауылы) — қазақ ақыны, жауынгер,Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы.
Мазмұны 1 Өмірбаяны 2 Мен - қазақпын поэмасы 3 Жұбан Молдағалиев шығармашылығы 4 Сыртқы сілтемелер 5 Дереккөздер Өмірбаяны Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.
Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 секретары) қызмет істеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Жұбан Молдағалиевтің көптеген поэмаларында .....