Еңбек дауларының қаралуы. Қосымша материал, 11 сынып, презентация.


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Еңбек дауларының қаралуы

Оқу мақсаты:

- жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау

Бағалау критерийлері

Еңбек дауларының анықтамасын, түрлерін біледі

Еңбек дауларын шешу жолдарына екі жағдаят құрастырады, талдайды, мәселені шешу жолын ұсынады

Еңбек даулары ретінде қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы тікелей келіссөздермен реттелмеген, қолданыстағы заңдарды қолдану, жаңа еңбек жағдайларын белгілеу және еңбек жағдайларын өзгерту жөніндегі мәселелерге қатысты келіспеушіліктер танылады.

Еңбек дауларының түрлері:

1. Жеке еңбек даулары

2. Ұжымдық еңбек даулары

Жеке еңбек даулары келесі түрлерге бөлінеді:

- жалақы мәселесіне қатысты даулар;

- кепілдіктер мен өтемақы мәселелеріне байланысты даулар;

- жұмыс уақытына байланысты даулар;

- басқа жұмысқа ауысумен байланысты даулар;

- демалыс мәселесіне қатысты даулар;

- еңбекті қорғау мәселесіне байланысты даулар;

- жұмыстан босату мәселесіне байланысты қатысты даулар;

- еңбек тәртібі және тәртіптік жазаларға қатысты даулар;

- қызметкерлердің өздері келтірген зияны үшін материалдың жауаптылығына қатысты даулар;

«Ұжымдық еңбек даулары – бұл жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің бірлестігінің) және қызметкерлер ұжымының (қызметкерлердің өкілдерінің) арасында ұйымдарда жалақы төлеу мәселесіне, ұжымдық шарттар мен келісімдерді бекітуге және орындауға, сонымен қатар, қолданыстағы заңдардың, ұжымдық шарттардың және келісімдердің ережелерін қолдану мәселелеріне қатысты туындайтын келіспеушіліктер»

Еңбек дауларының себептері:

а) жеке сананың қоғамдық санадан қалып қоюы. Басшылардың бойынан бұл жалданбалы қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін елемеуінен және т. б. көрініс табады.

ә) құқықтық мәдениеттің жеткіліксіз деңгейі, яғни, басшылықтың да, жалданбалы қызметкерлердің де еңбек туралы заңдарды білмеуі немесе нашар білуі.

Еңбек дауларын қарастыратын органдар.

Еңбек дауларын не арнайы органдар, не еңбек дауларын шешу міндетіне және осы үшін белгілі бір өкілеттіктерге ие соттар қарастырады. Еңбек дауларын қарастыратын органдарға мыналар жатады:

- басшылық немесе кәсіподақ органы (еңбектің жеке жағдайларын белгілеу немесе өзгерту туралы);

- келісім комиссиялары (тараптардың келісімі бойынша);

- еңбек төрелігі

- татуластыру комиссиясы

- сот.

Ұжымдық еңбек дауларын шешудің келесі кезеңдерден тұрады:

1-кезең – талаптар қою;

2-кезең – дауды тараптардың қарауы;

3-кезең – дауды татуластыру комиссиясының қарауы;

4-кезең – ұжымдық еңбек дауын еңбек төрелігі арқылы шешу;

5-кезең – ұжымдық еңбек дауларын сотта қарау.

Жағдаятты талдау

Шағым тақырыбы: қызметкерді жұмысына қалпына келтіру, жұмысты мәжбүрлі босату уақытына орташа айлық жалақыны өндіріп алу, моральдық шығынды өндіріп алу.

2007 жылдың 10 тамызда азамат Бақбергенов пен «Кратер» ЖШС арасында еңбек шарты жасалды. Шарт бойынша Бақбергенов «Кратер» ЖШС № 1 филиалына фотограф жұмысы берілді. 2007 ж. 10 тамыз № 312 бұйрық бойынша Бақбергенов жауапкерге жұмысқа қабылданды.

2007 жыл 4 қараша «Кратер» ЖШС директорының Бақбергеновты серіктестіктің офистеріне жібермеу жөнінде өкімі шықты.

2007 жыл 6 қараша № 343 бұйрық бойынша Бақбергенов 11 қазан 2007 жылы дәлелді себепсіз жұмыста болмағаны үшін ҚРЕК 54 бабының 6 тармағы бойынша 6 қарашада жұмыстан шығарылды.

Жұмыстан шығарылумен келіспеген Бақбергенов 2007 жылдың 27 қарашасында сотқа «Кратер» ЖШС-не бұрынғы жұмыс орнына фотограф болып қалпына келтіру, орташа жалақыны өндіру, моральдық шығынды өндіру жөнінде шағым түсірді.

Бақбергенов талаптарына негіз ретінде 2007 жылдың 11 қазанында ауруына байланысты жауапкердің ауызша рұқсатымен тіс дәрігеріне көрінуге кетеді. Онда оның тісі жұлынып тасталады. Операциядан кейінгі асқыну себептерінен ол келесі күні жұмысқа шыға алмай қалады және ол жөнінде әкімшілікті кезекші әкімші /администратор/ арқылы ескертеді. 15 қазанда 2007 жылы демалыс күндерінен кейін облыстық стоматологиялық емханаға көрінеді, ал 2007 жылдың 17 қазанынан ауруханаға жатқызылады. Бұдан әрі жұмысқа жарамсыздық 2 қарашаға дейін созылды. 2007 жылдың 4 қарашасында директордың өкімімен жұмысқа жіберілмей және оған жұмыстан босатылғандығы жөнінде хабарлама жіберді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру