Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылауы негіздері. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылауы негіздері
Оқу мақсаты
10.4.1.3 ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсету
Жетістік критерийлері
1.Жаза, жауаптылық, жаза жүйесі, айыппұл, рақым ұғымдарын түсіндіреді
2.Жаза түрлерін анықтайды
3. Берілген жағдаятты талдап, «Шығарылған үкім әділетті ме және оның шешімі қоғамға қандай пайда әкелді?» сұрағына жауап береді
Пәннің тиімді лексикасы мен терминологиясы:
Жаза, кәмелетке толғандар, кәмелетке толмағандар, жауаптылық, қылмыстық жаза түрлері, айыппұл, қорғаушы, сот, айыпталушы, ювеналдық сот.
Жаза – бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа реакциясы немесе соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы.
Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады.
Жазаның мақсаттары:
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру
Сотталушыны түзеу
Жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу
Жазаның жүйесі - негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.негізгі жазалар жалғыз өздері қолданылады, ал қосымша жазалар тек тағы бір негізгі жазаға қосақтала отырып қана қолданылады.
Мысалы:
негізгі – бас бостандығынан айыру, ал қосымша – бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу;
негізгі – айыппұл, ал қосымша – айыппұл және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
Жаза түрлері
Айыппұл салу - сот тағайындайтын соманы ақшалай өндіріп алу. Ол жазаның жеңіл түрі және айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде алынады.
Қоғамдық жұмысқа тарту - бұл сотталған адамның оқудан немесе жұмысынан бос уақытында тегін қоғамдық пайдалы жұмыс атқаруы.
Түзеу жұмыстары - бұл сотталған адамды табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту.
Қамау - бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бас бостандығынан айыру жазасына қарағанда жеңілдеу болады, яғни қамауда жүрсе де жұмыс істегенде немесе туыстары келгенде адамдармен араласа алады.
Қамау үкім шығару кезінде 16 жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.
Бас бостандығынан айыру - сотталушыны колония - қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режімдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.Бас бостандығынан айыру 6 айдан 15 жылға дейін, ал ерекше ауыр қылмыстар үшін 20 жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді.
Өлім жазасы - бұл қылмыстық жазаның ең қатаң және ерекше жазалау шарасы болып табылады. Өлім жазасына кесілген әрбір адам кешірім жасауды өтінуге құқылы. Сотталушыға кешірім жасау туралы өтінішті Қазақстан республикасы Президенті жанындағы КЕШІРІМ ЖАСАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ қарайды.
Жазаның қосымша түрлері
Қазақстанда өлім жазасына уақытша мораторий жарияланды. Оның мазмұны өлім жазасын алып тастау емес, заңда ондай жаза қала береді, тек белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылмайды.
Қосымша жазаның түрлері мынадай:
Арнаулы, әскери немесе құрмет атағынан, шеңінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілігі мен мемлекеттік марапатынан айыру;
Мүлікті тәркілеу; ол-қылмыс жасалған адамның мүлкін мемлекеттің кірісіне жіберуді білдіреді.
Жаза тағайындау кезінде сот барлық факторларды ескеруі керек (қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән - жайларды).
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері:
Шын өкінуіне байланысты
Қажетті қорғану шегінен асқан кезінде
Жәбірленушінің татуласуына байланысты
Жағдайдың өзгеруіне байланысты
Қылмыстың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты
Рақымшылық және кешірім жасау
Рақымшылық жасау актілерін шығару құқығы Қазақстан Республикасының Парламентіне берілген. Кешірім ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген.
Топтық жұмыс тапсырмаларын орындау:
1-топ Салыстырмалы кестені толтыру.
2-топ Сызба құрастыру.
3-топ ҚР ҚК мен ҚІЖК қолдана отырып есеп шығару.
4-топ Сұрақтарға жауап беру.
5-топ Жағдаят құрастыру, арыз бен қаулы үлгісін толтыру.
(сот, прокурор, қорғаушы, айыпталушы, жәбірленуші, куәгер, тергеуші және т.б).
Сот процесіне тікелей қатыспайтын оқушылар сыртқы сарапшылар ретінде қорытынды жасайды.
Үй тапсырмасы
Сот процесі /рөлдік ойын/
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру