Қылмыстық құқық түсінігі. Құқық негіздері, 9 сынып. Презентация.


Қызылорда қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пәні: Құқық негіздері

Мұғалімі: Абджалиев Н.А.

Суреттегі әрекет қоғамға қаншалықты қауіпті?

Талқылау сұрақтары:

Мына суреттерде нелер көрсетілген?

Қандай әрекет түрлерін көріп тұрсыңдар?

Суреттердің мазмұнына қатысты қандай ойлар түюге болады?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

9.1 G бөлім: Қылмыстық құқық түсінігі.

Сабақ тақырыбы:

«Қылмыстық құқықтың басқа құқық салаларынан ерекшелігі неде

Оқу мақсаты:

9.7.1.1 ­ қылмыстық құқық ұғымын түсіндіру

Бағалау Критерийлері:

Білу және түсіну:

1.Қылмыс ұғымын түсіндіреді

2.Қылмыс түрлерінің кемінде төртеуін анықтайды

Сыни ойлау:

Жағдаятты талдап, қылмыс құрамын анықтайды, қылмысқа қатысушыларды сипаттайды, қылмыс жасау сатыларын талдайды, қылмыс түрлерін атайды

Пәндік терминдер:

Пәндік терминдер:

қылмыс-жаза

- қылмыс құрамы:

объект, субъект,

объективті жағы,

субъективті жағы,

- қылмыс ұғымы,

- қылмыс құрамы

қылмыс түрлері (жеке адамға, өмірге, кәмелетке толмағандарға, меншікке, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар және т.б.),

- қылмыс сатылары

Терминдік анықтамалар:

Қылмыс- ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:

1. Қоғамға қауіптілігі

2. Заңға қайшылығы

3. Айыптылығы

4. Жазаланатындығы

Қылмыстардың салалық түрлері:

ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыс істеу сатыларын үшке бөледі:

Топтық полемика (талқылау) жұмыстары:

Топқа бөлінуге қатысты жұмыс шарты:

Анықтамалық түсіндірілімдерден кейін, оқушыларды төрт топқа бөліп, олардың талқылауына тақырыптық кейс стадилерді ұсыну. Топ мүшелері ситуациялардағы нақты мысалдарды қарастырып, ҚР Конституциясы және ҚР Қылмыстық Кодексін 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ негізге ала отырып, өз шешімдерін ұсынады.

2 –тапсырмаға арналған бағалау критерийлері:

Кейс –стадиді талдаған кезде сұрақтарға қатысты нақты аргументтерінің болуы;

Аргументтерінің нақты дереккөздері мен сілтемелерінің көрсетілуі;

Кейстеріндегі баяндалатын ой құрылымының мазмұндылығы мен жүйелілігіне назар аударуы;

Топтарға арналған Кейс Стадилер:

1 –Топ:

Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар арақ ішкен үш жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын ол жақсы түсінді. Арақ ішіп алғандар Маратқа бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Жігіттер Маратты ұруға келе жатады. Сонда Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан бірінші жігітті басынан ұрып құлатады.

Сұрақ: • Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма? 

Дереккөзі:  http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.html

2 –топтың кейс –стадийі:

Көршінің «көмегі»»

Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып: «Сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген», - деді.

Сұрақтар :

1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма?

2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді

3. Бейсенкүл біреуге жала жапқан сөзі үшін жауап бере ме? 

Дереккөзі:  http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.html

3 –топтың кейс стадийі:

Көшедегі көрініс

Асқар: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?

Шыңғыс: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?

Асқар: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.

Шыңғыс: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.

Асқар: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.

Ердос: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.

Асқар: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады

Ердос: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.

Асқар: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме!

Шыңғыс: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе? 

Сұрақтар:

1. Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?

2. Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?

Дереккөзі: http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.html

4 –топтың кейс –стадийі:

Бір топ киноактерлер тауда көркем фильм түсіріп жатады. Көріністерде қолданылатын мылтықтары бытырасыз оқтармен жарақтанған, тек қана дыбыс береді. Үзіліс уақытында Төреханов Әшімовты азғырады. Оның жоспары бойынша «екеуміз Едіресовты тоғайға алып кетіп, ағашқа байлап, өтірік қорқытып, бытырасыз дыбыс мылтықпен атып қорқытайық», дейді. Осы жоспар бойынша олар Едіресовты «қорқытады» да Төреханов Әшімовке «ат» деп мылтық береді, бірақ оған әдейі бытырасыз емес, нағыз оқ салып қояды. Одан қаперсіз Әшімов шүріппені басып қалады. Нәтижесінде – Едіресов ауыр жарақат алады.  

Сұрақтар:

Төреханов пен Әшімовтің жауаптылығы қандай?

Қылмыс орындаушысы болып кім табылады?

Әшімовтің әрекеті қасақаналықты білдіре ме?

Дереккөзі: Оқу жоспары, Құқық негіздері, 9 –сынып, 2017жыл

Бекіту сұрақтары:

Қылмыс дегеніміз –

Қылмыстың қоғамға қауіптілігіне қатысты мынадай түрлері бар: ....................................

Қылмыс жасау мынадай сатылардан тұрады: ......................................................

Қоғамда қылмыстық жағдайды тудырмау үшін менің қосатын үлесім ................

Үй тапсырмасы:

«Қоғамдағы қылмысты болдырмауға қатысты менің мүмкіндіктерім және қосатын үлестерім» тақырыбында әрекеттер тізбесі жүйеленген инфографика құрастыру

Кері байланыс:

Бүгінгі сабақтан кейінгі көңіл-күйіңізді білдіріңіз:

Пайдаланылған сілтемелер:

http://prezentacii.com/obschestvoznanie/9076-ugolovnoe-pravo.html

http://collegy.ucoz.ru/load/26-1-0-487

http://900igr.net/zip/pravo/Pravo-dlja-detej.html

http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.html

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K970000167_

http://adilet.zan.kz

Дереккөзі: Оқу жоспары, Құқық негіздері, 9 –сынып, 2017 жыл

ҚР Қылмыстық Кодексі

Қатігездікке жол бермейік!!!

Назарларыңызға рахмет!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.