Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары. Неліктен ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды. Құқық негіздері, 9 сынып. Презентация.


«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ – 9 сынып

Суреттің негізгі идеясы қандай?

?

Сабақ тақырыбы: Неліктен Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екенін дәлелдеу.

Бағалау критерийлері:

Талдау:

Оқушы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын, кемшіліктерін анықтайды.

I бөлім

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап

      1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

      2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Жұптық жұмыс.

Тапсырма: Ғаламторды пайдалана отырып Венн диаграмасы арқылы зайырлы мемлекет пен діни мемлекеттің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау.

 

Дескрипторлар:

- Зайырлы мемлекеттің кем дегенде 3 айырмашылығын анықтайды.

- Діни мемлекеттің кем дегенде 3 айырмашылығын анықтайды.

- Зайырлы және діни мемлекеттердің кем дегенде 3 ұқсастықтарын анықтайды.

Өзара дескриптор бойынша бағалау.

8 мин

Топтық жұмыс.

Тапсырма: ҚР кесте бойынша сипаттау және басқа мемлекеттермен салыстыру.

Дескрипторлар:

Демократиялық мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын анықтайды, кем деген де 2 мысал келтіреді.

Құқықтық мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын анықтайды, кем деген де 2 мысал келтіреді.

Зайырлы мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын анықтайды, кем деген де 2 мысал келтіреді.

Әлеуметтік мемлекеттің белгілерін, артықшылықтарын анықтайды, кем деген де 2 мысал кетіреді.

Дескрипторлар бойынша өзара топтық бағалау.

17 мин

Рефлексия

Синквейн стратегиясын орындаңыз:

- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім).

- Екінші жолда - тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есім).

- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік).

- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем жазу.

- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.

Үйге тапсырма:

Әлемнің бір мемлекетінің конституциясын зерттеу, артықшылықтарын анықтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу