Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 12 сабақ.
Тест жұмысы: «Кім жылдам?»
1. Күнде кешкілікте Зере бесік жырын кімге айтады?
А) Оспанға
Ә) Смағұлға
Б) Абайға
В) Кәмшатқа
2.Смағұл Абайға қалай жақын?
А) туған інісі
Ә) жақын ағасы
Б) өгей шешеден туған інісі
В) алыс туысы
3.Оспан мен Смағұлдың жас алшақтығы қанша?
А) түйедей құрдас
Ә) Смағұл үлкен
Б) Оспан кіші
В) Оспан үлкен
4.Айғыздан туған Абайдың қарындасы -
А) Айгүл
Ә) Жанагүл
Б) Гүлшат
В) Кәмшат
5.Абай Айғызды қалай атаған?
А) Кіші апа
Ә) Үлкен апа
Б) Жас апа
В) Ай апа
6.Смағұл мен Оспанның балалық жанжалына Абай Смағұлды не үшін соқты?
А) тентектігі үшін
Ә) өгей інісі болған үшін
Б әлі жететін болған үшін
В Ұлжанды балағаттағаны үшін
7.Қалел деген кім?
А) Айғыздың үлкен ұлы
Ә) Ұлжанның кіші баласы
Б) Смағұлдың егізі
В) Айғыздың кіші баласы
8. Тәкежанның мінездемесі -
А) қалжыңбас, әзілқой
Ә) білімпаз, өнерпаз
Б) батыр, ер жүрек
В) шешен
9. Әрбір кеште «Мың бір түн» оқиғасын айтуға машықтанған кім?
А) Зере
Ә) Ғабитхан
Б) Абай
В)Ұлжан
10. Ғабитхан кім?
А) ақын
Ә) орыс тілінің мұғалімі
Б) молда ұстаз
В) аудармашы
- белгілеуші
- байланыстырушы
-бейнелеуші
-суреттеуші
-қорытындылаушы
«Әдеби шеңбер»
Белгілеуші
1.Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты маңызды әрекет немесе кейіпкер сөзін анықтай алады.
2. Әрекет немесе кейіпкер сөзі негізінде сипаттама бере алады.
Бейнелеуші
1. Шығармадағы көтерілген мәселеге қатысты кейіпкердің маңызды әрекетін анықтай алады.
2. Таңдалған әрекет негізінде монолог айта алады.
Байланыстырушы
1.Шығармадағы көтерілген мәселелерді немесе кейіпкерлерге қатысты маңызды әрекеттерді түсінеді.
2.Қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, көзқарас білдіре алады.
Суреттеуші
1.Шығармадағы кейіпкерлер арасындағы байланыстың маңызыдылғын түсінеді.
2.Ой қорытындысын сурет арқылы түсіндіре алады.
Қорытындылаушы
1.Кейіпкер әрекетінің маңыздылығын түсінеді.
2.Өз көзқарасын білдіре отырып, хат жаза алады.
Дескрипторлар:
Белгілеуші жұп
шығармадағы кейіпкерге қатысты ең маңызды әрекет немесе сөздерін таңдау арқылы кейіпкерлер сипатын анықтаңыздар. Кейіпкерлерге сипаттама береді.
«Абай өзіне арналған хабарды үнсіз ғана аңыоыр тұрып тыңдады. Іші бір суық нәрсеге қақтыққандай, тіксініп қалды. Сол сәтте Тоғжан есіне түсіп, оның алдында қылмыс жасағалы тұрғандай сезініп еді» деген сәттегі Абайдың ішкі сезімін монолог түрінде жеткізіңіздер.
Бейнелеуші жұп
шығармадағы көтерілген мәселелерді немесе кейіпкерлерге қатысты маңызды әрекеттерді немесе кейіпкер шешімін қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, өзіндік көзқарастарыңызды білдіріп, постер дайындаңыздар.
Байланыстырушы
шығармадағы маңызды мәселелердің біріне қатысты эпизод немесе сюжеттің суретін салып, ой қорытынды жасаңыздар.
Суреттеуші
Шығармадағы мәселелердің біріне қатысты кейіпкер әрекетіне деген көзқарастарыңызды хат түрінде жеткізіңіздер.
Қорытындылаушы
Кері байланыс.
- Шығармадағы жағымды кейіпкерлер кімдер?Шығармадағы жағымсыз кейіпкерлер кімдер?
Үйге тапсырма: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-кітабын оқып аяқтау.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.