Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырластарға». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
- Өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол;
- Өз үйім – өлең төсегім;- Бірлік түбі – тірлік;- Ер туған жеріне,Ит тойған жеріне.1-тапсырма. Жоғарыда айтылған мақал-мәтелдердің мағынасын көрсете алатын өлең үзінділерін көрсетіңіз. Оған қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. Осы тұста «Алыстағы ағайыннан, жақындағы көрші артық» мақалына да қатысты ойыңызды айтыңыз. Бұл мақалды қандай жағдайда айтуға, колдануға болады?
Дескриптор:
Мақал-мәтелдерге қатысты өз ойларын білдіреді;
Мақал-мәтелдердің мағынасын аша алатын үзінділерді өлеңнен табады.
2-тапсырма. Төмендегі үзінділердің біреуін таңдап алып, ақын өлеңінің құрылымына, стиліне салып өзіңізше жалғастырып көріңіз.
Атажұрт шақырады тұқымым деп...
Астында өз аспаның, өз туыңның...
Уақытша көрсеңдер де қиыншылық
Қазағың жетті ежелгі арманына...
Дескриптор:
Үзіндінің біреуін таңдап алу арқылы өлеңді әрі қарай жалғастырады;
Құрылым мен ақынның тілдік ерекшелігін сақтай алады;
Логикалық байланысты сақтайды.
Кері байланыс. «Жолаушының қойын дәптері» стратегиясы.
Үй тапсырмасы: Өлеңнен 2 шумақ үзінді жаттау
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру